Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллоквиум тбом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
257.02 Кб
Скачать

14.Тілдің танымдық сипаты

Тілді диалектика-динамикалық құбылыс ретінде қарастыру, оның қоршаған әлеммен де, адамдық факторлармен де сабақтастығын зерделеу қазіргі қазақ лингвистикасының ұлттық сипатымен қатар, әлемдік лингвистика деңгейіне көтерілер биігін де айқындауға септігін тигізіп келеді. Осыған орай, қазақ тіл білімінің концептуалдық қоры мен әдіснамалық негізі де құнды зерттеулердің дүниеге келуін қамтамасыз етер алғышарттар қатарын құрауда. Қазақ топырағында қалыптасып, ғылымдар тоғысында шешімін тауып келе жатқан тілтаным теориясының ғылыми негізде дәйектелуі де сол үзілмес байланыстың белгісі болып табылады. Тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу – барлығы тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісі кеңейте түспек. Бұл күні қазақ тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Қазақ лингвистикасының тарихын тілтаным теориясының қалыптасуымен байланыстыру, соның негізінде жекеленген тұлғалардың тілтанымдық тұжырымдарымен танысу, сол арқылы қазақ халқының төл қазынасын құрайтын құндылықтарына зер салу, оларды зерттеу нысанына қарай арнайы бағыттарға топтап қарастыру – барлығы дерлік қазақ тіл біліміндегі когнитивтік ұстанымдардың бастамасын зерделеуге, олардың негізін әлемдік қордың бір бөлшегі есебінде бағалауға көмектеседі, яғни қазақ тіл білімінің тарихи негізінен бастау алатын тілтаным теориясы уақыт сұранысынан туындай келіп, қазіргі жалпы лингвистиканың өзекті мәселесіне айналғаны көпшілікке мәлім.Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер салу, сөз мағынасын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, тіл тарихын адамның қабылдау, пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен жаңашылдық үдерістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру, сол арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, өркениетті мемлекеттің қоғамдық-әлеуметтік мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ. Демек, бүгінгі тіл ғылымының атқарар қызметі де, жол бастар соқпағы да айрықша. Оны ұсынылып отырылған тілтанымдық тұжырымдар, бір жүйеге келтірілген универсалды принциптер, топталып берілген когнитивтік ұғымдар мен бағыттар парадигмасы, сөзсіз, дәйектей түседі. Таным негіздерін, оның өзге құбылыстармен байланысын зерттейтін ғылымның өзі әр түрлі салаларға жіктелетіндіктен, аталмыш ұғымның аясы да ғылыми тұрғыдан әркелкі түсіндіріліп келеді. Когнитивтік лингвистика – ғаламның тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың құралы. Когнитивтік қызметтен тілдің танымдық, затдеректік (денотаттық), референция қызметтері бірге танылады. Когнитивизмнің басты зерттеу нысанасы – адамзаттық когниция. Когниция – бұл танымның өзгеше сипаты, ол адамды қоршаған шынайы болмыс туралы жан-жақты мәлімет беретін, сезім, қиял, қабылдау, ақыл-парасат сияқты әрекеттермен бірлікте дамитын құбылыс ретінде айқындалады. Демек адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі арқылы анықталады. Когнитивті терминдер сөздігінде танымдық тіл ғылымында адамзат тілін жалпы хабарды ұсынуға, оны бір күйден екінші күйге ауыстыруға мүмкіндік беретін таңбалар жүйесі, таным механизмі әрі құралы ретінде қарастыратын лингвистика саласы деген анықтама берілген. Психолингвистикамен тығыз байланыста бола отырып, когнитивті лингвистика сана, қабылдау, сыртқы ортамен үздіксіз қатынаста болу, тану, бақылау, пайымдау секілді проблемаларды ұғым, семантика тұрғысынан талдап көрсетуге бағытталады. Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде Қ.Ә.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясын атауға болады. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарстырылған [1]. Профессор Ж.Манкееваның «Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері» атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу жасалады [2]. Өзіміз байқағандай, қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, өйткені когнитивтік әдіс «тілдің адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады». Әр адамның қоршаған орта, құбылыстар, іс-әрекеттер, мінез-құлық туралы түсініктері әр түрлі болады. Бұл жайында Б.Қасым: «Қоршаған ортаны түрлі адам бірдей қабылдап, таниды деп айту қиын. Әр адам өзінше танып, өзінше қабылдайды және ол сол адамның белгілі тәжірибесіне, қабілетіне біліміне, ерекшелігіне байланысты», — деген еді . Әркім іс-әрекеттерге, мінез-құлыққа, құбылыстарға өзінің ойлау өресі жеткенше, өз түсінігі шеңберінде баға береді. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалдар келтіре кетейік. Мәселен, құралайды көзге атқан деген тұрақты сөз тіркесі адамның мергендігін, яғни бағытталып айтылған адамға жағымды баға беріп, мақтау мәнінде қолданылады. Сол сияқты төрт түлігі сай адам немесе мал біту деген сөз тіркестері байлық, бай, баю мағыналарын береді. Бұдан қазақ халқы байлықты төрт түлік малмен өлшегендігін көруімізге болады. Қазіргі лингвистикада когнитивті бағытқа сай нәтижеге жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады: 1. Ғаламды тану мен пайымдау, іс-әрекеттің даму барысы. 2. Ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу және беру процесіндегі тілдік білімдер. 3. Білімді концептілеу мен категориялау процестері, мәдениет тұрақтылығын тілдік тұрғыдан категориялау мен концептілеудің құралдары мен тәсілдерін суреттеу. 4. Концептілік аймақты ұйымдастыратын және оның мүшеленуінің негізгі болып табылатын әмбебап концептілер жүйесін суреттеу. 5. Ғаламның тілдік бейнесі мәселелері.

15 Тіл білімі тарихындағы ғылыми парадигмалардың ауысуы. Лингвистика ғылымының даму тарихында бүгінгі күні дәстүрлі үш түрлі ғылыми парадигма анықталып отыр. Олар: салыстырмалы- тарихи, жүйелі-құрылымдық және антропоцентірлік.Бүгінгі таңда жалпы тіл білімінде, сондай-ақ жекелеген тіл біліміндегі көптеген зерттеулерде антропоцентристік парадигма басымдылыққа ие болып барады. Мұның негізгі себебі лингвистикадағы антропоцентристік принцип алдымен тілді тұтынушы ұлтты бірінші кезекке қояды. Антропоцентристік парадигма өз шеңберіңде этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология тәрізді жаңа бағыттарга жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер ең алдымен қабылдау (восприятие), ойлау (мышление), тіл (язык), есте сақтау (память), әрекет ету (действие) тәрізді адамның когнитивтік құрылымына ерекше мән беріп, ден қоя бастады. "Қабылдау", "ойлау", "тіл", "есте ұстау", "әрекет ету", "білім" тәрізді когнитивтік құрылымдар ғылым салаларында бұрын да зерттеу нысанасы болған. Бірақ олар жалпы есім деңгейінен шығып, жалқы есім деңгейінде бір мақсат, бір міндет аясынды бір-бірімен тығыз байланыста қарала қойған жоқ.Тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. Керісінше тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді. Осы байланыстың негізінде тілдің таңбалық жүйесі арқылы терең құрылымдарда грамматикалық байланыстар, категориялар және модельдер түрінде тұтас тілдік құрылым түзеді. Тілдің болмысын анықтаудың когнитивтік парадигмасында тілдің мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі-мифтік танымнан поэтикалық ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және сапалық қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе болып табылады.XXI ғасырдағы тіл білімі құрылымдық, жүйелік парадигмамен сабақтастық, жалғастықпен және тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдірудің құралы деп емес, ұлттық рухани-мәдени коды ретінде қарастыратын антропоцентристік бағытпен сипатталады. Оның ірге тасы В.Гумбольдт, И.Гердер, Г.Штейнталь, А.Потебня сияқты ғалымдардың теориялық еңбектерімен қаланғаны белгілі. Олардың еңбектеріне сәйкес, адам өзінің парасаттық, рухани, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) әлемін жасау үшін ақпараттарды тілдік арна арқылы алады. Тіл мен ойлау, тіл мен таным бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, «таза», тілдік жеке ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма-когнитивті лингвистика, онымен сабақтас этнолингвистика, псхолингвистика, социолингвистикамен т.б. байланысуы қажет. Осы байланыс адам санасы қалай құрылған, адам дүниені қалай таниды, қабылданған мәліметтер қалай танымға айналады, ментальдық кеңістіктер қалай жасалады деген сүрақтарға жауапты тілдің терең құрылымдарын зерттеу арқылы анықталады да бұл мэселелер этнолингвистикалық аспектіде - В.Гумбольдт, Ф.Баос, Э.Сепир, Б.Уроф, А.Потебня, Н.Толстой, Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов т.б.; псхолингвистика тұрғыда-К.Юнг, А.Н.Леонтьев, А.Шахнарович т.б.; лингво мәдениет танымдық сипатта - Э.Тейлор, Э.Маркарян, Ю.Лотман, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров т.б. ғылымдардың, ғылыми зерттеу еңбектерінде философиялық, психологиялық, этностық, лингвистикалық теорияларының жүйесі дүниені тұтас танудың теориясы шеңберінде тіл қызметінің когнитивтік негіздерін айқындайды.