Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Ортамектептегіинформатикаоқулықтары.Құрылымы, құрылуәдістемесі.Жұмысдәптері.

Орта мектептегі информатика оқулықтарына талдау  1. Мектептегі алғашқы информатика оқулығының авторы А.П. Ершов, В.М. Монахов болып табылады. Оқулық «информатика және есептегіш техника негіздері» деген атпен және мұғалімге арналған әдістемелік құралымен бірге 1985 жылы жарық көрді. Авторлардың тұжырымдамасы бойынша «информатика» ЭЕМ-ның көмегімен информацияны өңдеу мен тараудың қарапайы әдістерін қарастыратын ғылым ретінде түсіндіріледі.  Оқыту мақсаты алгоритмдік мәдениет пен компьютерлік сауаттылықты қалыптасты болып табылады. Алгоритмдік мәдениет дегеніміз алгоритмді құру, түсіну және атқару іскерлігі арқылы бейнеленетін ойлау мәдениеті. Сол кездегі компьютердің жетіспеушілігіне байланысты мектептік алгоритмдік тілдің (МАТ) алғашқы нұсқаулар адам атқарушыға бағытталады.  Алгоритмдік мәдениет ойлаудың анықталған қасиеті ретінде компьютерлік сауаттылықтың бөлігі болып табылады. Алгоритмдік ойлау компьютерлік меңгеруден бұрын математиканы оқу барысында қалыптаса бастады (бірақ ол мектепке оқушылар алгоримдеудің нақты тәжірибесін меңгергеннен кейін пайда болып, кейіннен компьютермен қарым-қатынастың әліппесінен басталады). Компьютерлік сауаттылықта А.П. Ергешовтың «программалау - екінші сауаттылық», - деген метафорасы негізінде анықтауға болады.  Оқулыққа талдау. Оқулықта алдымен алгоритмде анықтама және атқарушы ұғымына түсініктеме беріледі, бірақ ары қарай «атқарушы сөзі кездеспейді деуге болады. Атқарушының дидиатикалық мүмкіндіктері кейіннен түсіндіріледі. Информация ұғымы да талқыланбайды. Алгоримдеуге арналған алғашқы есеп мысалдары математика курсынан алынған. Блок-схемалар құрама командаларды түсіндіру тәсілі ретінде пайдаланылады.  Шамалар ұғымы өте кеңейтіліп берілген (графикалық текстік шамалар). Шама туралы дәстүрлі болжам санмен, мөлшермен байланысты. ЭЕМ-сіз сандық алгоритмдерді атқару процесін бейнелеу үшін алгоритмді атқару кестесі ұсынылған.  Кестелік шамалар «әзір» қайталану командасымен өңделеді. «Үшін» қайталану командасы кейінірек кітаптың екінші бөлімінде енгізіледі. Графикалық информациямен екінші бөлімше енгізіледі. Графикалық информациямен жұмыс істеу оқулықтың бірінші бөлімінің соңында берілген.  «Физика және математика курстарының есептер шығаруға алгоритмдер құру» бөлімі егжей-тегжейлі талданған. Бұл жерде информатика есептері сандық шешуге қажетті математикалық аппаратты жеңілдетеді. Сондай-ақ тіпті жоғарғы оқу орындарында қарастырылған есептерді шығаруына мүмкіндік береді.  Оқулықтың екінші бөлімі бірінші бөлімінің толықтырылып, дамуы «ЭЕМ-нің құрылымы» тақырыбы толық баяндалған. Кітапты дайындау кезінде барлық мектеп жаппай ДВК, УКНЦ ЭЕМ-іне көлу жоспарында болды. Соған байланысты, 16-разрядты микропроцессор (МП) қарастырылды. Авторлар микрокалькулятордың (МК) пайдалануына сын көзбен қарады. Өйткені ЭЕМ-нің тапшылығына байланысты информатиканы МК-ды пайдаланып оқыту қаупі болды, авторлар, мұны болдырмау қажеттілігін өз мақалаларында бірнеше рет атап көрсетті.  Оқулықтың екінші бөлімінде МАТ құралына: параметрлі қайталану командасы, таңдау командасы, алгоритм функция, литерлік шамалар қосылған. Дегенмен, практика бұл толықтыруларды бірінші бөлімнің сәйкес тақырыптарымен бірге өтуге болатынын көрсетті, таңдауды - тармақталуымен, «үшінші» қайталануын - кестелік шамалармен және т.б.  Рапира тілі жөнінде мәлімет берілген. Сондай-ақ, авторлар бқл тілді басқа ЭЕМ-ге көшіруді болжаған. Сонлықтан Бейсик тілі жөнінде аз мағлұмат бірілген, бірақ тілдің бөлігі МАТ-мен параллель қарастырылған, МАТ-дің командаларымен салыстырып үйрету тәсілі кеңінен қолданылған.  ЭЕМ-нің программалық қамтамасыз етілуі сол кездегі есептегіш техникалардың программалармен жабдықталуының тапшылығын ескере отырып, кеңінен баяндалған.  «қайталауға арналған жаттығулар» бөлімінде 40 есеп келтірілген, олардың кейбір бөлігі олимпиадаға дайындалуға арналған есептермен бара бар. Тұтасымен аталған, бұл оқулық «информатика» оқулықтарының алғашқы бейнесін толық сипаттап көрсетті, кейінгі оқу құралдарында ескерілетін педагогикалық тәжірибені арналған кітабы «информатиканы оқуту әдістемесінің» қалыптасуына үлкен роль атқарады. Ол сабаққа әдістемелік нұсқаулармен көзқарасы мен ашып мәселелері авторлардың көзқарасы мен мақсатын ашып берді. Сондай-ақ, мұғалімдердің машинамен және машинасыз оқыту тәсілдеріне материалды іріктеп, өтуіне бағдар берді.  Сондықтан курс, тіпті мектеп толығымен ЕТ-мен толық жабдықталған жағдайдың өзінде компьютерді пайдаланушыларды дайындауға бағытталмауы тиіс. Алгоритмдік ойлау компоненті компьютерсіз де қалыптасады. МАТ-Бейсик, Паскаль тәрізді тілдердің ағылшындық лексикасын жоюға мүмкіндік береді, оқушылардың назары есепті алгоритмдеуге аударылады.  Мектепте бір ғана тіл алгоритмдік тіл болуы тиіс. Е практикум - толық программалау жүйесіне дейін кеңейтілуі қажет. Тіпті «алгоритмдеу» мен «программалау» бөлімдерін бөлуге болмайды деп есептейді. .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]