Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хирургия 2 экзамен (номерация)все предметы1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.46 Mб
Скачать
  1. Жас өндіретін аппаратқа жатады:

  1. жас безi және қосымша жас бездерi

  2. жас көлшiгi

  3. жас нүктелерi

  4. жас өзекшелерi

  5. жас өзеншелері

?

  1. Қасаң қабықтың сезiмталдығын зерттеу әдiсі:

  1. алгезиметрия

  2. флюоресцеин сынауы

  3. Вест сынауы

  4. ковер-тест сынауы

  5. пилокарпиндi сынама

?

  1. Алдыңғы ұңғыл бұрышын зерттеу әдiсi:

  1. офтальмоскопия

  2. биомикроскопия

  3. ретиноскопия

  4. гониоскопия

  5. өтпелi жарық

?

  1. Флюоресцеин сынама қандай мақсатта қолданылады:

  1. көз алмасының ығысуын анықтау үшін

  2. қарашық аралығын өлшеу үшін

  3. қасаң қабықтың эпителии жоқ аймақтарын анықтау үшін

  4. қасаң қабықтың сезімталдығын анықтау үшін

  5. алдыңғы камера ылғалының бұлыңғырлауын анықтау үшін

?

  1. Қандай зерттеу әдісі көз ортасының жағдайын бағалауға мүмкіндік береді:

  1. сыртқы

  2. бүйірден (фокальді) жарық түсіру

  3. өтпелі жарық

  4. офтальмоскопия

  5. флюоресцентті

?

  1. Жас безінің қызметін зерттеу үшін қандай сынама жүргізеді:

  1. Кравкова-Пуркинье

  2. Ширмер

  3. Гиршберг

  4. тазартумен

  5. жеңілдетумен

?

  1. Көздің мөлдір ортасын зерттеу әдісі

  1. гониоскопия

  2. офтальмоскопия

  3. ретинография

  4. флюоресцентті ангиография

  5. өтпелі жарық свет

?

  1. Нұрлы қабық пен цилиарлы дененің қанмен қамтамасыз етілуі жүзеге асады:

  1. ұзын артқы цилиарлы артериялармен

  2. қысқа артқы цилиарлы артериялармен

  3. торлы артериялармен

  4. қабақтың медиалды артерияларымен

  5. жас артериясымен

?

  1. Жоғарғы көз саңылауы арқылы қандай элементтер өтеді:

  1. көру нерві және көз артериясы

  2. көзқозғалтатын, блоктәрізді, әкететін нерв, үшкіл нервтің I бұтағы, жоғарғы көз венасы

  3. көру нерві, көзқозғалтатын, блоктәрізді, жоғары көз көктамыры

  4. жоғарғы көз көктамыры, көз артериясы, көзқозғалтатын нерв

  5. көзқозғалтатын нерв, үшкіл нервтің I бұтағы, жоғарғы көз көктамыры

?

  1. Қабақтың қатпарларын алдыдан артқы қарай санамалаңыз:

  1. тері, теріасты клетчатка, шеміршек, дөңгелек бұлшықет, конъюнктива

  2. тері, теріасты клетчатка, дөңгелек бұлшықет, шеміршек, конъюнктива

  3. тері, дөңгелек бұлшықет, теріасты клетчатка, шеміршек, конъюнктива

  4. конъюнктива, теріасты клетчатка, шеміршек, дөңгелек бұлшықет

  5. тері, конъюнктива, дөңгелек бұлшықет, шеміршек

?

  1. Сивцев-Головин кестесі бойынша көру өткірлігі қандай қашықтықтан анықталады:

  1. 2 м

  2. 3 м

  3. 4 м

  4. 5 м

  5. 7 м

?

  1. Сау адамдардағы көру өткірлігінің ең жиі шегі:

  1. 1,0

  2. 1,5

  3. 2,0

  4. 3,0

  5. 5,0

?

  1. Гемианопсия деген не:

  1. көк түстің түсуі

  2. көру аумағының ошақты көрінуі

  3. жасыл түсті түсуі

  4. көру аумағының жартылай түсуі

  5. көру аумағының концентриялы тарылуы

?

  1. Науқас сол жақ көзінің алдында үнемі қара дақты сезінетіндігіне және осы аумақта ештеңе көре алмайтындығына шағымданады.

Аталған симптомға анықтама беріңіз?

  1. теріс скотома

  2. қатысты скотома

  3. абсолютті оң скотома

  4. орталық скотома

  5. ангиоскотома

?

  1. Бинокулярлы көрудің болмауының негізгі сыртқы белгісін атаңыз:

  1. монокулярлы көру

  2. бір мезгілде көру

  3. қылилық

  4. диплопия

  5. птоз

?

  1. Көру өткірлігін нақты айту үшін зерттеуді қай қатардан бастау керек:

  1. 1

  2. ортадан

  3. 11

  4. 12

?

  1. Қандай қарапайым тәжірибенің көмегімен бинокулярлы көрудің барлығын анықтауға болады:

  1. Рабкин кесте бойынша

  2. Гиршберг әдісі

  3. алақандағы "тесік"

  4. Кравков-Пуркинье сынамасы

  5. көлеңкелі сынама

?

  1. Көздің қандай жарақаты өтіп жаралануы деп аталады:

  1. қабақтың жарақаты

  2. конъюнктиваның жарақаты

  3. қасаң қабықтың беткейлі қабаттары мен склераның жарақаты

  4. сыртқы қабықтың барлық қабаттарын қамтып өтетін жарақат

  5. кірмелі және шықпалы тесігі бар көздің жарақаты

?

  1. Көз контузиясы мүмкін болатын механизмін көрсетіңіз:

  1. өздігінен пайда болу

  2. сәуленің әсері

  3. үшкір затпен көзге тиген соққы

  4. доғал затпен көзге тиген соққы

  5. үлкен жылдамдықта шағын бөгде денеден тиген соққы

?

  1. Гифема деген не:

  1. артқы ұңғылға қан құйылу

  2. қасаң қабыққа қан құйылу

  3. алдынғы ұңғылға қан құйылу

  4. бұршаққа қан құйылу

  5. шыны тәрізді денеге қан құйылу

?

  1. Қабақ эмфиземасының белгісі болатын симптомы:

  1. крепитация

  2. экзофтальм

  3. энофтальм

  4. теріасты гематома

  5. «көзілдірікті»

?

  1. Гемофтальм деген не:

  1. артқы ұңғылға қан құйылу

  2. қасаң қабыққа қан құйылу

  3. алдыңғы ұңғылға қан құйылу

  4. бұршақтың қан құйылу

  5. шынытәрізді денеге қан құйылу

?

  1. Аталған жарақаттардың қайсысы микрожарақаттарға жатады:

  1. конъюнктиваның және қабықтың жарылуы

  2. қабақтың жарылуы

  3. шағын көлемдегі ойық жарақаттар

  4. конъюнктиваның және қасаң қабықтағы бөгде денелер

  5. көздiң iшiндегi ұсақ бөгде денелер

?

  1. I дәрежелi күйiк жағдайында қасаң қабық қандай:

  1. көп мөлшерде қасаң қабытың қара түстi қараутуы

  2. қасаң қабықтың сәл iсiнуi, эрозиясы

  3. шектелген интенсивтi қарауыту, бірақ шектелген

  4. кең таралған бұлыңғыр шыны тәрiздi қарауыту

  5. көп аумақта фарфор тәрiздi қарауыту

?

  1. Иридоциклит кезінде қабынуға қарсы құралдар:

  1. антибиотиктер

  2. сульфаниламидтер

  3. кортикостероидтер

  4. зәр айдайтын

  5. десенсибилизациялайтын

?

  1. Көздің алдыңғы кесіндісіндегі өтіп жаралануың салыстырмалы белгілері:

  1. гипотония, таяз алдыңғы ұңғыл

  2. таяз алдыңғы ұңғыл, жоғарлаған КІҚ

  3. терең алдыңғы ұңғыл, жоғарлаған КІҚ

  4. орта тереңдіктегі алдыңғы ұңғыл және қалыпты КІҚ

  5. гипотония, терең алдыңғы ұңғыл

?

  1. Көздің артқы кесіндісіндегі өтіп жаралануың салыстырмалы белгілері:

  1. гипотония, таяз алдыңғы ұңғыл

  2. таяз ұңғыл, жоғарлаған КІҚ

  3. гипотония, терең алдыңғы ұңғыл

  4. терең алдыңғы ұңғыл, жоғарлаған КІҚ

  5. орта тереңдіктегі алдыңғы ұңғыл және қалыпты КІҚ

?

  1. Жоғары дәрежелі миопиямен ауыратын науқас басына тиген соққыдан кейін сырттан пайда болған пердеге шағымданды, перде тәулік бойы түсіп көруі күрт төмендеген. Себебін анықтаңыз?

  1. трихиаз

  2. птоз

  3. қасаң қабықт паннусы

  4. ішкі сегменттегі тор қабықтың қатпарлануы

  5. сыртқы сегменттегі тор қабықтың қатпарлануы

?

  1. Жарақатта шығып тұрған қандай бөгде денені жалпы профильді дәрігердің алуға құқы жоқ:

  1. ағаш

  2. металл

  3. шыны

  4. көмір үгіндісі

  5. балық аулайтын ілмек

?

  1. Жарылыстан зардап шегушінің көзін тексеру барысында Сіз ұзындығы 10 мм болатын сымды байқадыңыз.

Сіздің әрекетіңіз?

  1. сымды алмай тұрып байлам салу

  2. сымды алып тастау, сонымен болды

  3. сымды алып тастау, дез. құралдар тамызу, бинокулярлы байлам таңу

  4. дез. құралдар тамызу, окулистке жіберу

  5. ештеңе жасамау

?

  1. Қасаң қабықтың перфорациясы қауіпі көрсететін белгі:

  1. гипопион

  2. гифема

  3. алдыңғы терең ұңғыл

  4. кератоглобус

  5. десцеметоцеле

?

  1. Қасаң қабық жарасы бар 30 жасар науқаста тексеру барысында созылмалы дакриоцистит анықталды.

Алғашқы кезекте қандай отаның түрі жасалу керек?

  1. қасаң қабық скарификациясы

  2. кератопластика

  3. дакриоцисториностомия.

  4. кератопротездеу

  5. некрэктомия

?

  1. Анықталмаған этиологиялы увеиттер кезінде науқастарға қандай препараттар ұсынылады:

  1. антигипоксанттар

  2. витаминдер

  3. тінді

  4. гиполипидемиялы

  5. кең спектрде әсер ететін антибиотиктер

?

  1. Иридоциклит кезіндегі алғашқы көмек тағайындауда:

  1. десенсибилиздеуші препараттарды

  2. аналгетиктерді

  3. мидриатиктерді

  4. миотиктерді

  5. бета-блокаторларды

?

  1. Иридоциклит кезінде екіншілік глаукоманың даму себептері:

  1. бұршақ эктопиясы

  2. шынытәрізді дененің бұлыңғырлануы

  3. қарашықтың тұтасуы, бітелуі

  4. мидриаз

  5. преципитаттар

?

  1. Тор қабықтың орталық артериясының қан айналымның жедел бұзылуы кезіндегі алғашқы көмек:

  1. гемостатиктер

  2. аналгетиктер

  3. әкететін

  4. седативті

  5. тамыр кеңітетін препараттар

?

  1. Үлкендердегі дакриоциститтің ең тиімді терапиясы:

  1. жас шығару нүктелерін коникалық зондтармен кеңейту

  2. дакриоцисториностомия

  3. жас қабы экстирпациясы

  4. жас қабын ашу және тесу

  5. мұрын және жас каналы шығу тесігінің кеңеюі

?

  1. Инфильтрация кезеңіндегі теріскенді дұрыс емдеу жолын көрсетіңіз:

  1. антибактериалды тамшылар, антибактериалды жақпалар, құрғақ жылу немесе УВЧ

  2. дәстүрлі емес медицинаның әдістерін қолдану

  3. инфильтрат орнына антибиотиктер инъекциясын салу, инфильтратты ашу

  4. УВЧ, түкті қаптың диатермокоагуляциясы

  5. инфильтратты ашу, кірпіктер эпиляциясы

?

  1. Офтальмотонусты төмендету үшін қандай препарат қолданылады:

  1. 1% пилокарпин ерітіндісі

  2. О,5% гентамицин ерітіндісі

  3. О,5% атропин ерітіндісі

  4. 3% иодид-калий ерітіндісі

  5. 1% мезатон ерітіндісі

?

  1. Баланың көзіне бұтақ тиіп, соққы алған. Жас ағуға, жарықтан жасқанатынына шағымданады. Тексеру барысында аралас иньекция, қасаң қабықтың ісінуі анықталды, бір бөлігінде жылтырлық жоқ.

Диагноз?

  1. травматикалық кератит

  2. кератопатия

  3. кератоконус

  4. қасаң қабық жарасы

  5. қасаң қабықтың травматикалық жарасы

?

  1. Жасөспірім көзінен соққы алған. Жарты жылдан соң кездейсоқ көзінің көрмейтінін байқаған. Тексеру барысында – көз тыныш, қарашығы ақшыл-сұр түсті. Көру өткірлігі – жарықты дұрыс проекциялай отырып сезінеді.

Диагноз?

  1. травматикалық катаракта

  2. екіншілік катаракта

  3. лентиконус

  4. микрофакия

  5. сферофакия

?

  1. Науқастың көзіне өндіріс орнында күкірт қышқылы тамған. Зардап шегуші көзін өзі жуып тастаған. Тексеру кезінде конъюнктиваның ісіну, сұр түсті аумақтары бар қызаруы, қасаң қабықта күңгірт шыны секілді диффузды тұнба анықталған.

Диагноз?

  1. конъюнктиваның қышқылдан І дәрежелі, қасаңқабықтың І дәрежелі химиялық күйігі

  2. конъюнктиваның қышқылдан ІІ дәрежелі, қасаңқабықтың ІІ дәрежелі химиялық күйігі

  3. конъюнктиваның қышқылдан ІІІ дәрежелі, қасаңқабықтың ІІІ дәрежелі химиялық күйігі

  4. конъюнктиваның қышқылдан ІІ дәрежелі, қасаңқабықтың ІІІ дәрежелі химиялық күйігі

  5. конъюнктиваның қышқылдан ІV дәрежелі, қасаңқабықтың ІV дәрежелі химиялық күйігі

?

  1. Екі сағат бұрын ер адамның көзіне мүсәтір спирты тамып кетті. Объективті – қасаң қабық ісінген, кедір-бұдырлы. Көзіне флюоресцеин тамызғаннан кейін қасаңқабық жасыл түске боялды.

Сіздің диагноз?

  1. жарақатты кератит

  2. қасаңқабықтың 1 дәрежелі термиялық күйігі

  3. қасаңқабықтың 1 дәрежелі химиялық күйігі

  4. қасаңқабықтың 2 дәрежелі химиялық күйігі

  5. қасаңқабықтың 3 дәрежелі химиялық күйігі

?

  1. Науқаста миында нейрохирургиялық отадан соң лагофтальм дамыды.

Қандай бұлшықет жұмыс істемейді, қандай нерв зақымданған (бас сүйек-ми нервтерінің қандай жұбы)?

  1. сыртқы тік, көзқозғалтатын (III жұп)

  2. ішкі тік, көзқозғалтатын (III жұп)

  3. жоғарғы тік, көзқозғалтатын (III жұп)

  4. жоғарғы қиғаш, блокты (IV жұп)

  5. қабақтың дөңгеленген бұлшықеті, беттік (VII жұп)

?

  1. Лагофтальм кезінде жүргізу қажет:

  1. дезинфициялайтын тамшыларды енгізу, УКС

  2. кератопротекторларды енгізу, УКС

  3. ГКС енгізу, магнитотерапия

  4. уақытша лейкопластырлы байлам, блефароррафияны

  5. монокулярлы байлам, лазерстимуляцияны

?

  1. Герпетикалық кератиттердің беттік түрлерін емдеуде ең тиімді болып табылатын қолдану:

  1. интерферондар мен интерфероногендер

  2. кортикостероидтер

  3. антибиотиктер

  4. кератопротекторлар

  5. пептидты биорегуляторлар

?

  1. Науқас Н. 26 жаста, токарь. Жұмыс кезінде оң көзіне темір жоңқасы түскен. Объективті: Vis 0,1 түзетілмейді./1,0; OD-көз саңылауы тарылған, жарықтан жасқану, жас ағу, көз алмасының біркелкі аралас иньекциясы. Көз алмасын саусақпен басу кезінде жұмсақ, жеңіл ауырсынады. Қасаң қабықта төменге қарай сәл оғаштық –ұзындығы 5 мм сызықты жара, нұрлы қабық шетіне қысылған. Қарашығы жараға қарай жылжыған, алдыңғы ұңғыл жоқ, биіктігі 1 мм гифема. Көз түбінің рефлексі алқызыл, бірақ офтальмоскопия қиындық тудырады.

Сіздің диагноз?

  1. қасаң қабықтағы бөгде дене

  2. көз алмасының контузиясы

  3. травматикалы кератит

  4. геморрагиялы иридоциклит

  5. нұрлы қабықтың шығуымен қасаң қабықтың өтіп жаралануы

?

  1. Қылилығы бар бала 5 жаста. Тексеру барысында: а/. көз алмасының қозғалу көлемі сақталған; б/. бинокулярлы көрудің бұзылуына қарамастан, екіге бөлініп көру жоқ; в/. біріншілік бұрыштың ауытқуы екіншіге тең.

Қылилықтың қандай түрі туралы айтуға болады?

  1. алмасатын

  2. үйлескен

  3. монолатералды

  4. салдық

  5. аккомодациялы

?

  1. 14 жастағы жасөспірімде бас ауруынан соң, екіге бөлініп көрудің болғанын байқаған; тексеру барысында: оң көздің сыртқа қозғалуы шектеулі, қылилықтың екіншілік бұрышы біріншісінен көбірек.

Қылилықтың қандай түрі туралы айтуға болады?

  1. алмасатын

  2. -үйлескен

  3. монолатералды

  4. салдық

  5. аккомодациялы

?

  1. Катарактаны емдеу стандарты:

  1. лазерлі дисцизия

  2. реклинация

  3. факоэмульсификация

  4. медикаментозды емдеу

  5. медикаментозсыз емдеу

?

  1. Гемофтальммен ауыратын науқасқа емдеу тағайындаңыз:

  1. гемостатиктер, 4 күннен бастап – сіңіретін препараттар

  2. 1 күннен бастап – сіңіретін препараттар

  3. антибактериалды тамшылар

  4. антигипоксанттар, антиоксиданттар

  5. консервативті емдеу көрсетілмеген

?

  1. Науқас көруінің бұзылғандығына шағымданып келді. 2 аптадан бері ауырған. Обьективті: екі көздің көруі 0,2 дейін төмендеген. Көру кеңістіггінде сол жақ жартыларының түсуі. Көру – нерв жолдарының зақымдану деңгейі мен көру аумағының түрін анықтау?

  1. гомонимді сол жақты гемианопсия; зақымдану деңгейі – көру трактының оң сабағы

  2. гомонимді сол жақты гемианопсия; зақымдану деңгейі – көру трактының сол сабағы

  3. гетеронимді битемпоральді гемианопсия; зақымдану деңгейі – хиазманың ішкі шоғыры

  4. гетеронимді биназальді гемианопсия; зақымдану деңгейі – хиазманың сыртқы шоғыры

  5. гомонимді оң жақты гемианопсия; зақымдану деңгейі – көру трактының оң сабағы

?

  1. Науқасты тексеру кезінде өтпелі жарықта алқызыл рефлекс анықталды, онда қозғалатын қара сызықтар мен нүктелер байқалады. Көруі біршама төмендеген.

Аталған науқаста болжауға болады?

  1. катарактаның бастапқы стадиясын

  2. жетілмеген катарактаны

  3. жетілген катарактаны

  4. қатты жетілген катарактаны

  5. шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы

?

  1. Науқас Г. 69 жаста, сол көзінің көруі кенеттен жоғалған. Бұрынырақ қысқамерзімді өткінші соқырлық ұстамалыры мазалаған. Терапевттің тіркеуінде гипертониялық аурулар бойынша тұр. Қарағанда: Yis OD/OS=1,0/0,OS – көз түбінде: КНД солғын-алқызыл, тор қабықты қоршаған ісіктен шеттері жеңіл көлегейленген,ақ сүт түсті. Тамырлардағы қан ағысы сегментарлы. Ісінген тор қабық аясында макулярлы аумақтын орталық шұңқыры тым ашық болып көрінеді.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады?

  1. Тор қабықтың орталық венасының тромбозы

  2. Көру нервінің васкулиті

  3. Тор қабықтың орталық артериясының қан айналымының бұзылуы

  4. КН артериалды қан айналымның бұзылуы

  5. КН венозды қан айналымның бұзылуы

?

  1. Науқас В. 32 жаста, жол-көлік оқиғасынан соң нейротравматологиялық бөлімшеге жатқызылды. Окулистің тексерісі келесіні анықтады: толық офтальмоплегия, птоз, қасаң қабықтың, жоғары қабақ, маңдай-самай терілерінің анестезиясы.

Төменде аталған белгілердің қайсысы науқаста байқалады?

  1. синдром Редлих синдромы

  2. симптом Флатау синдромы

  3. жоғарғы-шаралық саңылауының синдромы

  4. ПТИ синдромы

  5. Нотнагель синдромы

?

  1. Науқас әйел К. 28 жаста, сол көзінің көруінің төмендеуіне байланысты окулистің қабылдауына келді. Қарағанда: VisOD/OS=1,0/0,5 түзетілмейді, көру аумағында – қызыл түске көбірек біркелкі емес тарылуы. Көз түбінде – КНД қызарған, шеттері көмескі, диск тіні ісінген, тамырлы шұңқыр жоқ, КНД қан құйылған, тамырлар бойында экссудаттар түйіні. Артериялар, веналар кеңейген.

Төменде аталған белгілердің қайсысы науқаста байқалады?

  1. іркілген емізікше

  2. алдыңғы ишемиялы нейропатия

  3. артқы ишемиялы нейропатия

  4. көру нерві невриті

  5. КНД екіншілік атрофиясы

?

  1. Балада қабағының қалың етінде бұршақ көлеміндей тығыз – иілмелі ауырсынусыз байлам сезіледі. Байлам астындағы тері қозғалысты, өзгермеген. Байлам маңайында конъюнктива қызарған.

Ең ықтимал диагноз?

  1. блефарит

  2. теріскен

  3. мейбомиит

  4. қабақ абсцесі

  5. халазион

?

  1. Науқас оң көзінің ішкі бұрышындағы ауруына, дене қызуының көтерілуіне, бас ауруына және жалпы әлсіздікке шағымданды. Қарағанда: жас қабының оң жағында гиперемия, ісік және қатты ауырсыну. OD қабақтың және мұрын мен бетке жақын жатқан аумақтың ісуі.

Ең ықтимал диагноз?

  1. іріңді конъюнктивит

  2. дакриоаденит

  3. дакриоцистит

  4. гидропс

  5. жас қабы флегмонасы

?

  1. Науқастың қабағында «көбелектер қанаты» тәріздес симметриялы орналасқан сарғыш түсті майлар бар.

Сіздің диагноз?

  1. қабақ папилломасы

  2. қабақ фибромасы

  3. қабақ сарысулы ісігі

  4. қабақ ксанталазмасы

  5. қабақ атеромасы

?

  1. Егер көру аумағында гетеронимді битемпоральді гемианопсия анықталса, зақымдану ошағы қайда орналасады:

  1. хиазманың алдыңғы бөлігінде

  2. хиазманың артқы бөлігінде

  3. хиазманың орта бөлігінде

  4. хиазманың қиғаш бөлігінде

  5. хиазманың бүйір бөлігінде

?

  1. Науқаста гипертониялық аурулар мен айқын атероскле­роз әсерінен аяқ астынан және күрт оң көзінің көруі төмендеді.

Аталған жағдайда қандай патология туралы ойлауға болады?

  1. тор қабықтың орталық артериясының жедел түйілуі немесе тор қабықтың орталық көктамырының тромбозы

  2. көрі нерві дискісінің іркілуі немесе витреохориоретиналды дистрофия

  3. тор қабықтың кәрілік дегенерациясы немесе тор қабықтың қатпарлануы

  4. катаракта немесе глаукома

  5. ретробульбарлы неврит немесе гипертониялы ангиосклероз

?

  1. Ревмокардиті бар науқаста көз түбінде «шие сүйегі» симптомы мен көздің көруінің жылдам төмендеуі болған жағдайда қандай көз патологиясын болжауға болады:

  1. тор қабықтың орталық көктамырының тромбозы

  2. Коатс ретиниті

  3. тор қабықтың орталық артериясының эмболиясы

  4. макулодистрафия

  5. тор қабықтың қатпарлануы

?

  1. Гипертониялы ауру, атеросклерозбен ауыратын науқаста «езілген қызанақ» симптомы мен көздің көруінің жылдам төмендеуі болған жағдайда қандай көз патологиясын болжауға болады:

  1. тор қабықтың орталық көктамырының тромбозы

  2. Коатс ретиниті

  3. тор қабықтың орталық артериясының эмболиясы

  4. макулодистрафия

  5. тор қабықтың қатпарлануы

?

  1. Глаукоманың жедел ұстамасы кезінде көз түбінде рефлекстің болмау себебі:

  1. шынытәрізді дененің бұлыңғырлануы

  2. бұршақтың болмауы

  3. алдыңғы ұңғыл ылғалының бұлыңғырлануы

  4. қасаң қабықтың ісінуі

  5. ретинальді геморрагиялар

?

  1. Иридоциклит кезінде нұрлы қабықтың ісіну себебі:

  1. нұрлы қабық көлемінің өсуі

  2. шыны тәрізді дененің қарауытуы

  3. алдыңғы ұңғыл ылғалының опалесценциясы

  4. преципитаттар

  5. айнала артқы синехия

?

  1. Төменгі қабақтағы көздің ішкі бұрышындағы жараны бірінші хирургиялық өңдеудің ерекшелігі:

  1. Мицкевич бойынша 8 тәрізді тігіс салу

  2. зақымдалған төменгі жас өзекшенің ұшын анатомиялық тұрғыдан бірлестіргеннен кейінгі жараны тігу

  3. зақымдалған төменгі жас өзекшенің ұшын анатомиялық тұрғыдан бірлестірмей жараны тігу

  4. 2 қабатты тігіс салу

  5. жас жолдарын алдын ала шайып алғаннан кейін тігіс салу

?

  1. Қант диабетімен ауыратын науқаста кенеттен көз алдында қызыл бүркеніш пайда болды.

Сіз болжаған диагноз?

  1. глаукоманың жедел ұстамасы

  2. катаракта

  3. гемофтальм

  4. ретинобластома

  5. Тор қабықтың тромбозы

?

  1. Науқас оң көзінде бөгде денені сезінетініне, жыпылықтаудың жиілігіне, жас ағуына, қызаруына шағымданды. Тексеру кезінде қабақтың кірпікті шетінің көз алмасына бұрылғаны, көз алмасының беткейлік инъекциясы анықталды. Кірпікпен байналысатын аумақта қасаң қабығының эрозиясы.

Ең ықтимал диагноз?

  1. конъюнктивит

  2. қасаң қабық жарасы

  3. энтропион

  4. эктропион

  5. блефарит

?

  1. Науқасты тексеру барысында жоғарғы қабақтың шеті қасаң қабықты 2 мм –ге жауып тұратыны анықталды. Жоғарғы пальпебральді жылғасы әлсіз айқындалады.

Ең ықтимал диагноз?

  1. жоғары қабақ колобомасы

  2. жоғары қабақ птозы

  3. жоғары қабақтың бір жаққа қарай ауытқуы

  4. жоғары қабақтың айналуы

  5. блефарохалазис

?

  1. Науқас суық күн және жел кездерінде үдеп кететін, үздіксіз жас ағатынына шағым білдірді. Тексеру кезінде диаметрі 0,25 мм аз жас нүктесінің тесігі анықталды.

Ең ықтимал диагноз?

  1. жас нүктесінің тарылуы

  2. жас нүктесінің айналуы

  3. жас каналының қабынуы

  4. жас қабының қабынуы

  5. жас безінің қабынуы

?

  1. Глаукоманың жедел ұстамасы кезіндегі жедел көмек:

  1. миотиктерді тағайындау, осмотерапия және әсерді бұратын дәрі-дәрмектер

  2. мидриатиктерді тағайындау, осмотерапии

  3. ауруды басатын дәрілерді басымырақ тағайындау

  4. қабынуға қарсы емдеу

  5. гормонотерапия тағайындау

?

  1. Науқас үздіксіз жас ағатынына шағым білдірді. Тексеру кезінде жас нүктесі жас көлшігіне батпаған, сыртқа қарай шыққан.

Ең ықтимал диагноз?

  1. жас нүктесінің тарылуы

  2. жас нүктесінің айналуы

  3. жас каналының қабынуы

  4. жас қабының қабынуы

  5. жас безінің қабынуы

?

  1. Контузия кезіндегі экзофтальм мен теріасты эмфиземасының себебі:

  1. көз шарасы гемангиомасы

  2. көз шарасы аневризмасы

  3. көз шарасы ісігі

  4. көз шарасы эхиннококы

  5. параназальді синустарға ауаның түсуі

?

  1. Жаңа туған нәрестені тексеру кезінде көздерінің ерекше айқын, үлкен екенін анықтаған.

Жаңа туған нәрестеден қандай ауруларды шығаруға болады?

  1. макрокорнеа, екі көздің туа біткен глаукомасын

  2. туа біткен катаракта, екі көздің глаукомасын

  3. туа біткен жақыннан көрушілік, екі көздің катарактасын

  4. ретинобластоманы, екі көздің глаукомасын

  5. екі көздің туа біткен глаукомасын

?

  1. Науқас С., 45 жаста, «жедел жәрдеммен» сол жақ көзі көруінің жедел төмендеуі, сол жақ самайы мен жоғары жағынан болған ұстамалы ауруымен ауруханаға жеткізілді, невролог, стоматолог, окулист тарапынан тексерілді. Науқас ешқашанда көз ауруымен ауырмаған. Анықталғандай ұстама басталғаннан 4 сағат бұрын оған асқазан жарасы ауруының асқынуына байланысты бұлшықет асты атропин инъекциясы жасалған. Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы ықтимал?

  1. үшкіл нерв невралгиясы

  2. глаукоманың жедел ұстамасы

  3. жедел иридоциклит

  4. жедел кератит

  5. nervus supraorbitalis невралгиясы

?

  1. Жоғарыдан перденің пайда болуы тор қабықтың ажырауының білдіреді:

  1. жоғары

  2. төмен

  3. самай жақтан

  4. мұрын жақтан

  5. орталықтан

?

  1. Қабылдауға 60 жастағы ер адам оң жақ көзінен жас ағып, қызаратынына шағымданып келді. Қарағанда: OD көз саңылауы зақымданған жағына қарай кеңейген, қабақ босаң, көз алмасына жанаспайды. Қабақты жабуға әрекеттенгенде көз саңылауы ашық қалпында қалады.

Ең ықтимал диагноз?

  1. блефарохалазис

  2. птоз

  3. энтропион

  4. эктропион

  5. лагофтальм

?

  1. Науқас 51 жаста. 3 күн бұрын оң жақ көзіне бірдеңе түскен. Жас ағу, жарықтан қорқу, OD-да бөгде денені сезінетіндігіне шағымданған. Қарағанда: ОD–көз алмасының төменгі сегментінде біркелкі аралас иньекция. Лимбтағы қасаң қабықта сағат тілінің 6-да - флюоресцеинмен боялған, ағаш бұтақтары тәрізді инфильтрат. Қасаң қабықтың сезімталдығы жоқ.

Сіздің диагноз?

  1. біріншілік ағаштәрізді герпетикалық кератит

  2. біріншіден кейінгі ағаштәрізді герпетикалық кератит

  3. паренхиматозды кератит

  4. туберкулезды кератит

  5. саңырауқұлақтыкератит

?

  1. 50 жастағы 2 дптр миоп қандай көзілдірікті түзетуге мұқтаж:

  1. минус 2,0 дптр алыстан

  2. 2,0 дптр жақыннан

  3. плюс 2,0 дптр жақыннан

  4. плюс 4,0 дптр жақыннан

  5. көзілдірік көрсетілмеген

?

  1. Егер жинақтау линзасы көруді нашарлатса, ал шашыратқыш жақсартса, онда ол:

  1. миопия

  2. эмметропия

  3. гиперметропия

  4. пресбиопия

  5. гемералопия

?

  1. Туа біткен глаукома кезінде қандай емдеу әдісі тиімді:

  1. хирургиялық

  2. консервативты

  3. лазерлі

  4. ультрадыбысты

  5. біріккен

?

  1. Бастапқы кәрілік катарактасын медикаментозды емдеу:

  1. левомицетин

  2. максидекс

  3. азопт

  4. мидриацил

  5. квинакс

?

  1. 75 жастағы науқас әйел екі көзінің көруінің ауырсынбай, еш себепсіз төмендегеніне шағымданып келді. Анамнезінде: гипертониялы ауру. Қарағанда: VisOU=0,3 түзетілмейді. Көру аумағы 30-40 градусқа дейін тарылған. Көру нерві дискілері солғын, шеттері анық, тамырлар біркелкі тарылған.

Сіздің диагноз?

  1. жасқа байланысты макулярлы дегенерация

  2. гипертониялы агниопатия

  3. гипертониялы агниосклероз

  4. гипертониялы ретинопатия

  5. көру нервінің біріншілік жартылай атрофиясы

?

  1. Тотальді ақ шелді емдеу әдісі:

  1. медикаментозды сіңіретін

  2. қабынуға қарсы

  3. антибактериалды

  4. этиологиялы

  5. кератопротездеу

?

  1. Жетілген кәрілік катарактасын емдеу:

  1. контакты түзету

  2. емдеуге жатпайды

  3. дәруменді тамшылар

  4. катарактаны экстракциялау

  5. көзілдірікті түзету

?

  1. Ангулярлы коньюнктивиттерді емдеу:

  1. нитрат серебра, глюкоза

  2. цинк сульфаты, ципрофлоксацин

  3. атропин, гидрокортизон

  4. олопатадин, кетотифен

  5. флуконазол, амфотерицин В

?

  1. Хламидиялы коньюнктивиттерді емдеу:

  1. полудан, оксолин жақпасы

  2. офтальмоферон, теброфен жақпасы

  3. атропин, гидрокортизонды жақпа

  4. сульфацетамид, эритромицин жақпасы

  5. флуконазол, нистатин жақпасы

?

  1. Саңырауқұлақты коньюнктивиттерді емдеу:

  1. офлоксацин, тетрациклин

  2. офтальмоферон, оксолин

  3. атропин, гидрокортизон

  4. олопатадин, кетотифен

  5. амфотерицин, нистатин

?

  1. Ақ шелдің көп көлемде тамырлануы кезінде қасаң қабықтың мөлдірлігін кератопластиканың көмегімен қалпына келтіру мүмкін болмағанда, ал тор қабықтың жұмыс істеу қабілеті сақталған, жүргізеді:

  1. кератотомияны

  2. кератомилез

  3. интрастромальді сақиналарды енгізуді

  4. кератопротездеуді

  5. кератэктомияны

?

  1. Қасаң қабықтың тініне еніп кеткен бөгде денені биомикроскопиялау кезінде алады:

  1. дымқыл мақта тампонының көмегімен

  2. инъекциялы иненің ұшының көмегімен

  3. пинцеттің көмегімен

  4. дәкелі тампон көмегімен

  5. магнит көмегімен

?

  1. Көздің химиялық күйігі кезінде жедел дәрігерлік көмекке кіреді:

  1. бинокулярлы таңу, көз стационарына көлікпен жеткізу

  2. коньюнктивалды қуысты ұзақ уақыт суық сумен жуу, төменгі қабақтың астына 1% тетрациклинді жақпа, сіреспе ауруына қарсы сарысу мен анатоксин

  3. антибактериалды тамшыларды тамызу, төменгі қабақтың астына 1% тетрациклинді жақпа, сіреспе ауруына қарсы сарысу мен анатоксин

  4. коньюнктивалды қуысты ұзақ уақыт суық сумен жуу, төменгі қабақтың астына 1% гидрокортизды жақпа, сіреспе ауруына қарсы сарысу мен анатоксин

  5. коньюнктивалды қуысты ұзақ уақыт суық сумен жуу, төменгі қабақтың астына 1% тетрациклинді жақпа, сіреспе ауруына қарсы сарысу мен анатоксин

?

  1. Оптикалы невритті емдеуге кіреді:

  1. тамыр тарылтатын, СЕҚҚП

  2. динамикада бақылау

  3. ангиогенез ингибиторлары, лазеркоагуляция

  4. Су Джок терапия

  5. этиотропты, антибактериалды, қабынуға қарсы

?

  1. Электродәнекерлеуші Н., 30 жаста, бірнеше минут қорғанышсыз жұмыс жасаған. 5 сағат өткеннен кейін ауырсыну, түйіліп ауру, екі көзінде күйдіру пайда болды. Ол жақын емханалардағы дәрігерге келді. Тексеру кезінде ОU – қабақ конъюнктивасы мен көз алмасының анық байқалатын гиперемиясы, қасаң қабықтағы көптеген эрозиялар, жарықтан жасқану, блефароспазм.

Сіздің әрекетіңіз?

  1. салқын сулы дәкені тарту, кез келген анестетикті тамызу, 0,25% левомицетин ерітіндісін тамызу

  2. салқын сулы дәкені тарту, кез келген анестетикті тамызу, 0,1% адексаметазон ерітіндісін тамызу

  3. салқын сулы дәкені тарту, кез келген анестетикті тамызу, 1% гидрокортиз жақпасын жағу

  4. көп мөлшердегі салқын ағынды сумен шаю, кез келген анестетикті тамызу, қара көзілдірік

  5. кез келген анестетикті тамызу, 30% альбуцид, бинокулярлы таңба

?

  1. Трихиаз кезінде жүргізу қажет:

  1. сіңіретін терапияны

  2. кірпік диатермокоагуляциясын

  3. кірпікті өсіру

  4. ұзақ уақыт траватан тамызу

  5. динамикалы бақылау

?

  1. Науқаста теріскеннен кейін ауырсыну, жоғарғы қабақтың флюктуациямен ісуі, анық байқалатын гиперемия, сол жақтан птоз, интоксикациялы синдром.

Сіздің әрекетіңіз?

  1. УЖЖ, сіңіру терапиясы

  2. антибиотиктер, жергілікті, бұлшықет ішіне

  3. қабақтың бос шетіне перпендикулярлы кесе отырып абсцесті ашу, құрғату

  4. қабақтың бос шетіне параллель кесе отырып абсцесті ашу, құрғату

  5. қабақтың бос шетіне перпендикулярлы кесе отырып абсцесті ашу, жараны тұмшалау

?

  1. Қасаң қабық жарасы бар 34 жастағы науқасты тексеру кезінде созылмалы дакриоцистит анықталды.

Бірінші кезекте отаның қандай түрі жасалады?

  1. қасаң қабық скарификациясы

  2. кератопластика

  3. дакриоцисториностомия

  4. кератопротездеу

  5. некрэктомия

?

  1. Науқасқа суық тигеннен кейін оң жақтағы мимикалық қозғалыс ассиметриясы пайда болды, үнемі жартылай ашық, жыпылықтату қимылы жоқ.

Сіздің диагноз?

  1. птоз

  2. лагофтальм

  3. блефарохалязис

  4. эпикантус

  5. мадароз

?

  1. Конъюнктивадан бөгде денені алып тастағаннан кейін қандай көз тамшылары қолданылады:

  1. дексазон

  2. атропин

  3. дионин

  4. альбуцид

  5. тиммал

?

  1. Конъюнктивадан бөгде денені алып тастағаннан кейін қандай анестетиктер ұсынылады:

  1. 0.5% новокаин

  2. 4% дикаин

  3. 2% лидокаин

  4. 4% ультракаин

  5. анестезия қажет емес

?

  1. Балада жедел респираторлы инфекция ауруында іштің ауырсынуының болуы не жайлы ойлауға болады, егер пальпацияда ол оң жақ мықын аймағы, кіндік аймағы сол қабырға асты аймағына таралса:

  1. жедел аппендиците

  2. мезаденитте

  3. панкреатите

  4. іш астардын туберкулезі

  5. энтероколите

?

  1. Қандай дифференциалді-диагностика белгісі копростазда немесе глистті инвазиялы ішек коликасында болады, жедел аппендицитта емес: