- •1.Қаржы тәуекелдерінің мәні
- •8. «Фишер» моделі
- •20,23,26, 29. Операциялық тәуекел
- •3.Валюталык трансляциялық тәуекелдерді басқару әдістері.
- •73. «5 Си» Ережесі
- •78. Инвестициялық тәуекел
- •27,39,59 Активті және пассивті
- •Спред концегщиясы.
- •Үзіліс концепциясы.
- •77. Салалық тәуекел
- •34. Аударымдар тәуекелі.
- •62,65 . Портфельдік тәуекелдер
- •72. Базалық тәуекел
- •71.Инвестициялық тәуекелдердің негізгі түрлері.
- •70. Проблемалық несиелерге қарсы шаралар:
- •75.Қаржы тәуекелінің мақсаты.
78. Инвестициялық тәуекел
Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін. Инвестициялық ресурстар көзі болып мыналар табылады: акцияның эмиссиялары, банктердің несиелері, бөлінбеген табыстар жатады. Әрбір көзге белгілі бір тәуекел сай, осыдан инвестициялық тәуекел компенсациясы үшін әртүрлі мағынадағы сұралған нормалар өтімділігі сай.
Инвестициялық тәуекелдер өзіне келесідей тәуекелдердің түрлерін қосады:жіберіп алған пайда тәуекелі,табыстың төмендеу тәуекелділігі,тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелділігі.Табыстың төмендеу тәуекелділігі пайыздық тәуекелі және несиелік тәуекеліне бөлінеді.Ал,несиелік тәуекелдері өзіне биржалық тәуекелдер,банкроттылық тәуекелі және селективті тәуекелдерді қосады.
27,39,59 Активті және пассивті
Пайыздық тәуекелді басқарудың келесі концепциялары бар:
Пайыздық маржамен басқару.
Маржа - депозиттер мен басқа да салымдар бойынша банктің пайызы бойынша барлык төленген сомалардың арасындағы айырмашылық. Менеджменттің негізгі мақсатарының бірі пайыздық маржаға бақылау жасау болып табылады. Яғни табыс әкелетін активтерден пайыздық табыс пен міндеттемелер бойынша пайыздық шығындар арасындағы маржа. Банктың пайыздық маржасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым пайыздық тәуекел деңгейі төмен болады. Активтерден пайыздық табыс пен міндеттемелер бойынша пайыздық шығыс арасындағы маржа оң болу керек.
Спред концегщиясы.
Міндеттемелер бойынша төленген өлшенген орта ставка арасындағы айырмашылық. Пассив бойынша төленген және бағаланған орташа ставка арасындағы айырмашалық анализделетін таза пайыздық маржа. Осы екі мөлшер арасында айырмашылық неғұрлым көп болса, соғұрлым пайыздық тәуекел төмен болады. Анализ үшін мәліметтер банктың статистикалық есебіне алады.
Үзіліс концепциясы.
GAP = RSA – RSL
RSA – пайыз ставкасының өзгерісіне сезімтал активтер
RSL – пайыз ставкасының өзгерісіне сезімтал пассивтер
Үзіліс концепциясы калқымалы және белгіленген пайыздық ставкамен банктың баланстанмаған пассив және активтердің анализдеуден тұрады, яғни олардың үзілуінен немесе сәйкес келмеуінен туындайды. Қалқымалы пайыз ставкадағы активтер сомасының белгілі уақыт мерзіміндегі белгіленген пайыз ставкадағы пассивтерге қарағанда жоғарлағанда алынады. Пайыздық тәуекел дәрежесі маржа мен спредке әсер ететіндіктен пайыздық
ставканың өзгеру жылдамдығы мен ұзақтығын үзілу мөлшері мен бағытына байланысты болады немесе GАР-ң спекулятивті өзгеруі үшін. Сондықтан GАР активті немесе пассивті бола алады.
Пайыздық ставка мөлшері келесіден тәуелді болады:
1) портфельдегі активтердің өзгеруі, оның ішінде несие мен инвестиция көлемдерінің ара қатынасына, қалқымалы және белгіленген пайыз ставкалар мен активтерге, нарықтағы олардың бағалар динамикасына;
2) пайыздық ставканың динамикасы. Пайыздық тәуекел деңгейін басқару мен бақылау үшін нақты белгілі бір жағдайларға байланысты банктің нақты әрекетінің стратегиясы жасалынады.
Пайыздық фьючерс.
Болашақта келісілген баға бойынша белгіленген көлемдегі қаржылық активтерді жеткізуді жүзеге асыру міндеттемесін косады. Мұндай активтер мерзімі біткен үкіметтік бағалы кағаздар мен валютадағы әр түрлі фьючерстер.
Хеджерлеу – тәуекелділікке ұшырауды азайту немесе орнын толтыру әрекеттерін білдіреді. Хеджерлеудің негізгі міндеті пайыздық ставканың жағымсыз өзгерістерінен қорғау болып табылады. Тәуекелділікті хеджерлеуді жасау туралы шешім компанияның басқармасы деңгейінде қабылданады.
Тәуекелділіктің екі жағы бар екендігі белгілі:
жағымды
жағымсыз
Осыған байланысты хеджерлеудің қажеттігі екі жағдайда ғана туындайды:
1) жағымсыз өзгерістер тәуекелділігі жағымды өзгерістер тәуекелділігіне артығырақ болса
2) жағымсыз өзгерістер компания кірісіне қатты әсер еткенде.
Өз тәуекелділігін хеджерлеуді жасау орны пайыздық ставканың келешектегі өзгеруіне "ойнай" алады. Алыпсатарлық қарыз көмегімен және салымдар көмегімен ол пайыз ставкасының өзгеруіне байланысты жоғары кіріс ала алады.
