Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллоквиум тбом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
257.02 Кб
Скачать

4. Паралингвистика, зерттелуі, негізгі ұғымдары

Тілсіз қарым қатынасқа деген қызығушылық ежелгі дәуірден бастау алған. Ұлы грек философы Платон дене қимылдарын қолдануды жоғары бағалаған. Атақты шешен Цицерон басқа шешендерге: «Барлық жан қимылы ишаралармен үстемеленуі тиіс», - деп кеңес береді [1].

Тілсіз қарым-қатынасты зерттейтін сала – паралингвистика (гр. «para» - жанында, қасында деген мағынаны білдіреді). Яғни ол хабарланатын ойдың, пікірдің вербалды (сөзбен білдіру) тәсілдерімен қоса, сөйлеу үстінде қолданылатын вербалды емес (тілсіз) амалдармен берілуін және сөйлеу кезінде қолданылатын вербалды емес, тәсілдердің жиынтығын зерттейді. Бұл терминді алғаш ұсынған американ ғалымы А.Хилл болса, жаңа ғылым саласының зерттеу аясын белгілеген зерттеуші Дж.Трейгер [2].

Паралингвистка сөйленіс кезіндегі, оның ішінде ауызша қатынас кезінде қатарласа жүретін дыбыстық кодтармен шұғылданады. Бұл дыбыстық кодтар – информацияның белгілі бір мән-мағынамен баюын, бағалауыштық және мағыналық түрлі реңктердің болуын, сонымен бірге олардың тілдік қатынас кезінде өмір сүруін қамтамасыз ететін мағыналық, дыбыстық кодтар [3]. 

Сөйлеу кезінде паралингвистикалық тәсілдер үш түрлі қызмет атқаруы мүмкін: қосымша ақпарат береді, айтылмаған сөз орнына қолданылады, сөзбен бірге, аралас қолданылады.

Қандайда бір ақпараттарды арнайы белгілер жүйесі арқылы бере аламыз. Коммуникативтік процесте қолданылатын бірнеше белгілер жүйесі бар, соған сәйкес қылып қарым-қатынас үдерісінің топтастырылуын жасауға болады. Егер коммуникацияны бөліп қарастырсақ, олардың белгілік жүйелердің әртүрлісін колдануына байланысты вербалды және вербалды емес деп бөлуге болады.

Соның ішінде Бейвербалды  қарым-қатынас – бұл сөздер мен басқа да тілдік бірліктерге сүйенбейтін ым-ишара тілі. Адамды оның вербалды емес сигналдар жүйесі: ым-ишара, жесттер, позалар, сөйлеу, жазу ерекшеліктерін бақылау, талдау және зерттеу. Осы сигналдарды оның мінезімен байланыстыру. Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы обьективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін. 

Австралиялық ғалым А.Пиздың пікірінше, адамдар арасындағы қарым-қатынастың 7% вербалды (сөздер, сөйлемдер); 33% вокалды (интонация, дауыс ырғағы, дауыс немесе дыбыс әуезділігі, екпіні мен қарқыны, т.б.) және 55% бейвербалды элементтер арқылы жүзеге асатыны көрінеді [4]. Көптеген ұлттар мен халықтардың тіліндегі бейвербалды элементтер жүйелі әрі кешенді түрде зерттелген. Қазақ тіл білімінде М.Мұқанов, С.Татубаев, А.Сейсенова, Қ.Қажығалиевалар ым және ишараттарды әр түрлі қырынан фрагментарлы түрде зерттеген.  Бейвербалды амалдардың негізгі типтері: кинесика, просодика, такесика, проксемика. Қазақ халқының тұрмыс-салтында да осы аталған бейвербалды амалдардың барлық түрі орын алған. 

Кинесика – адамдардың эмоциялық рефлекстерін бейнелейтін дене мүшелерінің қимыл-әрекеті. Кинесикаға қимыл, ым-ишара, қозғалыс, кейіп, жүріс-тұрыс жатады.

А) Жүріс-тұрыс. Бұл адамның қозғалыс стилі. Жүріс-тұрысқа қадамның ырғағы, ритмі, қозғалыс барысындағы дене амплитудасы жатады. Жүріс арқылы адамның көңіл-күйін, мінезін, жас ерекшелігін білуге болады. Мәселен: 1) Оң қолын төсіне (кеудесіне) қою – үлкенді сыйлаудың, құрметтеудің және сәлемдесудің белгісі; 2) Қол жаю – құран оқып болған кезде жасайтын ишарат немесе керісінше, қолды теріс жаю - қарғыс айту, қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша теріс бата беру; 3) Екі бүйірін таяну – салт бойынша қазақ әйелдері баласы (ұлы, қызы) я болмаса ері қайтыс болғанда осылайша жоқтайды. «Бүйіріңді таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 4) Иілу – сәлем беру. 

Б) Дене қалпы. Адамның денесі 1000 түрлі қалып-күйде қозғалуы мүмкін. Дене қалпын бейвербалды амалдардың бір түрі ретінде психолог А.Шефлен көрсеткен болатын. Мәселен 1) Қос қолды кеудеге қою – сәлемдесу; 2) Желке қасу – қолдан келер қайрат, амалы жоқ жігерсіздікті, әрекетсіздікті  танытады; 3) Желкеге қолын қою – айыпталу, тұтқын болудың айғағы; 4) Басын төмен салу – ұялу, қымсыну, қысылу.

В) Қимыл-әрекет. Қимыл-әрекет тілі – қарым-катынасқа түсудің ең көне түрі. Әр дәуірде әр халык түсінісу үшін белгілі бір арнайы амал-әрекеттер жиынтығын қолданған. Қимыл-әрекеттің саны ең негізгі мәселелердің бірі. Бұл этностық, ұлттық болмысқа байланысты болады. Мәселен, 1) жағын таяну – торығу, қамығу, мұңаю белгісі. «Жағыңды таянба» деген тиым қазақ халқында осыдан қалыптасқан; 2) Басын изеу – келісу, мақұлдау.

Г) Мимика. Түрлі сезімдерді білдіретін бет бұлшықеттерінің қозғалысы. Бет-әлпет мимикасы негізгі алты түрлі эмоцияны білдіреді: ашу, қуаныш, қайғы, қорқыныш, таң қалу, жиіркену. Мәселен, 1) қасын керу – таңданысты білдіру; 2) Мұрнын тыржиту – мазақ қылу, жаратпау; 3) Қабағын шыту – біреуге күш көрсету, ренжу, қатты ашулану, көңілі толмау.

Ғ) Визуалды контакт – қарым-қатынастың негізгі элементі. Трансмиссорға карап тұру тек қызығушылыктың белгісі емес, сонымен қатар рецепиентке акпаратқа назар аударуға көмектеседі. Мәселен, 1) Көзін қадау (оқты көзін қадау)- жиіркенуді, жек көруді аңғарту; 2) Көзімен адырая (бажырая) қарау – шектен шыққан ашуды білдіру; 3) Ала көзімен қарау – көңілі толмау, жек көру; 4) Көзін төңкере қарау – сұхбаттасына қылымсу, еркелеу; 5) Көзін қысу – ниеттестікті білдіру; 

 Просодикаға тембр, дыбыс ырғағы, тон сияқты амалдарды жатқызамыз. Коммуниканттардың дауыс екпінін, тонын, жиілігін, ырғағын байқау олардың ойы мен сезімдерінен хабардар болу үшін маңызды. Мәселен, 1) Ішін тарту – мәз-мейрам болып қатты куану немесе таңырқау, таңдану, шошыну; 2) Таңдайын қағы – біреудің ісін жақтыртпау, кінәлау.

Такесика – коммуниканттардың арасындағы қарым-қатынас кезіндегі дене мүшелерінің түйісуін қарастырады. Оған қол беріп амандасу, арқа қағу, сүю сияқты амалдар жатады. Мәселен, 1) Құшақтасу – біреумен кездесуге қатты қуану, сүйіспеншілік белгісі. Салттық ишарат бойынша, жақыны, туысы қайтыс болған адамды жұбату, көңіл айту мақсатымен жасалады; 2) Арқасынан қағу – мақұлдау, қоштасу немесе еркелету; 3) Төс қағыстыру – амандасу; 4) Бетінен сүю – еркелету, жақсы көруді білдіру. 5) Бауырына басу (алу) – амандасудың белгісі немесе жақсы көру, еркелету.

Проксемика – адамдардың коммуникация процесіндегі ара қашықтықты (дистанция) және коммуникацияға түсушілердің бір-біріне қатысты кеңістіктегі бағдарын (ориентация) қарастырады. Мәселен, 1) Бұрыла қарау – қасындағы адамның сөзін тыңдауға, әңгімелесуге дайын, пейілді екендігін білдіру; 2) Шалқайып отыру – бәрінің айтылып болғанын, әңгіменің таусылғанын білдіру.

Қорыта келсек, тілсіз қарым-қатынас – кинесикалық, просодикалық, такесикалық, проксемикалық бейвербалды амал-тәсілдер арқылы іс жүзіне асатын қарым-қатынас түрі.  Жоғарыда келтірілген мысалдардан қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы арқылы халық мінез-құлқын жақсы білетін тәжірибелі адамдар әр адамның жүріс-тұрысынан, іс-әрекетінен, қас-қабағынан оның көңіл-күйін айтпай-ақ сезіп-біліп отыратындығын байқаймыз. 

Қазақ халқының тұрмысында біте қайнасып кеткен сан алуан бейвербалды амалдар ұлтымыздың салт-сана, тәлім-тәрбие, әдеп, үлгі-өнеге, тағылым және таным саласындағы ғасырлар бойы жинақталған, дәстүрге еніп, қалыптасқан бай қазыналарының бір тармағы. 

5. Этнолингвистика, зерттеу нысаны. Этнолингвистика «этнос», «этнос болмысы», «этнос тілі», «тіл әлемі» деген ұғым түсініктерге ерекше мән береді. Этнолингвистика - халықтың этногенезін тұрмыс салты мен әдет-ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы.

Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі қалыптаса бастаған, жан – жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отырғанын көреміз. Оны академик Ә. Қайдардың «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» деген еңбегінен білеміз. Ә.Қайдардың анықтамасы бойынша, этнолингвистиканың зерттеу объектісі – этнос тілі болса, мақсаты – осынау бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеру, оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына – мазмұнына бойлай еніп, оны игеріп, танып – білу, жүйелей түсіп, жан – жақты зерттеу, яғни сол тіл арқылы этнос болмысын танып – білу.

Этнолингвистика қазақ тілінің лексикалық байлығын мүмкін болғанша түгел қамтып, індете зерттеуді мақсат етеді. Қазақ этнолингвистикасының тағы бір ерекшелігі – лексикалық байлықтың мазмұны мен мән – мағынасын этностық таным тұрғысынан толық ашу, этнос болмысына қатысты бағалы мағлұматтар мен құнды деректерді түгел сөйлету, тілдің өзіне тән бояу – нақышымен бейнелі де көркем түрде суреттеу, сондай – ақ, жүйелілікті сақтау болып табылады.

Қазақ тілінің байлығын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі туындайды. Сонда ғана тіл әлеміне тән лексикалық байлықты тұтас та түбегейлі меңгеру, мән – жайын, мағына – мазмұнын түсіндіру арқылы этностың болмысын терең түсіне аламыз. Ол үшін қазақ этносын жалпы түркі тіл әлемі арқылы ғана емес, өз тілінің мүмкіншілігі мен өзіндік табиғи ерекшелігі арқылы ғана танып – біліп, этностың тіл әлемін түбегейлі игеру керек. Бұл – этнолингвистикалық зерттеудің қиын да күрделі мәселелерінің бірі десек те болады. Себебі, қазақ тілінің лексикалық байлығын тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар оны сапа жағынан да саралап шығу, яғни сөз маржанының түбіне бойлап, сан ғасырлар бойы сақталып келе жатқан сырын ашу – оңай шаруа емес екендігі белгілі. Сөз құпиясына үңілу кез – келген зерттеушінің қолынан келе бермейді.

Этнос туралы небір құнды дерек – мағлұматтармен толықтырып, мазмұн, тақырып ауқымын кеңейтіп, мән – мағынасын тереңдете түсетін тілдің негізгі көздері бар. Ғалымдар оларды «этнолингвистикалық арналар» деп атайды.

Олар мыналар: баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиеті үлгілері.

Бұл бағытта Р. Шойбеков, Ә. Ахметов, Ж. Манкеева, Р. Б. Иманалиева, А. Ж. Мұқатаева, С. Сәтенова, А. Жылқыбаева, Қ.Аронов, Б.Уызбаева, Қ. Ғабитханұлы, М. Мұсабаева, М. Атабаевалардың еңбектерінде жан-жақты сөз болады. Этнолингвистика туралы ғалымдардың пікірлерін келтіретін болсақ, «ұлт- тіл-мәдениет» контексіне байланысты ойлардың сабақтастығын байқаймыз. Ғалым Е. Жанпейісов: « Этнолингвистикаға өзінің бітім- болмысы, табиғаты жөнінен жалпы тарихи категория болып табылады. Себебі ол этностың қазіргісін ғана емес, көбінесе өткенін зерттейді. Ал этностың өткені оның этномәдени лексикасынан айқынырақ көрінеді», - дейді. Ғалым Ә. Қайдар этнолингвистика туралы: « Ол – этностың нысандық һәм дүнияуи табиғатын тереңнен танып білу үшін басқа емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктерімен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым» деген анықтама береді. Фердинанд де Соссюр этнолингвистиканы этнос тарихы мен этнос тілі тарихынан өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде танып,өз ойын «халықтың салт - дәстүрі оның тілінде көрінсе, тіл, керісінше, сол халықтың өзін қалыптастырады», -деп тұжырымдады.

6. Лингвомәдениеттану, зерттелуі, нысаны. Лингвомәдениеттану саласы әлемдік тіл білімінде ХХ ғасырдың басында қалыптасып, бірқатар тілші-ғалымдардың қызығушылығының арқасында жеке ғылым саласы ретінде өз мәртебесін алды.

Лингвомәдениеттану (лингвокультурология) латынның Lingua -тіл, Gultura - мәдениет, Logos - ілім деген терминдердің жинақталуынан туындап, лингвистика мен мәдениеттану пәндерінің торысуында пайда болып, халық мәдениетінің тілдегі әсерін, ерекшелігін, жаңаша көзқараспен салыстыра зерттейтін сала. Осы орайда атаулы бағыттың орыс тіл біліміндегі негізін қалаушы ғалым В.Н.Телия: "Лингвомәдениеттану - тілдің корреспонденциясы мен мәдениеттің өзара қатынасының синхронды түрін зерттейтін және сипаттайтын этнолигвистиканын бір бөлшегі". - деп көрсетеді. Лингвомәдениеттану саласының орыс тіл білімінде теориялық және әдістемелік жолын сүрлеуші ғалым В.В.Вороьбев оны "металингвистика" ғылымы ретінде танытуға ғылыми бағыт бұрып, бұл саланың тіл мен мәдениеттің өзара әсерінің негіздерінен туындағанын дәлелдейді.

Тіл ғылымында лингвомәдениеттану-лингвистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан туындап отырған, әрі этнолингвистика мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы біршама зерттеліп, оған берілетін анықтамалардың легі де жинақталды. Мәселен, А. Сейілхан мынадай анықтама береді: Лингвомәдениеттану- ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этикалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты. Осы тұрғыдан лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты - ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады.

Мәдениет – адамзат баласы қызметінің жемісі. Қарым-қатынас құралдарының адам санасына, іс-әрекетіне әсер етуі, адам болмысын, оның мәдениетінің көрінісін айшықтайды. Қазiргi таңда «тiл мен мәдениет, этнос» мәселесiне қатысты түрлі ғылым саласындағы зерттеу жұмыстары тiлдің ұлттық сипатын, ұлттық танымын, ұлттық рухын танытуға бағытталды. Антропоцентристік бағыт аясындағы зерттеулер «Тіл-Адам-Қоғам-Табиғат» байланысы тұрғысынан қарастырылады. Осыған қатысты келелі тұжырымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы, С.Аманжолов, т.б. ғалымдардың еңбектерінен бастау алады.

Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуі болашақ маманның лингвомәденитанымдық білімінің болуын талап етеді. Бұл студенттердің тарихын, өз елінің мәдениетін жете біліп, ұлттық құндылықтарды игеруімен байланысты. Студенттің мәдени біліктілігінің болуы олардың мәдениетаралық коммуникацияға түсуіне ықпал етеді. Нәтижесінде студент дара тұлға ретінде қалыптасады. Тілдің халықтық дүниетанымды, салт-дәстүрді, ұлттық болмысты және т.б. танытатын этномәдени ақпарат құралы ретінде жұмсалуынан мәдени-тарихи және ұлттық болмыс туралы ақпараттарды мәдениетаралық қарым-қатынас тұрғысында игереді. Студент саналы, адамгершілік, қоғамдық қарым-қатынастардың мәдени коммуникация арқылы орындалатынын біледі.