Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия 2 экзамен (номерация)все предметы1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.46 Mб
Скачать
  1. Перитонит

  2. Аналық без жылауығының жарылуы

  3. Аппендицит

  4. Жедел ішек өтімсіздігі

  5. Цистит

?

  1. Қабылдау бөлімшесіне ішіндегі ауырсынуларға шағымданатын 35 жастағы ер адам жеткізілді. 8 сағат бұрын белгісіз тұлғалармен ұрып тасталған. Жағдайы орташа дәрежеде. Пульсі мин 104 с. АҚ-120/80 мм с.б. Тілі құрғақ, жабындымен жабылған. Іштің алдыңғы қабырғасы тін салу актісіне қатыспайды, кернелген. Іші көбіне төменгі бөліктерде ауырсынады. Бауырдың тұйықтығы сақталған. Щеткин-Блюмберг симптом оң мәнді. ЖҚА: лейкоциттер-16 000.

Перитониттің мүмкін болатын себебі?

  1. Құрсақішілік қан кету

  2. Қуысыты мүшенің перфорациясы

  3. Бүйректердің соғылуы

  4. Бауыр капсуласының жыртылуы

  5. Көкбауырдың капсулаастылық жыртылуы

?

  1. Қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем көлігімен 43 жастағы ер адам жедел жарақаттық перитонит, ішектің жыртылуы диагнозымен жеткізілді. Шамамен 12 сағат бұрын ішінің төменгі бөлігіне аяқпен соққы алған. Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді. Өздігінен кіші дәретке бара алмайды, жарақат алғанға дейін және алғаннан кейін 6 сағат көлемінде кіші дәретке бармаған.

Зардап шегушіде қандай перитонит туралы ойлауға болады?

  1. жедел диффузды ферментативты пе­ритонит

  2. жеделжергілікті нәжістік пе­ритонит

  3. жедел жайылмалы өттік пе­ритонит

  4. жедел жайылмалы зәрлік пе­ритонит

  5. жедел жергілікті арнайы пе­ритонит

?

  1. Екі реттік зәр бөлу қандай жарықтың түріне тән:

  1. қиғаш шап жарығына

  2. сырғымалы шап жарығына

  3. тік шап жарығына

  4. қысылған шап жарығына

  5. сан жарығына

?

  1. Жарықтың енбеуі неге байланысты:

  1. жарық қалтасының айналасындағы ұлпалармен жабысуына

  2. жарық қалтасындағы мүшелермен жарық қалтасының арасындағы жабыспамен

  3. жарық қақпасының тарылуына

  4. жарық қақпасына қуықтың енуіне

  5. жарық қақпасына соқыр ішектің енуіне

?

  1. Шап жарығының жіктелуінде не артық:

  1. шап-ендік

  2. тік

  3. қиғаш

  4. мықын-шаптық

  5. туа біткен

?

  1. Тік шап жарығына не тән:

  1. егде жастағы ерлерде байқалады

  2. жарықтың құрамы ен қалтасына түседі

  3. жарық латералды шап ойығына шығады

  4. ұрық шылбыры элементтерінен ішке қарай орналасқан

  5. сирек қысылады

?

  1. Асқынбаған сан жарығының клиникалық көрінісі:

  1. шап қатпарынан төмен томпаюдың болуы

  2. томпаюдың жұмсақ эластикалық консистенциялы болуы

  3. шап қатпарынан жоғары томпаюдың болуы

  4. томпаюдың науқас горизонтальды қалыпта болуында жойылуы

  5. томпаю үстіндегі терінің гиперемиясы

?

  1. Қандай жарықтарға көпкамералы жарықтық қалта тән:

  1. кіндік

  2. шап

  3. операциядан кейінгі

  4. Спигелев сызығының жарығы

  5. сан

?

  1. Қандай жарық іштің алдыңғы қабырғасының жарықтарына жатпайды:

  1. Пти үшбұрышының

  2. Трейц

  3. іштің ақ сызығының

  4. вентральды жарық

  5. семсер тәрізді өсіндінің жарығы

?

  1. Шап жарығының жіктелуінде не артық:

  1. шап-ендік

  2. тік

  3. қиғаш

  4. мықын-шаптық

  5. туа біткен

?

  1. Сырғымалы жарықтың негізгі белгісін таңдаңыз:

  1. іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің бұлшықеттері және апоневрозы арасына енеді

  2. жарық қалтасының бір қабырғасы іштікпен мезоперитонеальды жабылған мүше болады

  3. шап өзегінің сыртқы тесігінен шығар жерінде санға қарай бұрылады

  4. жарық қалтасының бір қабырғасы іштікпен интраперитонеальды жабылған мүше болады

  5. жарық қалтасының бір қабырғасы іштікпен ретроперитонеальды жабылған мүше болады

?

  1. Туа біткен шап жарығына тән белгілер:

  1. жиі балалық шақта кездеседі

  2. томпаю медиальды шап ойығына өтеді

  3. томпаю тұқымшылбыр элементтерінен латеральды орналасады

  4. жарық қалтасының құрамы ұмаға түседі

  5. жарық қалтасында аталық без орналасады

?

  1. Шап-ендік жарықпен аталық без қабықшаларының суісігінің ажыратпалы диагностикасын жүргізгенде келесі зерттеу әдісіне сүйенеміз:

  1. трансиллюминации және пальпации

  2. пункция

  3. перкуссия

  4. аускультация

  5. тік ішекті саусақпен зерттеу

?

  1. Ішкі жарықтар кезіндегі жіңішке ішектің қысылуының ерте клиникалық белгілерін көрсетіңіз:

  1. іш өту

  2. коллапс

  3. іштегі толғақ тәрізді ауырсынулар, газдардың шығуының бөгелуі

  4. ішперденің тітіркену симптомы

  5. дегидратация

?

  1. 70 жастағы науқас шап жарығының қысылуына байланысты үйіне терапевті шақырды. Қысылуыдың ұзақтығы 10 сағат. Ішек өтімсіздігінің белгілері анықталған, жарықтық томпаю үстіндегі терінің қызаруы анықталады.

Науқасты тексерген дәрігердің әрекеті?

  1. жарықты орнына салу

  2. есірткі инъекциясынан кейін жарықты орнына салу

  3. жарық аймағына суық басу, анальгетиктер, антибиотиктер

  4. хирургиялық стационарға шұғыл госпитализациялау

  5. хирургтың консультациясына жолдама беру

?

  1. 80 жастағы науқаста, айқын соматикалық патологиясы жоқ, шап-ұмалық жарықтың жиі қысылуы.

Науқасқа не ұсынамыз?

  1. консервативті ем, үлкен дәретті қалпына келтіруге жолдама

  2. шұғыл операция – жарықты тілу

  3. емханалық тексеруден кейінгі жоспарлы операция

  4. госпитализация, хирургиялық бөлімшеде бақылау

  5. бандаж кию

?

  1. Науқас шап-ұмалық жарықтың қысылуымен ауру басталғаннан кейін 3-ші тәулікте ауруханаға түсті. Дене қызуы 39°C дейін жоғарлауы, ұманың гиперемиясы, инфильтрациясы және ісінуі.

Науқасты қандай асқыну байқалады?

  1. аталық бездің некрозі

  2. фуникулит

  3. жарық қалтасының флегмонасы

  4. жедел орхит

  5. аталық бездің суісігі

?

  1. 40 жастағы науқаста оң жақтық шап жарығаны байланысты оперативті емнен 1 жыл өткеннен кейін қайтадан жарықтық томпаю пайда болды.

Сіздің әрекетіңіз?

  1. бақылау, жарықтың қысылу кезіндегі операция

  2. жарықтың үдемелі ұлғаюы кезінде операция жасау

  3. бақылау, ауыр физикалық күш түсіруді шектеу

  4. асқынулар немесе жарықтың ұлғайғанына дейін жоспарлы операция

  5. бандаж кию

?

  1. Сан жарығы жиі кімде дамиды:

  1. ерлерде

  2. әйелдерде

  3. бала кезінде

  4. жас өспірімдерде

  5. ерлерде егде жасында

?

  1. Қандай жарықтар кезінде жарық қалтасы жиі көп камералы қосымша бағандары, қалталары, жылауықтарымен бірге болады:

  1. шап

  2. сан

  3. кіндік

  4. ақ сызық

  5. операциядан кейінгі вентральды

?

  1. Жарықта қуықтың қысылуына тән симптомды көрсетіңіз:

  1. жарықтық томпаю аймағындағы ауырсыну

  2. тенезмдер

  3. нәжістің және газдардың шығуының кідіруі

  4. дизурия, гематурия

  5. диспепсия

?

  1. Артық салмақпен және гиперстеникалық дене бітімімен науқас операциядан кейінгі вентральды жарыққа байланысты жоспарлы оперативті емге жатқызылды. Жарық 25х30 см, енетін.

Операция алдылық тексеру және науқасты дайындау әдістерін көрсетіңіз?

  1. стандартты зерттеу (қанның және зәрдің жалпы анализі, экг, қан тобы және rh-фактор, қандағы қант)

  2. стандартты зерттеу және спирометрия

  3. ешқандай қосымша зерттеу әдістерін қажет етпейді

  4. асқазанның рентгеноскопиясы, спирометрия және стандартты зерттеу

  5. асқазанның рентгеноскопиясы, спирометрия, стандартты зерттеу және енген жарық кезіндегі бандаж кию

?

  1. Рихтерлік қысылу кезіндегі клиникалық көрініс қандай:

  1. жарық қалтасы аймағындағы аз өзгерістерімен клиникалық көрінісінің жасырын болуы

  2. жіңішке ішектік өтімсіздіктің клинкасының тез дамуы

  3. тоқ ішектік өтімсіздіктің клиникасы дамиды

  4. дизуриялық бұзылыстар дамиды

  5. құрсақ ішілік қан кетудің симптомдары пайда болады

?

  1. Егде жастағы қысылған шап жарығымен науқаста құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенограммасында пневмотизацияланған жіңішке ішек ілмектері, Клойбер тостағаншылары анықталғын.

Қандай мүше қысылған?

  1. Сигма тәрізді ішек

  2. Асқазан

  3. Шарбы

  4. Жіңішке ішек

  5. Жатыр қосалқылары

?

  1. Литтре жарығына тән қысылу:

  1. Асқазан

  2. Жіңішке ішек

  3. Жатыр қосалқылары

  4. Құрт тәрізді өсіндінің

  5. Құықтың

?

  1. 60 жастағы науқаста кіші көлемді енетін ұақ уақыттан бері мазалайтын кіндік жарығы құрсақ қуысына енбей, көлемінде ұлғайды, томпаю аймағындағы ауырсынудың сипаты өзгерді, жарық құрсақ қуысына толығымен енбей қалды.

Пайда болған клиникалық симптоматиканың себебін көрсетіңіз?

  1. Жарық қалтасында мүшенің қысылуы

  2. Енбейтін кіндік жарығы

  3. Асқазан қатерлі ісігінің кіндікке метастазы

  4. умбилицит

  5. асцит

?

  1. 4-ші дәрежедегі семіздікпен науқаста іштің оң жақ төменгі бөлігінде кенеттен тартушы ауырсынулар пайда болды, ауырсыну оң жақ санға беріледі, жүрек айнуы, бір реттік құсу болды. Шап қатпарынан төмен ісік тәрізді құрылым пальпацияланады.

Қандай ауру туралы ойлауға болады?