- •1 Емтихан билеті
- •2. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 хқес).
- •3.Төленбеген капитал есебі.
- •2 Емтихан билеті
- •1.Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал, салымдар мен пайлар
- •2.Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
- •3.3.Ануитеттер, олардың түрлер
- •3 Емтихан билеті
- •2.Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері
- •3.Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 қехс)
- •1.Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар.
- •2. Негізгі құралдарды тану критерийлері және оларды бастапқы бағалау
- •5 Емтихан билет
- •2.Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы және есебі
- •3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.
- •6_ Емтихан билеті
- •1.Қорлардың анықтамасы және жіктелуі
- •3.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •7_ Емтихан билеті
- •2. Материалды емес активтердің амортизациясы
- •3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері
- •8_ Емтихан билеті
- •1.Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.
- •9_ Емтихан билеті
- •1.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары
- •10_ Емтихан билеті
- •2.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •3.Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі.
- •11_ Емтихан билеті
- •1.Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
- •2.Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •12__ Емтихан билеті
- •2. Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 хқес)
- •13_ Емтихан билеті
- •1.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •14_ Емтихан билеті
- •1.Кезең шығындарының есебі
- •3.Касса операцияларының есебі.
- •15_ Емтихан билеті
- •1.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •2.Ағымдағы міндеттемелер және олардың есебі
- •3. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •16__ Емтихан билеті
- •1.Ақша қаражаттарына бақылау
- •3. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау
- •17_ Емтихан билет
- •1.Қаржылық есептілікті беру алдындағы түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
- •3.Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары
- •18_ Емтихан билеті
- •3. Материалдық емес активтерді мойындау және ақпараттарды ашу (қехс 38)
- •1.Қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы (7қехс)
- •7 Қехс бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
- •2. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.
- •3.Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат
- •2. Қаржылық есептіліктің мақсаты және пайдаланушылары (1 қехс)
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
- •3. Материалдық емес активтерді есепте мойындау және бағалау (38 қехс)
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
- •1.Бухгалтерлік құжаттар.
- •3. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері
- •Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.
- •Қаржылық есеп берудің нысандары.
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •1.Материалдық емес активтерді бағалу әдістері (38 қехс)
- •2.Ұзақ мерзімді активтер.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •1. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
- •2. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.
- •3. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.
- •1. Ағымдағы активтердің есебі.
- •2. Түгендеу.
- •3. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі (16 қехс)
- •1. Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі.
- •1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп-айырысудың есебі.
- •2. Негізгі құралдардың есебі.
- •1.Резервтік капитал есебі.
- •2. Банк несиелерінің есебі.
13_ Емтихан билеті
1.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
Болашақ құн – қазіргі таңда инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны, яғни күрделі пайыз рәсімін пайдалану нәтижесінде бірнеше жылдан кейінгі инвестицияның құны.
Болашақ құнды есептеуде келесі формула қолданылады:
, мұндағы,
FV – инвестицияның болашақ құны;
PV – ағымдағы құн;
r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;
n – пайыздарды есептеу жиілігі.
Мысал. Біздің жылдық 10 пайызбен ақша салуымызға мүмкіндігіміз бар деп қарастырайық. Бүгінгі салған 1 теңгенің 3 жылдан кейінгі құнын есептейік:
Үшінші жылдың соңында : 1* (1+0,1) *3=1,33 теңге болады.
Егер де бүгін 250 теңгені жылдық 10 пайызбен 8 жылға салатын болсақ, онда бұл салым 250*(1,1)*8=535,90 теңге алып келеді.
Ағымдағы құн – болашақ ақша ағымының дисконтталған құны. Дисконттау әдісін қолдана отырып, біз болашақ ақша ағымының ағымдағы құнын біле аламыз, яғни болашақта белгілі бір мөлшерлеме бойынша белгілі бір соманы алу үшін қазір қанша қаражат салу керектігін біле аламыз.
Ағымдағы келтірілген құнды есептеу үшін келесі формула қолданылады:
, мұндағы,
FV – инвестицияның болашақ құны;
PV – ағымдағы құн;
r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;
n – пайыздарды есептеу жиілігі.
2.Қорлар есебінің жүйелері (2ХҚЕС және 2 ҚЕҰС 12 бөлім). №2 ХҚЕС мақсаты босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді. №2 ХҚЕС қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: «Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады. (b) ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы есепте танылады. (b) сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы есепте танылады. 3(а)-параграфында айтылған босалқылар өндірістің белгілі бір кезеңдерінде өткізудің ықтимал таза құны бойынша бағаланады. Бұл, мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау немесе пайдалы қазбалар өндірілген кезде, бұл болашақтағы келісім-шарт немесе мемлекеттің кепілдік беруі арқылы сатуды растайды немесе белсенді нарық пен сату тоқтап қалатын тәуекелдің алдын алу мүмкіндігі болған жағдайда болады. Мұндай босалқылар №2 ХҚЕС бағалау бойынша талаптардан ғана алынып тасталады.
3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы. Есеп саясаты – деп ұйымдарды іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ережелер жүйесін айтады.
Ұйымдар мен кәсіпорындарда жасалынып қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жөніндегі принциптерден, ереже – нұсқаулардан, әдістер мен әртүрлі ішкі операциялар маңызынан құрылады. Мұның барлығы қаржылық есеп жүйесін жүйелеп тапсыру мақсатындағы шындық көрсеткіштерді дәлелдеу мақсатында іске асырылады.
Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттіліктерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.
Есеп саясатының түпкі мақсаты – нарық пен базарлы саудаға түсетін ұтымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өгдіруге ықпал ету, қаржылық күйреу жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дүрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту өндірістік тиімділігін ұтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.
Сондықтан, қандайда болмасын ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқарып, жұмыс істеуіне ең әуелі ұйымдардың өзі, үлес қосушы акционерлер мен қаржы салымшы инвесторлар, дайын өнімдерді сатып алушылар, несиелендірушілер мүдделі болып табылады.
Есеп жүйесін ұйымдастыру ұйымдар мен кәсіпорындарда әр түрлі жағдайда қалыптасады, мұның үшін технологиялық бағытпен техникалық жағдайларды толық меңгеру негізінде көп варианттар есе саясатының ішінен ең қажетті және тиімді жолдарын жасау қажеттілігі туындайды. Есеп саясатының оптималды және бір бағытты типтік варианты болмайды. Есеп саясаты негізінен қаржы есебінің өрісінде жасалынады. Алайда қаржы есебі басқарушылық және салық есебімен тікелей байланыста болатындығын, және есептің бұл ьүрлері арасында гармониялық үйлесімділіктің сақталуын есте сақтаған жөн. Бухгалтерлік есептің жоғарыда айтылған әрбір түрлерінің өз ерекшеліктері мен жүргізу әдістері болатындықтан, қаржылық есепті қорытындылау қызмет қолданбалы негізі бағыттан ауытқымауы керек.
Есеп саясаты екі жағдайда – «жоғарыдан»және «төменнен» реттеледі. «Жоғарыдан» реттеу кезеңінде есеп қызметін жүргізу жөніндегі заңдар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары, салық заңдылығы т.б. ресми құжаттар басшылыққа алынады. Екінші жағдайда «төменнен» реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялық ерекшеліктер, салалық құрылым, табыс келтіру жолдары т.б. ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады. Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы кәсіпорынға тән қажетті әдістер мен ережелерді таңдап алып, есеп саясатының маңызын ануға болатындығын тағы да айта кеткен жөн.
