Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Бастауыш мектепте информатика пәнінің мектептің оқу жоспаындағы орны

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ  МАҢЫЗЫ.Елімізде ақпарат ағымы қарқындап, ғылым мен техниканың өркен жаюы өмірге келген баланың даму, өсу, қалыптасу жолын ерекше қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі күнгі  еліміздің білім жүйесінде  оқыту үрдісін тың идеаларға  енгізілген жаңа мазмұнға қамтамасыз ету  міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің  жалпы ұлттық  деңгейдегі  басты мақсаты- Қазақстан Республикасын  әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси  өміріне белсене араласуға дайын,  құзіретті тұлғаны  қалыптастыруға ықпал ету. Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық – психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындап отыр. Бастауыш сыныптарының оқушылары қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан- жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде. Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады. Бұл жастағы баланың алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге қолайлы. Олардың психологиялық өзгерістері, іске іштей жоспар құра білуі қалыптасып, оқытуға жақсы жағдай туғызады.Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәлелденіп отыр.Ғалымдардың, практик-мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар: (5 слайд)

бастауыш сынып оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;

бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау;

Информатика пәні баланың техника құлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал-жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңартуда. Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады: (7 слайд)Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;Ойды логикалы түрде дамыту;Алгоритмдік бідімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнінің элементтерін оқыту барысында жаңа ақпараттық технологияның керемет мүмкіндіктерін кез келген пәнге қолдануға болатындығына көз жеткізу керек. Информатика пәні күнтізбелік – тақырыптық жоспар бойынша әрбір сыныпқа аптасына 1 рет, ал жыл бойына 34 сағаттан жүргізіледі. Бастауыш сыныптарында жүргізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып  алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.Бастауыш сыныптарға арналған бұл бағдарламада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым – қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді, шағын әңгімелерді баспалап, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындап, медиасауаттылық портфолиосында сақтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]