- •''Ақпараттың қасиеттері.Ақпарат түрлері'' тақырыбын оқыту.
- •''Ақпараттық үдерістер'' тақырыбын оқыту.
- •Ақпаратты кодтау тақырыбын оқу
- •Алгоритмдеу негізін оқыту әдістемесі
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары
- •Бастауыш мектепте информатиканы кіріктіріліп оқытудың міндеттері
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен психологиямен және информатикамен байланысы.
- •Бастауыш мектептеинформатиканыоқытудыңəдістемелікқұралдары
- •Бастауыш мектепте ақпараттық технологияны қолданудың әдістемелік ерекшелігі
- •12 Жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі
- •Бастауыш мектепте информатика курсын оқулықпен,оқу-әдістемелікжәне бағдарламалық қамтамасыз ету
- •Бастауыш мектепте информатика пәнінің мектептің оқу жоспаындағы орны
- •Бастауыш мектептегі информатиканың басқа пәндермен байланысы
- •Білім тексеру түрлері(ағымдық, тақырыптық, қорытынды.)
- •Бастаушы мектепте информатикадан өтілетін сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері.
- •Бастауыш мектепке арналған информатика курсының мазмұны.
- •Бастауыш мектепте «математика және информатика » кіріктірілген курсының информатика бағытының пропедевтикалық мазмұнына жалпы сипаттама
- •Бастауыш мектептегі қазіргі информатика сабақтарына койылатын талаптар
- •Зат, обьект, модель тақырыбы
- •Информатика ғылым және бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде.
- •Информатиканы о қытудың əдістемелік жүйесі
- •Информатиканыоқытудыұйымдастыру
- •Информатика сабағын оқыту әдістері.
- •Информатиканы оқытудағы ойын технологиясы.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.
- •1.Информатика және есептеуіш техника кабинетінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері.
- •2. Мектептегі информатика кабинетіндегі кешендік операциялардың қолданылуы
- •5 Жастағы балаларды – 7 минуттан;
- •Информатика курсы бойынша бағдарламалық қамтамассыз ету түрлері мен қызметі (курс тараулары мен жеке тақырыптар бойынша)
- •Информатика пәнін оқытудағы пәнаралық байланысты нормативтік құжаттарға байл.Анықтау
- •Информатикадан оқу бағдарламасы. Күнтізбелік және сабақ жоспары
- •Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау.
- •Компьютерлік логикалық ойындарды жинақтау, деңгейлеріне қарай топтау, әр деңгейіне сипаттама беру
- •Компьютерлік тестілеу
- •Күнтізбелік, тақырыптық жоспар жасау . Сабақты жоспарлау
- •Оқу үрдісінде оқыту нәтижесін бағалау мен тексеру қызметтері (бақылаушы, диагностикалық және түзетуші ,оқытушы,тәрбиелеуші және мотивациялық.)
- •Ортамектептегіинформатикаоқулықтары.Құрылымы, құрылуәдістемесі.Жұмысдәптері.
- •Оқыту әдістемесі.Жиын, жүйе, ұғым , қатынас
- •Сабаққа тән дидактикалық функциялары
- •Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері
- •Сабақ жоспарын құру тәсілдері. Интерактивті тақтаны пайдалану
- •Сабақ жоспарын кембридж технологиясы бойынша (Блум таксаномиясы) құру
- •Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
- •Электрондық оқулықтың құрылымы
- •Бiлiм саласында қолданылатын программалардың негiзгi түрлерi. Оқыту программаларын жобалау кезеңдерi.
Сабақ жоспарын құру тәсілдері. Интерактивті тақтаны пайдалану
Мұғалімнің сабаққа дайындығының соңғы кезеңі – сабақты жоспарлау болып табылады. Мұғалімдік қызметін жаңа бастаған ұстаз толық конспекті немесе жан-жақты ашылған сабақ жоспарын құрастырғаны дұрыс, ал тәжірибелі мұғалім қысқаша жоспар құрастыруына болады. Дегенмен, жоспар жұмыс құжаты ретінде кез келген мұғалімге қажетСабақ жоспарын (конспектісін) әзірлеу үшін мына ұсынымдарды ескерген жөн. 1. Сабаққа бастапқы дайындық: - тақырыбын нақты анықтап, оны тұжырымдау; - оқу курсында тақырыптың орнын анықтау; - бағдарламаларды, әдістемелік құралдарды, мектеп оқулығын танып білу; - сабаққа тірек болатын жетекші ұғымдарды, бұдан кейін пайдаланылатын оқу материалының бөлімін, пәнаралық байланыс- тырда анықтау; - әр оқушы түсініп, есінде сақтауы тиіс тірек материалды бөліп алу. 2. Өзі үшін және оқушылар үшін сабақтың мақсатты ұстанымын анықтап, оны нақты тұжырымдау: сабақтың оқытушылық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін бөліп алу. 3. Оқу материалын жоспарлау, ол үшін: - тақырып бойынша әдебиеттер таңдап алу (оқулық, энциклопедиялық басылым, ғылыми-көпшілік әдебиет, периодика, Интернет ресурсы және т.б.), қолда бар материалдың ішінен қойылған міндеттерді шешетінін жинақтап алу; - жаңа материалды танып білу; жаңғырту; білімді бейтаныс жағдайда пайдалану; білімге шығармашылық көзқарас таныту сияқты оқыту тапсырмаларын жинап алу; - тапсырмаларды «қарапайымнан күрделіге ауысу» қағидасына сәйкес реттеу керек, тапсырмалардың үш түрін әзірлеген жөн: оқушының материалмен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмалар; оқушының материалды ойдан өткізуіне септігін тигізетін тапсырмалар; оқушының материалды бекітуіне ықпал ететін тапсырмалар. 4. Сабақты қызықты өткізу амалдарын ойластыру – оқушылардың таңдануын, тамсануын, сүйсінуін тудыратын амал- тәсілдер. Ол қызықты дерек, күтпеген зерттеу жұмысы, тамаша тәжірибе, белгілі мағлұматты ерекше ашу амалы болуы мүмкін. 5. Іріктелген оқу материалын топтастыру. Іріктелген материалмен жұмыстың жүйесін, оқушылардың қызмет түрін ауыстыруды ойластыру. Оқушылардың селқос қабылдауын емес, жоғары белсенділігін танытатын сабақ формаларын ойлап табу. 6. Оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстарының формалары мен көлемін жоспарлау. Оқушылардың әрекетін бақылау: мазмұнын және бақылау формаларын, олардың нәтижелері қалайша қолданылатындығын бақылау. Қалыптасу деңгейлерін ескеріп, тиісті оқыту формалары мен әдістері арқылы тексерілетін оқушылардың тізімін даярлау қажет. Білімді, ептіліктер мен дағдыларды бағалау нормалары оқушыларға белгілі болуы тиіс. 7. Әртүрлі оқушыға жеке қарым-қатынас амалын ойластыру: білім алуда кеткен олқылықтарын толтыру, қателіктерді алдын алу және т.б. 8. Сабақ жабдықтарын даярлау. Оқуға қажетті көрнекі құралдарды, аспаптарды және т.б. тізімін жасау керек. Барлық жаңа материал тірек конспекті ретінде тақтада қалу үшін сынып тақтасының түрін, сондай-ақ оқушылардың тақтада және дәптерде орындайтын жұмыстарын ойластыру. 9. Үй жұмысының мазмұнын, көлемін және формаларын анықтау. Оларды оқушыларға үйрету тәсілі мен орындау жөніндегі ұсыныстар. Үй жұмысының мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін: бұдан бұрын өткен материалды қайталау; проблемалы жағдай туғызу; жаңа материалмен танысу (жаңа материал үй жұмысын жалпылау кезінде пайда болады, жаңа материалды оқыту үй жұмысына тұрақты түрде назар аударту арқылы өтеді); жалпылап қайталау; сабақта оқытылған материалды бекіту.
Сабақты қорытындылаудың формасын ойластыру. Қолданыстағы тәжірибеде үй жұмысы сабақтың соңында беріледі. Бірақ мұндай жағдай ұдайы ұтымды бола бермейді. Сабақтың аяғында – оқушыларды жалпылаушы нәтижелермен және идеялармен таныстыру, «аяқталмаған әрекет» тәсілін қолданып; тарихи мәліметтерді пайдаланып ойын жаттығуларын орындау; информатика бойынша жұмбақтарды, сөзжұмбақтарды, анаграммаларды, ребустарды шешу; күтпеген қорытындымен, әзілмен және т.б. қорытынды шығарумен аяқтауға болады.
Интерактивті құралдарды пайдаланудың тиімділігі. Қазіргі уақытта заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі – бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын интерактивті тақта болып табылады. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивті тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивті тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек. Сабақта мұғалім интерактивті тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Интерактивті тақтамен бірге жүретін бағдарламалық нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолданулары керек. Мұғалімдерге тағы басқа да бағдарламалық құжаттар керек. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, айта кетейік: Сабақ алдын - ала дайындалған болу керек, сонда ғана материалдар жылдам түсіндіріледі. Интерактивті тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т. б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді; Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі: сондай - ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады. Интерактивті тақта оқыту тиімділігін қалай арттырады. Сабақта интерактивті тақтаны қолдану баланың мектепте оқыту тиімділігін арттыру. Сабақ үрдісінде пайдаланып жүрген әдіс - тәсілдер оқушылардың оқуға деген ынта - ықыласының, дағды мен ой - өріс, білім - біліктерінің артуымен сипатталары сөзсіз. Білім деңгейін көтеруге интерактивті құралдарды пайдалану Оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәрбиесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды орынды қолдану оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық. ACTIVboard (Promethean компаниясы) – ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Активті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
