- •1 Емтихан билеті
- •2. Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешектер есебі (19 хқес).
- •3.Төленбеген капитал есебі.
- •2 Емтихан билеті
- •1.Жарғылық капитал есебі: шығарылған акционерлік капитал, салымдар мен пайлар
- •2.Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
- •3.3.Ануитеттер, олардың түрлер
- •3 Емтихан билеті
- •2.Активтердің құнсыздануы, оның анықтамасы мен белгілері
- •3.Зайымдар бойынша шығындарды тану (23 қехс)
- •1.Дисконттық құн түсінігі. Қарапайым және күрделі пайыздар.
- •2. Негізгі құралдарды тану критерийлері және оларды бастапқы бағалау
- •5 Емтихан билет
- •2.Есепті және өткен кезеңнің бөлінбеген пайдасы және есебі
- •3. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің дебиторлық берешектерінің есебі.
- •6_ Емтихан билеті
- •1.Қорлардың анықтамасы және жіктелуі
- •3.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •7_ Емтихан билеті
- •2. Материалды емес активтердің амортизациясы
- •3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері
- •8_ Емтихан билеті
- •1.Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •3.Есеп саясатының түсінігі және құрылымы.
- •9_ Емтихан билеті
- •1.Операциондық, инвестициондық және қаржылық қызметтен алынатын ақша ағымдары
- •10_ Емтихан билеті
- •2.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •3.Тәуелді, қауымдасқан компаниялардың дебиторлық берешектерінің есебі.
- •11_ Емтихан билеті
- •1.Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
- •2.Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар есебі
- •12__ Емтихан билеті
- •2. Шығарылған қаржы құралдарын бастапқы тану (32 және 39 хқес)
- •13_ Емтихан билеті
- •1.Ақшаның болашақ және ағымдағы құны.
- •14_ Емтихан билеті
- •1.Кезең шығындарының есебі
- •3.Касса операцияларының есебі.
- •15_ Емтихан билеті
- •1.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі
- •2.Ағымдағы міндеттемелер және олардың есебі
- •3. Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
- •16__ Емтихан билеті
- •1.Ақша қаражаттарына бақылау
- •3. Қорларды, сатудың таза құны бойынша бағалау
- •17_ Емтихан билет
- •1.Қаржылық есептілікті беру алдындағы түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары
- •3.Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары
- •18_ Емтихан билеті
- •3. Материалдық емес активтерді мойындау және ақпараттарды ашу (қехс 38)
- •1.Қаржылық қызметтер бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы (7қехс)
- •7 Қехс бойынша «Ақша қаражаттар қозғалысы» туралы есептілік және оның түрлері.
- •2. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланысы.
- •3.Меншікті капиталдағы өзгерісі жөнінде есеп беру. Түсіндірме жазба хат
- •2. Қаржылық есептіліктің мақсаты және пайдаланушылары (1 қехс)
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.
- •3. Материалдық емес активтерді есепте мойындау және бағалау (38 қехс)
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •3.Бухгалтерлік есеп объектілерінің түсінігі.
- •1.Бухгалтерлік құжаттар.
- •3. Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері
- •Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.
- •Қаржылық есеп берудің нысандары.
- •2. Тауарлы-материалдық құндылықтардың есебі.
- •1.Материалдық емес активтерді бағалу әдістері (38 қехс)
- •2.Ұзақ мерзімді активтер.
- •2. Төленбеген капитал, резервтік капиталдың есебі.
- •1. Бухгалтерлік есеп пәні, әдісі және міндеті.
- •2. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.
- •3. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.
- •1. Ағымдағы активтердің есебі.
- •2. Түгендеу.
- •3. Негізгі құралдардың амортизациясының есебі (16 қехс)
- •1. Тауарлы-материалдық босалқылардың бухгалтериядағы есебі.
- •1.Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп-айырысудың есебі.
- •2. Негізгі құралдардың есебі.
- •1.Резервтік капитал есебі.
- •2. Банк несиелерінің есебі.
2. Материалды емес активтердің амортизациясы
Материалдық емес активтердің амортизациясы есепке алуға 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің шоты арналған. Бұл шоттар пассивті, реттеуші контрактивті. 2740 - бөлімше шотының кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның қалдығын, ағымдағы айға есептелінген амортизацияны және есеп берілетін айдың соныңдағы амортизацияның қалдығын көрсетеді, ал дебеті бойынша —материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есептен шығару (төмендету) көрсетіледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапқы құнынан және тиімді пайдаланудың болжамды мерзіміне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелініп түрады. Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің барлық түрлерінің пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген) есептер бойынша анықтауы тиіс. Оларда тиімді пайдалану мерзімін қол-дану негізді болуға тиіс: а) пайдалану мерзімін анықтау мүмкіндігі бар материалдық емес активтер бойынша (патенттер, лицензиялар және басқалар) оларды пайдалану мерзімі арнайы нұсқаумен анықталып патентте, лицен- зияда көрсеііледі--1,5.10,15 жыл. ә) пайдалану мерзімін көрсету мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша (ЭЕМ бағдарламалық жабдықтау, «Фирма бағасы» және басқалар), мүндай мерзім 10 жылдан аспайтын уақыт деп керсетіледі. б) қызмет ету мерзімі жарғысында көрсетілген кәсіпорындар сатып алған материалдық емес активтер бойынша тиімді пайдалану мерзімі ретінде "а" және "ә" пунктерінде көрсетілген мерзімдер алынады, бірақ олар кәсіпорын қызметінщ мөлшерлі мерзімінен аспауға тиісті. Материалдық емес активтер пайдалану мерзімінде кәсіпорынға белгілі бір мөлшерде табыс әкелуі тиіс. Кәсіпорын материалдық емес активтерден кіріс түсіріп отырғанда олар өз функциясын атқарады, ал керісінше болса балансты «бүлдірушіге» айналып, нақты емес, бұлдыр активтерді құрайды. Бұл аксиоманы өндірістік немесе айналымньщ шығындарына енгізілетін олардың амортизация сомаларын есептегенде ескерген жөн. Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу оның баланстық құны толық өтелгенде тоқтатылады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін дұрыс және дәлелді есептеуге олардың амортизациясын өндіріс пен айналым шығындарына жатқызудың негізділгі, яғни кәсіпорын қызметінің нақты қаржылық нәтижелері тәуелді.
3. Қорларды өзіндік құндары бойынша бағалау әдістері
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы оның кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар түрінің орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдарының сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.
8_ Емтихан билеті
1.Күмәнді борыштар бойынша резервтерді бағалау әдістері
Қазақстан Республикасы заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борыштар “үмітсіз қарыз” – деп танылады. Ал үмітсіз қарыздар сомалары құрылған күмәнді қарыз бойынша резерв есебінен есептен шығарылады. Егер кәсіпорындар мен ұйымдар күдікті қарыз бойынша резерв құрмаса және үмітсіз қарыздың айқындалу жағдайы пайда болса, онда бұл сома кезең шығындарына жатқызылып есептен шығарылады. Сондай-ақ бұл сома қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрсетілуі тиіс. Егер сатып алушының дебиторлық қарызы үмітсіз қарыз ретінде есептен шығарылып және ол осы есеп беретін кезеңде өтелсе, бухгалтерлік есепте келесідей жазу жазылады (есептен шығару осы есеп беру кезеңінде жүргізілсе): Д-т: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер – шоты К-т: Алынуға тиісті борыштар – шоты “Күмәнді қарыздар бойынша резервтер” есебі №10 журнал-ордерде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы дебиторлық борыштар бабында, кәсіпорынның дебиторлық борыштары сомасынан күдікті қарыз бойынша құрылған резерв сомасы алынып тасталып, қалған айырма қалдығының сомасы ғана көрсетіледі.
Күмәнді қарыздарды бағалау үшін қолданылатын дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі бухгалтерлік баланста таза дебиторлық қалдықтың қалуына негізделген. Бұл әдіс бойынша күдікті борыш пайызын анықтаған уақытта өткен кезеңдердегі мәліметтер пайдаланылады. Әдістің негізгі мақсаты болып күтіп отырған күдікті дебиторлық борыштың нақты ақшалай өзіндік құнын анықтау есептеледі. Несиеге сатудан алынатын таза табыстан есептелген пайыз әдісіне қарағанда дебиторлық қарыздарды өтелу мерзімі бойынша есептеу әдісі дебиторлық қарыздардың нақты өзіндік құнын өтеуге қажетті күмәнді қарыздарға жасалған резерв сомасының дұрыс жасалуына мүмкіндік береді. Кейіннен күдікті қарыздарға жасалған резерв сомасының ағымдағы қалдығы талап етілген қалдыққа сәйкес түзетіледі. Бұл жағдайда күмәнді қарыз берілген түзетілім сомасына дебеттелінеді. Жалпы күмәнді қарыздар бойынша жасалынған қажетті резерв сомасының мөлшерін анықтау үшін мыналар қолданылады:
негізгі дебиторлық борышқа жасалған біріңғай құрамдастырылған мөлшерлеме;
алынуға тиісті шоттың мерзіміне сәйкес әрбір сомасына бөлек негізделген мөлшерлеме.
2.Ақшалай операциялардың есебін ұйымдастыру Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық, және қаржылық қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерістерді бағалауына иүмкіндік береді. Заңды тұлғалар (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқасы) ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сәйкес жасайды және есепті кезеңдегі қаржы есептемесінің құрамында тапсырады. Ақша қаражаты - кассада және банктердегі шоттарда тұрған қолма-қол бар ақша. Ақша қаражатының қозғалысы - ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуы. Операциялық қызмет - ұйымның табыс табу жөніндегі негізгі қызметі мен инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ өзге де қызмет. Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзімді активтер мен қаржы инвестицияларын сатып алу және сату.
Қаржы қызметі - меншікті капитал мен займ қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын ұйымның қызметі. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепте операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі мәліметтер болуы тиіс. Ұйым қызметін түр-түрі бойынша жіктеу пайдаланушыларды ұйым қызметі түрлерінің оның қаржы жағдайына ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы Заңды тұлғаның операциялық қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы мыналарды пайдалана отырып ашылады: а) тікелей әдіс, ол бойынша ақша түсімдері мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі;немесе б) жанама әдіс, ол бойынша таза табыс немесе залал ағымдағы активтер мен міндеттемелердің, ақшадан тыс операциялардың өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық және қаржы қызметінің нәтижесі болып табылатын табыстар мен залалдарға орай түзетіледі.
