Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау.

Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады.Дидактикалық функциясы бойынша информатика пәнінен сабақ төмендегі түрлерге бөлінеді:

-Дәріс-қандай да бір проблема бойынша ұғымды беру;

-Семинар-өтілген тақырып,бөлім бойынша білімді жалпылап,жүйелеу;

-Конференция-өтілген материал бойынша білімді тереңдетіп,кеңейту,қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істей білу іскерлігін дамыту;

-Әңгімелесу-негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау;

-Кеңес-оқушы білімі мен іскерліктеріндегі қылықтарды анықтау,оны жоюға көмек көрсету;

-Зертханалық жұмыс-оқушылардың программалық жабдықпен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру;

-Практикум-күрделі программалармен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру,өз бетімен зерттеу жүргізе білу іскерлігін қалыптастыру

К

Компьютерлік сауаттылық пен ақпараттық мәдениет

Компьютерлік сауаттылық (Компьютерная грамотность; computer literacy) — практикалық жұмыстарда компьютерді қолдану біліктілігі. Қазіргі кезде іскерлік пен білім салаларында міндеттілікке айналды; белгілі бір саладағы мәселелерді шашу жолында компьютерді қолдану үшін керекті мүмкіндіктер мен білімдер жиыны. Компьютерді пайдалана отырып, мвліметтер оку, жазу, есептеу, сүрет салу және де акпарат іздеу жолдары. Компьютерлік сауаттылыққа ЭЕМ-де есептеу жүргізу, оқу, жазу, сурет салу, ақпаратты іздей білу т.б. жатады. Жоғары сауаттылық белгісі ретінде компьютерде өз бетінше жұмыс істей білу және оны тиімді қолдану болып табылады.

Қазіргі кезде сауаттылық мағынасын кеңейтетін «жүйелік сауаттылық» термині қолданылады. Бұны «компьютерлік білімділік» деп атаған орынды. Оның негізгі белгілері:

1)      басқа мамандық иесі болған күнде де, компьютерлік кітаптарды, әдебиеттерді үзбей оқу; 

2) соңғы жаңа бағдарламалар мен компьютерлік мүмкіндік туралы кең мағлұматқа ие болу;

3) жұмыс істеу үшін нақты бағдарламалық қамтамасыздандыру құралдарды таңдай білу:

4) бағдарламалық құралдардың сапасы жөнінде жеткілікті білім қорына негізделген жеке пікір айта білетіндей қабілетті болу керегі және т.б.

Компьютерлік сауаттылықты - ЭЕМ көмегімен санау, жазу, оқу, сурет салу, ақпаратты іздеу қабілеттері деп айта аламыз. Жоғары, қалыптасқан сауаттылықтың белгісі бұл - өз бетімен және ЭЕМ-ді қолдана отырып тиімді жұмыс істеу. Бұл оқушыларды оқытудағы ең бірінші сипаттамасы болып табылады. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде қарау, алған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу. Ақпараттық мәдениет тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін – анықтамалықтарды, сөздіктерді. Энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Бұл — әңгімелесе білу, теледидар хабарын талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайда өз еркіндігіңді шектей білу. Ақпараттық мәдениет – компьютерлік технологияны пайдалану, ол – Интернет. Интернеттің көмегімен оқу бағдарламаларына қатыса аламыз, әсіресе өнер саласын зерттеуге қолайлы, мысалы мұражайлардың әр түрлі сайттарын пайдалану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]