- •''Ақпараттың қасиеттері.Ақпарат түрлері'' тақырыбын оқыту.
- •''Ақпараттық үдерістер'' тақырыбын оқыту.
- •Ақпаратты кодтау тақырыбын оқу
- •Алгоритмдеу негізін оқыту әдістемесі
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары
- •Бастауыш мектепте информатиканы кіріктіріліп оқытудың міндеттері
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен психологиямен және информатикамен байланысы.
- •Бастауыш мектептеинформатиканыоқытудыңəдістемелікқұралдары
- •Бастауыш мектепте ақпараттық технологияны қолданудың әдістемелік ерекшелігі
- •12 Жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі
- •Бастауыш мектепте информатика курсын оқулықпен,оқу-әдістемелікжәне бағдарламалық қамтамасыз ету
- •Бастауыш мектепте информатика пәнінің мектептің оқу жоспаындағы орны
- •Бастауыш мектептегі информатиканың басқа пәндермен байланысы
- •Білім тексеру түрлері(ағымдық, тақырыптық, қорытынды.)
- •Бастаушы мектепте информатикадан өтілетін сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері.
- •Бастауыш мектепке арналған информатика курсының мазмұны.
- •Бастауыш мектепте «математика және информатика » кіріктірілген курсының информатика бағытының пропедевтикалық мазмұнына жалпы сипаттама
- •Бастауыш мектептегі қазіргі информатика сабақтарына койылатын талаптар
- •Зат, обьект, модель тақырыбы
- •Информатика ғылым және бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде.
- •Информатиканы о қытудың əдістемелік жүйесі
- •Информатиканыоқытудыұйымдастыру
- •Информатика сабағын оқыту әдістері.
- •Информатиканы оқытудағы ойын технологиясы.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.
- •1.Информатика және есептеуіш техника кабинетінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері.
- •2. Мектептегі информатика кабинетіндегі кешендік операциялардың қолданылуы
- •5 Жастағы балаларды – 7 минуттан;
- •Информатика курсы бойынша бағдарламалық қамтамассыз ету түрлері мен қызметі (курс тараулары мен жеке тақырыптар бойынша)
- •Информатика пәнін оқытудағы пәнаралық байланысты нормативтік құжаттарға байл.Анықтау
- •Информатикадан оқу бағдарламасы. Күнтізбелік және сабақ жоспары
- •Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау.
- •Компьютерлік логикалық ойындарды жинақтау, деңгейлеріне қарай топтау, әр деңгейіне сипаттама беру
- •Компьютерлік тестілеу
- •Күнтізбелік, тақырыптық жоспар жасау . Сабақты жоспарлау
- •Оқу үрдісінде оқыту нәтижесін бағалау мен тексеру қызметтері (бақылаушы, диагностикалық және түзетуші ,оқытушы,тәрбиелеуші және мотивациялық.)
- •Ортамектептегіинформатикаоқулықтары.Құрылымы, құрылуәдістемесі.Жұмысдәптері.
- •Оқыту әдістемесі.Жиын, жүйе, ұғым , қатынас
- •Сабаққа тән дидактикалық функциялары
- •Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері
- •Сабақ жоспарын құру тәсілдері. Интерактивті тақтаны пайдалану
- •Сабақ жоспарын кембридж технологиясы бойынша (Блум таксаномиясы) құру
- •Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
- •Электрондық оқулықтың құрылымы
- •Бiлiм саласында қолданылатын программалардың негiзгi түрлерi. Оқыту программаларын жобалау кезеңдерi.
Бастауыш мектепте информатиканы кіріктіріліп оқытудың міндеттері
Бастауыш сыныптарда кіріктірілген информатика курсын оқытудың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығын қалыптастырып, ойлау қабілетін жетілдіру арқылы ақпаратты жинап, талдау жасай білуі, алынған ақпаратты жалпы тұрғыдан қарастыра отырып,соның негізінде шешім қабылдауға,іс-әрекетін дұрыс жоспарлап,орындауға баулу арқылы алгоритмдік мәдениеттілік негіздерін үйретіп,ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Осы мақсаттан барып мынадай міндеттер туындайды:
оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру;
әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесі туралы түсініктерін,ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
дүниетанымын кеңейту,есте сақтау,байқампаздық,шығармашылық,қиялдау,ойлау қабілеттерін жетілдіру.
коммуникативтік(қарым-қатынас)іс-әрекеттерін белсенділендіру.
жоспарлы әрекет етуді жүйелі жүргізу арқылы шығармашылық қызметке бейімділігін дамыту:
өзін-өзі жетілдіре отырып қызмет субьектісі денгейге көтерілуін қамтамасыз ету.
"Информатика" пәні бастауыш мектептегі кіріктірілген курсы болып табылады және оның қолданбалық сипаты әр түрлі деңгейде қызықты тапсырмалардан, сұрақтардан,логикалық есептерден,ойды жетілдіретін ойындардан,сергіту жаттығуларынан тұратын құралдарында көрініс табады.
Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен психологиямен және информатикамен байланысы.
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы; Жалпы бiлiм беретін орта мектепке "Информатика және есептегіш техника негіздері" курсының енгiзiлyiне байланысты педагогика ғылымның жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектісі – информатикaны оқыту әдістемесі деп аталады. Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту зандылықтары информатика дамуының нақты кезеңіне сай зерттеледi. Қазiргi уақытта информатиканы оқыту әдiстемесі қарқынды даму үстінде оның көптеген мәселелер теориялық жағынан зерттеудi тaлап етедi. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әpi толық бiр мәнді болу үшiн информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелyi керек. Мектепке дейiнгi кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерiнде, жоғaрғы мектепте, информатиканы өзiнше оқитындар үшiн және т.с.с. Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым. Педагогика ғылымының iргелi бөлiгi ретiнде өзiнің дамуында информатиканы оқыту әдicтемесi философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенедi. Сонымен қатар, орта «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын курс мектептегі информатика курсының жaлпы ғылыми оқу-әдістемелік дидактикалық ұйымдастырушылық педагогикалық, психологиялық мәселелерiн жан-жaқты қарастыратын курс болып табылады
Информатика пәнiн бастауыш сыныптан бастап оқытудың ғылыми-теориялық негiзi елімізде зерттелiп жатыр. Бастауыш бiлiм жүйесiнде информатика элементтерiн пәнаралық байланыс негiзiнде оқыту бағдарламасының жобасы жасалып, оны оқытудың әдiстемесi берiлсе, онда бастауыш сынып оқушыларының бiлiмi, iскерлiгi, дағдысы мен логикалық ойлау қабiлеттерi жоғары деңгейде дамып, оқу үрдісiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында қамтылған материалдар – математика, қазак тілі, сурет, ана тілі пәндерінің элементтерін қамтиды. Демек информатика пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысы жаксы сақтаБастауыш сынып мұғалімдері басшылыққа алатын жәнен заман талабына сәйкес жазылған информатика курсы бойынша оқ-құралдар, әдістемелік жинақтар, теориялық зерттеулер жазылған кітаптар жоқтын қасы. Сондықтан біз білімді жетілдіре түсудің бағыт-бағдарын психология мен педагогика жетістіктерін зерттеп, информатиканың шексіз мүмкіндіктерін пайдалану арқылы сабақ беруді жандандыра түсуге болады деген тұжырым жасап, жалпы орта мектептерде қалыптасқан “Әдістемелік жүйе” –ні некгізге ала отырып, оған сәйкес “оқыту әдістерінің” құрылымын келесі түрде беруді ұсынамыз.
Оқыту әдістерінің құрылымы – бастауыш мектепте информатика пәнін дәстүрлі емес сабақ формалары негізінде оқытудың оқытудың әдістемесіне қатысты анықталды. Әдістеменің жаңарту барысында, оқыту құралдарының алатын орыны ерекше. Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылатын негізгі техникалық құрал – компьютерлік техника болып есептеледі.Компьютерлік техника дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттараға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденді.Бастауыш мектепте информатика элементтерін дәстүрлі емес сабақ формалары негізінде оқыту әдістемесін теориялық , психологиялық, педагогикалық жағынан негіздеу мен тәжірибелік эксперимент жүргізу барысында келесі нәтижелер алынды.
Бастауыш мектеп оқушыларына информатиканы оқытудың жас мөлшерлік психофизиологиялық ерекшеліктері. Психологтардың айтуы бойыша ,баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.Бұл жастағы баланың алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге қолойлы.Олардың психологиялық өзгерістері,іштей жоспар құра білуі қалыптасып,оқытуға жақсы жағдай туғызады.Информатика пәнінде сабақты ұйымдастырудың басты тәсілі ойын болып табылады. «Ойын» сөзі курстың атауына кездейсоқ енгізілген жоқ. Психологтардың дәлелі бойынша, 6-10 жас шамасындағы балалардың қызметінде ойын бастапқы орында тұрады. Оқыту – өте күрделі және жан-жақты үрдіс. Оқыту мұғалімнің де, оқушылардың да белсенді қызмет етуін талап етеді. «Ұстаздық еткен жалықпас» деген қанатты сөз бар. Бұған дейін мұғалімнің басты міндеті білім беру болса, қазіргі талап – оқушыны оқу үрдісіне тарту, өздігінен еңбек ету дағдысын қалыптастыру. Бастауыш мектепте бірінші орында сабақ беру техникасы, оқу әрекетін ұйымдастыру үлгілерін табысты ұйымдастыру үшін:
- сабақ эмоцияға толы, оқуға деген қызығушылықты оятып, білімге деген тұтынушылықты тәрбиелеу қажет; - сабақ қарқыны мен ырғағы оңтайлы, мұғалім мен оқушылардың әрекеттері аяқталған болуы қажет; - мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасында толық байланыс болып, сабақта педагогикалық ырғақ пен педагогикалық оптимизм сақталуы тиіс; - сабақта жайлы жағдай мен белсенді шығармашылық еңбек ету басымдылық етуі керек; - мүмкіндігінше оқушылардың әрекет түрлерін ауыстырып отыру керек, оқытудың алуан түрлі әдістері мен тәсілдерін оңтайлы пайдаланған жөн; - сабақ барысында шаршағандық пен қысымды басатын ойындар оқушыларға әрекет ету үлгілерін ауыстыруға мүмкіндік береді; - әр ойынның басты мақсаты – сабақта берілген мағлұматты түсінуге және оны бекітуге көмек беруі қажет.Бастауыш мектептегі информатика сабағында қолданылатын сынып- сабақ жүйе шартында мұғалімдер оқытудың келесі әдіс және формаларын табысты қолданылады, олар оқушының өзіндік спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, нәтижелі оқу үрдісін құруға мүмкіндік береді: - диалог; - ойын әдістемелері; - ақпараттық минуттар; - эвристикалық әдістер.
