- •1.Қаржы тәуекелдерінің мәні
- •8. «Фишер» моделі
- •20,23,26, 29. Операциялық тәуекел
- •3.Валюталык трансляциялық тәуекелдерді басқару әдістері.
- •73. «5 Си» Ережесі
- •78. Инвестициялық тәуекел
- •27,39,59 Активті және пассивті
- •Спред концегщиясы.
- •Үзіліс концепциясы.
- •77. Салалық тәуекел
- •34. Аударымдар тәуекелі.
- •62,65 . Портфельдік тәуекелдер
- •72. Базалық тәуекел
- •71.Инвестициялық тәуекелдердің негізгі түрлері.
- •70. Проблемалық несиелерге қарсы шаралар:
- •75.Қаржы тәуекелінің мақсаты.
3.Валюталык трансляциялық тәуекелдерді басқару әдістері.
Трансляциялық (бухгалтерлік) тәуекелдер - баланс активтері мен пассивтерін қайта бағалау кезінде және шетел клиенттері, контрагенттердің «Табыстар мен шығындар» шотын қайта бағалағанда туындайды. Бұл тәуекелдер өз кезегінде қайта есептеу валютасын таңдауға, валюта тұрақтылығы мен басқа да бірқатар факторларға тәуелді. Қайта есептеу трансляция әдісі бойынша (қайта есептеу күніндегі ағымдық бағам бойынша) немесе тарихи әдіспен (нақты операцияны жүзеге асыру күніндегі бағам бойынша) жүргізе алады. Кейбір банктер ағымдық операцияларды ағымдық бағаммен, ал ұзақ мерзімді операцияларды – тарихи бағаммен есепке алады, басқалар қаржылық операциялардың тәуекел деңгейін ағымдық бағам бойынша талдайды.
Трансляциялық валюталық тәуекелді басқарудың әдістері келесідей: 1)ішкі 2)сыртқы 3)техникалық 4)әкімшілік Осы әдістер белгілі бір стратегия үшін,сондай-ақ банктердің қызметінің тактикалық бағдарламаларын құрастыру үшін де қолданылуы мүмкін.
Форфейтерлеу тәуекелдері - регресс (кері қайту) құқығынсыз экспортер тәуекелдерін форфейтор өзіне алғанда туындайды.
Форфейтерлеу тәуекелдері - регресс (кері қайту) құқығынсыз экспортер тәуекелдерін форфейтор өзіне алғанда туындайды.
Форфейтирлеу кезіндегі тәуекел деңгейін төмендету артықшылықтары:
1)мүмкін болатын міндеттемелердегі баланстың өзара қарым-қатынастарды жеңілдету
2)өтімділік жағдайыш жаксарту
3)пайыздық мөлшерлемелердің тербелісімен байланысты тәуекелдердің келуі және мүлдем болмауы
4)валюталардың тербелістерінмен және қарызгердің қаржылық тұраұтылығының өзгеруімен бай/ты тәуекелдер деңгейінің күрт төмендеуі
73. «5 Си» Ережесі
Клиенттің қаржылық жағдайын талдау бойынша әр түрлі әдістер бар. Осы әдістердің бірі «5 Cи» ережесі.
Оған жататындар:
1) қарызгердің мінез-құлқы (Character);
2) қаржылық мүмкіншілігі (Capacity);
3) капитал, мүлік (Capital);
4) қамтамасыз етуші (Collateral);
5) жалпы экономикалық жағдай (Conditions).
Қарызгердің мінез-құлқы – бұл оның репутациясы, жауапкершілік дәрежесі, қарызды жабу мүмкіндігі.
Ең бірінші банк осы клиенттерінің өзінің міндеттемелеріне деген қарым-қатынасын анықтайды және де өткен шақтағы қарыздар бойынша төлеу мерзімін кешіктіру, оның іскерлік ортадағы статусы. Банк осы қарызгердің психологиялық бейнесін алуды көздейді. Ол үшін банк осы клиентпен интервью жүргізеді. Оның бұрынғы іс-парақтарын қарастырады және де басқа банктермен, фирмалармен кеңес жүргізеді.
Қарызгердің қаржылық мүмкіншілігі – бұл оның несиені жабу мүмкіншілігі, ол қарызгердің табысы мен шығысын талдау кезінде және осы табыс пен шығыстың болашақта өзгеру перспективасын анықтауда байқалады.
Қарызгердің қарызды жабу үшін 3 көздері бар:
1) ағымдық кассалық түсімдер (Сash flow);
2) активтерді сату;
3) қарыз алудың сенімді көздері.
Банктер дәстүрлі түрде несиегердің категориясы бойынша олардың саудалары таза ағымдық түсімдерден жабылатын қарыз берушілер тобына жатады.
Таза ағымдық кассалық түсімдер = Таза операциялық пайда + Амортизациялық аударымдар – Дебиторлық қарыздардың өсуі – Тауарлық-материалдық запастар (ТМЗ) + Төлеуге қажет шоттар сомасы.
Сонымен банк осы «5 Си» ережесіне сәйкес мына факторларға көңіл бөледі:
1) фирманың акционерлік капиталына;
2) оның құрылымына;
3) баланстың басқа статьяларынан қатынасына;
4) қарызгердің қамтамасыз етілу дәрежесі;
5) оның жеткіліктілігі;
6) кепілзаттың сапасы мен оның өтімділік дәрежесі.
Несиелік қызметкерлердің мақсаттарының бірі бұл – әрбір жағдайларға сәйкес критерийлерді сан түрінде көрсету (квантифицировать). Осының негізінде қарызгердің несиелік қабілетіне сәйкес шешім қабылданады. Тәуекел табыстылық пен осы дилемаға сәйкес нашар қаржылық жағдайы бар қарызгер несие үшін сенімді қарызгерлерден көп сомада төлейді.
