Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Компьютерлік логикалық ойындарды жинақтау, деңгейлеріне қарай топтау, әр деңгейіне сипаттама беру

Компьютерлік ойын — ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады.

Видеоойындар деп теледидарға қосып ойнайтын, немесе ойын автоматтардағы ойындарды атайды.

Мобильді ойындар Ұялы телефондармен, смартфондармен, қалта компьютерлермен ойналатын бағдарламаларды атайды

Жіктелуі

Компьютерлік ойындар бірнеше түрге бөлінеді:

жанр бойынша

шутерлер (ағылш. shoot — ату)

рольдік ойындар

аркадалар

сылтауратқыш ойындар

стратегиялар

спорттық ойындар

оқиғалар

логикалық ойындар

компьютерлік стол үсті ойындар

дамытпалы оқыту ойындар

ойыншылар саны бойынша

жеке

бірнеше

Компьютерлік дидактикалық және дамыту ойындары - персоналды компьютерлерге арналған оқыту мен дамыту сипатындагы ойын бағдарламалары. Бірнеше түрде берілген (абсфактілік-логикалық, сюжеттікрольдіккомпьютерлік ойындар оқушылардың танымын кеңейтеді, олардың танымдык кызығушылығын арттырады, тұрлі білім мен дағдыларды калыптастырады (ойындык тренажерлер), психофизикалық дамуға ықпап етеді. Бірақ ойындарды тым кеп ойнау балаға зиян. 

Психологтар компьютерлік ойындарды қауіптілік дәрежесіне қарай төмендегі түрлерге жіктейді:[1]  І. Компьютерлік ролдік ойындар. Шынайылылықтан кетіп, қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін кейіпкерлерді сомдайды.  а) Компьютерлік кейіпкердің «көзімен» көрініс ойындары. Кейіпкермен ұқсастық, рольге толықтай кіру, виртуальдық болмысқа ену жылдам орындалады. Міне, сонысымен бұл ойындар өте қауіпті.  б) Компьютерлік ойын кейіпкеріне сыртқы көрініс ойындары. Кейде оларды «квестер» деп атайды. Мұнда компьютерлік кейіпкермен өзінің ұқсастығы соншалықты сипатталмағанымен ойында жүзеге асады. Сонымен қатар ойыншылар олардың жеңілісі мен өлімін тап өзінің басынан өткергендей қиналады.  в) Стратегиялық ойындар. Басқаша «басқарушылық» деп те аталады: ойыншы арнайы жасақ басшысы немесе әскерлердің басты басшысы ролін сомдай алады. Ойында роль нақты берілмейді, ол ойыншының қиялымен сомдалады, әрі экранда меншікті батыр болмайды. Мұндай ойындарға толығымен ену қиялы ұшқыр ойыншыларда байқалады. Мұндай ойындарды көптеген зерттеушілер ойлау жүйесін дамытады десе, ал біреулері осы типті қалайтын ойыншылар билікте де үстем болу қажеттілігін қалыптастырады деп жазады.  II. Компьютерлік рольдік емес ойындар. Ойыншы компьютерлік кейіпкердің ролін қабылдамайды, яғни адамның тұлғалық сипатына әсері мен тәуелділіктің қалыптасуы айтарлықтай өрнектелмеген. Негізгі мотивация: мақсатқа жетуге деген құштарлық, ойынның «өтуі» немесе ұпай жинау.  а)Аркада ойындар. Олар көбіне қызықсыз сызықтық сюжетті, ресурстарға талапшыл емес болып келеді. Аркада ойындарда негізінен орын ауыстыру, ату мен әртүрлі жүлделерді жинау, компьютерлік кейіпкерді немесе транспорттық құралды басқару жылдам жүзеге асырылады. Бұл ойындар көп жағдайда аса қауіптілігі жоқ. Психологиялық тәуелділікті тудырады дегеннің өзінде, бұл қысқа мерзімді болып табылады.  б) Басқатырғыштар (головоломки) (шахматтар, шашкілер, нарды). Мұндай ойындардың негізгі мотивациясы – компьютердің алдындағы өзінің мінсіздігін дәлелдеу.  в) Іс-әрекеттің жылдамдығына қатысты ойындар. Бұған ойыншының икемдігі мен реакция жылдамдығын танытатын барлық ойындар жатады. Бұлардың аркада ойындарынан айырмашылығы, мұнда ешқандай сюжеттің болмауы, немесе шынайы өмірмен еш байланысы жоқ абстрактылығында. Мотивациясы құштарлыққа (азарт) негізделген, яғни ойынды өту, үлкен көлемде ұпай жинау қажеттіліктері адамды осындай типті ойындарға психологиялық тәуелділікті қалыптастыруы әбден мүмкін.  г) Дәстүрлі азарттық ойындар. Бұған карталық ойындардың компьютерлік нұсқалары, рулетка, ойын автоматтары жатады. Мұндай компьютерлік ойындарымен шынайылыққа ұқсастыққа тәуелділіктің қалыптасу механизмдері бірдей болып келеді.  Соңғы уақытта кибераддикция облысындағы зерттеулерде: ойындық тәуелділік пен наркотиктік, алкогольдік және т.б дәстүрлі тәуелділіктердің бір–бірімен ұқсастығы тұжырымдары айтылуда. Ғылыми зерттеу тұрғысынан тәуелділіктің бұл екі түрінің эквиваленттілігі нақтыланса, компьютерлік ойындарға тәуелділік пен тәуелділіктің “дәстүрлі” түрлері облысындағы барлық білім көлемін бір арнаға тоғыстыруға мүмкіндік туады. Дегенмен, қарастырылып отырған тәуелділіктердің бұл түрлерінің барлық жағынан тоғыса бермейтінінде ескеру керек. Төменде эмперикалық зерттеудің негізінде табылған ойындық тәуелділіктердің кейбіререкшеліктеріқарастырылған.  Компьютерлік ойындарға тәуелділіктің даму динамикасы кемінде 5 – 10 жылдық стажы бар 15 «маман» ойыншылардың жағдайына сүйеніп жүргізілуі қажет. Обьективтік және нақтыланған ғылыми білім беретін күрделі әдістерді қолдану, мысалыға лонгитюдтік зерттеу, бұл жағдайда мүмкін еместігі, зерттеуді айтарлықтай қиындатады. Бұл зерттеудің уақытының ұзақтығына ғана емес, компьютерлік ойындар технологиясының аса жоғары қарқынмен дамуын үнемі жаңа деңгейдегі сапалы ойындардың шығуын байланысты. Өз кезегінде бұл күтілген және обьективтік шынайы нәтижені бермейді. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]