- •Психолингвистика өзекті мәселелері:
- •3. Нейролингвистика, мәселелері, зерттелуі
- •4. Паралингвистика, зерттелуі, негізгі ұғымдары
- •7. Когнитивтік лингвистиканың зерттелуі
- •8. Когнитивті бағыттардың басқа ғылымдармен байланысы
- •13. Дискурс түрлері.
- •14.Тілдің танымдық сипаты
- •16. Когнитивтік лингвистиканың негізгі категориялары
- •20. Прагмалингвистиканың өзекті мәселелері
16. Когнитивтік лингвистиканың негізгі категориялары
Когнитивті лингвистиканы жоғары оқу орындарында оқыту бүгінгі таңдағы заман талабынан, қоғам қажеттілігінен туындап отырған көкейтесті мәселелердің бірі.
Когнитивті лингвистиканы жеке пән ретінде оқытудың басты мақсаты – тіл білімінің барлық салаларынан жан-жақты хабары бар, әсіресе дәстүрлі ғылымдардың бірнешеуінің басын біріктіретін лингвистикадағы жаңа ғылыми бағыттардың теориялық негіздерімен қаруланған тілші мамандар даярлаудан туындайды.
Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-теориялық негіздерін қарастырады. Сондықтан когнитивті лингвистика тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным процесіне қатысты білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады.
Когнитивті лингвистика пәнінің мақсаты - тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгерту, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы студенттердің ой өрісін кеңейту.
Когнитивті лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен танымды біртұтас жүйеде қарастыру. Айнала қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуы, тілдің танымдық сипаты когнитивті лингвистикада тереңнен қарастырылады.
Когнитивтік лингвистиканың жеке ғылым саласы ретінде танылуы үшін оның негізгі ұғымдары, өзіне тән негізі категориялары мен бірліктері болуы шарт. Антропологиялық тіл білімін зерттеушілер «білім, концептуалдылық, концептуалды жүйе, когниция, когнитивтік модель, вербалдылық, менталдылық, концепт, әлем бейнесі, концептілік өріс, ұлттық мәдени бірліктерді» когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғымдары ретінде қарастырады. Аталған ұғымдардың адам санасындағы әрекеттері, тілдегі көрінісі, сол арқылы «әлемнің тілдік бейнесін» тануға мүмкіндік жасау қабілеті туралы мәселе бүгінгі таңда жалпы лингвистер алдында негізгі де өзекті проблемалар санатында тұрғандығын кейінгі зерттеулерден айқын көруге болады. Қазіргі тіл білімінде концептуалдылық таным процесіндегі білімнің нәтижесінен көрініс табуда. Бұл атауға байланысты Е.С.Кубрякова: «Концептуализация интерпретируется как «некоторый» «сквозной» для разных форм познания процесс структура знаний из неких минимальных концептуальных единиц»-деген болатын (2, 93).
Қазіргі нейрохирургия мен кибернетика салаларының дамуы нәтижесінде когнитивтік моделге «фрейм» (М.Минский) және «гешальт» (Дж.Лакофф) ұғымдары енгізілді. «Человек, пытаясь познать новую для себя ситуацию или поновому взглянуть на уже привычные вещи, выбирает из своей памяти некоторую структуру данных (образ), называемую нами фреймом, с таким расчетом, чтобы путем изменения в ней отделных деталей сделать ее пригодной для понимания более широкого класса явлений и процессов» (38,49). М.Минский өзінің теориясында адамның ойлауы мен жасанды интеллект арасының ара-жігін ашпайды. Оның пайымдауынша, адамның ойлауы образдарды визуалды көре алатын, семантикалық фреймдер яғни, сөздердің мағынасын түсіне алатын, белгілі бір іс-қимылды қабылдай алатын (сценарийлі фрейм) т.б. ақпаратпен толыққан адам жадында сақталатын құрылымдар яғни, фреймдерге негізделген. Ал белгілі бір ойды түсіну жадында сақталған фреймнің белгілі бір жағдайға сәйкес процеске түсуімен түсіндіріледі. Ал, фреймдер арасында дәл өзіне сәйкес фрейм табылмаған жағдайда, сол ситуацияға мейлінше жақын келер фрейм таңдап алынады.
Т.А.ван Дейк пен В.Кинч гештальтты қолдана отырып белгілі бір мәтінді түсінудің танымдық моделін ұсынды (39). «Гештальт» термині (неміс. Gestalt «фигура, форма, құрылым») психологиялық теория-гештальттық психологиядан бастау алады. Дж.Лакофф белгілі бір құрылымдар арқылы құрылған ой, эмоция, таным процесі, тілді гештальт ұғымымен байланыстырады (40) Бұл ұғымды лингвистикада С.Д.Кацнельсон тілдік механизімдерінің сана механизімдерімен, белгілі бір адамның жеке тәжірибесін құрайтын біліммен тығыз байланыста екенін айтады (41).
Конитивтік лингвистикада когниция ұғымына басты көңіл бөлінуде. Когниция-адам санасындағы білім арқылы көрініс табатын ақпараттар жүйесі деп танылады. Тіл білімінде «когниция» терминімен «интеллектуалдылық, менталдылылық» секілді атаулар балама ретінде қолданылып жүр. Когницияның бұл атаулардан негізгі айырмашылығы когниция адам миындағы аялық білім арқылы жиналған ақпараттардың терең қатпарларындағы біртұтас көрінісі, моделі болып табылады. Адам санасындағы білім әртүрлі тілдік құрылымдар негізінде көрініс табады. В.А.Маслова: «елестету, схема, картина, фрейм, сценарий (скрипт), гештальт» сияқты бірліктерді адам танымындағы ақпараттарды сыртқа шығаруда қолданылатын тілдік құрал деп есептеген. Когнитивтік лингвиситика «тілдік білімнің табиғатын және оны қалай қолдану керектігін меңгеретін ғылым» (9,85).
Когнитивті лингвистика ғылымының зерттелу барысында батыс еуропалық ғалымдардың зерттеулері көптеген жаңа ғылыми жолдарды қалыптастырды. Ал, когнитивті лингвистика ғылымының негізгі ұғымдарына тоқталсақ ең алды мен когнитивті лингвистика - «... адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизімі әрі құралы ретінде қарастырылатын лингвистика саласы» (Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігі) — деген анықтама берілсе, таным дегеніміз - дүниені, өмірді танып-білу қабілеттілігі (20/Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 8-т.) болып шығады.
Когнитивті терминдер сөздігінде танымдық тіл ғылымына адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизімі әрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы деген анықтама берілген (23; 53). Бүгінгі күні бұл лингвистикалық бағыттың өзіндік ұғым-бірліктері, ұстанымдары, ғылыми-теориялық негіздері қалыптасып дамып отыр. Алғашында «когнитивті» деген терминнің өзі нақтыланбаған, ұғымдық бірліктері жүйеленбеген мәселе ретінде қабылданып келді, сондықтан когнитивті лингвистикаға қатысты пікірлер мен көзқарастар да біркелкі болған жоқ. Кейбір зерттеушілер танымдық аспектілердің тіл білімін жаңа деректермен толықтырғанын мойындағанмен, бұл бағыттың лингвистикаға соны үрдістер мен әдістер жүйесін әкелмегенін әрі когнитивті лингвистиканың орнықпағанын, ең алдымен, когнетивті емес лингвистиканың жоғымен түсіндіруге болатындығын ескертеді. Алайда, екінші топ ғалымдары құрылымдық тіл білімін танымдық лингвистикаға қарсы қоя отырып, когнитивті бағытты XX ғасырдың аяғында дүниеге келген «көтеріліс», «бетбұрыс» деп түсіндірді. Нәтижесінде тілшілер когнитивті лингвистиканы пәнаралық байланыстың көрсеткіші, тілдік ілімдер тоғысы деп бағалады. Сөйтіп, жалпы ғылыми дереккөздер негізінде когнитивті ғылымды немесе когнитологияны, когнитивті психологияны, мәдениеттануды қарастырса, лингвотанымды дамытушы алғышарттарға лингвистикалық семантика, лингвистикалық типология, этнолингвистика, нейролингвистика, психолингвистика, салыстырмалы-тарихи тіл білімі мәселелерін жатқызды (24,22). Ғалымдардың айтуына қарағанда, семасология ұстанымдары мен категориялары адамзат танымының нәтижесін құрайды (Н.Д.Арутюнова, А.Вежбицкая, Ю.С.Степанов, Е.С.Кубрякова, В.Н.Телия), ал тілдік типология заңдылықтары тілдің универсалды құрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді - деген теориялық байлам жасайды (25,17-19). В.В.Петров когнитивтік ғылымның түпкілікті идеясының негізін құрайтын бірліктер турасында мынадай ой айтады: «Мышление представляет собой манипулирование внуренними (ментальными) репрезентациями типа фреймов, планов, сценариев, моделей и других структур знания» (18, 95).
17,18. Қолданбалы лингвистика – тіл қолдану мәселелерінің практикалық әдістерін жасаумен айналысатын тіл білімінің бағыты.Қолданбалы тіл білімінің дәстүрлі және жаңаша мақсаттарға сай түсініктері бар. Дәстүрлі қолданыста: жазуларды жасау, шетел сөздеріне транслитерация жүйесін жасау, зағиптарға арналған жазу жүйесін жасау, аударманы жүйелеу, тіл мәдениеті мен сөйлеу шешендігін зерттеу, арнайы лингвистикалық сөздіктер шығару, жасанды тілдерді зерттеу. Ал жаңаша мақсаттағы түсінікке: машинамен аудару, ақпараттар тілі, терминология және оның ақпарат тілі. Өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастап «қолданбалы лингвистика» термині жаңа мағынағы мағынаға ие болды. Ол күнделікті өмірімізге компьютерлік технологияның және автоматтық басқару жүйесінің араласуы арқылы мәтінді автоматты түрде өңдеуге қатысты көптеген қолданбалы бағыттағы тілдік бірліктерді талдау мен жинақтау негізінде тілдің танылуы мен талдану заңдылықтарын белгілеу қажеттілігінен туындайды. Тілді зерттеумен айналысатын қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: лексикография-сөздіктерді құрастырудың телориясы мен практикасы; лингводидактика-шет тілін оқыту әдістемелерін жасау жөніндегі ғылым; терминтану-ғылыми-техникалық терминдерді жүйеге келтіру мен реттеу жөніндегі ғылым; аударматану-аударма теориясы; Қолданбалы ғылымдармен байланысты қолданбалы тіл білімінің негізгі бағыттары: компьютерлік лингвистика, машиналық аударма, белгілерді автоматты айырып тану, сөзді автоматты түрде айырып тану, мәліметтерді автоматты шығару, электронды сөздіктер, тезарустар құрастыру, корпусты лингвистика, мәтіндердің электронды корпустарын құру және қолдану.
Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялар дамыған кезеңде қолданбалы тіл білімінің негізгі салалары: машинамен аудару, компьютерлік лингводидактика, математикалық тіл білімі, табиғи тілдерді автоматты түрде өңдеу, квантативтік тіл білімі, статистикалық лигвистика. Қолданбалы лингвистиканыңжаңа аспектілері теориялық тіл біліміне жаңа ғана ене бастаған математикалық әдістерді, әсіресе теориялық-жиынтық,формальды-логикалық,статистика-ықтималдық әдістердің қолданылуын барынша жеделдетті. ХХ ғ. 50-70 жыл. тілдік материалдарды автоматты түрде өңдеуге қатысты күрделі проблеманың шешім табуы қолданбалы лингвистикаәрі қарай дамуына әсер етті.
19. Прагмалингвистика, оның зерттеу нысаны. Прагматика (грек. pragmatos іс-әрекет) ағыл. pragmatics – тілді қолданыс/жұмсалыс кезінде (Л. Витгенштейн. Ч. Пирс, Ч. Моррис), яғни нақты тілдік жағдаяттағы тілдің қызметін, түсіндірілуін және ықпал етуін зерттейтін тіл білімі саласы.Прагматика семантика сияқты сөз мағынасын зерделейді, алайда прагматика үшін ең бастысы – сөйлеушінің/тыңдаушының сөйленістің айқын және жасырын мүдделері, сөйлеу тактикасы, тілдік мінез-құлықтың типтері, прессупозиция тұрғысынан және т.б. мағынаны түсінуі.Демек оның пәні – қолданыстағы тіл.
Прагмалингвистика саласының негізін салып, «прагматика» терминін енгізген Ч.Моррис еңбегінде прагматика туралы ұғымең алғаш рет ғылымға енгізілген болатын. Онда ғалым семиотикадан тараған негізгі үш саланы қарастырады. Біріншісі таңба мен ұғымды – семантика зерттесе, таңба мен таңба арасындағы қатынасты синтактика зерттейді. Ал прагматика таңба мен қолданушы арасындағы қатынасты зерттейді. Яғни прагматика семиотиканың бір бөлігі ретінде тілдік таңбаның іске асуын білдіреді. Прагматика – ой иесінің мақсаты мен уәжіне сай тілдік құралдарды таңдаудың мәнін, сондай-ақ тыңдаушының айтылған ойды, тіл арқылы берілген бағаны түсінуін зерттейтін сала.Соңғы жылдары тіл ғылымының дербес саласына айналған прагмалингвистиканың алғышарттары қазақ зерттеушілерінің еңбектерінде бастау алғаны белгілі. Атап айтқанда, М.Оразов сөз семантикасының прагматикалық аспектісін қарастырса, А.Алдашева публицистикалық терминдердің прагматикалық ерекшеліктерін, Б.Момынова газеттік лексиканың прагматикалық аспектісін, З.Ерназарова сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісін, Д.Әлкебаева қазақ тілі стилистикасының прагматикасын, С.Аташев бұқаралық ақпарат құралдарының прагматикасын, Б.Хасанов сөздің лексикалық мағынасы мен прагматикасын, Б.Райымбекова қазақ және орыс тілдеріндегі газет мәтінінің прагматикалық аспектісін, Ф.Жақсыбаева газет мәтінінің прагматикалық функциясын қарастырса, Г.К.Ихсанғалиева тақырыпаттарға прагматикалық талдау жасаған. Т.Ш.Мырзахметова тыныс белгілердің, оның ішінде көп нүктенің қолданысын прагматикалық тұрғыдан зерттеген.Ал Р.А.Омарова неміс тіліндегі газеттер материалы бойынша баспасөз дискурсына прагмалингвистикалық талдау жүргізсе, С.Қ.Ережепова орыс және қазақ тілдеріндегі ресми-іскерлік стильдің прагмалингвистикалық аспектісін салыстыра зерттеді. Сондай-ақ, соңғы жылдары газет мәтінінің жекелеген жанрларына арналған зерттеулер де пайда болды.Мысалы, М.С.Абишева ақпараттық жазбаның (информационная заметка) құрылымы, семантикасы және прагматикасын диссертациялық деңгейде арнайы қарастырған.
Адресанттың мәтін арқылы көздеген мақсат-ниеті оқырманға, яғни адресатқа әсер етуі мәтіннің прагматикасын көрсетеді. Жалпы алғанда, прагматика негізгі үш тұжырымға негізделеді: 1) сөз коммуникациясын түсінудің тірегі болып әрекеттік аспект саналады; 2) тіл адамға ықпал ету амалы ретінде қарастырылады; 3) тілдік амалдардың функционалдандырылуы қарым-қатынастың жағдаяты мен мәнмәтіні арқылы негізделеді.
Прагматика сөйлеу актісі бағыты тұрғысынан қарастырылып, үш бірдей аспектісі есепке алынады: 1) сөйлеушінің қолданылып отырған таңбаларға қатынасы; 2) тыңдаушы тарапқа сөз ықпалы; 3) сөйлеушілердің аялық білімі мен олардың сөз құзыреттілігі.
Р.С. Столнейкердің еңбегінде прагматиканың спецификасы айқындалады: «Синтаксис сөйлемді зерттейді, семантика пропозицияны зерттейді. Прагматика сөйлеу актілерін және онда жүзеге асатын мәнмәтінді зерттеумен айналысады... Сәйкесінше, прагматика алдында екі түрлі мәселе пайда болады: біріншіден, сөйлеу актісінің қызықты типтері мен сөздің «өнімдерін» анықтау; екіншіден, белгілі бір пропозицияның белгілі бір сөйлем арқылы бейнеленетінін анықтауға әсер ететін сөйлеу мәнмәтінінің сипаты мен ерекшеліктерін сипаттау».
Прагматика – семантикамен тіл біліміндегі тілдік таңбалардын кызметін зерттейтін тіл білімің саласы. Тілдің прагматикалық функциясын тілдің когнитивтік функциясымен байланыстыра зерттеу – тиімді бағыттардың бірі болып табылады. Тілдің прагматикалық функциясының берілу жолдарын анықтау және оны интерпретациялау тілдің когнитивті және прагматикалық функциясына сүйенеді. Прагмалингвистика қарым-қатынас іс-әрекеті туралы ғылым саласы болғандықтан, тілдің барлық аспектілерінің қызметіне тікелей қатысаалады.
Ю.С. Степанов: «Синтактика таңба мен оның нені таңбалайтыны арасындағы – адамның сыртқы әлемі мен ішкі әлемі арасындағы қатынасты зерттеумен айналысса, ал прагматика таңба мен сол таңбаны қолданушы сөйлеуші, тыңдаушы, жазушы, оқырман арасындағы қатынасты зерттеумен айналысады».
Ғалым Нұргелді Уәли «прагматика – тілдің өмірдегі қолданысын, оның ұжымдық тәжірибеде жүзеге асыруын көрсетеді. Ал мұның өзі ұжымның өмір заңдылықтарымен, тілді қолданушының психологиясымен, дүниетанымымен, оның когнитивтік базасымен, мәдени стреотиптермен, ұлттық дәстүрмен байланысты» деп есептейді.
Кең анықтамалардың ішіндегі анықтамалардың бірі ретінде Т.А. ван Дейктің «Прагматизм – мәнмәтіндегі тілді зерттеу» деген тұжырымында көрсеткен прагматикалық компоненттің қасиетін келесідей түрде көрсетеді:
а) прагматика – лингвистикалық теорияның ажырағысыз компоненті, оның мәртебесі синтаксис пен семантика мәртебесімен тең;
ә) прагматика міндеттеріне сөйлесімнің жүйелік қасиеттерін тілдік және иллокутивтік актілер ретінде айқындау жатады;
б) прагматикалық интерпретация тек синтаксистік тұрғыдан дұрыс, семантикалық қолданысқа ие белгілі бір шарттылыққа негізделген сөйлесімдерде ғана қолданылады;
в) прагматикалық интерпретациялар прагматикалық мәнмәтіндерде айқындалады, яғни белгілі бір ой когнитивтік және әлеуметтік факторлар жиынтығы ретінде анықталады.
