Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Компьютерлік тестілеу

Білім алу - көп қырлы процесс, ал білімді бақылау – оның тек бір жағы ғана. Алайда, дәл сол арқылы компьютерлік технология мүмкіндігінше алдыға жылжыды, оның ішінде тестілеу жетекші рөлге ие болды. Көп елдерде, тестілеу жүйесі бақылаудың дәстүрлі түрлері - ауызша және жазбаша емтихандар мен сұхбаттасуды ығыстырып шығарды.

Шамасы, көптеген оқытушылар тест құру кезінде кейбір қайшылықтарды бастан кешіріп, оның қарапайым мәселе еместігін түсінген тәрізді. Жүйесіз әр жерден жұлып алған сұрақтар мен жауаптар тест емес екені сөзсіз. Тиімді және дәлме-дәл тест құру көп еңбек етуді қажет етеді. Осы істе компьютердің тигізер көмегі аз емес.

Компьютер тестері үшін сенімділік, салмақтылық, матрица жабу және т.б. сияқты тұжырымдамаларға сүйенетін өзгеше емес дәлме-дәл компьютерге арналған арнайы тестілеу теориясы бар.

Қазіргі уақытта педагогикалық құралдар: оқыту бағдарламалары, электрондық оқулықтар, компьютерлік тестерді жасау бойынша аспаптық авторлық жүйе кеңінен таралған. Мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін компьютерлік тестер жасайтын - тест қабықшасы бағдарламаларын құрумәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ. 

Алайда, бұл кең таралған бағдарламалық құралдар қабықшаларды керекті материалдармен толықтыруға қажетті тест тапсырмаларының қарапайым әдістемесінің жоқтығы әсерінен тежеледі. Біздің жұмысымызда компьютерлік тесттерді өңдеудің кейбір тәсілдері ұсынылады.

Білімді модуль түрінде ұсыну :

• компьютерлік тестілеу көмегімен нақты бақылау жүйесін ұйымдастыруға яғни, әр модульді аралық бақылау (тестілеу), барлық модульдер мен олардың өзара қарым-қатынас қортындысын, сондай-ақ, «қара жәшік» әдістемесін ұтымды пайдалануға;

• әрбір модульді педагогикалық мазмұнмен толықтыруды жүзеге асыруға;

• модульдердің семантикалық байланыстарын және олардың басқа пәндік салалармен қарым-қатынасын анықтауға және ескеруге көмектеседі.

Қандай да бір жүйені бақылаудың (тестілеу) екі амалын ерекшелеп айтуға болады:

1) «ақ жәшік» әдісі - білімнің сараптау моделін тестілеу принципі;

2) «қара жәшік» әдісі – кіріс және шығыс деректерін бақылау принципі бойынша (компьютерлік тестілеу үшін ең қолайлы) қандай да бір күрделі жүйелерді тестілеу.Тестілеу – оқушының жеке басының білім моделінің эксперттік сарапатамалық білім моделіне сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты - осы модельдердің сәйкес еместігін анықтау (білім деңгейін өлшеу емес), олардың сәйкес еместігінің деңгейін бағалау болып табылады.Тестілеу берілген тест жиынтығынан тұратын, арнайы тест арқылы жүзеге асырылады.

Тестік тапсырмалар - бұл пән саласы бойынша нақты жауапты талап ететін немесе белгілі бір іс-әрекеттің алгоритмін орындайтын анық және айқын тапсырма.

Тест – оқушы білімін, біліктілігі мен дағдысын бақылаудың немесе оқушы білімінің бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше түрі болып табылады.

Тест –білім алушының пән саласындағы сараптау моделіне сәйкестігін бағалауға жол беретін өзара байланысқан тестік тапсырмалар жиынтығы.

Толық тест – көптеген кіші тестік кеңістік, білімнің жеке бас моделі мен сараптау моделі арасындағы сәйкестікті объектівті бағалау.

Бақылау бойынша сараптаудың ең күрделі міндеті - оқушының жеке бас моделімен сараптау моделінің сәйкестігі немесе сәйкес еместігінің деңгейін барынша объективті бағалауға мүмкіндік беретін тест құрастыру болып табылады.

Тест тапсырмаларын құрастырудың ең қарапайым жолы – таңдап алған ұғым қасиеттері туралы білімін талап ететін жаттығуларды орындау, семантикалық баған түйіндерінің құрамы түсініктеріне сұрақтар құрастыру. Ұғымдардың арасындағы қарым-қатыстарды анықтайтын тест тапсырмаларын әзірлеу - ең күрделі саты болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]