Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Бастауыш мектепте информатика курсын оқулықпен,оқу-әдістемелікжәне бағдарламалық қамтамасыз ету

Информатика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығын болашақ мұғалімнің жалпы орта мектепте информатиканың үздіксіз курсын қазіргі заманғы оқытудың педагогикалық технологиялары негізінде оқытуға теориялық және практикалық дайындығы, білімді ақпараттандыру жағдайында педагогикалық сапасын арттыруға, кәсіби өсуге қабілеттілігі мен икемділігі деп түсінеміз.

Информатика мұғалімінің әдістемелік құзырлылығы құрылымында пәндік және метапәндік құраушыларды бөліп көрсетуге болады.

Пәндік құзырлылық пәнді оқу барысында пәндік дайындық кезінде қалыптасады, ол информатиканы ғылым ретінде оқуға және практикалық іс-әрекет саласына (алғашқы пәндік білім) бағытталған.

Әдістемелік құзырлылықтың метапәндік құраушыларына:

жалпыкәсіби – жалпы гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және жалпы кәсіптік пәндерді оқыту барысында қалыптасады;

базалық – әдістемелік курстарды оқыту және курстық жұмыстарды орындау нәтижесінде, оқу және негізгі мектептегі өндірістік практика барысында әдістемелік құзырлылықтың қалыптасуы;

кәсіби-бағытталған – жоғарғы мектепте өндірістік практика барысында пайда болатын әдістемелік құзырлылықты дамыту;

оқу-зерттеушілік - информатиканың педагогикалық қосымшалары саласында оқушылардың оқу-зерттеушілік іс-әрекеттерін жандандыруға бағытталған.

Информатика мұғалімінің жобалау біліктілігі білім беру үдерісін жобалауда көрінеді (білім беру алаңдарын бөлу, олардың кезеңмен іске асыру тәсілдерін негіздеу, білім беру үдерісінің қатысушыларының іс-әрекеттері мазмұны мен түрлерін жоспарлау).

Информатика мұғалімінің ұйымдастыру біліктілігі тобына:

мотивациялық біліктілік – оқушылардың информатикаға деген тұрақты қызығушылықтарын дамыту, оқу дағдыларын қалыптастыру және проблемалық жағдайларды туызып және оларды шешу арқылы жеке ақпараттық ортаны ұйымдастыру тәсілдеріне оқыту;

ақпараттық-дидактикалық – білім ақпараттық ресурстармен жұмыс істей білу, ақпарат алу және оны білім беру үдерісінің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес қайта өңдеу; қазіргі заманғы оқыту әдістерін, түрлерін және құралдарын қолдану;

дамытушы – әр түрлі оқу пәндерін оқытуда информатиканың әдістерін және АКТ құралдарын меңгеру мен қолдану арқылы танымдық тәуелсіздікке, интеллектуальдық және шығармашылық қабілеттілікке ынталандыру; алгоритмдік және жүйелі ойлауды дамыту;

кәсіпке бейімдеушілік – еңбек нарығында талап етілетін әртүрлі салада ақпараттық іс-әрекет тәжірибелерін жинақтау;

рефлексивтік – мұғалімнің өзіне бағытталған, бақылау-бағалау іс-әрекетіне байланысты.

Информатика мұғалімінің коммуникативтік біліктіліктері ақпараттың әр түрлі көздерін пайдалану арқылы танымдық және коммуникативтік есептерді шешу үдерісінде, информатика мен АКТ құралдарымен бірге іс-әрекет ету біліктіліктерінде көрінеді.

Әдістемелік құзырлылықтың жоғарыда аталған құраушыларына ие болу информатика мұғалімдерінің информатиканы оқытудың қазіргі заманғы түрлері мен әдістерін меңгерулеріне қажетті алдын ала жағдай туғызады.

24.Бастауыш мектеп үшін информатика бойынша оқу және әдістемелік құралдарды талдау

25.Бастауыш мектептегі информатика курсында пайдаланылатын бағдарламалық жабдықтар

Бастауыш сыныптағы информатика негіздері. Бастауыш мектеп информатикасы. Дидактикалық материалдар. Компьютерлік сауаттылық. Электрондық оқу-әдістемелік жасақтамаларына сипаттама.

«Математика және информатика» білім беру саласына кіретін оқу пәнінің нысаны - информатика. Заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептен бастап алғашқы дайындық курсы ретінде ендірудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі мәселелердің бірі болып отыр. Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктерімен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуге пәнаралық байланыста жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауға осы кезеңнен бастау қажеттілігі басты назарда болып отыр. Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне ғылымымызбен біліміміздің өркендеуіне тікелей байланысты. Жаңа информациялық технологияны жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енгізілуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік технологияны пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерге деген көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныптағы және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру. Оқушылардың бастауыш мектеп кезеңіне тән физиологиялық психологиялық ерекшеліктерін пайдалану арқылы жүзеге асырады. Қазіргі кездегі орта білім беру жүйесіндегі информатиканың рөлінің артуы еліміздің информатика мұғалімдеріне үлкен міндет қойып отыр. Бұл пән арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің, ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді. Пәннің мазмұны тек жалпы дамушылық міндеттерді ғана қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге ақпарат туралы ұғымдарды қамтиды. Бастауыш сыныптарда информатика пәнін оқытудың мақсаты:Білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық әлемдік бейнесін қалыптастыру және жеке тұлғаның өзіне қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып дамыту. Өз бетімен білім алу өзін - өзі дамытуға жағдай жасау.Оқушыларға ақпаратты өңдеу, жеткізу және оны пайдалану туралы білімдерді меңгерте отырып, ақпараттық технологияны оқу үрдісінде өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Міндеттері: - Оқыту тәрбиелеу үрдісіндегі информациялық алмасу сипатын айқындау; - Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу; - Білім алушыларға ақпараттың негізгі қасиеттерімен таныстыру, оларды ақпаратты ұйымдастыру жолдары мен алдыға қойылған мақсатты шешуде оқу іс - әрекетін жоспарлай білуге үйрету; - Қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру; - Дайын программаларды қолдана білу шеберлігін арттыру; - Оқушылардың теориялық шығармашылық қабілеттерін арттыру; - Тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру; - Ақпараттық құралдарды ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, дамыту; - Бастауыш мектептің басқа пәндерін оқытуда қолданатын білім алушыларға компьютерді қолданудың алғашқы білігін қалыптастыру. Информатика пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 2 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 3 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 4 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.

Дидактикалық материалдар жинағы 1.Әр торда 5 тотықұстан болса, 2 торда қанша тотықұс болады? 2.Екі үйдің әрқайсысында 9 подъезд бар.Осы 2 үйде барлығы неше подъезд бар? 3.7 жейденің әрқайсысына 2 түймеден қадалды.Жейделердегі барлық түйме қанша? 4.Қоңыздың 6 аяғы бар.3қоңыздың аяғы нешеу? 5.Әжей 5 тәрелкенің әрқайсысына 6 тоқаштан салды.Тәрелкелерге қанша тоқаш салынды? 6.Қорапта 6 қарындаш бар.Осындай 8 қорапта қанша қарындаш болады? 7.Әрқайсысында 4 ойыншық салынған 10 қорап сатып алынды.Борлығы қанша ойыншық алынды? 8.Бір килограмм алма 120 теңге тұрады.2кг алманың құны қанша? 9.Екі литрлік 9 ыдысқа қанша литр тосап құюға болады? 10.Бір жылда 12 ай болатыны белгілі.Ал 3 жылда қанша ай болады?

Компьютерлік сауаттылық (Компьютерная грамотность; computer literacy) — практикалық жұмыстарда компьютерді қолдану біліктілігі. Қазіргі кезде іскерлік пен білім салаларында міндеттілікке айналды; белгілі бір саладағы мәселелерді шашу жолында компьютерді қолдану үшін керекті мүмкіндіктер мен білімдер жиыны. Компьютерді пайдалана отырып, мвліметтер оку, жазу, есептеу, сүрет салу және де акпарат іздеу жолдары. Компьютерлік сауаттылыққа ЭЕМ-де есептеу жүргізу, оқу, жазу, сурет салу, ақпаратты іздей білу т.б. жатады. Жоғары сауаттылық белгісі ретінде компьютерде өз бетінше жұмыс істей білу және оны тиімді қолдану болып табылады.

Қазіргі кезде сауаттылық мағынасын кеңейтетін «жүйелік сауаттылық» термині қолданылады. Бұны «компьютерлік білімділік» деп атаған орынды. Оның негізгі белгілері:

1)      басқа мамандық иесі болған күнде де, компьютерлік кітаптарды, әдебиеттерді үзбей оқу; 

2) соңғы жаңа бағдарламалар мен компьютерлік мүмкіндік туралы кең мағлұматқа ие болу;

3) жұмыс істеу үшін нақты бағдарламалық қамтамасыздандыру құралдарды таңдай білу:

4) бағдарламалық құралдардың сапасы жөнінде жеткілікті білім қорына негізделген жеке пікір айта білетіндей қабілетті болу керегі және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]