- •''Ақпараттың қасиеттері.Ақпарат түрлері'' тақырыбын оқыту.
- •''Ақпараттық үдерістер'' тақырыбын оқыту.
- •Ақпаратты кодтау тақырыбын оқу
- •Алгоритмдеу негізін оқыту әдістемесі
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары
- •Бастауыш мектепте информатиканы кіріктіріліп оқытудың міндеттері
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен психологиямен және информатикамен байланысы.
- •Бастауыш мектептеинформатиканыоқытудыңəдістемелікқұралдары
- •Бастауыш мектепте ақпараттық технологияны қолданудың әдістемелік ерекшелігі
- •12 Жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі
- •Бастауыш мектепте информатика курсын оқулықпен,оқу-әдістемелікжәне бағдарламалық қамтамасыз ету
- •Бастауыш мектепте информатика пәнінің мектептің оқу жоспаындағы орны
- •Бастауыш мектептегі информатиканың басқа пәндермен байланысы
- •Білім тексеру түрлері(ағымдық, тақырыптық, қорытынды.)
- •Бастаушы мектепте информатикадан өтілетін сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері.
- •Бастауыш мектепке арналған информатика курсының мазмұны.
- •Бастауыш мектепте «математика және информатика » кіріктірілген курсының информатика бағытының пропедевтикалық мазмұнына жалпы сипаттама
- •Бастауыш мектептегі қазіргі информатика сабақтарына койылатын талаптар
- •Зат, обьект, модель тақырыбы
- •Информатика ғылым және бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде.
- •Информатиканы о қытудың əдістемелік жүйесі
- •Информатиканыоқытудыұйымдастыру
- •Информатика сабағын оқыту әдістері.
- •Информатиканы оқытудағы ойын технологиясы.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.
- •1.Информатика және есептеуіш техника кабинетінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері.
- •2. Мектептегі информатика кабинетіндегі кешендік операциялардың қолданылуы
- •5 Жастағы балаларды – 7 минуттан;
- •Информатика курсы бойынша бағдарламалық қамтамассыз ету түрлері мен қызметі (курс тараулары мен жеке тақырыптар бойынша)
- •Информатика пәнін оқытудағы пәнаралық байланысты нормативтік құжаттарға байл.Анықтау
- •Информатикадан оқу бағдарламасы. Күнтізбелік және сабақ жоспары
- •Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау.
- •Компьютерлік логикалық ойындарды жинақтау, деңгейлеріне қарай топтау, әр деңгейіне сипаттама беру
- •Компьютерлік тестілеу
- •Күнтізбелік, тақырыптық жоспар жасау . Сабақты жоспарлау
- •Оқу үрдісінде оқыту нәтижесін бағалау мен тексеру қызметтері (бақылаушы, диагностикалық және түзетуші ,оқытушы,тәрбиелеуші және мотивациялық.)
- •Ортамектептегіинформатикаоқулықтары.Құрылымы, құрылуәдістемесі.Жұмысдәптері.
- •Оқыту әдістемесі.Жиын, жүйе, ұғым , қатынас
- •Сабаққа тән дидактикалық функциялары
- •Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері
- •Сабақ жоспарын құру тәсілдері. Интерактивті тақтаны пайдалану
- •Сабақ жоспарын кембридж технологиясы бойынша (Блум таксаномиясы) құру
- •Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
- •Электрондық оқулықтың құрылымы
- •Бiлiм саласында қолданылатын программалардың негiзгi түрлерi. Оқыту программаларын жобалау кезеңдерi.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Информатика кеші – бұл жылдық сынып жұмысының немесе үйірменің нәтижесін қорытындылау формасының бір түрі. Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: есеп-әзіл, тапқырлық есептерін, тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шарадаларды, кроссвордтарды, викторина үшін сұрақтарды; қажетті модельдерді, плакаттарды, ұрандарды, сонымен қатар сыныпты дайындайды. Мұндай шараның өте маңызды тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылыр өз сыныбының абыройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларда жеңіске қажетті сабырлықты және жігерлікті дамытады.
Информатикадан викторина – бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы (сабақтан тыс уақытта). Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мазмұнымен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болу керек. Сабақта шығаратын
типтік есептер, әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Есептерден басқа викторинаға информатикамен байланысты өзінше сұрақтарды енгізуге болады. Викторинаға есеп-әзіл да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.
Қызықты кісілермен кездесу өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып келеді. Мұндай кездесулер сыныптық немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін. Кездесулер «компьютер» кәсібінің өкілдерімен, басқа да компьютерді қолданатын кәсіптер өкілдерімен, лайық кәсіпті таңдаған мектеп түлектерімен және т.б. ұйымдастырылуы мүмкін. Кіріспе сөзде мұғалім оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін қонақтардың өмір және қызметі туралы айтуға тиіс, ал қорытындыда бүкіл айтқанын жалпылап және қатысқандарға алғыс айтылу керек.
Іскер ойындары – зерттелетін объектіні немесе оқушылардың нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Олар инструменталды деп аталатын – нақты әрекеттің моделін құру, нақты мақсатқа жету, қатысушылардың іскерлік қатынас жүйесін құрылымдау сияқты есептерді шешуге бағытталған. Балалармен іскерлік ойындардың сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастушылық семинар түрінде өтуі мүмкін. Іскерлік ойындарда оқушылар өзі жақын және алыс болашағын жоспарлайды, бірақ бүкіл әрекетте ойындық құрылым бар, оны жүргізушілер кезеңнен - кезеңге бағыттайды. Мұнда оқушылар ойнаған кезде нақты қоғамдық қызметті жоспарлап және іске асыратын ұжымдық шығармашылық істі қосуға болады. Сюжеттік линиясы және қатынастың сырттан тапсырылған эмоциялық ахуалы болмағандықтан, іскерлік ойындар оқушылар үшін күрделі болады. Қатысушылар үшін уәждеме (орысш. – мотивация) құрастырып және оның шараны өткізу үрдісінде қолдауы керек. Біріншіден, қатысушыларға үлкендердің істерімен айналысу қызықты. Екіншіден, жұмыс қызығушылықтары сәйкес құралған шығармашылық топтарда ұйымдастырылуы қажет. Үшіншіден, олар өз жұмыстарының нақты нәтижелерін, мысал есептерді шешу алгоритмін, шара жоспарын және т.б. көруі керек. Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар – келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз іс-әрекетін құрастыруға, құрбылармен іскерлік қатынастарды жақсартуға, үлкен кісілермен алқалық қатынастарға түсуге үйретеді.
Информатикадан диспут – өзіндік сыныптар арасындағы сұрақ және жауап ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынырақ сұрақтар қойылады. Диспуттың материалы бойынша сұрақ қою өте маңызды. Бұл сұрақтардың мазмұндары диспут алдына қойылған мақсаттарға байланысты шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында ең маңыздысы – өткен оқу жылдарының оқу материалдарын қайталау болады. Бұл жағдайда, нақты уақыт аралығында оқушылардың алдына информатикадан өткен материалды қайталау мақсаты қойылады. Бұл материалдар бойынша нақты әрекетті орындау үшін анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді, есептерді шешудің алгоритмдерін құруды және т.б. қайталануы қажет. Әр диспут алдына қойылатын ең минимальды талап ол оқушылардың оқулықтағы тура нұсқалған материалды жақсы, толық және дәл ашып айту, тұжырымдарды түсіну біліктілігі болып
табылады. Тек осыдан кейін және осының негізінде, оқушылармен оқу материалы бойынша шығармашылық жұмысты құруға болады.
T
Табиғаттағы ақпарат.Ақпаратты жинау,сақтау,өңдеу,тасымалдау.
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін Informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика, физика, математика, информатика т.б. салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл – қозғалыс түрінде бере аламыз. «Ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Ақпаратты сақтау.Ақпаратты сақтаушы-бұл сыртқы тасымалдауға арнайы ұйымдастырылған,ұзақ уақыт сақтауға және күнделікті пайдалануға арналған ақпарат. Ақпаратты сақтау дегеніміз — келешекте пайдалану үшін ақпаратты қосалқы сақтауыш құрылғыға — магниттік таспаға немесе магниттік дискіге жазып алу. Сақтау — ақпаратпен жүзеге асырылатын негізгі операциялардьщ бірі жене уақыт аралығы өткеннен кейін оның қайта пайдаланылуын қамтамасыз ететін негізгі тәсіл. Ақпаратты өңдеу-бұл мақсатқа бағытталған үдеріс. Ақпаратты өңдеу-бұл мақсатқа бағытталған үдеріс.Ақпаратты өңдеуді табысты орындау үшін орындаушыға өңдеу тәсілі белгілі болуы керек,яғни қажетті нәтижеге жетуге бағытталып орындалатын әрекет тізбегі.Өңдеудің бірінші типі:жаңа ақпартты,білімнің жаңа мазмұнын алумен байланысты өңдеу.Өңдеудің екінші типі:пішініннің өзгеруімен байланысты,бірақ мазмұнын өзгертпейтін өңдеу.
Э
Электрондық оқулық және оның құрылымы
Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
