Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25-32.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
41.77 Кб
Скачать

Қазақстан Респубикасының тәуелсіздіктің тұрақтануы

Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті.атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады.

Егемендіктін жариялануы:

1990 жылы 25 қазанда <<Қазақстан мемлекеттік егемендігі туралы>> Декларация қабылданды

  • Қазақстан тең құқылы шарт негізінде егемен республикалар одағына кірді

  • Алғаш рет егеменділік жағдай үшін мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді

  • 25 қазан Республика күні болып белгіленді

Тәуелсіздіктің жариялануы:

1991 ж. 16 желтоқсанда <<Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы>> Заң қабылданды.

  • Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет

  • Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі – республика азаматтары

  • Қазақстан Республикасының басшысы – Президент

  • 16 желтоқсан тәуелсіздік күні болып жарияланды

Президенттің сайлануы:

  • 1991 ж 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қорытындысымен Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Президенті болып сайланды

  • 1991 ж. 10 желтоқсанда Президенттің таққа отыруы рәсімі болып, ант берді.

  • Н.Ә.Назарбаевтың 1940 ж. Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Мамандығы – инженер-металлург. Экономика ғылмының докторы, <<Ғасыр адамы>> атанған қайраткер

ҚР мемлекеттік рәміздері

  • 1992 ж 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы қабылданды.

Ту авторы- Шакен Ниязбеков

Елтаңба авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов

  • 1992 ж 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні бекітілді.

Мәтінің жазғандар – Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жаддыра Дәрібаева

Әуенің жазғандар – Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди (1944 жылғы нұсқасы сақталды)

  • 2006 ж 7 қаңтарда жаңа әнұран қабылданды

Мәтінің жазғандар – Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев

Әуенін жазған – Шәмші Қалдаяқов

ҚР конституциясы

1920 ж 4 қазанда “Қырғыз (Қазақ) АКСР енбекшілері құқықтарының декларациясы” қабылданды.

  • 1937 ж бірінші Конституцияға дейін ресми құжат ретінде қолданылды.

1937 ж наурызда Қазақ КСР Конституциясы қабылданды

1938 ж 20 сәуірде Қазақ КСР-інің жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл соңғы кеңестік Конституция болды.

1993 ж 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды.

  • Негізгі заң 4 бөлімнен, 21 тауардан, 131 баптан тұрады

  • Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық

  • Қазақстан унитарлы мемлекет

  • Республиканың әрбір азаматының абыройлы міндеті, қасиетті борышы, парызы – Отанды қорғау.

1995 ж. 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциялысы қабылданды.

  • Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.

  • Демократиялық Президенттік басқаруға жол ашылды.

  • Екі палаталы парламент сайланды: Сенат және Мәжіліс

  • Судьялардың әділетті үкім шығаруға құқықтық кепілдіктерін нығайтқан мәртебесі заңды түрде белгіленді

  • Республикада қос азаматтыққа жол берілмеді.

ҚР ұлттық валютасы

  • 1993 ж 5 қарашада <<Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы>> Президент Жарлығы шықты

  • 1993 ж 15 қарашада Республика Президентінің жарлығымен ұлттық валюта-тенге айналымға енгізілді.

ҚР іштер істер әскері

  • 1992 ж қаңтарда Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ішкі Істер әскері құрылды

  • Әскер қатарына шақырылған жастар республика аумағына қызмет етуге мүмкіндік алды

ҚР алғашқы сом алтыны

  • 1992 ж қаңтарда республиканың алғашқы сом алтыны шығарылды

  • Алтын қорын жинау басталды

Ғарышты игеру:

  • 1991ж 2 қазанда алғашқы қазақстандық ғарышкер Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров ғарышқа ұшты

  • 1994ж шілдеде екінші қазақ ғарышкер “Союз ТМ-19” ғарыш кемесінің борт инженері Талғат Мұсабаев ғарышқа аттанды

Қазақстанның тәуелсіздігін Дүние жүзінің тануы

  • Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік Республикасы таныды.

  • 1991ж соңына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін әлемінің 18 елі таныды

  • 1992ж ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пәкістан, Канада, Швейцария т.б.

  • 1992ж соңында тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 106 мемлекеті танып, 61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды

  • 1999ж басында Қазақстанды дүние жүзінің 150 мемлекеті танып, 106 елмен дипломатиялық қатынас орнатылды

  • 1992 ж 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды

№30

1990-шы Қазақстанның ерекше саяси жаңаруы

Дүние жүзі қазақтарының бас қосуы

  • 1992 жылғы қыркүйек-қазанда Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті

  • Отандастарымыз әлемінің 13 елінен келді. Барлық қатысушылар – 800 адам

  • <<көшіп кету туралы>> заң негізінде қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалды

  • 30 қыркүйек Ұлттық бірлік күні болып жарияланды

  • 2002ж 23 қазанда Түркістанда дүние жүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті

  • 400-ге жуық адам қатытсты

  • Көші-қон квотасының мөлшерін ұлғайту жоспары қарастырылды:

  • 2003 жылы – 5 мың отбасы

  • 2004 жылы – 10 мың отбасы

  • 2005 жылы – 15 мың отбасы

Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы

  • 1992 ж 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді

Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы тапсырылды

  • Академик М.Сүлейменов

  • Халық жазушысы Д.Снегин

  • Жазушы, аудармашы Г.Бельгер

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы

  • 1995 ж 1 наурызда Мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық кеңесшісі орган – Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрды

  • Мақсаты – қоғамдық тұрақтылық пен ұдтаралық татулықты нығайту

  • 1995ж 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы I сессиясы ашылды

  • Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 ж дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізілді

Басқару құрылымдарын қысқарту:

  • 1997ж министрліктер мен ведомстволар саны 50-ден 25-ке азайтылды

  • Әкімішілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды

  • Әкімшілік облыстар саны 19-дан 14-ке қысқартылды

  • 1997 ж 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды

  • 1997 ж 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды

  • 1999ж 8 сәуірде Ақмола облысының шекарасы өзгертіліп Солтүстік Қазақстан облысының Еңбекшілдер, Зеренді, Щучинск аудандары Ақмола облысына енгізілді.

  • 2001ж 14 сәуірде Алматыда облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласы болып бекітілді

  • Қазіргі таңда Қазақстанда 14 облыс бар

Қазақстан Республикасының жаңа астанасы

  • 1997ж 10 желтоқсанда Ақмола ресми астана болып белгіленді

  • 1998ж 6 мамырда Президент Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды

  • 1998ж 10 маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті

№31