Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fin_uchot_zhauap.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
287.61 Кб
Скачать

3.Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынған кірістер есебі

Қызметтерді көрсетуден табыстарды танудың төрт әдісі бар: нақты орындау; пропорциональді орындау;

аяқталған орындау; инкассация.  Шаруашыық субъектісінің негізгі емес қызметтен алынатын табыстары- деп кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден , сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады. Субъектінің негізгі қызметтен алынатын табыстарының есебі 6010 «Дайын өнімді (жұмысты, қызметті) сатудан түскен табыс» шотында жүргізіледі. Бұл шотта негізгі қызметтерден алынған табыстары туралы ақпараттарды жинақтап, қорытынды жасайды. Бұл шот пассивті шот, сондықтан кәсіпорынның қызметтері барысында алатын табыстарына 1210, 1220, 1230, 1284, 1010, 1030 шоттарының тиістілері дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі. Субъектінің өткен кезеңде алған, бірақ есепті кезеңнің табысы болып есептелінетін сомаларына 3520 «Алдағы кезеңдердің табысы» шоты дебеттеліп, 6010 шот кредиттеледі.  Негізгі емес қызметтен табыстар материалды емес активтерді, негізгі құралдарды, бағалы қағаздарды және т.б. өткізуден алынады. Мұндай қызметтерді атқаруы, жұмыс істеуі барысында алынған табыстары 6210 «Активтерді сатудан табыстар», 6110 «Сыйақылар бойынша кірістер», 6250 «Бағамдық айырмашылықтан түскен табыс», 6280 «Басқа да табыстар» шоттарында жүргізіледі. 6210 шотта материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, инвестицияларды сатудан табыстар есепке алынады. Құнды қағаздарды, акциялар бойынша дивидендтер және проценттер түріндегі табыстар есебі 6110 шотта жүргізіледі. Бағамдық айырмашылықтан түскен табысдың есебі үшін 6250 шот арналған. Атқарушы өкімет органдарының субсидиялары 6280 шотында есептеледі. Жыл соңында табыстар және шығындар шоттары жабылуы керек. 

7_ Емтихан билеті

1.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті ұсыну. Қаржылық есеп беруді құру жөніндегі Әдістемелік рекомендациясының (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің 14.02.2003 жылғы №61 бұйрығы) түсіндіруі бойынша, операциялық қызмет – табыс алу бойынша заңды тұлғаның қызметі және қаржылық, инвестициялық қызметтерге қатысы жоқ қызметтер. Бізге белгілі, халықаралық практикада ақша қозғалысы туралы есеп беруді құрудың екі әдісі бар – тура және жанама. Құру әдісі ұсынылатын ақпараттың мазмұнынан білінеді. Екі әдістің бірде-біреуі қай елде болмасын жалғыз емес, әрі міндетті емес. Қазақстан Республикасындағы ақша қозғалысы тура және жанама әдістерді қолданумен операциялық қызмет арқылы іске асады. Тура әдіс кезінде ақша түсімдерінің және төлемдерінің негізгі түрлері ашылады. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесінде ағымдары пайда болған ақшалардың жалпы айналымы тура және жанама әдістермен құрылған ақша қозғалысы туралы есеп беруде өзгерістерді туғызады. Төмендегі кестеде ақша қозғалысы туралы есеп берудің формасы келтірілген.

Ақша қозғалысы туралы есеп(тура әдіс)теңге

Көрсеткіштердің атауы

Бет коды

Есептік кезең үшін

Өткен кезең үшін

  1. Операциялық қызметтен ақша қаражаттарының

  2. қозғалысы

  1. Ақша қаражаттарының түсуі түс, барлығы

010

оның ішінде:

Тауарларды сату

011

қызметтер көрсету

012

алынған аванстар

013

дивидендтер

014

өзге де түсімдер

015

  1. Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы

020

оның ішінде:

тауарлар мен қызметтер үшін берушілердің төлемдері

021

берілген аванстар

022

жалақы бойынша төлемдер

023

қарыздар бойынша сыйақылар төлеу

024

корпоративтік табыс салығы

025

бюджетке төленетін басқа да төлемдер

026

өзге де төлемдер

027

3. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы (бет 010 – бет 020)

030

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]