Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.

Есеп саясаты – деп ұйымдарды іс-тәжірибе қолданылатын бухгалтерлік есеп объектілерін жіктеп, жүргізуге арналған өрісі кең ережелер жүйесін айтады.

Ұйымдар мен кәсіпорындарда жасалынып қалыптасатын есеп саясаты бухгалтерлік есеп жөніндегі принциптерден, ереже – нұсқаулардан, әдістер мен әртүрлі ішкі операциялар маңызынан құрылады. Мұның барлығы қаржылық есеп жүйесін жүйелеп тапсыру мақсатындағы шындық көрсеткіштерді дәлелдеу мақсатында іске асырылады.

Қаржылық жағдай мен мұндағы болып тұратын өзгерістерді, шаруашылық қызметінің жағдайын дәлелді түрде іске асырып, алдын-ала қойылған талаптарға жауап беру үшін ұйымдар басшылары бухгалтерлік есеп жөніндегі көпсатылы принциптер мен әдістер ішінен ең қажеттіліктерін таңдап, бұларды қолдану жөніндегі тұжырымдама (концепция) дайындауға міндетті.

Есеп саясатының түпкі мақсаты – нарық пен базарлы саудаға түсетін ұтымды жолдарды анықтау, өндірісті ары қарай модернизациялау, жаңа және сапалы өнімдер өгдіруге ықпал ету, қаржылық күйреу  жағдайын болдырмау, материалды активтер мен басқа да құндылықтарды дүрыс бағалау мен есептен шығару, резервтік қорлар көздерін көбейту өндірістік тиімділігін ұтымды басқару болып табылады. Түпкі мақсаттың ең дәлелдісі ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Сондықтан, қандайда болмасын ұйымдардың таза пайдамен қызмет атқарып, жұмыс істеуіне ең әуелі ұйымдардың өзі, үлес қосушы акционерлер мен қаржы салымшы инвесторлар, дайын өнімдерді сатып алушылар, несиелендірушілер мүдделі болып табылады.

Есеп жүйесін ұйымдастыру ұйымдар мен кәсіпорындарда әр түрлі жағдайда қалыптасады, мұның үшін технологиялық бағытпен техникалық жағдайларды толық меңгеру негізінде көп варианттар есе саясатының ішінен ең қажетті және тиімді жолдарын жасау қажеттілігі туындайды. Есеп саясатының оптималды және бір бағытты типтік варианты болмайды. Есеп саясаты негізінен қаржы есебінің өрісінде жасалынады. Алайда қаржы есебі басқарушылық және салық есебімен тікелей байланыста болатындығын, және есептің бұл ьүрлері арасында гармониялық үйлесімділіктің сақталуын есте сақтаған жөн. Бухгалтерлік есептің жоғарыда айтылған әрбір түрлерінің өз ерекшеліктері мен жүргізу әдістері болатындықтан, қаржылық есепті қорытындылау қызмет қолданбалы негізі бағыттан ауытқымауы керек.

Есеп саясаты екі жағдайда – «жоғарыдан»және «төменнен» реттеледі. «Жоғарыдан» реттеу кезеңінде есеп қызметін жүргізу жөніндегі заңдар мен нормативтік актілер, сондай-ақ бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары, салық заңдылығы т.б. ресми құжаттар басшылыққа алынады. Екінші жағдайда «төменнен» реттеу кезеңінде ұйымдардағы технологиялық ерекшеліктер, салалық құрылым, табыс келтіру жолдары т.б. ішкі ерекшеліктер басшылыққа алынады. Есеп саясатын қалыптастыру үшін есеп жүргізу әдістерінің ішінен, осы кәсіпорынға тән қажетті әдістер мен ережелерді таңдап алып, есеп саясатының маңызын ануға болатындығын тағы да айта кеткен жөн.

9_ Емтихан билеті

1.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары

Қаржы қызметі - меншікті капитал мен займ қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын ұйымның қызметі. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі мәліметтер болуы тиіс. Ұйым қызметін түр-түрі бойынша жіктеу пайдаланушыларды ұйым қызметі түрлерінің оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы Заңды тұлғаның операциялық қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы мыналарды пайдалана отырып ашылады: а) тікелей әдіс, ол бойынша ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі;немесе б) жанама әдіс, ол бойынша таза табыс немесе залал ағымдағы активтер мен міндеттемелердің, ақшадан тыс операциялардың өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық және қаржы қызметінің нәтижесі болып табылатын табыстар мен залалдарға орай түзетіледі. Инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын ақша қаражатының қозғалысы Ақша қаражатының қозғалысы, келесі екі парада көрсетілгеніндей, нетто-негізде ашып көрсетіле алатын белгілі бір жағдайлардан басқа кезде, ұйым инвестициялық және қаржы қызметінен алынатын жалпы ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлерін жеке-жеке ашып көресетеді. Ақша қаражатының қозғалысы үйымның қызметінен гөрі клиенттердің қызметін көрсеткен жағдайда клиенттердің атынан ақша түсімдері мен төлемдері нетто-негізде ашып көрсетілуі мүмкін, мысалы: а) инвсетициялық ұйымдар өз клиенттерінің тапсыруы бойынша ұстап отырған қорлар; б) меншік иегерлері атынан алынып, соларға берілетін жалдауақы төлемдері. Нетто-негізде сондай-ақ тез қайтып оралатын, ірі сомаларды қамтитын және өтеу мерзімдері қысқа көздер бойынша ақша түсімдері мен төлемдері ашып көрсетілуі мүмкін, мысалы; а) инвестицияларды сатып алу және алу; б) қайтару мерзімі үш айдан аспайтын өзге де қысқа мерзімді займдар. 2.Кезең шығындарының есебі Кезең шығындары есепті кезең ішінде түгенделе қоймайтын шығындар. Кезеңдік шығындар немесе есепті кезең шығындары есепті кезең ішінде көрсетілген қызметтерді басқаруға жұмсалған шығындармен байланысты. Мұндай шығындар өнімнің өзіндік құнын анықтауға немесе есептеуге қосылмайды. Оған - әкімшілік шығыстары, өнімді (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығыстар, сый-ақылар бойынша шығыстар жатады. Әкімшілік шығыстарға кәсіпорынды басқарумен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты шығындар кіреді.Кәсіпорынның басқару аппараты персоналына есептелген еңбек ақы және еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; іс-сапар шығыстары; өкілдік шығыстар; офистік, типографиялық, почта-телеграфиалық және телефондық шығыстар;жалпы зауыттық (жалпы фирмалық) бағыттағы негізгі құралдарды ұстау және жөндеу шығындары, олардың амортизациясы; өндіріске зерттеу, тәжірибе жүргізу, жалпы зауыттық (жалпы фирмалық)мақсатта жүргізілген еңбекті қорғау шығындары; кадрлар дайындау; басқа да шаруашылық шығыстары; салықтар, алымдар және басқа да міндетті аударымдар және шығыстар; зауыт қоймаларындағы сақтаудағы материалдар және өнімдердің бүлінуінен болған шығындар; зауыт қоймасындағы материалдар мен өнімдердің жетіспеушілігі; басқа да жалпы және әкімшілік мақсаттағы шығыстар. Типтік шоттар жоспарында әкімшілік шығыстардың есебі 7210-«Әкімшілік шығыстар» активті шотында жүргізіледі.

Салық кодексіне сәйкес, әкімшілік шығыстардағы кейбір шығыстар салық салынатын табыстарды анықтауда шегерімге жатпайды.

Әкімшілік шығыстары есебімен өнімдердің (жұмыс, қызмет) жеке түрлерінің рентабельділігін анықтау кезінде, өнімдердің (жұмыс, қызмет) жеке түрлерінің арасында өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақы сомасына және жабдықтарды ұстау және эксплутациялау шығындарына пропорционалды түрде бөлінеді.

Сату бойынша шығыстарға тауарлы-материалдық босалқыларды сатумен байланысты шығыстар жатады:

  • сату бөлімі меншігіндегілерді сақтандыру бойынша шығыстар;

  • бөлім жұмысшыларының іс-сапар шығындары;

  • тауарларды сатуда пайдаланылатын негізгі құралдардыұстау бойынша шығыстар және олардың тозуы;

  • жүктерді қаладан тыс тұратын сатып алушыларға және қала ішіндегі сатып алушыларға жеткізу бойынша, сонымен қатар тиеу-түсіру жұмыстары бойынша шығындар;

  • дайын өнім қоймасындағы өнімдерді орауға және олардың ыдысына кеткен шығындар;

  • өткізу нарығын меңгерудегі жарнамаға, жәрменкелер мен көрмелерге қатысуға кеткен шығындар;

  • сатып алушыларға немесе делдал ұйымдарға қайтарусыз, тегін берілген, тауар үлгілерінің құны;

  • тауарларды (жұмыс, қызмет) сатумен байланысты басқа да шығыстар.

3.Қорлар есебінің жүйелері (2ХҚЕС және 2 ҚЕҰС 12 бөлім). №2 ХҚЕС мақсаты босалқылар есебін жүргізу тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді. №2 ХҚЕС қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: «Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады. (b) ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы есепте танылады. (b) сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы есепте танылады. 3(а)-параграфында айтылған босалқылар өндірістің белгілі бір кезеңдерінде өткізудің ықтимал таза құны бойынша бағаланады. Бұл, мысалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау немесе пайдалы қазбалар өндірілген кезде, бұл болашақтағы келісім-шарт немесе мемлекеттің кепілдік беруі арқылы сатуды растайды немесе белсенді нарық пен сату тоқтап қалатын тәуекелдің алдын алу мүмкіндігі болған жағдайда болады. Мұндай босалқылар №2 ХҚЕС бағалау бойынша талаптардан ғана алынып тасталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]