Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Бастауыш мектептегі информатиканың басқа пәндермен байланысы

12 жылдық эксперимент сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында қамтылған материалдар – математика, қазақ тілі, сурет, ана тілі пәндерінің элементтерін қамтиды. Демек, информатика пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысы жақсы сақталған.

Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін, әрі ойлау қабілеттерін дамыту компьютердің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Басқа пәндерді компьютерді пайдалана оқытуда бастауыш сынып оқушылары мынадай тапсырмаларды жеңіл орындайды.

*Математика сабағында қарапайым арифметикалық амалдарды орындауға арналған есептер;

*Ана тілі сабағында мәтіндік редактор кеңінен қолданылады, тақырыптық шығарма, құттықтаулар жазуға болады. Бұл балалардың тіл байлығын, ойын тиянақты жеткізе алуын, шығармашылық қабілетін және сауаттылығын айқындайды;

*Бейнелеу өнері, дүниетану сабақтарында графиктік редактордың алатын ролі өте зор. «Тышқан» манипуляторымен жұмыс істеп үйренген оқушы қарындаш, ластик, бояу түстерін, қылқаламды таңдап, әртүрлі геометриялық фигураларды, әртүрлі суреттерді сала алады, түрлі түске бояу дағдылары қалыптасады;

*Ән-күй сабақтарында әмбебап ойнауыш программасын тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл мұғалімнің магнитофон, күйтабақпен жұмысын жеңілдетеді, тақтаға ән мәтінін жазу уақытын үнемдейді. Оқушыларға әр түрлі өлеңдердің әнін тыңдауға, оған өзгертулер енгізуге, өздері орындаған өлеңдерді компьютер арқылы тыңдауға мүмкіндік береді;

*Орыс тілі пәндерінде мультимедиалық программалар арқылы әр түрлі ертегілер тыңдауға, әрі эпизодтық бейнелерді көрсетуге болады. Мұндай сабақтар балалардың есінде ұзақ сақталады, тіпті балалардың пәнге деген, білімге деген құштарлығын арттыра түседі.

Білім тексеру түрлері(ағымдық, тақырыптық, қорытынды.)

 Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару. Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды.

Білімді тексеруге қойылатын талаптар: •    тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді; •    әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады. •    оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

Қазіргі уақыттағы білімді тексеру түрлері:

Тақырыптық тексеру-бүкіл оқу жылының барысында өткізіледі, оның мақсаты – педагогикалық ұжымның, әдістемелік бірлестіктің (ӘБ), бір топ мұғалімнің, жеке мұғалімнің немесе сынып жетекшісінің жұмысындағы нақты бір мәселені терең зерттеу (оқушылардың білім, білік, дағдыларының (ББД) деңгейі, мұғалім немесе сынып жетекшісі жұмысының сапасы, ӘБ жұмысының мазмұны оның проблемалық тақырыбына сәйкестігі, үйірме және факультатив жұмыстарының сапасы, сабақта қауіпсіздік ережелерінің сақталуы, қосымша сабақтардың өткізілуі, т.б.).Тақырыптық тексеру оқу жылының кез-келген уақытында өткізіле береді.

Ағымдағы тексеру-бір тақырыпты аяқтағаннан соң немесе тоқсан, жартыжылдық соңында өткізіледі;

Қорытынды тексеру- 9, 11 бітіруші сыныптардағы емтихандар, БМ жылдық жұмысының нәтижелері болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]