- •''Ақпараттың қасиеттері.Ақпарат түрлері'' тақырыбын оқыту.
- •''Ақпараттық үдерістер'' тақырыбын оқыту.
- •Ақпаратты кодтау тақырыбын оқу
- •Алгоритмдеу негізін оқыту әдістемесі
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары
- •Бастауыш мектепте информатиканы кіріктіріліп оқытудың міндеттері
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен психологиямен және информатикамен байланысы.
- •Бастауыш мектептеинформатиканыоқытудыңəдістемелікқұралдары
- •Бастауыш мектепте ақпараттық технологияны қолданудың әдістемелік ерекшелігі
- •12 Жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі
- •Бастауыш мектепте информатика курсын оқулықпен,оқу-әдістемелікжәне бағдарламалық қамтамасыз ету
- •Бастауыш мектепте информатика пәнінің мектептің оқу жоспаындағы орны
- •Бастауыш мектептегі информатиканың басқа пәндермен байланысы
- •Білім тексеру түрлері(ағымдық, тақырыптық, қорытынды.)
- •Бастаушы мектепте информатикадан өтілетін сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері.
- •Бастауыш мектепке арналған информатика курсының мазмұны.
- •Бастауыш мектепте «математика және информатика » кіріктірілген курсының информатика бағытының пропедевтикалық мазмұнына жалпы сипаттама
- •Бастауыш мектептегі қазіргі информатика сабақтарына койылатын талаптар
- •Зат, обьект, модель тақырыбы
- •Информатика ғылым және бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде.
- •Информатиканы о қытудың əдістемелік жүйесі
- •Информатиканыоқытудыұйымдастыру
- •Информатика сабағын оқыту әдістері.
- •Информатиканы оқытудағы ойын технологиясы.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.
- •1.Информатика және есептеуіш техника кабинетінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері.
- •2. Мектептегі информатика кабинетіндегі кешендік операциялардың қолданылуы
- •5 Жастағы балаларды – 7 минуттан;
- •Информатика курсы бойынша бағдарламалық қамтамассыз ету түрлері мен қызметі (курс тараулары мен жеке тақырыптар бойынша)
- •Информатика пәнін оқытудағы пәнаралық байланысты нормативтік құжаттарға байл.Анықтау
- •Информатикадан оқу бағдарламасы. Күнтізбелік және сабақ жоспары
- •Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау.
- •Компьютерлік логикалық ойындарды жинақтау, деңгейлеріне қарай топтау, әр деңгейіне сипаттама беру
- •Компьютерлік тестілеу
- •Күнтізбелік, тақырыптық жоспар жасау . Сабақты жоспарлау
- •Оқу үрдісінде оқыту нәтижесін бағалау мен тексеру қызметтері (бақылаушы, диагностикалық және түзетуші ,оқытушы,тәрбиелеуші және мотивациялық.)
- •Ортамектептегіинформатикаоқулықтары.Құрылымы, құрылуәдістемесі.Жұмысдәптері.
- •Оқыту әдістемесі.Жиын, жүйе, ұғым , қатынас
- •Сабаққа тән дидактикалық функциялары
- •Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері
- •Сабақ жоспарын құру тәсілдері. Интерактивті тақтаны пайдалану
- •Сабақ жоспарын кембридж технологиясы бойынша (Блум таксаномиясы) құру
- •Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
- •Электрондық оқулықтың құрылымы
- •Бiлiм саласында қолданылатын программалардың негiзгi түрлерi. Оқыту программаларын жобалау кезеңдерi.
Күнтізбелік, тақырыптық жоспар жасау . Сабақты жоспарлау
Тақырыптық жоспар бүтіндей оқу жылына әзірленіп, оқу курсының барлық ірі тақырыптары мен бөлімдерінің қысқаша мазмұнынан тұрады. Жалпы айтқанда, жылдық тақырыптық жоспар – бұл барлық сабақтар тақырыптарының тізімі, басты мақсаты сабақтың оңтайлы мазмұнын анықтау және оларға қажет уақытты есептеу болып табылады. Тақырыптық жоспар мына бөлімдерден тұрады: 1) тақырыптар атаулары мен барлық сабақтардың мақсаттары; 2) сабақтардың формалары; 3) оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны; 4) тірек білім мен ептілік; 5) алдын ала және қорыта қайталау тақырыптары; 6) көрнекі құралдар мен оқу жабдықтарының тізімдемесі; 7) оқу-әдістемелік құралдар; 8) пәнаралық байланыстар; 9) сабақ формалары (жалпылаушы және сынақ тапсырмалар бекітіледі, өздік жұмыстардың тақырыптары мен формалары белгіленеді). Әрбір тақырып бойынша негізгі ұғымдар, әрекет тәсілдері, ақпарат көзі бөлініп алынады. Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір тақырып немесе оқу бағдарламасының бөлімі бойынша, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар жүйесіндегі оқу-тәрбиелік үрдістің білім беру, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын анықтауға арналған. Олар сабақты белгілі бір жүйеге салуға, жұмыстың келешегін көруге мүмкіндік береді, жабдықтарды сабаққа алдын ала даярлауға, жаңа материалды меңгеруге, қажетті білім мен ептілікті өзекті етуге бағытталған оқушыларға алдын ала тапсырмалар ойлап табуға көмектеседі. Ең бастысы, барлық тақырып арқылы жетекші ережелерді өткізу, оқушылардың бүтіндей түсінігін және әрекеттің аяқталған тәсілін қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. Тақырыптық жоспар – мұғалімнің күрделі ойлауының жемісі, оқытылатын тақырып мақсаттарын, сабақты, оларға жетудің жетекші құралдарын ұғыну. Заманауи дидактика мен әдістемеде оқу үрдісін жоспарлау технология деңгейіне жетті 1. Курс бойынша жұмыс бағдарламасын зерттеу немесе өздігінен әзірлеу, білім беру стандарттарына және педагогтің өзіндік ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады. Оқу курсына бөлінген сағатты есептеу (мерекелік күндерді ескеріп). Курстың (бөлімнің) басты тақырыптық блогтарын және оқушылардың басыңқы әрекет формаларын бөліп алу. Оқу материалын логикалық аяқталған бөлімдерге бөлу. 2. Тақырыптық және әрекеттік компоненттерін есепке алып, курстың негізгі бөлімдері бойынша жылдық сағаттың жалпы санын үйлестіру (мысалы, оқу жылының соңында курстың барлық тақырыбы бойынша практикумға немесе қайталауға уақыт бөлу). Сабақтан тыс жұмыстарға уақыт бөлу (жеке жоспар бойынша сабақтар, шығармашылық жұмыстарды қорғау, конференциялар, олимпиадалар, консультация, сынақтар, емтихандар және т.б.1). 1 Әрекеттердің бұл түрлері жеке бөлімдер мен тақырыптардың құрамына кіре алады
3. Түрлі факторларды ескеріп, тақырыптық жоспар бөлімдеріне бөлінетін оқу уақытын есептеу (мысалы, оқушылардың білім алу нәтижелерін бақылау тоқсандық бақылау жұмыстарының тақырыптарымен сәйкес келу үшін ірі бөлімдерді немесе тақырыптарды демалыс күндері басталғанға дейін аяқтаған дұрыс). 4. Әрбір бөлім ішіндегі сабақтарды жоспарлау: - оқулық тақырыбы бойынша оқу материалының мазмұнымен танысу, қойылған мақсатқа сәйкес оқушылар меңгеруге тиісті негізгі ғылыми және тәрбиелік ойларды, ұғымдарды, заңдарды, ептіліктер мен дағдыларлы бөліп алу; әрбір сабақтың тақырыбын белгілеу, неғұрлым ұтымды сабақ тақырыбын таңдау; - бөлім бойынша сабақтың оңтайлы технологиялық құрылымын таңдау; - оқытылатын сабақ формаларын, оқытудың әдістемелік тәсілін және басқа да ерекшеліктерін нақтылау (соның ішінде білімді игеру заңдылықтарына, дидактикалық қағидаларға сәйкес тақырыпты ашу логикасын дәлелдеу, әрбір сабақтың тақырыптарын белгілеу, негізгі тапсырмаларды тұжырымдау, олардың жиынтығы оқытылатын тақырыптың жалпы тапсырмалар кешенін орындауды қамтамасыз етуі тиіс). Курстың тақырыптық және іскерлік тарауы мына мәліметтер көрсетілген тапсырмалардан тұрады: тапсырманың осы тараудағы және жыл басындағы нөмірі, мысалы: 2/23 сабақ, яғни осы тақырып бойынша екінші сабақ, жыл басынан бастап жиырма үшінші сабақ;
сабақ тақырыбы (білім беру стандарттарында, бағдарламалар мен оқулықтарда белгіленген тақырыптар мен сұрақтарға сәйкес құрастырылады); сабақ түрі (формасы) (дәріс, семинар, экскурсия, зертханалық жұмыс және т.б.); сабақ мақсаты (оқушылардың жетілдіруін жоспарлауға жататын басты мақсат жазылады; сабақты жоспарлау кезінде мақсаттар бөлшектеліп нақтылануы мүмкін). Әр бөлімнің дидактикалық және тәрбиелік мақсатын белгілеу; дидактикалық құралдар (таратылатын материал, плакаттар, компьютерілк бағдарламалар және т.б.); нақты сабақтағы бақылау және кері байланыс, олардың формалары; үй жұмыстары (шығармашылық, оқулықтағы параграф нөмірі, тапсырмалар кітапшасындағы тапсырма нөмірі, жеке бағдарламалар бойынша және т.б.). Мұғалім басқа әдістерді де қоса қолдана алады. Мысалы, оқыту әдістері, негізгі мәселелер, оқушылардың әрекет формалары және т.б. 5. Жылдық тақырыптық жоспардың соңғы құрастырылуы, қажет болғанда бөлімдер жүйесін және оларға алдын ала бөлінген уақытты түзету.
Сабақты жоспарлау. Мұғалімнің сабаққа дайындығының соңғы кезеңі – сабақты жоспарлау, нәтижесі сабақ жоспары (немесе конспект) болып табылады. Мұғалімдік қызметін жаңа бастаған ұстаз толық конспекті немесе жан-жақты ашылған сабақ жоспарын құрастырғаны дұрыс, ал тәжірибелі мұғалім қысқаша жоспар құрастыруына болады. Дегенмен, жоспар жұмыс құжаты ретінде кез келген мұғалімге қажет: ол ойдағыны рет-ретімен, толықтай іске асырып, уақытты ұтымды пайдалануына септігін тигізеді, мұндай жоспар бұдан кейінгі жұмыстардың тірегі бола алады Сабақ жоспары — оқушылардың сабақ материалымен жұмыс істеуін ұйымдастырудың әдістемелік нұсқасы. Мұнда сабақ тақырыбы мен мақсаты (білім алушылық, дамытушылық, тәрбиелік), уақытты кезеңмен үйлестіру (орындалған тапсырманы тексеру, жаңасын түсінідіру, жаттығулар және т.б.), сабақтың қысқаша мазмұны баяндалады. Соңғы бөлімде тексерілетін немесе жаңа материалдың негізгі элементтері, соған сәйкес әдістемелік тәсілдер, оқу әдістері – әңгімелесу (онда сұрақтар әзірленеді), жаттығулар (есептер алдын ала шығарылуы керек), баяндау әдістері, көрсету, иллюстрациялау, өздік жұмыстарының мазмұны мен формалары, үй тапсырмасы жазылады. Жоспарланған сабақтың іс жүзіндегі сабақпен үйлеспеуіне байланысты сабақ жоспарларының қосалқы нұсқасының болғаны пайдалы. Тапсырмаларды өзгелерден бұрын орындаған оқушыларға немесе көзделген уақыттан бұрын орындалған жағдайларға қосымша
материалдың дайын болуы абзал. Информатика сабағында кейде компьютермен жұмыс жасауға мүмкіндік болмай қалуы ықтимал (бірқатар компьютерлердің істен шығуы, жергілікті желі немесе модемнің жұмыс істемеуі, электр қуатының өшіп қалуы және т.б.), осындай жағдайлар үшін басқа жұмыс формаларын, соның ішінде машинасыз нұсқалы тапсырмалар алдын ала дайын болғаны жөн. Мұғалім күтілетін нәтижелерді болжауы керек: ұғымдар мен ісәрекеттерді меңгеру, түсініктерді қалыптастыру, тәжірибе алу және т.б. Нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін құралдар мен оқушылардың материалды нақты игеру деңгейін анықтайтын критерийлер, тұлғаның жалпы даму деңгейі, тәрбиеленушілердің азаматтық және адами қасиеттерінің қалыптасуы жоспарда орын алуға тиіс. Дегенмен, жоспар догмаға айналмауы керек, мұғалім мен оқушының ара-қатынасы қатаң сызбалармен шектеліп, барлығын «жоспар бойынша» орындауға ұмтылмауы тиіс. «Мұғалімнің шабыты, оның үйдегі дайындығынан оқушылардың әсер алуы сабаққа жан бітіреді. Сабақ жанданып, кейде басқа бағытқа ауысады. Осы іспетті ойдағыдай шыққан сабақтардан кейін ойдағы ұтымды сәттер ұмытылып кетпегенше қолға қалам алып, конспектілей бастайсың1». Сабақ жоспарын (конспектісін) әзірлеу үшін мына ұсынымдарды ескерген жөн 1. Сабаққа бастапқы дайындық: - тақырыбын нақты анықтап, оны тұжырымдау; - оқу курсында тақырыптың орнын анықтау; - бағдарламаларды, әдістемелік құралдарды, мектеп оқулығын танып білу; - сабаққа тірек болатын жетекші ұғымдарды, бұдан кейін пайдаланылатын оқу материалының бөлімін, пәнаралық байланыстырда анықтау; - әр оқушы түсініп, есінде сақтауы тиіс тірек материалды бөліп алу. 2. Өзі үшін және оқушылар үшін сабақтың мақсатты ұстанымын анықтап, оны нақты тұжырымдау: сабақтың оқытушылық, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін бөліп алу. 3. Оқу материалын жоспарлау, ол үшін: - тақырып бойынша әдебиеттер таңдап алу (оқулық, энциклопедиялық басылым, ғылыми-көпшілік әдебиет, периодика, Интернет ресурсы және т.б.), қолда бар материалдың ішінен қойылған міндеттерді шешетінін жинақтап алу; - жаңа материалды танып білу; жаңғырту; бейтаныс жағдайда пайдалану; білімге шығармашылық көзқарас таныту сияқты оқыту тапсырмаларын жинап алу; - тапсырмаларды «қарапайымнан күрделіге ауысу» қағидасына сәйкес реттеу керек, тапсырмалардың үш түрін әзірлеген жөн: оқушының материалмен жұмыс жасауына ықпал ететін тапсырмалар; оқушының материалды ойдан өткізуіне септігін тигізетін тапсырмалар; оқушының материалды бекітуіне ықпал ететін тапсырмалар. 4. Сабақты қызықты өткізу амалдарын ойластыру – оқушылардың таңдануын, тамсануын, сүйсінуін тудыратын амалтәсілдер. Ол қызықты дерек, күтпеген зерттеу жұмысы, тамаша тәжірибе, белгілі мағлұматты ерекше ашу амалы болуы мүмкін. 5. Іріктелген оқу материалын топтастыру. Іріктелген материалмен жұмыстың жүйесін, оқушылардың қызмет түрін ауыстыруды ойластыру. Оқушылардың селқос қабылдауын емес, жоғары белсенділігін танытатын сабақ формаларын ойлап табу. 6. Оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстарының формалары мен көлемін жоспарлау. Оқушылардың әрекетін бақылау: мазмұнын және бақылау формаларын, олардың нәтижелері қалайша қолданылатындығын бақылау. Қалыптасу деңгейлерін ескеріп, тиісті оқыту формалары мен әдістері арқылы тексерілетін оқушылардың тізімін даярлау қажет. Білімді, ептіліктер мен дағдыларды бағалау нормалары оқушыларға белгілі болуы тиіс. 7. Әртүрлі оқушыға жеке қарым-қатынас амалын ойластыру: білім алуда кеткен олқылықтарын толтыру, қателіктерді алдын алу және т.б. 8. Сабақ жабдықтарын даярлау. Оқуға қажетті көрнекі құралдарды, аспаптарды және т.б. тізімін жасау керек. Барлық жаңа материал тірек конспекті ретінде тақтада қалу үшін сынып тақтасының түрін, сондай-ақ оқушылардың тақтада және дәптерде орындайтын жұмыстарын ойластыру. 9. Үй жұмысының мазмұнын, көлемін және формаларын анықтау. Оларды оқушыларға үйрету тәсілі мен орындау жөніндегі ұсыныстар. Үй жұмысының мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін: бұдан бұрын өткен материалды қайталау; проблемалы жағдай туғызу; жаңа материалмен танысу (жаңа материал үй жұмысын жалпылау кезінде пайда болады, жаңа материалды оқыту үй жұмысына тұрақты түрде назар аударту арқылы өтеді); жалпылап қайталау; сабақта оқытылған материалды бекіту. Үй жұмысы ауызша және жазбаша; репродуктивті, конструктивті және шығармашылық; міндетті және қалауы бойынша; жалпы, жіктелген және жеке; орындау мерзімі бекітілген немесе бекітілмеген; құрамалы бола алады. 10. Сабақты қорытындылаудың формасын ойластыру. Қолданыстағы тәжірибеде үй жұмысы сабақтың соңында беріледі. Бірақ мұндай жағдай ұдайы ұтымды бола бермейді. Сабақтың аяғында – оқушыларды жалпылаушы нәтижелермен және идеялармен таныстыру, «аяқталмаған әрекет» тәсілін қолданып; тарихи мәліметтерді пайдаланып ойын жаттығуларын орындау; информатика бойынша жұмбақтарды, сөзжұмбақтарды, анаграммаларды, ребустарды шешу; күтпеген қорытындымен, әзілмен және т.б. қорытынды шығарумен аяқтауға болады. 11. Үш негізгі – формалды, мазмұндық және аналитикалық бөлімнен тұратын конспектіні құрастыру. Г.И. Саранцев 1 атап өткендей, сабақ конспектісін жазудың әртүрлі формалары болуы мүмкін: ерікті мұғалім мен оқушының әрекетін, сабақтың мазмұнын ашатын сұрақтар мен олардың жауаптарын бөліп қарау арқылы құрастыру. Алайда, ұстаздық қызметін жаңа бастаған мұғалімге, оқытушы мен оқушының әрекетін бөліп құрастырылған, неғұрлым толық конспекті ұтымды. Мұндай жұмыс сабақта мұғалімнің жасайтын әрекеттерінде қателіктерден құтқарады.
Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.
Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.
Электрондық пошта. Ғаламдық желілердің тарихында ақпараттық қызмет ету үшін ең алғаш пайда болған технология –электрондық пошта (e-mail) болды. Бұл қызметтің түрі қазір компьютерлік телекоммуникацияларда басты және маңызды орнын сақтауда.Электрондық поштаның хабарды жеткізу жылдамдығы өте жоғары болғандықтан, дәстүрлі қағаз поштаны ығыстыру үрдісі қалыптасуда. Егер жай пошта арқылы жіберілген хат күндер немесе апталап жүретін болса, электрондық поштамен жіберілген хаттың,тағайындалған жеріне жетуіне ондаған секунд немесе минуттар ғана (сирек жағдайда – сағаттар) кетеді. Электрондық поштаның басқа артықшылығы: онда мәтіндік хабардан басқа, графикалық бейнелерді (image), аудио-ақпаратты,
бейне фильмдерді, кез келген қолданбаларды орналастыруға болады. Сонымен қатар, хабарды бірден бірнеше абонеттерге, хатты басқа адрестерге жіберуге мүмкіндік береді.
М
Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы
Қолдану аймағы: мәтіндік құжаттарды дайындау, баспа қызметі.
Мамандандырылған компьютерлік құралдар баспа жүйелері деп
аталады. Мәтінмен жұмыс жасаудың компьютерлік технологияларының теориялық негізіне – мәтіндік ақпаратты кодтау, мәтіндік құжаттарды және файлдарды құрылымдау мәселелері жатады. Мәтіндік редактор, символдық ақпаратпен жұмыс жасайды, онда құрылымның мына формаларын ерекшелеуге болады:- символдар;- сөздер;- жол; символдар жолы;
- абзацтар;- мәтіннің үзінділері (блоктар);- файлдар.
Бұйрықтар жүйесінде осы құрылымдардың әрқайсысымен
тұтастай жұмыс жасайтын бұйрықтар бар.
Символ – символдық ақпараттың ең кіші бірлігі, МР өңдеуге
жататын минимальды объект. Символдар мен амалдар негізінен
оларды енгізгенде, әр символды түзеткенде жүреді.
Сөз – оң және сол жағынан бос орынмен (орысш. – пробел)
немесе тыныс белгілерімен шектелген, символдар жиынтығы; мәтін бойы тез жылжыту, үзінділерді жою бұйрықтарында қолданылады. Жол – нүктелер арасындағы символдық ақпараттың ерікті тізбегінің кесіндісі. Символдар жолы – мәтінде бір жол алатын деректер, оның өлшемі мәтінді пішімдеумен анық сызылады. Абзац (нем. absatz – бөлім, мәтіннің бөлігі) – бірнеше сөйлемнен
құралған жазбаша сөздің кесіндісі. Абзац ойы, тақырыбы, идеясы
және сюжеті бірлескен мәтінді логикалы бөліктерге бөлуге
қолданылады.
Абзац әрқашанда жаңа жолдан басталады. Әр абзацқа сол және
оң жақ шекаралары және бірінші жолдың ығысуы қойылады. Жаңа
абзацқа өту үшін міндетті түрде <Enter> пернесін басу қажет.
Оң абзацты шегініс (орысш. – отступ) – мәтіннің бірінші
жолының оң жаққа жылжуы (қызыл жол).
Мәтіннің үзінділері – тізбектелген жолдардың жиынтығы,
олармен тұтастай жұмыс жасауға (жоюға, орнын ауыстыруға,
көшірме алуға) болады.
Файл ұғымы ақпаратты магниттік дискіде сақтау, оқу, және
жазумен байланысты. Мәтіндік файлдарды – аты аталған мәтіндік
деректер деуге болады. Мәтіндік редактордың көмегімен
мәтіндік құжатты жасау үрдісі кешенді сипат алады, онда
компьютердің барлық негізгі құрылғылары іске қосылып отырады.
Осы тақырыптың аясында оқушылар ЭЕМ әртүрлі аппараттық
компонеттерінің жұмыс жасау принциптері туралы білімдерін
кеңейтулері қажет. Ақпараттық технологиялар сызығымен
«Компьютер» сызығының қиылысқанын осыдан байқауға болады.
Пернетақта – мәтіндік редакторды басқару, мәтінді енізу үшін
негізгі құрылғы болып табылады. Мәтіндік редактормен жұмыс
жасағанда мына перне топтарының бәрі қолданылады:
функционалды;
басқарушы;
режімдерін ауыстыру;
меңзердің жылжулары;
басқа пернелер. Дисплей. оқушылар кез келген бейне экранға
жарқыраған нүктелер жиымы – пиксельдерден құралып шығатынын
білуге тиіс. Мәтіннің символдары үзіліссіз сызықтардан емес, жеке
нүктелерден құрылады. Символдардың бұл дискреттік құрылымын
экранға зейін салып қарағанда көруге болады. ЭЕМ жадысы. Мәтіндік құжатпен жұмыс жасау барысында,
компьютердің ішкі (жедел) және сыртқы жадыларының қайсысы
болсын іске қосылып тұрады. Осы жады формаларының қайсысы
қандай мақсатта қолданылатынын оқушылар жақсы білуге тиіс.
Мәтіндік редактордың (МР) өзі (ДК барлық бағдарламалық
жасақтамалар сияқты) магниттік дискіде (винчестерде), яғни сыртқы
жадыда сақталып тұрады. Оқушыларға МР-дың қай каталогта
(қапшықта) тұрғанын көрсетіп, оның жұмысқа қалай жіберілетінін
түсіндіру қажет.
Модель (фр. modele, лат. modulus – өлшем)[1] – белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). Модель мен түп нұсқаны бір-бірінен абсолютті түрде айыруға болмайды. Қарастырылып отырған құбылыс немесе процесс абстрактылық нысандар мен математикалық заңдылықтар түрінде берілетін модель математикалық модель деп аталады. Модельдің ең қарапайым түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік түрде көрсету. Модельдің екінші түріне – нысандардың, процестер мен құбылыстардың ауызша (қандай да бір тілдің көмегімен) суреттелуі, сипатталуы жатады. Үшінші түрі –ақпараттық-логикалық модель, ауызша сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау). Төртінші түрі – динамиканың ішкі заңдарын, өзара әсерін, қасиеттерін көрсететін физикалық нысандардың, құбылыстар мен процестердің математикалық түрде сипатталуы. Мысалы, белгілі бір физикалық процестің уақыт ішінде өтуін баяндайтын дифференциялдық теңдеулер жүйесі осы процестің моделі деп аталады. Модель ұғымы логика, математика, физика, химия, кибернетика, лингвистика, т.б. ғылым салаларында қолданылады. Ғылымда модель ұғымы әдетте модель жасау әдісін қолдануға байланысты аталады. Алгебра мен математика логиканың тоғысқан жерінде арнаулы пән – модельдер теориясы қалыптасты.
О
Оқыту нәтижелерін тексеру оқушылардың әрекетін ұйымдастыру Оқушылар іс-әрекетінің мазмұны оқыту мен тәрбие мақсаттары мен міндеттерінен шығады және жалпы орта білім мектептегі оқу жоспары, пәндер программасы және тәрбиенің үлгі мазмұнымен айқындалады. Оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, оны ұйымдастырудың формасы мен әдістері педагогикалық курсында әңгімеленеді. Педагогикалық психология мұғалімдердің оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру мазмұны мен формасын таңдауда психологиялық аспектіні, оны ұйымдастыру процесіндегі мұғалім рөлінің психологиялық мәнін қарастырады. Нақтылы сыныпта оқу және оқудан тыс іс-әрекеттің мазмұнын ұйымдастыру формасын таңдай отырып, мұғалім, біріншіден, оның тәрбиеде қаншалықты мақсатқа жетуге көмектесетініи ескеруі керек. Екіншіден, ұжым өмірінің мазмұны оқушыларға өзінің қажеттілігін педагогтық көзбен қарағанда қанағаттандыруы абзал. Міне, бұл жерде оқушылардың түрліше әлеуметтік бағалы қажеттіліктерін қалыптастырып қоймай, оқушыларда бар әлеуметтік бағалы қажеттіліктерді еске алу керек. Мысалы: танып білу, қол жеткізу, араласу қажеттіліктері және оларды пайдалану, коллективтің оқу мен оқудан тыс іс-әрекеттерінде бұл қажеттіліктерді жүзеге асыруда барынша мүмкіндік жасау, оларға сүйене отырып, басқа бірқатар қажеттіліктерді қалыптастыру маңызды. Олай болмаған жағдайда оқушылардың бар қажеттіліктері әр кезде әлеуметтік бағалы емес, кейде тіпті әлеуметтік жат түрлерде бәрі бір іске асырылады. Үшіншіден, коллективтік іс-әрекет мектеп оқушыларына олар үшін актуальды проблемаларды — өзіндік сананы, өзін анықтауды, өзін бекітуді т.б. жасауда мүмкіндік беруі тиіс. Төртіншіден, оқушылар үшін ұжым ісін ұйымдастыру формалары қаншалықты әлеуметтік тартымды екенін білу. Бұл педагогтық күш-қуатты аз жұмсау арқылы мектеп оқушыларына, атап айтқанда, жеткіншектер жоғары класс оқушыларына, ұсынылған қажеттіліктерге қанағаттандыру және проблемаларды шешу, мысалы, олар сәндікке тон ағымдағы формаларға ұмтылып отырғанда, жолдарын қызғылықты етуге мүмкіндік береді. Оқушылардың оқу мен оқудан тыс іс-әрекетті ұйымдастыру формасының психологиялық мағынасы біріктіру сипатын, яғни іс-әрекетті жүзеге асыру үшін ұжым мүшелерінің күш-жігерін біріктіруді талап етсе, тәрбие тұрғысынан тиімді болады. Келесі шарт — ұжымдағы іс-әрекеттің әлеуметтік бағдарлаушы сипаты. Ол мектеп оқушыларының дүние көруін кеңейтіп, әлеуметтік ақиқаттың түрлі жағын, адамгершілік қарым-қатынастың көп қырын тануға, ал бастысы, оқушыларға дүниеге өзіндік жеке позициясын — кәсіби жоспарда болсын, бүгінгі тіршіліктің жекелік стилін, олардың алдағы өмірінің үлгісін қалыптастыруда болсын — айқындауға көмектеседі. Осыған орай, оқу мен оқудан тыс іс-әрекеттердің мазмұны проблемалы, белгілі бір жас шамасына сәйкес мектеп оқушыларының жеке басынын қалыптасуына тән ерекшеліктерінен туындайтын сұрақтарға толы болуы өте қажет. Ол дүниетаным проблемаларын қойып, оның тууына түрткі жасап, оларды оқушылардың шешуіне көмектеседі. Мектеп оқушыларының қатынасында, оқу процесінде болсын, педагогтардың оқушылармен белгіленбеген түсінісуді неғұрлым көп құрып, пайдалануды керек ететін, сонымен бірге балаларды өмірінің неғұрлым басты проблемаларын талқылауға мәжбүр ететін дискуссиялық кезең ерекше қызмет атқарады. Бұл оқушылар ұжымының барлық өмірі мәліметке толы жағдайда нақты пайда болады. Оқу-тәрбие процестерін мектеп оқушыларының назарынан әлеуметтік-саяси, ғылыми-техникалық, этикалық-философиялық тағы басқа сипаттағы көптеген астарлы мәліметтерді тыс қалдырмай, оқушылардың қарым-қатынасын неғұрлым толық мәліметтенген, ал «мәліметтік айқай-шу» неғұрлым аз болған жағдайда құру керек. Іс-әрекеттің кез келген түрін ұйымдастыра отырып, класта нақтылы бір топтарды, бір-біріне ықыластық білдіретін, өзара дос балаларды біріктіруді ескеру пайдалы. Педагогқа бұл топтардың ерекшеліктерін олардың алған бағытын, ынтасын, іскерлігін т.б. біліп, ескеріп, пайдалануы керек. Функцияларды бөлуде, іс-әрекетті ұйымдастыру мен орындауда бұл ерекшеліктерді ескеру оның тиімділігін бірқатар көтереді. Мысалы ұжымдық бағыттылыққа ие болған, сыныпта жеткілікті беделі бар балалар тобы белгілі шараларды дайындап, өткізуді басқара алады. Қандайда бір ерекше өзіне тән ынталы бар топ бүкіл ұжым үшін қажетті істің бастаушысы, ұйымдастырушысы болады. Оқушылардың шынайы өзара байланысын ескере отырып, мұғалім екі жақты мақсатқа қолы жетеді: топ мүшелерін коллектив өміріне енгізеді және топтың өз өміріне ықпалын тигізеді. Коллектив өмірі қызметін ұйымдастыруда осыған үлкен мән бере отырып, бұл жағдайдың маңыздылығын, Л.С.Макаренко атап кеткен. Куряждың жеңісін суреттеу үстінде ол: «Комсомолецтер жаңа отрядтарды өте келістіріп құрды, бұл істе Жорканығ, Горьковскийдің Жевелийдің тапқырлықтары барынша көзге түсті. Олар Куряждықтарды отряд-отрядқа таразыға тартқандай-ақ бөлді: біреулердің достығын, біреулердің араздығын, мінезін, дағдысын, талабын ескерусіз қалдырмады. Озат құраманың екі жеті бойы дамыл таппастан бөлмеден бөлмеге жүгіруімен болғаны босқа кетпеген екен. Өз қарым-қатынасының шеңберіне сүненген, шәкірттер ұйымдастыру функциясын неғұрлым тиімді атқарады, кез келген қызметті тек өзінің шеңберінде ғана емес, оның ауқымынан шыға отырып та жүзеге асыра алады. Шәкірттердің оқу мен оқудан тыс қызметін ұйымдастыру мазмұны мен формасын сұрыптаудағы мұғалімнің психологиялық аспектісінің негізгі сәттері осындай.
