Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллоквиум тбом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
257.02 Кб
Скачать

7. Когнитивтік лингвистиканың зерттелуі

Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды. А.Маслова когнитивтік лингвистика нәтижеге жету үшін оның міндеттеріне ғаламды тану, ғалам туралы ақпарат алу, қайта өңдеу, білімді концептілеу, концептілер жүйесін суреттеу, ғаламның тілдік бейнесі мәселелерін жатқызады . Е.С.Кубрякова когнитивтік лингвистика міндеттерін « есте сақтау, елестету, қабылдау, ойлау арқылы тілдік үдерістердің, тілдік бірліктердің және категориялардың арақатынасын зерттеу ретінде анықтап сипаттайды Когнитивтік лингвистиканың пәні – тіл мен сөйлеуде пайда болған нақты тұжырымдарды ( концептілерді) білдіретін тілдік құралдарды ( cөз, сөз тіркесі, мәтіндерді) зерттеу.

Қазақ тіл білімінің тарихында тілдің танымдық табиғаты туралы зерттеулер Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады. Ғалымның тіл табиғатының ерекшеліктерін, тіл қызметінің танытуға арналған ғылыми пайымдауларын екі арнаға бөліп көрсетуге болады.

А. Байтұрсынұлы еңбектері бойынша тілдің танымдық қызметін төмендегілер құрайды:

  • Тілтаным теориясындағы тіл-ойлау-дүние бейнесі арақатынасына байланысты пікірлермен сабақтас пайымдаулары;

  • Поэтикалық тіл табиғатын “қарапайым” тілден айыра танытуға арналған

С.Аманжоловтың да тілтанымдық зерттеулері лингвистикалық талдаулардың өзгеше амалын құрайды, себебі автор тілдік құралдар табиғатын анықтауда құрылымдық факторды адамның ішкі ойлау, қабылдау, тану мүмкіндіктерімен, сыртқы қоғамдық-мәдени негіздермен шебер сабақтастыра білді.

Осы саладағы іргелі еңбектердің бірі 1998 жылы жарық көрген Қ.Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивті негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» атты монографиясында «тілдік сана құрылымын», «гештальт теориясын» түсіндіреді. Келесі еңбектің бірі - Ә.Әмірбекованың «Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М.Мақатаев поэзиясы бойынша)» атты диссертациясы. Ғалым өз жұмысына концептілік құрылымдарға және ақын М.Мақатаевтың танымдық болмысын «Өмір» концептісінің негізінде талдау жасап, «Көркемдік сана», «Когнитивтік модель», «ассоцация», «бейне» т.б. ұғымдарға поэтикалық мәтіннен мысалдар келтіре отырып саралады. 2007 жылы Э.Н.Оразалиеваның «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы» атты монографиясы жарық көріп, зерттеуші өз еңбегінде қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттың қалыптасу, даму алғышарттарын ғылыми теориялық тұжырымдарға сүйене отырып қарастырады.

8. Когнитивті бағыттардың басқа ғылымдармен байланысы

Когнитивтік лингвистика бірнеше ғылым түрлерінің өзара қатысымдылығы негізінде пайда болды. 

«Когнитивтлк психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды Когнитивтік ПСИХОЛОГИЯ («тіл біліміндегі психологизм» туралы) дегенміз - адамдардың дүниее, әлем, қоршаған орта жайлы ақпаратты қалай алатыны мен адам ОСЫ ақпаратты қалай ұғынады, ақпараттың есте сақталып білімге айналуы мен осы білімдердің біздің зейініміз бен жүріс-тұрысымызға тигізетін әсерін зерттейтін психологияның бip саласы. Когнтивтік психология мен когнтивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады (есте сақтау), ішкі сөздік қор, сөйлеу әрекетін туғызу мен қабылдау.

Когнитивтік социология. Когнитивтік социология социолингвистика мен когнитивтік лингвистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингвистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым. Социолингвистика тілдің негізгі қызметі коммуникативтік, яғни тілді адамзаттың қарым-қатынас құралы деп есептейді. Қазipri, тіл білімінде негізгі принциптердің бірі антропоцентризм болып табылады, яғни антропоцентризм принципі ғылыми ізденістерге жетекші бола бастады. Жаңа заман лингвистикасында НЕГІЗГІ НАЗАР ТЕК ТІЛГЕ ЕМЕС, оны жаратушы, қолданушы және дамытушы адамға аударылады.

Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің арақатынасына көңіл бөледі. Лингвомәдениеттану тіл мен мәдениеттің өзара байланысын зерттейді. Оның негізі мақсаты – халықтың ойлау ерекшелігі мен оның мәдениетін тіл арқылы ашу. Тіл мен мәдениеттің ажырамас бөлігі, әрі ол лингвомәдениеттануда рухани болмыс ретінде танылады, яғни, тілде ұлттың дүниетанымы, әдет – ғұрпы, дәстүрлері, ұлттық мәдениеттің ерекшеліктері – рухани өмірі көрініс табады. Когнитивтік лингвистика адамның менталитетімен, білімімен байланысты болса, лингвистикалық мәдениеттану мәдениет пен тілдің ара қатынасына көңіл бөледі.

9. Концептілік өріс туралы түсінік. «Өріс» ұғымы тіл ғылымында тілдің әртүрлі деңгейіне жататын, бірақ бірыңғай мағыналарды білдіретін тіл бірліктерінің жиынтығы ретінде түсіндіріліп, сол бірліктердің өзара байланысын көрсетеді. Когнитивтік лингвистикадағы өріс арқылы бір концептіге жинақталған ғаламның тілдік бейнесін көруімізге болады. Мысалы, «Бақ-дәулет, ырыздық» базалық концептісінің мағыналық-ақпараттық өрісін танытатын концетілер, яғни концептілік өрісін НЕСІБЕ (жаяудың несібесін атты жемес; Өлім, өлім өлімдеп, Өкінеміз несіне, өлмек адам көмілмек, Тірі адамға – несібе. М.Мақатаев), ДӘУЛЕТ (Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда дәулет бер), БЕРЕКЕ (еңбек түбі – береке, , БАЙЛЫҚ (Кедей - байға жетсем дейді, бай - құдайға жетсем дейді) концептілері құрайды.

10. Ассоцияция және таным үдерісі. Ассоцияция – дүниені тануда адам санасындағы алғаш пайда болатын ментальды сигналдар, білім алудың бір тәсілі. Ассоцицация арқылы тану-бұрынғы тәжірибелер мен жаңадан қабылданған түсініктер арасындағы байланыс.

Таным – адам табиғатына негізделген, қоршаған әлем заңдылықтарынан нәр ала қалыптасқан күрделі де маңызды құбылыстардың бірі. Таным дегеніміз -- нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі -- адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады.

Әр концепттің бойында оның кұрамдас болшектері, яғни фреймдері болады. Фрейм арқылы адам, жадындағы ақпарат ассоциацияланады. Бұл ақпараттар тілдік бірліктер арқылы ғана көрінеді, яғни адам санасында әлемнің тілдік бейнесін корсетеді. Мысалы, «хан көтеріп, қүрмет түту» тіркесі кұрметтеу, сыйлау мағынасындағы фрейм болып табылады. Ал «бір тарының қауызына сыйғызу», «екі аяғын бір етікке тығу» фразеологизмдері шындыққа жанаспайтын, мүмкін емес іс әрекет мағынасынан ауысып, адамға қатысты айтылатын біреуге қысым мен қиянат корсету мағынасындағы фрейм болып табылады. Мектеп фреймі мүғалім, оқушы, сыныптар, оқу қүралдары, т.б. бейнелерден қүралады. Ал жаратушы, қүдай концептісінің фреймдік қүрылымы пайғамбар, мейірім төгуші, нүрын шашу, мешіт, жүмақ, тозақ,т.б. танымдық элементтерден түрады.

11. Қазақ тіл білімінде когнитивтік бағыттың пайда болуы. Қазақ тіл білімінде когнитивтік тіл білімі дербес сала ретінде қалыптасқанына көп уақыт болған жоқ. Дегенмен тіл-ойлау-таным-мәдениет арасындағы байланыс мәселесіне қатысты пайымдаулар мен тұжырымдар қазақ тіл білімінің қаланған кезінен-ақ жасалды. Бұл ретте А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектерін нақты айта аламыз. Когнитивизм – адам ақыл-ойын, олармен байланысты менталды процестерді зерттеу объектісі етіп алған ғылымдарға бағытталған. Қазіргі кезде ғылым салаларында «когнитивті төңкеріс» туралы сөз болуда. Американдық белгілі лингвист Н.Хомский: “Когнитивтік төңкеріс ақыл-ой мен мыйдың жағдайын, олардың адамның когнитивті болмысына: біліміне, ұғымына, түсінігі мен сеніміне қалай ықпал ете алатынын зерттейді” деп жазды. Адамның білімі мен түрлы ақпараттарды қабылдауына қатысты процесс когниция д.а. Когнитивтік лингвистика – тілдік бірліктерді танымдық тұрғыдан зерттеу бағыты. Негізгі мәселесі – таным мен тіл мәселесі. Шешуші ерекшелігі – тілді адамның когнитивті әрекетімен тығыз бірлікте қарастыру. Басты мақсаты – адамның әлемді түсінуі, қабылдау процесі, білімді жинақтау және оны қалай жүзеге асыратынын саралау. Конитивті лингвистика когнитология, когнитивтік психология, лингвистикалық семантика салаларының қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болды. Когнитивтік лингвистиканың негізгі ұғым-түсініктері – концепт, ұғым, символ, фрейм, гештальт, коннотация т.б.

Концепт ұғымы лингвистикада:

  • Адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері (А.Вежбицкая);

  • Концепт – біздің сол нысан туралы білетініміздің барлық жиынтығы (В.Н.Телия)

  • Құдайлық ілімді танудың, сол арқылы, соны ұғыну арқылы халықтың рухын, ұлттың мәдени менталдығын танудың кілті (В.Гумбольдт)

Мағынаға қарағанда концептінің аясы кең. М, өлім – «дененің өмір сүруін тоқтатуы» деген мағынаны береді. Концепт бойынша: кеудеден жаның кетіп, өмір керуенінің тоқтауы. Жыраулар тілінің концептісінде:қараңғы жер астына кіру; қараңғы көрге ену; ажал оғы тию; Алладан әмір болған күн т.б.

12. Дискурс және мәтін. Дискурс дегеніміз экстралингвистикалық факторларға негізделе отырып жасалатын, белгілі бір жүйеге түскен, оқиғасы, қатысушылары бар, қатысушының баға беруі қажет етілетін тұтас мәтін. Осы тұрғыдан келгенде ғылыми мазмұнда жазылған материалдарды ғылыми дискурс деп тануға болады.

Мәтін – сөз арқылы жеткізілетін, сөйлеудің шығармашылық нәтижесі. Мәтін арқылы барлық тілдік бірліктер іске қосылатындықтан, ол ерекше күрделі тілдік таңбаға жатады. Соған орай мәтінді талдау мен мәтінді тану оның түзілімі мен құрылымын саралау, мәтінжасам барысындағы тілдік бірліктердің қызметін анықтау бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. ХХ ғасырдан бастап мәтін сөйлеу бірлігі және ерекше сөйлеу шығармашылығы ретінде зерттеле бастауы мәтін лингвистикасы пәнін дүниеге келтірді. Мәтін ұғымымен бірге оны танып-білудің жолдары, амал-тәсілдері пайда болды. Ал мәтінді тілдік жақтан тану тілдік бірліктердің қызметін, мағыналық қырларын анықтаумен пара-пар. Мәтіннің тілдік қырларын толық білу интеграциялық процеспен қатар жүреді. Ғылымдағы интеграциялық үдерістердің көбеюі интеграциялық бірлесу мен тұтасудың көрінісі мәтін талдау мен мәтінтану, мәтін құрылым мен мәтінтүзілімнен көрінетіндіктен, осы жаңа парадигмаға сай мәтін лингвистикасына, мәтінтануға, мәтін кеңістігінің семантикасы мен мәтіннің дискурстық мәселелерін қарастыруға арналған зерттеу мақаласының бағыты мен көтерген тақырыбы өзекті болып табылады. Мәтінді оқу барысында мәтіндегі ойды қайтадан ой елегінен өткізу үдерісі («перекодирование») мен жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің, ұғымдардың мәтін арқылы трансформациялануы жүреді. Яғни мәтінтану мен мәтінтүзілімге қарағанда жаңа жас сала мәтін лингвистикасы мәтінді белгілі бір құрылым ретінде қарастырады. 

Мәтін мен дискурстың айырмашылығы: егер дискурсты актуалды сипатта айтылған мәтін ретінде танысақ, ол кезде мәтін – айтылған ойдың абстрактылы, грамматикалық құрылымы, ал дискурсты актуалды айтылым әрекетіне қатысты сөз (речь) деп есептесек, ол кезде мәтін – тілдік жүйеге немесе формалды лингвистикалық білімге лингвистикалық компетенттілікке қатысты ұғым болып табылады. 

       Г.Кресс еңбектерінде мәтін және дискурс ұғымдарының аражігі айқын ашылған және оларды қолданудың шегі де нақты көрсетілген. Автордың пікірінше, дискурс – әлеуметтік салаға тиесілі категория, ал мәтін – лигвистикалық категория. Олар таралуына байланысты өзара сабақтасқан. Дискурс мәтін ішінде көрінеді. Алайда бір мәтіннің ішінде бірнеше қарама-қайшы және аяқталған дискурстар кездесуі мүмкін. 

      Дискурс, бір жағынан, мәтінжасау тәжірибесі, мәтінді шығару, кеңістік пен уақытта жария ету процесі; екінші жағынан, дискурс – мәтінді ой-санадан өткізу процедурасы да (мысалы, оқу барысында, конспектілеу барысында, аудару барысында және т.б.).