- •*Амск ұйымдарында есеп-қисап құжаттамасын жүргізу *1**
- •Амск ұйымдарында есеп-қисап құжаттамасын жүргізу *2**
- •*Амск ұйымдарында есеп-қисап құжаттамасын жүргізу *3**
- •*Тыныс алу ағзаларының аурулары*3**
- •1Жылдың ішінде асқыну болмаса ,дәрігерге қанша уақытта қайта барады?
- •*Жүрек-қантамыр жүйесі органдарының аурулары*1**
- •*Жүрек-қантамыр жүйесі органдарының аурулары*2**
- •170/100 Мм рт.Ст.Дейңн көтерілгені анықталды. Анализінде калий – 2,5 ммоль/л, натрий – 170 ммоль/л.
- •2 Тон әлсіреген. Хрбс. Біріккен жүрек аақуы диагнозы қойылды.
- •II дәрежелі Митральды клапан пролапсында сол жүрекше қуысына митральды регургитация дәрежесі қандай ?
- •*Заболевания пищеварительной системы*1**
- •*Заболевания пищеварительной системы*2**
- •*Заболевания пищеварительной системы*3**
- •5См. Спленомегалия. Удз: көкбауыр инфаркты. Қанында: нейтрофилез (12-15 мың), базофилдер мен эозинофилдер жоғарылаған. Гиперурикемия.
- •55 Жастан жоғары пациенттерге емді қалай бастаған дұрыс?
- •*Заболевания эндокринной системы*1**
- •*Эндокриндік жүйенің аурулары *2**
- •*Эндокрин жүйесінің аурулары*3**
- •Буын аурулары 2
- •*Буын аурулары*3**
- •*Қан-тамыр аурулары*1**
- •*Қан-тамыр аурулары*2**
- •*Қантамыр аурулары*3**
- •*Неотложные состояния в условиях пмсп*2**
- •*Неотложные состояния в условиях пмсп*3**
- •*Жалпы тәжірибелік дәрігерлік манипуляциялар.
- •**Жалпы тәжірибелік дәрігерлік манипуляциялар. 2**
*Заболевания пищеварительной системы*2**
#598
*!Қабылдауда химиялық құрылыста жұмыс жасайтын ер кісі қыжылға, лоқсу, еңкейгенде қатты ауырсынуына шағымданды және терісі қалыпты.Қарау барысында тері және тері қатпарлары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда ауырмайды.Бауыр қабырға доғасында.
Бұл клиникалық көріністі немен байланыстырасыз?
*Созылмалы гастрит
+*ГЭРА
*Асқазан ойық жарасы
*12-елі ішек ойық жарасы
*Созылмалы холицистит
#599
*!Ер кісі 60жаста. Кеуде тұсындағы қатты батып қысатын және кекіру, қыжылға шағымданды. Шағымдар 2 ай бұрын мазалаған. Нитрат қабылдау жеңілдік әкелмеген. Стенокардиямен 5 жыл ауырады, нитрат, кальций антогонистерін қабылдайды. ЭКГ да өзгеріс болмаған. ФГДС - өңештің үштен бір бөлігінде ісіну және аздаған гиперемия, линиялық эрозия. Өңеш рентгенографиясы-барий сульфатының асқазаннан өңешке қарай келуі. Бернштейн пробасы –оң.
Ең ықтимал диагноз?
+*ГЭРА эзофагитпен
*ГЭРА эзофагитсіз
*Созылмалы гастрит А типі
*ГЭРА өңеш стриктурасы
*Созылмалы гастрит В типі
#600
*!Әйел 46 жаста. Тамақтан соң кекіру және қыжылға шағымданып келді. Анамнезінен: 15жыл бойы асқазан ойық жарасымен гастроэнтерологта «Д» учетте тұрады. 3 жылда ойық жара ауруы асқынбаған. ФГДС-те: өңештің абдоминальді бөлігінде шырышты қабатының бұзылысы ошақты эритема. Өңеш сфинктерінің төменгі бөлігінде аздаған моторлық бұзылыс.
Бұл шағымдардан қандай патологияны ойлауға болады?
+*ГЭРА(сфинктер эрозиясымен байланысты)
*Эзофагоспазм
*Созылмалы гастриттің өршуі
*Ойық жара пенетрациясы
*Ойық жара малигнизациясы
#601
*!Жүкті әйел 22 жаста жүктілік 30 апта қыжыл мен кекіруге шағымданды, жүктіліктен алдын ауырмаған. ЖТД ГЭРА –ға күдіктенді. Қарау барысында көзге көрінетін шырышты қабаттары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда ауырмайды.Бауыр қабырға доғасында.
Жүктілік кезінде ГЭРА ның даму механизмі қандай?
*Дуоденостаз
+*Құрсақішілік қысымның жоғарылауы
*Гастростаз
*Асқазан сөлі қышқылының жоғарылауы
*Асқазан сөлі қышқылының төмендеуі
#602
*!Ер кісі 55 жаста. Семіздіктің II -типімен кеудесін еңкейту кезіндегі қыжылға шағымданады.Қарау барысында тері және тері қатпарлары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда эпигастрий аймағы ауырсынады.Бауыр қабырға доғасында.
Қандай зерттеу әдісін тағайындайсыз?
*ЭКГ
*Асқазан сөлін фракциялық зерттеу
*УДЗ
*Асқазан рентгеноскопиясы
+*Эзофагогастродуоденоскопия
#603
*!Дұрыс тамақтанбайтын науқас (таңғы және кешкі асын тез ішеді,кешкі астан кейін тез ұйықтап қалады) кекіру және түнде жоғарылайтын төс өсіндісінің тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарау барысында тері және тері қатпарлары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда эпигастрий аймағындағы ауру анықталады.Бауыр қабырға доғасында.
Бірінші кезекте қандай ауру туралы ойлауға болады?
*12-елі ішек ойық жарасы
*Асқазан ойық жарасы
*Созылмалы гастрит А типті
+*ГЭРА
*Созылмалы гастрит В типті
#604
*!Студент 18 жаста. ГЭРА мен ауырады, бас айналу, әлсіздікпен асқынған. Объективті: тері және шырышты қабаты бозарған. Пульс - 86 с / мин., АД - 90/60 мм рт.ст.. ЖҚА: Hb 87 г/л, эритроциттер 2,9х1012 /л, лейкоциттер 7х109 /л. ЖЗА: лейкоциттер 4-5 п/з, эритроциттер 1-2 в п/з.
ГЭРА да анемиялық синдромның дамуы неде?
*Темір сіңірілуінің бұзылысы
*Сөл қышқылының төмендеуі
*Кастл факторының төмендеуі
*Асқазан клеткасына антидененің жиналуы
+*Асқазан эрозиясының дамуы
#605
*!Ер кісі 60жаста. Бронхиальды астмамен ауырады, ентігу демікпесіне шағымданады, ол кеудені еңкейткенде немесе горизантальді жағдайда пайда болады. Бұл көріністер бронхиальді астманың белгісімен бағаланған, бірақ ентігуді қалыпты жағдаймен емдеу нәтиже бермеген.Қарау барысында тері және тері қатпарлары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағандаэпигастрий аймағы сезімтал. Бауыр қалыпты.
Бұл клиникалық көріністі немен байланыстырасыз?
*Қолданған дәріге тәуелділік
*Қалыпты қолданған дәрінің дозасын жоғарлатуға тәуелділік
+*Барлық паталогиялардың жиналуы (ГЭРА)
*Ентігуге арналған дәріні өзгертуге қажеттілік
*Тағы дәріні қосуға қажеттілік
#606
*!ЖТД-дің қабылдауына келген жас жігіт кекіру және қыжылға, өңеш арқылы астың қиындықпен өтуіне шағымданды.Қарау барысында тері және тері қатпарлары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну.Бауыр қабырға доғасында. Бернштейн тесті – оң.
Бұл белгілер қандай ауруға тән?
*Асказан ойық жарасы
*Созылмалы гастрит
*Созылмалы паркнеатит
+*ГЭРА
*Өт жолының дискинезиясы
#607
*!Ер кісі 55жаста. Асқазан диспепсиясымен ауырады және тамақтан соң қышқыл кекіруге шағымданады. ФГДС жүргізіліп Баррет өңеші анықталды. Бұл асқыну қандай паталогияға тән?
*Асқазан ойық жарасы
*Созылмалы гастрит А типі
*Созылмалы панкреатит
+*ГЭРА
*Созылмалы гепатита
#608
*!Ер кісі 26жаста. Тұрақты қыжылға, өзін жағымсыз сезінетініне шағымданып келді.Қарағанда тілі ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну.Бауыр қабырға доғасында. ФГДС те өңеш патологиясы жоқ.
Эндоскопиялық негативті гастроэзофагеальді ауру кезінде қандай диагностикалық әдіс көп мәлімет береді?
*Өңештің рентгенологиялық зерттеуі
*Эзофаготономанометрия
+*Асқазанішілік рН-ң тәуліктік маниторингі
*Өңеш сцинтиграфиясы
*Эндоскопиялық ультрасонография.
#609
*!Ер кісі 35жаста. Темекі шегеді, ішімдік қабылдайды, ыстық шәй мен кофе жақсы көреді.Қарау барысында тері және тері қатпарлары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну.Бауыр қабырға доғасында. ФГДС эрозиялы эзофагитке күмән туғызады.
ГЭРА ауру кезінде асқазан эрозиясының орташа жазылу мерзімі қандай?
*Орташа жазылу уақыты индивидуальды болуы мүмкін
*2 апта
*4 апта
*6 апта
+*8-12 апта
#610
*!Ер кісі 59жаста. Поликлиникаға мынадай шағымдармен келді: жұтынудың қиындауы, кеуде тұсындағы ауруға, қыжылға, салмағының 9 айда 20 кг – ға төмендеуіне, жалпы әлсіздікке.Қарау барысында тері және тері қатпарлары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну.
Бауыр қабырға доғасында. Өңештің хемоэндоскопиясы тағайындалды.
Қандай мақсатта осындай тексеру әдісі тағайындалады?
*Өңеш қабырғасының терең зақымдалуын бағалау үшін
*Өңеш варикозды –кеңейген веналарынан қан кетудің алдын алу үшін
+*Өңештің шырышты қабаттарындағы өзгерістерді анықтау үшін
*Өңештің бужированиясын анықтау үшін
*Өңештің пептикалық жарасынан қан кетуді тоқтату үшін
#611
*!Әйел кісі 56 жаста. ГЭРА мен зардап шегеді.Қарау барысында тері және тері қатпарлары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну.Бауыр қабырға доғасында. Сцинтография тағайындалды.
Қандай мақсатта төмендегі тексеру әдісі тағайындалды?
+*Өңеш клириенсін бағалау үшін
*ГЭРА ны табу үшін
*Өңеш ісігін диагностикалау үшін
*Баретта өңешін табу үшін
*Өңеш шырышты қабатын бағалау үшін
#612
*!ГЭРА – ң клиникалық белгілері бар 53 жасар науқасқа эндоскопиялық зерттеу жасалды, диагноз анықталмады. Тері және шырышты қабаттары қалыпты түрде, тері – асты клетчаткасы анық байқалады, лимфатикалық түйіндері пальпациаланбайды, тілінде ақ жабынды бар. Іші жұмсақ, эпигастральды аймақты пальпациялағанда сезімтал. Бауыр қабырға доғасында.
Гастроэзофагеальды рефлюксті ауыру кезінде эндоскопиялық негативті диагностикалауда ең ақпаратты зерттеу қандай?
*Өңештің ретнгенологиялық зерттеуі
*Құрсақ қуысының УДЗ
+*Өңешішіндегі рН-н тәуліктік мониторлау
*Өңеш сцинтиграфиясы
*Эзофаготономанометрия
#613
*!Әйел кісі 35 жаста. Клиникаға зәр шығару жолдарының ауруына әсіресе ұйықтау кезінде, оған қосарласа лоқсуға, бір реттік қан аралас құсуға байланысты жеткізілді. Анамнезінде: соңғы жылдарда қыжыл мазалайды. Іші дем алу актісіне қатысады, эпигастрий аймағында айқын ауырсыну бар. Қандай ауру шындыққа жанасады?
*Миокард инфаркт
*Жедел гастрит
*Жедел панкреатит
+*ГЭРА
*Жедел аппендицит
#614
*!Әйел кісі 53 жаста. Шағымдары: енкейген кездегі эпигастрий аймағындағы ауру сезімінің күшеюіне, тағам қабылдағаннан соң пайда болатын қыжыл.
20 мг рабепразол ишкеннен кейин бұл симптом жоғалды.Қарау барысында тері және тері қатпарлары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда ауру сезімінсіз.Бауыр қабырға доғасында. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
*Созылмалы гастрит В типі
*12-елі ішек ойық жарасы
+*ГЭРА
*Созылмалы панкреатит
*Созылмалы гастрит А типті
#615
*!Әйел кісі 48 жаста. Тамақтануы қанағаттанарлық. Дисфагияға, қыжылға, кеуде қуысындағы ауру сезіміне, эмоциональды лабильділікке, стресс кезіндегі аурудың күшеюіне шағымданды. Кеуде аймағындағы ауру бірнеше минуттан сағатқа созылады, әсіресе кеште пайда болады. Ауру иекке, жауырынға беріледі. Кекіру кезінде және ас содасын қолданғанда ауру сезімі күшейеді. ЭКГ да патология анықталмады. Рентгеноскопияда өңеште патология жоқ.
Мүмкін болатын диагноз?
*Өңеш дивертикуласы
+*Кардия ахалазиясы
*Өңештің диафрагмальды тесігінің жарығы
*Диффузды эзофагоспазм
*Өңеш ісігі
#616
*!Ер кісі 64 жаста. Бірнеше рет ЖИА ауруына байланысты емделген. Медикаментозды ем нәтиже бермеген. ЭКГ да ЖИА ның нақты белгілері жоқ. Ауру ұстамасы әсіресе тағам қабылдағаннан кейін басталады. Ауру мойын аймағына және кеуде тұсына беріледі. Құсу жеңілдік әкелмейді. Ауыз қуысындағы жағымсыз иіс мазалайды.Қарау барысында тері және тері қатпарлары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну.Бауыр қабырға доғасында.
Мүмкін болатын диагноз?
*ЖИА
*Кардиоспазм
*Өңеш ісігі
+*Дивертикул
*Кардия ахалазиясы
#617
*!Ер кісі 6ай бұрын пайда болған дисфагияға шағымданды. Объективті: Тәбеті төмендеген, терісі бозарған, пульс 72 рет/мин. Жүрек тондары –анық, аритмия. ЭКГда миокардта диффузды өзгеріс. Өңеш рентгенографиясында өңештің 3 ші ортаңғы бөлігінің 5см тарылуы көрінеді. Тарылу аймағында өңеш контуры біртекті, шырышты қабатының рельефі сақталған, Барре пассажы төмендеген.
Мүмкін болатын диагноз?
*Өңеш рагы
*Өңеш дивертикуласы
*Панкреатит
+*Өңеш лейомиомасы
*Эзофагоспазм
#618
*!Ер кісі 52 жаста. Алкаголь қабылдайды, темекі шегеді. Қыжыл мазалайды, тағам қабылдаған соң кеуде қуысының батып ауыратынына шағымданады.Қарау барысында тері және тері қатпарлары қалыпты, тері асты шел май қабаттары қалыпты, лимфалық түйіндері ұлғаймаған,тілі ылғалды ақ жабындымен қапталған.Іші жұмсақ пальпациялағанда эпигастрий аймағында ауырсыну.Бауыр қабырға доғасында.
Төмендегі зерттеулердің қайсысы нақты ақпарат береді?
+*Эзофагогастродоуденоскопия
*Асқазан рентгеноскопиясы
*Ирригоскопия
*Асқазанішілік рН –тің тәуліктік моноторингі
*Сцинтиграфия
#619
*!Әйел 47 жаста эпигастрий аймағындағы белді айналдыра ауыртатын ауру сезіміне, жүрек айну мен құсу, тәулігіне 2-3 реттік іш өтуге, майлы нәжіске шағымданып келді. Ауырғанына 5 жыл, тұрақты фермент қабылдамайды. Соңгы жылдары өршу жиілеген, 12 кг арықтаган. УДЗ-де ұйқы безінің эхогенділігінің диффузды жоғарылауы, денесінің үлкеюі, пішінінің гетерогенділігі.
Төмендегі диагноздың қайсысы дұрыс?
*Өт жолдарының дискинезиясы
+*Созылмалы рецидивті панкреатит
*Созылмалы панкреатит
*Жедел панкреатит
*Созылмалы холецистит өршу сатысы
#620
*!Ер кісі 25жаста жалпы әлсіздікке, шаршағыштық, эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде – 12 елі ішек ойық жарасы, ЖҚА – Hb 70г/л, ЦП – 0,77, лейкоцит – 5,1 мың, тромбоцит – 195, СОЭ – 12мм/ч. Жалпы бил. – 12мкМоль/л, темір сарысуы – 4,5 мкМоль/л. Жасырын қанга нәжіс талдауы – оң.
Қосымша қандай зерттеу жүргізу керек?
*ЭЗГ
*Асқазан сөлінің фракциялық зерттеуі
*Іш қуысының УДЗ
*Асқазан рентгені
+*ФГДС
#621
*!Егде жастағы қарт тамақтан соң 1 сағаттан кейінгі көп құсу, жүрек айнуға, ішектің жогарғы бөлігінің ауыруына, оның арқаға иррадация беруіне шағымданып келді. Ауырғанына 3 жыл, асқазанның көп ойық жарасы 1 жыл бұрын асқазаннан қан кетуіне байланысты хирургиялық ем алган. Ойық жараның тыртықтануы жәй. 3 сағатта жағдайы нашарлаған. БХ анализ: Амилаза – 145МЕ/л. Асқазан шырышының биопсиясы – жасуша гиперплазиясы.
Бірінші кезекте қандай ауру туралы ойлауға болады?
*Өт жолының дискинезиясы
*Созылмалы рецидивті панкреатит орт. ауыр-на, өршуі
*Созылмалы панкреатит
+*Жедел екіншілік панкреатит
*Созылмалы панкреатит өршу сатысы
#622
*!Ер кісі 28жаста тамақ қабылдаған соң 1,5-2 сағаттан соң қыжыл, эпигастрий аймағындагы ауру сезіміне шағымданады. Сүт қабылдаған соң ауру сезім баслады. 4 жыл бойы ауырады. Ауруы көктем-күз айында жылына 1-2рет өршиді. Эндоскопиялық зерттеуде 12 елі ішектің алдыңғы қабырғасының өлшемі 0,4×0,8 см болатын шырышты қабат дефекті анықталды. 12 елі ішектің шырышты қабаты ісінген, қызарған.
Мүмкін болатын диагнозды атаңыз?
*А типті созылмалы гастрит
*В типті созылмалы гастрит
*Асқазан ойық жарасы
+*12 елі ішек ойық жарасы
*Созылмалы холецистит
#623
*!Ер кісі 30жаста тамақ қабылдаған соң 1,5-2 сағаттан соң қыжыл, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Сүт қабылдаған соң ауру сезім басылады. Объективті қарағанда патология жоқ. 4 жыл бойы ауырады. Ауруы жылына 1-2 ре т көктем-күз айларында өршиді. ФГД-те өңештің үшінші төменгі бөлігі қызарған және біртекті дөңгелек түзіліс анықталады.
Бұл немен байланысты?
*Диафрагманның өңештік өсіндісінің жарығы
+*Өңеш миомасы
*Кардия ахалозиясы
*Өңеш қабынуы
*Өңеш дивертикулы
#624
*!Ер кісі 55 жаста тамақ қабылдағаннан 1,5-2 сағаттан кейін қыжылга, эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. (25 жыл бойы мазалайды). Соңғы 2апта ішінде ауруы қатты тұрақты болады, ауыру сезімі сол жақ қабырға астына, арқаға берімді антоцид пен спазмолитиктерге басылмайды. Жеңілдік әкелмейтін жүрек айнумен құсу пайда болды. Пальпацияда эпигастрий аймағында және сол жақ қабырға астында ауру сезімі. Мейо – Робсон симптомы – оң.
Мүмкін болатын диагноз қандай?
+*12 елі ішек ойық жарасы, ұйқы безінің пенетрациясы мен асқынған
*Асқазан обыры
*Созылмалы панкреатит. Өршуі
*Асқазан ойық жарасы кіші, сальниктің пенетрациясымен асқынған
*Созылмалы холецистит
#625
*!Гастроэнтеролог 50 жастағы науқасты емханадан хирургиялық бөлімге асқазан резекциясын жасатуға жіберді. Тамақ қабылдағаннан 30-40 мин соң эпигастрий аймағындағы ауру сезімі, әсіресе ащы және ішімдік ішкеннен кейін жеңілдік әкелмейтін құсуға, ауамен кекіруге шағымданады. 6 жыл бойы ауырады. Өршу жылына 3-4 рет ортаңғы сызықта. Мендель симптомы – оң. Бауыр пальпацияланбайды.
Операция жасатуға көрсеткішті көрсетіңіз?
*Диета сақтаудың болмауы
*Науқас жасы
+*Анамнез жиі өршуі ауырлығы
*Асқазанда ойық жараның орналасуы
*12 елі ішекте ойық жараның орналасуы
#626
*!Ер кісі 58 жаста ішімдік қабылдағаннан кейін ішектің жоғарғы бөлігіндегі ару сезіміне жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Соңгы 2 жыл ішінде тамақтан кейін сол жақ қабырға астына берілетін эпигастридегі ауру сезім мазалаган. Кейде ауру сезім түнде мазалаган, басылмаган. Іші аздап желденген, тыныш перистальтика естіледі. Пальпацияда сол жақ қабырға асты холедопанкреатикалық аймақ ауырады.
Диетотерапияда науқасқа не тағайындауға болады?
*Диета тағайындамау
*Қолданатын тағам көлемін арттыру
*жиі жылы су ішу
+*«Аш күндері» (1-3) Боржоми тәрізді минералды су
*Қою шәй, кофе ішу
#627
*!Ер кісі 62 жаста, эпигастрий аймағындағы ауру сезімі жүрек аймағына және сол жақ қабырға астына берілуіне шағымданады. Ауру сезімі тамақтан соң пайда болды, жеңілдік әкелмейтін, өтсіз бір реттік құсық болды. Анамнезіндегі жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, нитроглицерин қабылдағанда ауру сезім басылмайды. Холедопанкреатикалық аймақта аздаган ауру сезім бар.
Дәрігердің ары қарай тактикасы?
*Гастроэнтерологиялық бөлімге жолдама беру
*Үйге стационар тағайындау
*Кардиолог кеңесіне жіберу
+*Жедел көмек шақыру және хирургиялық стационарга апару
*Диагнозды нақтылау үшін емханага шақыру
#628
*!Бойжеткен 21жаста, толық емес дем алуга, шаншыған тәрізді іштегі ауру сезімге, жиі сұйық нәжіске шағымданады. Іш өту 1-2 апта жалғасуда. Аурудың өршуі психоэмоциональді жағдаймен байланысты. 1жыл бойы ауырады. Іші жұмсақ, іштің сол жақ бөлігі ауырады, сигма тәрізді ішек пальпацияланады.
Мүмкін болатын диагноз?
*Крон ауруы
*Созылмалы энтероколит
+*Тітіркенген тоқ ішек синдромы
*Спецификалық емес жаралы колит
*Конн синдромы
#629
*!Ер кісі 35жаста тамақтан кейін 30-60минуттан кейінгі эпигастрий және кеуде артындағы ауру сезімге шағымданады. Ойық жара ауруымен 10 жыл ауырады. Пальпацияда эпигастрий ауырады.
Бұл синдром ойық жара дефектінің қай жерде орналасуымен сипатталады?
*12 елі ішек пиязшығында
*12 елі ішектің бульбар артында
*Пилориналық өзекте
+*Асқазанның кардиальды және субкардиальды бөлігінде
*Барлық гастродуоденалды ойық жара ауруларында
#630 *!Әйел 59 жаста кешкі, аштық және түнгі уақыттагы эпигастрий аймағының ауруына шағымданады. Ойық жара ауруымен 20 жыл ауырады. Пальпацияда эпигастрий ауырсынған.
Бұл симптомдар ойық жара дефектінің қайда орналасуымен байланысты?
*Өңеш - диафрагмальді сфинктерден төмен
*Асқазан түбі
+*Ойық жараның пилорикалық каналда орналасуы
*Ойық жараның асқазанның жогарғы бөліктерінде орналасуы
*Асқазанның үлкен иірімнің жогарғы бөлігінде орналасуы
#631
*!Әйел 50 жаста ұстама тәрізді ауруға, қатты қыжылға, тамақтан кейінгі толықтық және эпигастрий аймағының ауыруына шағымданады. Анамнезінде ойық жара ауруы. Пальпацияда эпигастрий ауырсынады.
Бұл симптомдар қандай ауруға тән?
*Кардиалды және субкардиалды ойық жара
+*Ойық жараның асқазанда орналасуы
*Ойық жараның пилорткалық бөлікте орналасуы
*Пиязшық ойық жарасы
*Бульбар артындағы ойық жара
#632
*!Қабылдауда ер кісі 40 жаста анамнезінде асқазан ойық жарасы. Белгілі бір симптомдардан дәрігер асқазан ойық жарасының перфорацияласына күдіктенді.
Төмендегі симптомдардың қайсысы ойық жара перфорациясына тән?
*Бергман симптомы
+*Жобер симптомы
*Мерфи симптомы
*Айзенберг 1 симптомы
*Айзенберг 2 симптомы
#633
*!Ер кісі 26 жаста құсу, жүрек айну, тамақтан кейін 30-минуттан соң эпигастрий аймағындагы ауру сезімге шағымданып келді. Пальпацияда эпигастрий аймақ ауырсынады. Бауыр қабырға доғасында, ауырсынусыз.
Болжам диагноз қандай?
*ПЭРА
+*Асқазан денесінің ойық жарасы
*Асқазанның пилорикалық бөлігінің ойық жарасы
*12 елі ішек ойық жарасы
*Гастропатиямен негізделген ойық жара
#634
*!Студент 20 жаста дене салмағының төмендеуіне, құсуга, жүрек айнуға, аштық кездегі және түндегі эпигастрий аймағының ауруына шағымданады. Анамнезінде : шағымдары 2ай бұрын басталган. Объективті тері жабындыларының аздаған бозаруы. Пальпацияда эпигастрий аймағының қатты ауруы. ЖҚА Нb, эритроцит, түстік көрсеткіш төмендеген.
Болжам диагнозыңыз және тәсіліңіз?
*Асқазан денесінің ойық жарасы, ФГДС-ке жолдама
*Кардиальді бөлік ойық жарасы, ФГДС-ке жолдама
*Асқазанның субкардиальді бөлігінің ойық жарасы, ФГДС-ке жолдама
*Асқазанның фундальді бөлігінің ойық жарасы, ФГДС-ке жолдама
*Асқазанның пилориалық бөлігінің ойық жарасы, ФГДС-ке жолдама
#635
*!Ер кісі 19жаста тамақтан кейін 3-4 сағаттан соң іштің жоғарғы бөлігінің ауыратынын айтады, ауру күшейгенде арқаға беріледі және жеңілдік әкелмейтін құсу болады. Пальпацияда эпигастрий аймақ ауырады.
Мүмкін болатын диагноз?
*Аутоиммунды гастрит
*Асқазан кардиясының ойық жарасы
*Асқазан денесінің ойық жарасы
+*Постбульбарлы ойық жара
*Эзофагит
#636
*!Ер кісі 33жаста 12 жыл бойы асқазанның ойық жара ауруымен ауырады. Емнен ейін 1-2 жылга созылган ремиссия болады. 3 ай бұрын бел аймағында ауру сезім пайда болды. Басқасында ауру ағымы өзгермеген. Рентгендік зерттеуде асқазанның антральды бөлімінің кіші иірімнің артқы қабырғасында орналасқан терең ниша анықталады.
Ауру сезімнің неге негізделген?
+*Науқаста ұйқы безіне берілген ойық жара пенетрациясы
*Науқаста ұйқы безіне берілген ойық жара малигнизациясы
*Панкреатит дамыган
*Ойық жара перфорациясы
*Науқаста ұйқы безіне берілген ойық жара перфорациясы
#637
*!Емханага 23 жастағы жігіт аш қарынға пайда болатын іштің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезімге шағымданып келді. Тексеру және рентген зерттеуін жүргізгеннен кейін асқазанның ойық жара ауруы диагнозы қойылды.
Ойық жараның рентгендік белгілеріне не жатады?
*Дуодено – гастральді рефлюкс
*Толықсу дефекті
+*«Ниши» симптомы
*Асқазанның эвакуация бұзылысы
*Асқазанның деформациясы
#638
*!Ер кісі 45 жаста емханаға тұрақты өт астындағы ауру сезімге, тамақтан кейін 1,5-2 сағатта басталады, тез тоюға, қышқыл қыжылға, жүрек айнуға, қара нәжіске, жалпы әлсіздікке, арықтауға шағымданып келді. 2 айдан бері ауырады. Беткей пальпацияда пилородуоденальды аймақта қатты ауру сезім байқалады.
Бұл науқаста қандай асқыну?
*Мамигнизация
*Перфорация
+*Қан кету
*Пенетрация
*Асқазан обыры
#639
*!Ер кісі 20 жаста ауруханаға 3 сағаттан кейін пайда болған эпигастрий аймағындағы ауру сезіммен, жүрек айнумен түсті, құсу болмаган. Қарау барысында аздаған тахикардия. Пальпацияда іштің барлық аймағы тітіркенген, бауыр үстінде перкуторлы – типанит. Іш қуысының шолу рентгенографиясында – диафрагманың оң бұрышында газды жолақ.
Болжам диагноз қандай?
+*Пилородуоденальды аймақтың перфоративті ойық жарасы
*Аутоиммунды гастрит
*Асқазан кардиясының ойық жарасы
*Асқазан денесінің ойық жарасы
*Постбульбарлы ойық жара
#640
*!Ерадам 30 жаста, тамақ қабылдағаннан 2 сағаттан кейінгі оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне, түнгі, ашқарындағы ауырсынуға, қыжылға шағымданады.Ауырсыну сезімін басу үшін сүт, ас содасын қабылдайды. 2 жылдан бері ауырады, ауруының өршуі көктем және күзгі мезгілде. Дене бітімі астениялық. Мендель және Глинчиков симптомы іштің ортаңғы сызығының оң жақ аймағында оң.бауыр пальпацияланбайды.
Алдын ала қойылған диагноздың қайсысы нақты?
*Созылмалы гастрит.
*Асқазан ойық жарасы.
+*12 елі ішектің ойық жара ауруы.
*Созылмалы холецистит.
*Созылмалы панкреатит.
#641
*!Ер адам 25 жаста тамақ қабылдағаннан 2 сағаттан кейінгі оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне, түнгі, ашқарындағы ауырсынуға, қыжылға шағымданады.Ауырсыну сезімін басу үшін сүт, ас содасын қабылдайды. 2 жылдан бері ауырады, ауруының өршуі көктем және күзгі мезгілде. Дене бітімі астениялық. Мендель және Глинчиков симптомы іштің ортаңғы сызығының оң жақ аймағында оң. Бауыр пальпацияланбайды
Диагнозды нақтылау үшін қандай әдіс қолданылады?
*Асқазанды бариймен рентгеноскопиялау.
+*Гастродуоденоскопия
*Асқазан сөлін гистаминмен зерттеу.
*Асқазанішілік рН-метрия.
*Жасырын қанға кал тапсыр
#642
*!Ер адам 48 жаста, 15 жыл бойы алкогольді ішімдікпен әуестенген. Соңғы 6 айда ішінің ұлғайғандығын байқаған, салмақ қосқан. Үдемелі жалпы әлсіздік пайда болды, тез шаршағыштық, оң жақ қабырға астындағы тұйық ауыру сезімі, жүрек айну және іштің қатуы. Кеуде клеткасының жоғарғы жағындағы теріде телеангиоэктазия, алақан эритемасы. Іш көлемінің ауырсынусыз ұлғаюы, іш аумағында бос сұйықтық анықталды.
Алдын ала қойылған диагноздың қайсысы нақты?
*Бауыр фиброзы.
*Спецификалық реактивті гепатит.
+*Бауыр циррозы, декомпенсирленген.
*Бауыр циррозы, компенсирленген.
*Бауыр амилоидозы.
#643
*!Әйел адам 52 жаста, поликлиникаға мынадай шағымдармен келді, оң жақ қабырға астындағы қайталамалы шаншу тәрізді ауырсынуға, майлы тағам қабылдаған соң ауырсыну сезімі ұлғаяды, метеоризм, периодты түрде қалыптаспаған ботқатәрізді нәжіс.Анамнезінде – 9 жыл өттас ауыруымен ауырады, 1 жыл бұрын лапороскопиялық холецистоэктомия жасалған. Пальпацияда іші жұмсақ, эпигастрий аймағында және оң жақ қабырға астында әлсіз ауырсыну сезімі.
Болжамалы диагнозыңыз қандай?
*Екіншілік панкреатит.
*Бауырдың диффузды өзгеруі.
+*Постхолецистэктомиялық синдром.
*Бауыр циррозы.
*Өтайдауыш жолдың дискинезиясы
#644
*!Әйел 42 жаста, шағымдары оң жақ қабырға асты және эпигастрийде ауырсыну, жауырын және арқаға таралады. Соңғы 2 жылда майлы тағамды ауыр қабылдайды. Қанда лейкоцитоз 15,8x10³/л. Оң жақ қабырға асты және эпигастрийдеауырсыну және бұлщық еттің қатаюы байқалады.
Қандай диагноз нақты?
*Жедел панкреатит
*Перфоративті гастродуаденальді ойық жара.
*Перфоративті аппендицит, перитонит.
+*Деструктивті холецистит.
*Инфицирленген панкреонекроз.
#645
*!Ер адам 50 жаста шағымдары: тәбетінің нашарлауына, майлы тағамдарды ауыр қабылдау, оң жақ қабырға астында тұйық ауырсыну, терінің және көзге көрінетін шырышты қабаттарының сарғаюына, терісінің қышуына, нәжісінің түссізденуіне, зәрінің түсі қоңыр. Анамнезінде: бала кезінде жедел вирусты гепатит В мен ауырған. Қарауда: бауыр оң жақ қабырға астынан 3 см – ге шығыңқы, жұмсақ – эластикалы консистенциялы, ауырсынулы, шеті үшкірленген. Көкбауыр пальпацияланбайды.
Болжамалы диагноз?
*Спецификалық емес реактивті гепатит
*Созылмалы персистерленген гепатит.
*Жильбер синдромы.
*Бауыр фиброзы.
+*Созылмалы белсенді гепатит.
#646
*!67 жастағы әйел, мынадай шағымдармен келді: тәбетінің нашарлауы, әлсіздік пайда болған, оң жақ қабырға астында аздаған аурысыну. 46 жаста мұнай өңдеуіш зауытты қызмет атқарған. Соңғы 1,5 жылда 13 кг – ға арықтаған. Бауыры қабырға доғасынан 3 см – ге шығыңқы, бұдырланған, ауырсынулы, шеті доғалданған, тегіс емес. Көкбауыр ұлғаймаған.
Болжамалы диагноздардың қайсысы дұрыс?
*Пигментті гепатоз
*Бауыр стеатозы
*Бауыр амилоидозы
+*Гепатоциллюарлы карцинома
*Бадда-Киари синдромы
#647
*!Дене бітімі толық, бірнеше рет босанған (5 балалы) 48 жастағы әйел, майлы тағам қабылдағаннан кейінгі оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға жүрек айнуға, құсуға, қарауытқан зәр, түссізденген нәжіске, сарғыштыққа шағымданады. Тері жамылғысының сарғыштануы бар. Оң жақ қабырға астында өт қабының жұмсақ эластикалық консистенциясы байқалады, ауырсынулы. Іштің тітіркену синдромы жоқ. Бауыр пальпацияланбайды.
Болжамалы дигноз қандай?
*Жедел гепатит
*Созылмалы холециститтің асқынуы
+*Өттас ауруы. Сарғыштану.
*Гемолитикалық сарғыштану (Минковского-Шоффар ауруы)
*Бауыр циррозы, компенсирленген.
#648
*!Медициналық ЖОО – ның студенті жасы 25 те, өзін қанағаттанарлық сезінеді, бірақ группаластары шырышты қабатының сарғаюын байқаған, физикалық жүктемеден кейін пайда болған және суық тиген. Соңғы 2 жылда периодты түрдегі оң жақ қабырға астындағы ауырсыну болды.
Билирубин 42,1 мкмоль/л (тікелей емес 41 мкмоль/л. тікелей 1,1 мкмоль/л). Ағасы және науқастың әкесі тексерілді. Екеуінде де қан сарысуында тікелей емес билирубин саны жоғарылаған.
Осындай өзгерістер қандай ауруға тән?
*Созылмалы белсенді гепатит
*Бауыр цирроз
+*Жильбер синдромы
*Спецификалық емес реактивті гепатит
*Бауыр амилоидозы
#649
*!23 жастағы әйелде шаршағыштық пайда болды, зәрінің түсі қарауытқан "сыра түсті",ашық түсті нәжіс, айқын сарғыштық. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық, тері жамылғылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғыштанған. Іші жұмсақ ауырсынусыз. Бауыры оң жақ қабырға доғасынан 3 см – ге шығыңқы, жұмсақ, тегіс, ауырсулы, ұшы үшкірленген. Көкбауыры сезілмейді. Нәжісі түссізденген.
Болжамалы дигноз қандай?
*Спецификалық емес реактивті гепатит
*Пигментті гепатоз
*Созылмалы гепатит
+*Генезі анық емес гепатит
*Бауыр фиброзы
#650
*!Ер адам 19 жаста, мынандай шағымдармен келді: склерасының және тері жамылғыларының сарғыштануы. Зәрі және нәжісінің түсі өзгерген. Алғаш склерасының сарғыштанғанын 6 жасында байқаған, туа біткен бассүйек ақауына байланысты ота жасалған кезінде («қасқыр ауызы», «жарық ерін»). Кейін педиатр бақылауында болды. Тері жамылғылары, склера қабаттары, шырышты қабаты иктериаланған. Жүрек және өкпе өзгеріссіз. Іші жұмсақ, пальпацияда ұлғайған тығыз көкбауыр. УДЗ – де өт қабында тастар анықталды. Қанында: билирубин — 48 ммоль/л, АЛТ-24, АСТ-25.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
*Жильбер синдроы
*Ротор синдромы
*Созылмалы гепатит
+*Туа біткен гемолитикалық сарғыштық
*Өттас ауруы
#651
*!Ер адам 45 жаста, әлсіздікке, жүрек айнуға, тәбетінің төмендеуіне, бауыр аумағында сыздаған ауырсыну сезіміне шағымданады. 2 жылдан бері ауырады. Өзін алкоголь және майлы тағам қабылдағаннан кейін нашар сезінеді. Склерасы, шырышты қабаттары, кал түсі өзгерген, зәрі «сыра түсті». Пульс – 72 мин. Жүрегі және өкпесі өзгеріссіз. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты палпацияда сезімтал, бауыры оң жақ қабырға доғасынан 5 см ге шығыңқы, ұшы доғалданған. Бауыр өлшемі Курлов әдісі бойынша, 15 х 20 х 18 см. Көкбауыр ұлғаймаған.
Болжамалы диагноз қандай?
*жедел гепатит
*бауыр циррозы
*гемолитикалық сарғышытық
*Жильбер синдромы
+*созылмалы гепатит
#652
*!Ер адам 49 жаста, әлсіздікке, жүрек айнуға, тәбетінің төмендеуіне, бауыр аумағында сыздаған ауырсыну сезіміне шағымданады. 2 жылдан бері ауырады. Өзін алкоголь және майлы тағам қабылдағаннан кейін нашар сезінеді. Склерасы, шырышты қабаттары, кал түсі өзгерген, зәрі «сыра түсті». Пульс – 72 мин. Жүрегі және өкпесі өзгеріссіз. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты палпацияда сезімтал, бауыры оң жақ қабырға доғасынан 5 см ге шығыңқы, ұшы доғалданған.
Қандай биохимиялық өзгерістер байқалуы мүмкін?
*конъюгирленбегенгипербилирубинемия
*конъюгирленбегенгипербилирубинемия и АЛТ, ACT ұлғаюы
+*конъюгирленген гипербилирубинемия и АЛТ, ACT ұлғаюы, диспротеинемия
*конъюгирленген гипербилирубинемия и сілтілі фосфатазаның ұлғаюы, холестерин ұлғаюы
*конъюгирленбеген гипобилирубинемия
#653
*!Ер адам 70 жаста, терісінің қышуына, тері жамылғысының және склераның сарғыштануына, нәжісінің түссізденуіне, зәрінің қарауытуына, жүрек айнуына,тәбетінің төмендеуіне, ішінің оң жағында сыздаған ауырсыну сезіміне шағымданады. 3 айдан бері ауырады. Терісінде қасыған іздер, жасыл араласқан сарғыштану. Іші қалыпты. Курвуазье симптомы оң, бауыр өлшемі 10 х 14 х 12 см. Көкбауыр ұлғаймаған.
Болжамалы диагноз қандай?
*созылмалы гепатит
*бауыр циррозы
*өттас ауруы
+*ұйқы безі басының рагы
*Ротор синдромы
#654
*!Ер адам 70 жаста, терісінің қышуына, тері жамылғысының және склераның сарғыштануына, нәжісінің түссізденуіне, зәрінің қарауытуына, жүрек айнуына,тәбетінің төмендеуіне, ішінің оң жағында сыздаған ауырсыну сезіміне шағымданады. 3 айдан бері ауырады. Терісінде қасыған іздер, жасыл араласқан сарғыштану. Іші қалыпты. Курвуазье симптомы оң, бауыр өлшемі 10 х 14 х 12 см. Көкбауыр ұлғаймаған.
Төменде көрсетілген зерттеулердің қайсысы ауру диагностикасында көмектеседі?
*ферменттер зерттеу
*Жалпы қан анализі
*R-скопия АІЖ
*гастроскопия
+*УДЗ паренхиматозды ағзалардың
#655
*!Әйел адам 22 жаста, оң жақ қабырға астындағы шаншып ауыру сезіміне байланысты 3 жылдан бері поликлиникада қаралуда. Шаншу жүрек айнумен, тершеңдікпен жалғасқан. Психоэмоциональді фактормен байланыстырады. Ауырсыну ношпа қабылдағаннан кейін азаяды. Көпіршік симптомы асқыну кезінде аздап білінеді. ЖҚА, ЖЗА, бауыр байқаулары қалыпты.
Болжамалы диагноз қандай?
*созылмалы холецистит
*өттас ауруы
*ТІС
+*өтайдауыш жолдарының гипертониялық типте функционалды бұзылысы
*өтайдауыш жолдарының гипотониялық типте функционалды бұзылысы
#656
*!Сұрастыру нәтижесінде және қарау кезінде 25 жастағы әйелдің шағымдарының, анамнезінің нәтижесінде – оң жақ қабырға астындағы шаншу тәрізді ұстама тәрізді ауру сезімі, психоэмоциональді фактормен байланысты, ношпа қабылдағаннан кейін басылатын, жалпы қан анализі, биохимиялық қан анализі, жалпы зәр анализінің қорытындысына байланысты болжамалы диагноз қойылды: Өтайдауыш жолдарының гипертониялық типте функционалды бұзылысы.
Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?
*өт қабының және ОДДИ сфинктерінің функциональды жағдайын бағалау үшін УДЗ жүргізу.
*эндоскопиялық ультрасонография
*холецистография
*ЭРХПГ
+*УДЗ, дуоденальды зондтау, динамикалықхолецистография, эндоскопиялық ультрасонография
#657
*!Ер адам 23 жаста, шағымдары: склера қабатының және тері жамылғыларының жеңіл сарғыштануына, жоғары шаршағыштыққа, оң жағында үнемі ауырлық сезімі. Физикалық күштемеден кейін, шаршағаннан және суық тиюден болатын жеңіл сарғыштану пайда болады. Қарау кезінде: бауыр қабырға доғасы жиегінде, ауырсынусыз. Көкбауыр пальпацияланбайды. ЖҚА, бауырдың функциональды сынамасы - өзгеріссіз. Жалпы билирубин - 40.1 мкмоль/л, тікелей - 2.0 мкмоль/л, тікелей - 38,1 мкмоль/л.
Қандай диагноз дұрыс?
+*Жильбер синдромы
*Люси-Дрисколла синдромы
*Дабина-Джонсона синдромы
*Ротор синдромы
*Гемолитикалық сарғыштық
#658
*Әйел адам 18 жаста, шағымдары сарғыштыққа, буындарындағы ауырсыну сезімі, дене темпиратурасының көтерілуі 38,5С, жалпы әлсіздікке. Қарау кезінде: тері және көзге көрінетін қабаттары сарғыштанған. Бауыры оң жақ қабырға астынан 5 см ге шығыңқы, палпацияда ауырсынулы. ЖҚА – де Нв = 90 г/л, СОЭ=55 мм/сағ. Тимол сынамасы - 16 ед., гамма-глобулин - 40,2%, трансаминаза белсенділігі 5 есеге жоғарлаған, жалпы билирубин - 35,5 мкмоль/л (тікелей - 25,5 мкмоль/л, тікелей емес - 10 мкмоль/л).
Болжамалы диагноз қандай?
*жүйелі қызыл жегі
+*аутоиммунды гепатит 1 типі
*біріншілік билиарлы бауыр циррозы
*Жильбер синдромы
*Ротор синдромы
#659
*!Әйел адам 19 жаста, шағымдары сарғыштыққа, буындарындағы ауырсыну сезімі, дене температурасының көтерілуі 38,5С, жалпы әлсіздікке. Қарау кезінде: тері және көзге көрінетін қабаттары сарғыштанған. Бауыры оң жақ қабырға астынан 5 см ге шығыңқы, палпацияда ауырсынулы. ЖҚА – де Нв = 90 г/л, СОЭ=55 мм/сағ. Тимол сынамасы - 16 ед., гамма-глобулин - 40,2%, трансаминаза белсенділігі 5 есеге жоғарлаған, жалпы билирубин - 35,5 мкмоль/л (тікелей - 25,5 мкмоль/л, тікелей емес - 10 мкмоль/л). Болжамалы диагноз қойылды: Аутоиммунды гепатит 1 типте.
Төмендегі зерттеулердің қайсысы диагнозды нақтылайды?
*антимитохондриальды М2 антиденелердің жоғары титрі
*антиденелердің бауыр - бүйректік микросомасына жоғары титрі
*антиденелердің бауыр – ұйқы бездік антигеніне жоғары титрі
+*антиденелердің тегіс бұлшықетіне және антиядролық антиденесіне жоғары титрі
*тимол сынамасы
#660
*!Ер адам 45 жаста, суық тиіп ауырғанына байланысты антибактериальды ем қабылдағаннан 10 күннен кейін сұйық нәжіс пайда болды, іште толғақтәрізді ауру сезімі және қызу көтерілген, жалпы қан анализінде – лейкоцитоз. Ректоромоноскопиядан және сигмоскопиядан кейін қабынған шырышты қабығында зақымдану аймағы табылды ақшыл – сары жағынды анықталды.
Аурудың нақты диагнозы қандай?
*жаралы колит
+*псевдомембранозды колит
*вирусты колит
*коллагенді колит
*ишемиялы колит
#671
*!Ер кісі 24 жаста, ағаш шебері, арқаға берілетін эпигастриядағы бұрып ауыратын интенсивті ауыру сезімге шағымданды. Ауырсыну таңғы сағат 5-те пайда болады, таңғы астан кейін тынышталады, бірақ кейін 2-2,5 сағат қайтадан күшейе түседі. Жиі аш қарынға сұйық асқазан құрамымен құсу байқалады. ЖҚА және ЖЗА қалыпты. Копрограмма - қан табылмаған. Объективті: эпигастрия аймағының төменгі жағындаңы семсер тәрізді өсіндіде бойында іші кернелген, сол жерде жергілікті ауырсыну, Мендель симптомы "". Тоқ ішектің бір бөлігінің ауырсуынуы байқалады. Бауыр өабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Шоффар аймағы сезімтал емес.
Қандай тексеру анағұрлым орынды?
*биопсиямен ФГДС
*жалпы белок және оның фракцияларына, трансаминаза, билирубин, негіздік фосфатазсына, холестерин, СРБ, сарысудағы темірді қан талдауында анықтау
*рН-метрия
*Құрсақ қуысның ағзаларының УДЗ
+*асқазан рентгеноскопия
#672
*!Әйел 45 жаста. Шағымы: оң қабырғасындағы ауыру сезімі, ауыздағы күйік дәмі, кекіру, құсу, дене қызуының 37,5 С, іштің қатуы. Анамнезінде: майлы тамаққа төзімділіктің төмендеуі және терінің қышынуы. Қарап тексеруі: науқастың тәбеті жоғары. Пальпация кезінде іші жұмсақ, оң қабырға асты ауырсынады, Мерфи симптомы оң.
Қандай тексеру анағұрлым орынды?
*жалпы қан талдауы
*копрограмма
+*қан биохимиясы мен зәрдегі диастаза
*ЭГДС
*Құрсақ қуысының УДЗ
#673
*!Әйел 45 жаста. Шағымы: тамақтанған соң іштегі ауыру сезіміне, ауырлық және керіп аурыу сезіміне, тәбеті төмен, жалпы әлсіздік, іш қату, іш өтумен аралас. 10 жылдан астам асқазан ауыру бойынша емделді. Жағдайы соңғы апта күрт нашарлады. Объективті: қалыпты тамақтануы. Перифериялық лимфотүйіні ұлғаймаған. Жүрек және өкпе жүйесі жағынан патологиясы жоқ. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған, емізік тәрізделер бүрлері тегіс. Іші сырт көзге өзгермеген, төс асты аймағы шамалы ауырсынған. Бауыр қабырға доғасы бойында.
Қандай тексеру анағұрлым орынды?
*гистологиялық зерттеумен асқазанның шырышты қабатының биопсиясы
*хеликобактерге зерттеу жасау
*құрсақ қуысының УДЗ
+*ФГДС
*онкомаркерлерге қан талдауын жасау
#674
*!Ер кісі 39 жаста, күніне 5 – 6 рет болатын, дефекация алдындағы қатты ұстама тәрізді ауыру сезімге шағымданады. Сұйық дәрет, кейде шырыш пен қан аралас, әлсіздік, еңбекке жарамдылықтың төмендеуі, дене температурасының 37,5 С дейін жоғарлауы. Тәбет төмендеген, ауыру барысында 10 кг арықтаған. Қарап тексергенде: тілі түбірі кір жабындымен жаьылған, құрғақтау. Іші кернелген, пальпация кезінде оң төменгі квадрантта ауыру сезімі байқалады. Соқыр ішекті пальпациялау кезінде шұрқырау (урчание) естіледі. Байыр және көкбауыр ұлғаймаған.
Қандай тексеру анағұрлым орынды?
*ФГДС және колоноскопия
+*Патологиялық аймақтан биопсиямен ФГДС және колоноскопия
*ФГДС
* Патологиялық аймақтан биопсиямен колоноскопия
*копрограмма
#675
*!Әйел 61 жаста, аймақтық дәрігерге қабылдауға келді. Эпигастрия аймағындағы ауыру сезімі үнемі мазалауына шағымданады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Эпигастрия аймағында тығыз жаңа түзіліс пальпацияланады, шамалы ауырсынуы бар. ФГС кезінде өңеште, асқазан және 12 елі ішекте патология жоқ. Лапароскопия кезінде байырдың сол бөлігінде бір 5 х 6 см опухальді түйін анықталған, ол бауыр капсуласынан 2 см шығып тұр.
Қандай тексеру анағұрлым орынды?
* құрсақ қуысының УДЗ.
+* құрсақ қуысының УДЗ. Кіші жамбас УДЗ
*фиброколоноскопия
*құрсақ қуысын рентгенологиялық зерттеу
*гепатит маркерлеріне қанды ИФТ анализі
#676
*!Әйел 28 жаста, 2 ай бойы тұрақсыз дәрет, ішінің кернеуі, метеоризм, шамалы жалпы әлсіздікке, тітіркендіргішке, түңгі ұйқының нашарлауына, ерте тұруына, калда шырыштың кезеңділікпен пайда болуына шағымданады. Осы симптомдардың пайда болуының ұзақ уақыт антибиотикотерапияның қолдануымен байланыстырады, ол ем созылмалы аднекситын емдеу ұшін гинеколог тағайындаған. Балалық шағынан кейбір тамақтарға төзімділігінің нашарлығының, сонымен қатар, сүт, саңырауқұлақ, қиярға төзімділігінің төмендігін айтты.
Қандай тексеру анағұрлым орынды?
*перифериялық қанның көрсеткіші
*ФГДС
*ректороманоскопия
*асқазан секрециясын зерттеу
+*дисбактериозға фекальды флораны зерттеу
#677
*!Ер кісі 25 жаста, вегетарианец. Шағымы: іштегі шұрылдауға (урчание), құрылдауға, сонымен қатар анальді тесік маңында. Ішектің толу сезіміне, іш қату мен іш өтуінің аралас жүруіне, іштің төменгі бөлігіндегі ауыру сезіміне, дәреті қалыпты емес, көбінесе сары – қоңыр түстес. Тілі сарғыш жабындымен жабылған. Копрология – көптеген қорытылмаған өсінді клетчаткалар, 1,5 жылдай ауырады. Субфебрильді температура тұрақты.
Қандай тексеру анағұрлым орынды?
*ФГДС
* құрсақ қуысының УДЗ
*ирригоскопия
+*колоноскопия
*дисбактериозға қарсы ем тағайындау.
#678
*!Әйел 34 жаста, екі жақты пневмониямен ауырған, амоксиклав 625 мг 3 реттен қабылдаған, 14 күн өткеннен кейін дәрігерге дене температурасының көтерілуіне, ентігуге, әлсіздікке шағымданды. Қарап тексергенде: тері түсі сарғыш, тынысы везикулярлы, жиілігі 36 рет мин. Көкбауыры пальпацияланады, бауыры 11-9-8 см. Қанда: эритроциттер 2,1х1012/л, гемоглобин 75г/л, түсті көрсеткіш 1,07; ретикулоциттер 30%, лейкоциттер 15х109/л, тромбоциттер 180х109 /л, «тиын бағаналары», ЭТЖ 25 мм/сағ.
Дәрілік препараттардың қайсысын тағайындау негізгі болып табылады?
+*Преднизолон
*Циклоспорин А
*Пиридоксин
*Темір (II)
*Десфериоксиамин
