Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Бастаушы мектепте информатикадан өтілетін сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері.

Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік,бақылау және тестік тапсырмалардың,пысықтау сабақтарының,қызықты есептердің жиынтығы болып табылады.Дидактикалық материалдарға енетін өзіндік жеке жұмыстар тек оқыту сипатына,жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі.Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін,дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталған.Бақылау және тесттік жұмыстарды жүргізуде өзіндік жұмысқа қарағанда уақыт көлемі қатаң ескеріледі.Дидақтикалық материалда ұсынылатын тест тапсырмаларының сұрақтары өте анық,түсінікті,ой тұжырымын жасауға өте ыңғайлы болуы тиіс.Тест тапсырмаларды пайдаланып,нәтижесәне талдау жасай келе мынадай қорытынды жасауға болады.Тест тапсырмалар оқушылардың қандай материалды игеріп,қай материалды қандай тәсілмен түсіндіру қажет екенін де анықтауға мүмкіндік береді.Дидактикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы.Ойынның қай түрі болса да,оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі.Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор.Ойые элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігі.Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады.Ал мұның өзі оқушының белсенділігін,дербес ойлануын,қызығуын арттырып,сабақты қабылдауға,барынша қолайлы ықпалын тигізеді.Ойынның қандай түрі болса да жалқау,енжар балалардың ынтасын арттырып,білімген қызықтырады.Дидактикалық ойындар арнайы мақсаты көздейді және нақты міндетті атқарады.Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім,білік және дағдылар жайында түсінік беру,оларды қалыптастыру,тиянақтау және бекіту,қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.Ойынның міндеті баланың қызығушылын туғызып,белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады. . Бастауыш сынып оқушылары мектепке келгенге дейін айналысатын негізгі іс-әрекеті - ойын десек, олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға дағдылануы тиіс. Оқушылардың оқу әрекетіне дағдылануы сабақ барысында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы жүзеге асады. Дидактикалық ойындар – балалар үшін мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындар әрқашан мынадай екі мақсатты көздейді:  - танымдық, яғни балада іздену, тану әрекетін дамыту:  - тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру:  Дидактикалық ойынның маңыздылығы мынада:  1. Дидактикалық ойын балаларды ұстамды, тәртіпті болуды қажет етеді.  2. Әрбір дидактикалық ойын оқушының ақыл-ой қызметін жақсартып, ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады.  3. Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтеді.  4. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.  Дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі төмендегі шарттар орындалған жағдайда артады:  - егер бастауыш сыныптарда қолданылатын ойындар жүйесінде басымдылық дидакатикалық ойындарға берілсе:  - Егер бастауыш сынып мұғалімі балалардың ойын әрекетін ұйымдастыру жолдарын меңгерсе:  Сабақтарда дидактикалық ойындарды өткен материалды пысықтау, қайталау кезінде қолданған пайдалы. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]