Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25-32.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.77 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы 1990-шы жылдарындағы саяси партиялардың құрылуы және оның қызметі

  • Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. 2002 жылғы шілденің 15-інде «Саяси партиялар туралы» жаңа Заң қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы Заң бойынша партия болу үшін оның 50 мың мүшесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия тіркеуден өтті

  • 1991 ж 7 қыркүйекте “Қазақстанның социалистік партиясы” құрылды. Онда Қазақстан Коммунистік партиясының кезек-тен тыс (төтенше) съезі өтіп, оның мүшелері өзін-өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізінде Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады. Бағдарламасында мынадай стратегиялық мақсаттарды қояды: саяси салада шынайы демократияны, құқықтық мемлекетті, биліктің белінуін, саяси алуан түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды, экономика саласында — қатаң қаржы саясатын, салық реформасын, меншікті мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік салада — халықтың осал жігін — аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясында неғұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға қарсы еместігін білдіреді. Өздерін Коммунистік партияның мирасқорымыз деп санайды.

  • 1991 жылдың күзінде “Қазақстанның коммунистік партиясы” құрылды. Қазақстан Коммунистік партиясын негізінен бұрынғы коммунистер құрайды. Басым көпшілігі — зейнеткерлер. Бұл партия үкіметтің істеген ісін әрдайым сынға алып, оппозициялық сынай білдіреді. Қалған партияларды көпшілік жұрт жөнді біле бермейді. Ғани Қасымов болмаса, олардың бағыт-бағдармаларын оқып, байыбына бара бермейді.

  • 1991 жылғы қыркүйекте Қазақстанның азаматтық қозғалысы <<Азат >> негізінде “Қазақстанның Республикалық партиясы” құрылды. «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы (ҚҰП) қоғамдық ұйымы алғашқыда 1991 жылы 4 қыркүйекте өткен құрылтай конференциясында Қазақстанның Республикалық партиясы (ҚРП) болып құрылды.

  • 1991 жылғы 5 қазанда “Қазақстанның Халық конгресі партиясы” құрылды. 1989 жылы құрылып, іле-шала Қазақстан аумағында басталып, Қазақстанның халқы және шетелдер құлшына қолдаған «Невада—Семей» антиядролық қозғалысының базасында дүниеге келді. ҚХКП 1991 жылы 5 қазан күні өткен I (құрылтай) съезінде бекітілді. Республикалық статусы бар Невада—Семей қозғалысының көпшілікке танымалдығына байланысты партия алғашқы кезде өз жақтастарын тауып, республиканың қоғамдық өмірінде аса зор белсенділікке ие болды. Алайда 1995 жылдың соңына карай О.Сүлейменовтың партиялық белсенділіктен қол үзуіне байланысты, ҚХКП партияішілік өзінің идеологиялық көзқарасын анықтау кезінде күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өзін центристік либералдық-демократиялық партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық қоғам орнатуды қалайды. Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп Президенттік республиканы және 2 Палаталық Парламентгі түсінеді. Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарықтық экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық түсінушілікті қамтамасыз етуге басты көңіл бөледі. Ол шығармашылық зиялы қауым мен кәсіпкерлік топтарға бағдар ұстайды.

  • 1991 жылғы қарашада “Қазақстанның демократиялық прогресс партиясы” құрылды.

  • 1993 ж ақпанда <<Қазақстанның халық бірлігі>> одағы құрылды. Оған көптеген шенеуніктер кірді. Сондықтан бұл партияны қарсыластары “номенклатуралық партия”, “ үкімет партиясы” деп атады. Бұл пOsdpартия Президент Н. Ә. Назарбаевтың көзқарасын жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген демократиялық қоғам қалыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктесгік пен азаматтық келісімді, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағының күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қаңтарында болған съезінде одақты партия деп атауға шешім қабыдцанған. 1999 жылы наурыз айында бұл партия “Отан” партиясының құрамына кірді.

  • 1994 ж желтоқсанда “Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы” құрылды.

  • «Отан» республикалық саяси партиясы» қоғамдын бірлестігі — «Отан» РСП 1999 жылы 19 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевты қолдайтын республикалық қоғамдық штаб қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының шешімімен «Отан» республикалық партиясы қоғамдык бірлестігі болып өзгертілді. Республикалық статусы бар. Алғашқы күннен бастап партия елдің саяси өміріне белсене араласты. Дүниеге келген күнінен бастап «Отан» РСП, өзінің ойынша, өз алдына қойған екі басты саяси міндеттерді орындаған: қатаң ұйымдық структура құрылды және 1999 жылы елдің өкілетті органдарына парламенттік және мәслихаттық орындардың көпшілігін иемденді.

  • «Қазақстанның аграрлық партиясы» (ҚАП) қоғамдық ұйымы — 1999 жылы Астана қаласында өткен құрылтай съезінің шешімімен құрылды. Съезд делегаттары ауыл шаруашылығын реформалауды қолдау туралы ойларын білдірді. Республикалық статусы бар. Ол ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғау, бағдарламалық және жарғылық мақсат-міндеттерін жүзеге асыру, өзін-өзі басқару принципінде әрекет етеді. Бүкіл Қазақстан қоғамының жағдайыи жақсартуға мүдделі.

  • Қазақстанның демократиялық партиясы (ҚДП) қоғамдық бірлесті.і 1995 жылы зиялылар тобы құрған «Азамат» қоғамдық қозғалысының тікелей мұрагері. 1999 жылы 27 наурызда Құрылтай съезі болды Республикалық статусы бар. Елдің қоғамдық, өмірінде партия белсенді бағыт ұстанып, көптеген баспасөз конференцияларында билік құрылымдарының қызметіне байланысты кез келген мәселеге партия басшылығының пікірін білдіреді, тығырықтан шығудың өзекті мәселелері мен шаралары туралы өз ойын ортаға салады.

  • «Ауыл» шаруа социал-демократиялық партиясы» («Ауыл» ШСДП) цогамдық бірлестігі — 2000 жылы 30 қаңтарда I съезі (құрылтай) болды. Республикалық статусы бар. Партия аграрлық партиямен шынайы идеологиялық келіспеушіліктер негізінде құрылды, аграрлық партия ауыл тұрғындарының емес, «делдал капитал» мүддесін қорғайды.

  • Қазақстан патриоттары партиясы (ҚПП) — 2000 жылы құрылған, негізгі мақсаты — Қазақстан халықтарының ұлттық қайта өрлеуі мен қалыптасуын, еліміздің тұрақты дамуын көздейді.

  • Қазақстанның демократиялық «Ақжол» партиясы (ҚДП) — 2002 жылы құрылған, Қазақстанды одан әрі демократияландыру мәселелерін талқылауға белсене атсалысуда. 2004 жылғы сайлауда Мәжіліске 1 мандатқа ие болған.

  • «Руханият» партиясы — 2003 жылдың қазан айында тіркелген. Партияның әлеуметтік негізі — білім және денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениет салаларының қызметкерлерінен құрылған. Парти» жоғары адамгершілікті, рухани бай қоғам құру міндетін алға койып отыр.

  • Республикалық «Асар» партиясы — 2003 жылдың қазан айында құрылды. Идеялық түғырнамасы «Қазақстан—2030» стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес келеді, негізінен, ол билік орындары меп қоғамның назарын халықтың әлеуметтік мөселелері мен өмірлік мұқтаждарына аударады.

№32