Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллоквиум тбом.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
257.02 Кб
Скачать

1.Әлеуметтік лингвистика өзекті мәселелері. Әлеуметтік лингвистика пәні (с о ц и о л и н г в и с т и к а ) – тіл мен қоғамдық өмір деректеріндегі себептік байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы. Ә. т. б-нің негізгі объектісі – тілдің функционалды жағы, қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдық табиғаты, әлеум. мәні, тілдің әлеум. қызметі, тілдік болмыстың формалары (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым тіл, территориалдық диалектілер, койне, пиджин), тілдің әлеум. саралануы (жаргон, арго, кәсіби тіл), тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясаты, диглоссия, мультилингвизм, билингвизм, пиджинизация және креолизация процестері т. б. Тілдің әлеум. табиғатына алғаш рет назар аударған XIX ғ. ғалымдары – П.Лафарг, А.Мейле, А.Соммерфельд. XX ғ. 20 ж. бастап Прага структурализмі, Женева мектебі, неміс тарихи диалектолографиясы (Г. Розенкранц, Т. Фирнгс, Р. Гроссе т. б.), әлеум. бағыт, функционалды грамматиканың екілдері, сонымен қатар орыс ғалымдары Р.О.Шор, Е.Д.Поливанов, Р.Якобсон т.б. әртүрлі тілдік болмыстың формаларын дәлелдеп, сөйлеушінің бұл формалардың белгілі бір жағдайға, әлеум. ортаға, сейлеушілердің жастарына қарай т.б. қолданыстарын айқындап, Ә. т. б. негізін қалаған.Қазіргі таңда Ә. т. б. дербес ілім ретінде бірнеше бағытқа белінген: жеке, тарихи, ілеспелі, салыстырмалы, ингеренттік, (анық көрінбейтін тілдік құбылыстарды зерттейді), адгеренттік (сөйлеушілер сезетін, анық көрінетін тілдік қүбылыстарды зерттейді). Ә. т. б. әлеументтану, әлеум. психология, этнография, тарих, тіл білімі және т. б. қоғаммен байланысты ғылымдардың мәліметтерін кең пайдаланады.Ә. т. б-нің негізі әдіс-тэсілдері: анкета толтырып байқау, интервью алу, анкета және интервью мәліметтерін талдау, әлеум. сұрау, статистикалық әдіс және т. б. Сонымен бірге тіл білімінде кең тараған лингвистикалық әдістерді қолданады. Қазақ тіл білімінде Ә. т. б. мәселелері қазіргі Б. Хасанов, М. М. Копыленко, Э. Д. Сүлейменова, М. М. Арынов, С.К. Калмыков т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

ӘЛЕУМЕТТІК ТІЛ БІЛІМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ. НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әлеуметтік тіл білімі ғылыми пән ретінде ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап қалыптасты.Қоғамдағы құбылыстар мен тілдің байланыысы туралы жекелеген деректерге тоқталып қарастырған тұстарын В.Гумбольд, жас граматтистер Г.Вундт, Г.Штейнталь, А.А.Потебня еңбектерінен кездестіреміз. Тілдің тарихын халықтың тарихымен тығыз байланыстырып зерттеу Ресейде Ф.Ф.Фортунатовтың еңбегінен бастау алады. Мәскеу лингвистикалық мектебінің негізін қалаушы ғалым зерттеушілердің назарын тілдердің бөліну, таралуына, диалектілердің пайда болуы мен тілдік қатынастардың орын алуына тікелей қатысты халықтың тарихына аудартты. Қазіргі әлеуметтік тіл білімі аясына тілдің тарихы мен диалектологиясына қатысты қарапайым аспектілерден бастап, сөз этнографиясы, әлеуметтік диалектология, қостілділік және көп тілділік, мемлекеттік бұқаралық коммуникациядағы, адамзат қарым-қатынасындағы ортақ тілді тілді таңдау саясаты сияқты көптеген мәселелер енді. Әлеуметтік тіл білімінде бірқатар салаларын даралау бағыттары байқалып келеді. Мәселен, әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің тілдегі көріністерін зерттейтін әлеуметтік лингвистика мен тілдің қоғамдық үдерістерге әсерін зерттейтін лингвосоциология, этнос тіліндегі ұлттық, халықтық, тайпалық ерекшеліктерін зерттейтін этнолингвистика, лингвомәдениет бөлек қарастырыла бастады.

ТІЛ ДАМУЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОРЛАРДЫҢ КӨРІНІСІ

Тілдің дамуында қоғамдағы мынадай өзгерістер бірден-бір байқалады. Экономикалық формациялардағы революциялық өзгерістер, адамдардың мемлекеттік және ұлттық қауымдастығын бұзу, мәдениеттің даму деңгейі, аумақтық, әлеуметтік, кәсіби, кейде жас ерекшеліктеріне қарай, гендерлі т.б. қоғамдық бөлінушілік тілден көрініс беріп отырады.Тілдің қызметі.Тіл – ең алдымен қарым-қатынас құралы. Алайда қарым-қатынас жүзеге асу үшін, адамның ойы өзгеге жету үшін ол материальной воплощение болуы тиіс. Ойды білдіру, сыртқа шығару үшін басқа да құралдар жеткілікті (мимика, ым-ишарат, шартты белгі, әдіс-тәсілдер т.б.). Алайда мұның бәрі тілдің қызметін толық атқара алмайды.

Сонымен қатар, ішкі сөйлеу, іштей сөйлесу (сөз), (внутренная речь) дегенге тоқталып өтуге тиіспіз. Іштей сөйлесуге қатысты психолог мамандардың пікірі бірізді емес. Бірі бұл пікірлі қолдап жатса, енді бірі оны толық дәлелденген деп санамайды. Кейде адам сөйлеу арқылы біреумен қарым-қатынас жасау емес, іштегі ойын сыртқа шығару мақсаты да болады. Мұны экспрессивті функцияны өз кезінде В.Гумбольд адамның ақыл-ой қызметі дыбыстар, тіл арқылы беріліп, материалдық дүниеге айналып, сезім арқылы қабылдауға мүмкіндік жасайды деген болатын.Нақты айтқанда, тілдің коммуникативті және экспрессивті функиялары қатар жүреді.Сонымен қатар, тілдің тағы бір қызметі А.А.Потебня айтқандай, ойды дайын күйде сыртқа шығару емес, оны жасау, құрау болып табылады. Тілдің абстрактілі ойды қалыптастыру түріндегі мұндай қасиетіне В.Гумбольд, В.А.Богородицкий, В.И.Кодухов, Д.П.Горский, А.Мартине т.б. тоқталып өткен. Кейбірі бұл тілдің ең негізгі қызметі деп есептеген. Солардың қатарында А.А.Леонтьев тілдің бірнеше қызметін атап көрсетеді: 1) білімді қалыптастыру және жеткізу, яғни адамның ақыл-ойының жетістігі. 2) коммуникативтік қызметі. 3) эмоция мен ерікті білдіру қызметі т.б. Көптеген тіл мамандары тілдің қоғамдық тәжірибені жинақтау, қалыптастырып нығайту және жеткізу түріндегі (аккумулятивті) тағы бір қызметін ерекшелеп көрсетуде. Бұл туралы Э.Сепри, Д.П.Горский, А.Г.Спиркин, Е.А.Будилова т.б. еңбектерінен кездестіреміз.Ал сөз не сөйлеудің (речь) қызметі ретінде мыналар ұсынылып жүр: 1) номинавтивті, 2) эмотивті-волюнтативті 3) сигнальді 4) поэтикалық 5) магиялық 6) этникалық.

ТІЛДІҢ ӨМІР СҮРУ ФОРМАЛАРЫ. Тіл абстракциялық дүние ретінде тіл иелерінің санасында болады. Ал қоғамда тіл түрлі қолданыста көрініс беріп, өмір сүру формалары болады. Ұлттық тіл тілің өмір сүру формаларының ең негізгісі болып, бәрінің басын қосады.Тілдің өмір сүру формалары бір-бірінен ерекшелене отырып, қоғамдық құбылыс ретінде тілдің негізгі өзіндік белгілері мен қызметін сақтайды. Тілдің өмір сүру формасы (орыс. формы существования языка)табиғи тілдің түрлері; белгілі әлеуметтік, аймақтық немесе кәсіби ортада қарым-қатынас қызметін атқаратын, өзара байланысты тіл варианттарының жүйесі. Тілдің өмір сүру формаларының жоғарғы формасы әдеби тіл, басқа формалары: жергілікті диалектілер, говорлар, койне, әлеуметтік диалектілер (арго, жаргон т.б.), қарапайым сөйлеу тілі. Бұлардың бәрі де жалпыхалықтық тілдің, ұлттық тілдің формалары болып табылады (Ғ.Қалиев. Тіл білімі термин. түс. сөздігі. 361-б.).

Тілдің негізгі өмір сүру формалары:

  • ауызша және жазбаша формалар;

  • әдеби тіл;

  • территориялық жағынан шектеулі өмір сүру формасы;

  • әлеуметтік жағынан шектеулі өмір сүру формасы;

Ұлттық тіл белгілі бір қоғамның барлық саласында коммуникацияны қамтамасыз ететін, күрделі, жан-жақты жүйелердің жүйесі.Тілдің негізгі өмір сүру формасы ретінде ауызша тіл болса, жазбаша тіл оған бағынышты болады. Бүгінгі таңда 300 тілдің жазуы болса, әлемде 3 мыңнан 7-8 мыңға дейін, тіпті 10-ға жуық тіл бар деп жатады. Жазу ауызша тілден әлдеқайда кейін пайда болған. Егер ауызша тілге 50 мың жылдай уақыт болды десек, ең көне жазуға, мәселен, шумер сына жазуына 6 мың жыл уақыт болған. Ауызша тілде тұрғындардың барлығы сөйлейтін болса, ал жазбашасын қоғамның белгілі бір бөлігі ғана қолданады. Ауызша тілдің мүмкіндігі жазбашамен салыстырғанда ақпаратты беруде, түсінікті, тұшымды, мәнерлі етіп жеткізуде әлдеқайда кең. Б.Шоу «жоқ пен бар» деген сөзді айтудың 50 түрлі әдіс-тәсілі бар деген екен. Әдеби тіл өркениетті қоғамның ең маңызды, жоғарғы формасы. Әдеби тілдің дамуы сол елдің мәдениетінің, экономикалық өрлеуініәң нәтижесінде дамиды. Әрі бұл форма қоғамда сөздері үлгі ретінде ұғынылатын біртуар жазушылардың, публицистердің, қоғам қайраткерлерінің үлес қосуымен қалыптасады. Орыс әдеби тілінің негізін салған А.С.Пушкин деп жатады.

Әлеуметтік диалект белгілі бір әлеуметтік топтың сөйлеу ерекшелігі. Әлеуметтік диалектілерге кәсіби диалектілер жатқызылады. Кәсіби диалектілер – белгілі бір кәсіп иелерінің сөйлеу ерекшелігі. кәсіби диалектілер әртүрлі еңбек құралдарын, олармен жұмыс істеу әрекеттерін өзінше атаудан пайда болады. Негізінен арнайы терминдерден тұрады, мысалы орыс тілді құс өсірушілер мынадай бірліктерді пайдаланады екен: пульканье, клыканье, гусачок, раскат т.б. Мұның бәрі құстың сайрауын сипаттайтын сөздер.

Гендерлекті бір ұлттың ішіндегі әйелдер мен ерекетердің сөйлеу тілінің ерекшелігі. Бұл құбылысқөа соңғы жылдары ерекше мән беріле бастады. Осымен байланысты гендерлік лингвистика (ағыл. gender – жыныс) тіл мен сөйлеудегі гендерлік жіктелісті зерттейтеуге байланысты пайда болады. Қоғамдық дамуы сатысы жағынан жоғары тұрмайтын, тек дәстүрлі өмір салтын ұстанатын кейбір халықтың тілінде тілдің әйелдік және еркектік нұсқалары бар. Мәселен, Алтайдағы кейбір айлтай түркілерінің тілінде бір Гендерлекті бір ұлттың ішіндегі әйелдер мен ерекетердің сөйлеу тілінің ерекшелігі. Бұл құбылысқөа соңғы жылдары ерекше мән беріле бастады. Осымен байланысты гендерлік лингвистика (ағыл. gender – жыныс) тіл мен сөйлеудегі гендерлік жіктелісті зерттейтеуге байланысты пайда болады.

  1. Психолингвистика өзекті мәселелері:

Психолингвистика – психология мен лингвистиканың аралығындағы ғылым саласы; ”адам - тіл” қатынастарын (адамның зейінін, жігерін, ниетін т.б.) зерттейді, яғни сөйлеу үрдістерін зерттейтін ғылым. Ол сөйлеу үрдісін, оның мазмұны, коммуникативті рөлі, сөздің ойға қатысы тұрғысынан зерттейді. Осы бағыттың негізін салушы неміс ғалымы Г. Штейнталь (1823-1899) тілді жеке адаммен қатар, этнос психологиясының көрінісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, тіл білімі адамның жеке психологиясын ғана емес, халық психологиясына да сүйенуі қажет. Психолингвистика психологиялық эксперимент арқылы сөйлеу қызметінің үлгісін жасап тексереді. Бірқатар практикалық мәселелердің теориялық мәнін түсіндіру үшін таза лингвистикалық тәсілдер жеткіліксіз. Ол үшін психолингвистиканың тәсілдерін қолдану қажет. Психолингвистика мынадай мәселелерді шешеді: шет тілдерін үйрену, логопедия мәселелері, ми қызметіне байланысты сөйлеудің бұзылуы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің рөлі, авиция мен космостық психология, криминалистика мен машина аудармасы мәселелері және т.б. Психолингвистика термині 1954ж. бастап қолданылып келеді (АҚШ); Сыртқы лингвистиканың барлық салаларын бір бірімен байланыст екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа тілдің адаммен байланысын көрсететін бөлімдерін: биолингвистика, танымдық лингвистика және психолингвистиканы жатқызуға болады. Олардың бәрі тілдің қолданысын адамның ойлау категориясымен және психикасымен байланыстырады. Бұл топты танымдық лингвистика немесе танымдық тіл білімі деп атауға болады. Психолингвистиканың әдістері мен тәсілдері Тіл білімінде сыртқы лингвистика – шекаралас ғылымдардың – психолингвистиканың, социолингвистиканың, социологияның тағы сол сияқты ғылымдардың әдіс-тәсілдерін қолданатын ішкі лингвистика деген қате пікір бар. Сыртқы лингвистиканың пәні мен тәсілдері туралы бұл сияқты түсінік бір шама қара-дүрсін пікір. Мысалы: Психолингвистика – психолингвистиканың әдіс-тәсілдерін қолданады, бірақ оның мақсаты – ішкі лингвистика мен психологияның мақсаттарынан мүлдем басқа. Психолингвистка – «тіл – адам» қатынастарының мәнін ашып қарастыруға тырысады. Психолингвистиканың жеке ғылым саласы болып қалыптасуы 1953 жыл болып есептеледі. Осы жылы АҚШ-та Индиана Университетінің әлеуметтік ғылымдарды зерттеу кеңесі мен тіл білімі және психология комитетінің ұйымдастыруымен университетаралық семинар өткізілді. Семинар жұмысын психологтар Чарльз Осгуд пен Джон Кэролл басқарды. Семинар жұмысының нәтижесі «Psycholinguistics//A Syrvey of Theory and Research Problems». Кітапта жаңа ғылымның теориялық ережелері мен негізгі бағыттары белгіленді. Ч. Осгуд психолингвистиканы адамның сөйлеу қызметімен байланыстырады. КСРО-да психолингвистика адамның сөйлеу қызметінің теориясы ретінде ХХ ғ. 60-жылдарының ортасында пайда болды. Жаңа ғылым А. Н. Леонтьевтің, А. С. Лурия, С. Л. Рубинштейн есімдерімен байланысты. Сол сияяқты психолингвистканың қалыптасуына А.Хомскийдің, Ж. Пиаженің зерттеулері де елеулі үлес қосты. Психолингвистиканың мақсаттары төмендегідей: 1) Адамның сөйлеу қызметін зерттеу, яғни сөйлеудің тууын және оны түсінуді зерттеу; 2) Ана тілі мен шетел тілдерін балалар мен ересектердің үйрену үрдісін зерттеу; 3) Ішкі лингвистиканың әдістері арқылы алынған мәліметтердің шыншылдығын анықтау (Верификация лат.verus – шындық ). Негізгі ұғымдар Психолингвистикалық тәжірибе – информанттарды пайдаланып тәжірибе өткізушінің бақылауымен тіл қызметін қолдан жасалған жағдайда зерттеу. Информант – сөйлеу үрдісіндегі әр түрлі мәліметтерді алу үшін тәжірибеге шақырылған сыналушы. Әдетте бұл адам аталмыш тілді ана тілі ретінде қолданатын адам. Тәжірибе түрлері. Психолингвистикада тәжірибенің негізгі үш түрі бар: 1) Зертханалық тәжірибе – тәжірибе өткізушінің күні бұрын тұжырымдалған гипотезаны тексеруі үшін өткізілетін тәжірибе; 2) Табиғи тәжірибе – сөйлеу үрдісін информанттарға табиғи жағдайда (жанұя, мектеп, жұмыс орны) өткізу; 3) Ассоциативті тәжірибе – информантқа әсерлеу мақсатында оның екі және одан да көп тілдердегі белгілі бір сөзге, сөз тіркесіне, сөйлемге реакциясын тексеру. Тест – психолингвистиканы зерттеудегі негізгі әдіс болып табылады. Ол жеке тұлғаның бағалау шкаласындағы орнын анықтау мақсатында өткізілетін жеке немесе топтық тапсырма болуы мүмкін. Тесттің екі түрі бар: ашық тест және жабық тест. Ашық тест – онша қатаң талаптары жоқ, оларға объективті түрде баға беру қиын (диктант, шығарма, аударма және т.б.). Бұл тесттің жағымды жағы – информанттардың ой-желісін, ойлау мүмкіндіктерін, шығармашылық қабілеттерін бақылауға болады. Жабық тест жалпыға бірдей, қатаң талапқа сай жасалған тест. Жабық тестте информант тек қана берілген сұрақтарға жауап береді. Әдетте жабық тест жауаптың бірнеше варианттары бар тесттер болып келеді.