Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллоквиум тбом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
257.02 Кб
Скачать

13. Дискурс түрлері.

Тілдік тұлғалардың қолданыс кезіндегі ерекше сипаттарын экстралингвистикалық факторлар анықтайды. Оларға тілдік қолданыстың коммуникативтік міндеттері: қатынас жасаудың мақсаты мен айқындамасы, хабардың кімге арналғандығы т.б жатады. Шығарманың мазмұндық жағын құрайтын бұлар тілдік тұлғаларды таңдауға негіз болады да, өзіндік жалпы сипатын, стилін айқындайды. Дискурстың негізі бірнеше түрлері бар. Қарым-қатынас аясына байланысты күнделікті-тұрмыстық, оқу, әңгіме, сот, жиналыс, әлеуметтіксалттық т.б. Стиліне байланысты ғылыми, көсемсөз, іскери, әдеби болып келеді. Ақпаратты тасымалдауына сәйкес ауызша, жазбаша, электронды, яғни интернет –дискурс деп бӛліп айтуымызға болады [3; 26 б ]. Дискурстың стилдерінің ішінен әдеби стиліне тоқталатын болсақ Жанат Елшібектің «Қош бол, теңіз...» шығармалар жинағында (А, 2001) енген туындылар тақырыптарына талдау жасаудың ӛзі бізге тілдік форма қатарындағы жасырынған когнитивтік құрылымдарды, автордың санасындағы тақырып таңдауға итермелеген когнитивті құрылымдарды, себеп, мақсаттарды тануға, оқырмандардың оны қабылдаудағы, түсінудегі қолданысқа түсетін заңдылықтарды айқындауға жол ашады. Жинақтағы тақырыптардың құрылымдық сипаты түрлі: 1) атауыштық сипатта, бұл қатарға мысал ретінде мынадай тақырыпдарды алуға болады: Кербез Кӛкше, Киіктің киесі, Ауылдағы дос, Сөйлейтін піл т.с.с Тақырып құрамындағы сӛздердің ӛзін семантикалық топтарға жіктеуге болады: 1) жануарларға қатысты атаулармен берілгендер: Иттің кӛз жасы, Балық жегіш түйе, Жылан жұтқа тауық, Кекшіл аю, Қасқыр күзеткен түн, Түлкі қалай адасты; 2)Табиғат құбылыстары атауларымен: Қоңыр күз еді, Қысқы кеш, Күзде де күн күркірейді, Күншуақ, Кӛктем ырқақтары т.с.с. Қазіргі таңда дискурсты қолданыс аясына байланысты бірнеше түрге бөліп жүргендігі белгілі. Дискурс түрлеріне: ғылыми дискурс, әскери дискурс, іскери дискурс, шешендік дискурс, поэтикалық дискурс, балалық дискурс, масс-медиа дискурсы, жарнама дискурсы, экономикалық дискурс, педагогикалық дискурс, электрондық дискурс т.б. жатады. Жалпы дискурс ұғымы прагмалингвистика, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика, антропология, әдебиеттану, лингвомәдениеттану, философия ғылымдарының тоғысында тұрғандықтан, оған белгілі бір категория ретінде анықтама берудің өзі де қиындық тудырады.

Ғылыми дискурстуралы С. Борчикова: «Есть ли четкие отличия эстетического//этического дискурса от дискурса науки? Несомненно. Этико-эстетическое знание является нормативным, а не экспериментально-фактическим. В этом оно близко к логике и математике, которые также нормативны. Брентано в своей работе (по «психологии», но это скорее философия как предтеча феноменологии) четко различает объективный научный дискурс как дискурс суждений (дискурс как таковой) и оценочной дискурс (по типу нравится/не нравится). Это близко (восходит?) к кантовской позиции в КСС»,- дейді.

Кәсіби дискурсты зерттеу когнитивтік терминтанымның басты бағыттарының бірі болып табылады. Кәсіби дискурс деп біз белгілі бір сөйлеу нормалары қалыптасқан, ойлау, көңіл-күй, мінез-құлық ерекшеліктері бар кәсіп иелерінің өзара қарым-қатынас үдерісі деп түсінеміз. Кәсіби дискурс түрлері кәсіби іс-әрекет саласына байланысты анықталады. Мәселен, медициналық дискурс, педагогикалық дискурс, саяси дискурс т.б. атауға болады.

Кәсіби дискурс қарым-қатынасқа түсушілердің ең болмағанда біреуінің арнайы дайындығына негізделеді және қарым-қатынас сол арнаулы сала шеңберімен шектеледі. Кәсіби сөйлеудің төмендегідей төрт өлшемін бөліп көрсетуге болады: 1) ғылым саласын кәсіби деңгейде меңгеру; 2) қарым-қатынас құралы; 3) жұмыс сапасын кәсіби бағалау; 4) қарым-қатынастың кәсіби маркерленген стратегиясы; 5) өзін-өзі танытуы.

Дискурс – пәнаралық зерттеу нысаны, оны теориялық лингвистикадан басқа компьютерлік лингвистика, жасанды интеллект, психология, философия мен логика, әлеуметтану, антропология мен этнология, әдебиеттану мен семиотика, теология, заң, педагогика, аударма теориясы мен практикасы, коммуникациялық зерттеулер, саясаттану т.б. ғылымдар зерттейді. Л.С.Выготский: «Помимо двух фундаментальных разновидностей дискурса - устной и письменнои - следует упомянуть еще одну: мысленную. Человек может пользоваться языком, не производя при этом ни акустических, ни графических следов языковой деятельности. В этом случае язык также используется коммуникативно, но одно и то же лицо является и говорящим, и адресатом. В силу отсутствия легко наблюдаемых проявлений мысленный диск урс исследован гораздо меньше, чем устный и письменный», - дейді [2, 97].

В.И.Карасик дискурстың екі негізге типін ажыратады: жекеленген дискурс және институционалды дискурс. Бірінші жағдайда сөйлеуші тұлға ретінде сөз сөйлейтін болса, екінші жағдайда – белгілі бір әлеуметтік институттың өкілі ретінде жүзеге асады [3, 65].

Институционалдық дискурстың заңды, медициналық, іскерлік, жарнамалық түрлерімен қатар ғалымдар саяси дискурсты ерекше атап көрсетеді, оны зерттеумен көптеген саясаткерлер, әлеуметтаншылар, психологтер мен лингвистер айналысады. Саяси дискурстың негізін кембридж және оксфорд философия мектептерінің өкілдері салған болатын.

В.И. Карасик, Е.И. Шейгал, П.Б. Паршин сынды танымал лингвистердің еңбектеріне назар аударатын болсақ, қазіргі ғылымда «саяси дискурс» түсінігі мен термині жоқ екендігін аңғаруға болады.

А.И.Баранова мен Е.Г.Казакевичтің айқындауы бойынша, саяси дискурс – саяси дискуссияда қолданылатын барлық сөйлеу актілерінің жинақтылығы, сонымен қатар, көпшілік алдындағы саясат ережелері дегенді айтады [4, 89].

Дискурстың өзі әртүрлі ауысымдардан (коммуникативтік ситуация, интеракцияға қатысушылар және мазмұны мен түрі жағынан әртүрлі болып келетін мәтін) тұратынын ескерсек, дискурстың мәтіндер бірлігін қалыптастыра алатынын айтуға болады. Дискурс типі бірегей тақырыптық бірліктен (единая тематическая общность) тұратын мәтіндерді біріктіреді. Дегенмен, күні бүгінге дейін дискурс типтеріне әсер ететін ауысымдардың толық сипаты да, дискурс типтерінің ортақ классификациясы да берілген жоқ.