Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

10_ Емтихан билеті

1.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті құрастырудың тікелей және жанама әдістері. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық, және қаржылық қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалауына иүмкіндік береді. Заңды тұлғалар (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқасы) ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сәйкес жасайды және есепті кезеңдегі қаржы есептемесінің құрамында тапсырады Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі мәліметтер болуы тиіс. Ұйым қызметін түр-түрі бойынша жіктеу пайдаланушыларды ұйым қызметі түрлерінің оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

2.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.

Ағымдық және болашақ құнды есептеуде күрделі пайыз қағидаты қолданылады.

Жай пайыздар – алғашқы ақша сомасына қолданылатын пайыздар.

Күрделі пайыздар – қайта қаржыландырылатын пайызға алынатын пайыз, яғни несие немесе қаржы салымы бойынша төленетін пайыз, негізгі сомаға қосылады және нәтижесінде пайыз негізгі сомамен қатар алынған пайызға да төленеді.

Болашақ құн – қазіргі таңда инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны, яғни күрделі пайыз рәсімін пайдалану нәтижесінде бірнеше жылдан кейінгі инвестицияның құны.

Болашақ құнды есептеуде келесі формула қолданылады:

, мұндағы,

FV – инвестицияның болашақ құны;

PV – ағымдағы құн;

r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;

n – пайыздарды есептеу жиілігі.

Мысал. Біздің жылдық 10 пайызбен ақша салуымызға мүмкіндігіміз бар деп қарастырайық. Бүгінгі салған 1 теңгенің 3 жылдан кейінгі құнын есептейік:

Үшінші жылдың соңында : 1* (1+0,1) *3=1,33 теңге болады.

Егер де бүгін 250 теңгені жылдық 10 пайызбен 8 жылға салатын болсақ, онда бұл салым 250*(1,1)*8=535,90 теңге алып келеді.

Ағымдағы құн – болашақ ақша ағымының дисконтталған құны. Дисконттау әдісін қолдана отырып, біз болашақ ақша ағымының ағымдағы құнын біле аламыз, яғни болашақта белгілі бір мөлшерлеме бойынша белгілі бір соманы алу үшін қазір қанша қаражат салу керектігін біле аламыз.

Ағымдағы келтірілген құнды есептеу үшін келесі формула қолданылады:

, мұндағы,

FV – инвестицияның болашақ құны;

PV – ағымдағы құн;

r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;

n – пайыздарды есептеу жиілігі.

3.Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі.

Кейбір уақытша айырмашылықтар табысты немесе шығысты бір кезеңдегі бухгалтерлік пайданың құрамына, ал басқа уақытта салық салынатын пайдаға қосқан кезде пайда болады. Мұндай уақытша айырмашылықтар көбіне мерзімді айырмашылықтар деп аталады. Осындай уақытша айырмашылықтардың мысалдары төменде келтіріліп отыр. Бұларға салық салынады, сайып келгенде, олар кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің пайда болуына әкеліп соқтырады: а) пайыздық түсім уақытына қарай бухгалтерлік пайдаға қосылады, бірақ кейбір заңды құқықтарда ол ақша қаражатын алған кезде салық салынатын пайдаға қосылуы мүмкін. Осындай түсімге қатысты баланста мойындалатын кез келген дебиторлық берешектің салықтық базасы нөлге тең болады, себебі түсім ақша қаражатын алғанға дейін салық салынатын пайдаға әсер етпейді; б) салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде пайдаланылатын амортизация бухгалтерлік пайдаға қолданылатын пайдадан өзгеше болуы мүмкін. Уақытша айырмашылық - активтің баланстық құны мен оның салық базасы арасындағы айырмашылық, ал ол ағымдағы және мұның алдындағы кезеңдерде анықталған салық салынатын пайданы анықтаған кезде салық органдары рұқсат еткен осы активке қатысты барлық шегерулерді ескергенде активтің бастапқы құнына тең келеді. Салық салынатын уақытша айырмашылық амортизация тездетілген кезде кейінге қалдырылған салық міндеттемесінде пайда болады және көрінеді (егер салық амортизациясы бухгалтерлік амортизацияға қарағанда жай болса, онда шегерілетін уақытша айырмашылық пайда болады. Мұның өзі кейінге қалдырылған салық активінен көрінеді); және в) әзірлеуге кететін шығындар бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде алдағы уақытта капиталдандырылуы және амортизациялануы мүмкін, бірақ олар пайда болған кезеңдегі салық салынатын пайданы анықтаған кезде шегеріледі. Әзірлеуге кеткен мұндай шығындардың салықтық базасы нөлге тең болады, өйткені олар салық салынатын пайдадан шегерілген. Уақытша айырмашылық - әзірлеуге кеткен шығынның баланстық құны мен олардың нөлге тең салық базасының арасындағы айырмасы. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]