Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Алгоритмдеу негізін оқыту әдістемесі

Адам мен компьютер арасындағы тіл қатысу, хабар алысу

әрекеттері тек алгоритм арқылы ғана іске асырылады. Сондықтан

есептеуді меңгергісі келген адам, алдымен, алгоритм сөзі мен сол

ұғымның мән, мағынасын терең білуі қажет.

Алгоритмдеу бағытының мазмұны мына түсініктер тізбегі

арқылы анықталады: алгоритм, алгоритмнің қасиеттері, алгоритмді

орындаушылар, орындаушының бұйрықтар жүйесі, алгоритмді

формалды орындау, алгоритмді ұсыну формалары, негізгі

алгоритмдік құрылымдар, шама ұғымы, көмекші алгоритмдер.

Мектеп информатикасында алгоритмдеуді оқытудың екі

мақсаттық аспектісі бар:

біріншісі –дамытушылық аспекті, оқушылардың алгоритмдік

ойлауының дамуы;

екіншісі – бағдарламалық, кәсіби бағытталған аспекті. ЭЕМ

үшін бағдарлама құру, алгоритм құрудан басталады:

бағдармалаушының ең маңызды кәсіби сапасы – логикалық-

алгоритмдік ойлаудың дамуы. Алгоритм – берілген деректерден

ізделетін нәтижеге әкелетін, орындаушыға түсінікті және анық

шектеулі бұйрықтардың тізбегін орындау нұсқамасы. Бұл жүйеде алгоритмді ОРЫНДАУШЫ түйінді объект болып

табылады. Орындаушы – айқындалған әрекеттер жиынын

орындауды білетін объект (автомат немесе робот) немесе субъект

(адам). Алгоритмді басқару жағынан, орындаушының негізгі

сипаттамасы, ол орындаушының бұйрықтар жүйесі.

Орындаушының бұйрықтар жүйесі (ОБЖ) – орындаушының атқара

алатын шектеулі бұйрықтар жиынтығы. Әр алгоритм

орындаушының бұйрықтар жүйесінің мүмкіндіктерін ескере құрылуы

керек.

Алгоритмнің бұйрықтарын бұлжытпай бірінен кейін бірін

формалды орындау – орындаушының негізгі жұмысы. Яғни,

алгоритмнің формалды орындалуы – орындаушы есептің мағнасын

білмесе де, дайын алгоритмнің бұйрықтарын бұлжытпай бірінен кейін

бірін орындап, сол есептің нәтижесін шығару.

Алгоритмнің қасиеттері. Қойылған есепті шешу үшін

орындаушы кірісінде алгоритімді және деректерді алады, ал

шығысында керек нәтижелер алынады. Алгоритмге тек ОБЖ-ға

жататын бұйрықтар кіреді. Бұл талапты – алгоритмнің түсініктілік

қасиеті деп атайды. Сонымен, алгоритмнің түсініктілігі –

бұйрықтар жүйесі арқылы жазылған алгоритмді, орындаушының

түсініп, орындай алатындығы.

Алгоритмнің басқа қасиеті, ол – дәлдік (анықтылық).

Алгоритмнің кез келген бұйрықтары және олардың орындалу реті,

орындаушы үшін тек бір мағыналық, бір мәндік түсінік беруге тиіс.

Алгоритмнің орындалу үрдісінде ешқандай еркіндікке жол берілмеуі

керек. Мысалы, орындаушы-аспазшы үшін аспаздық рецепті тағам

дайындау алгоритмі деп қарастырайық. Әйтсе де, рецептің бір

пунктінде: «Бірнеше қасық қант салу керек» – деп жазылса, онда ол,

бұйрық анық емес. Неше қасық? Қандай қасық (шәй немесе ас

қасық)? Әр аспазшы өзінше түсінуі мүмкін, сондықтан нәтиже әртүрлі

болады. Дәл бұйрықтың мысалы былай болуы керек: «2 ас қасық қант

салу».

Деректер

ОРЫНДАУШЫ

ОБЖ

( орындаушының

бұйрықтар жүйесі )

Алгоритм:

1- бұйрық

2- бұйрық

.....................

N-бұйрық

Нәтижелер

Алгоритмнің тағы бір қасиеті, алгоритмнің анықтамасында

көрсетілген – шектілік (нәтижелілік). Ол былай тұжырымдалады:

саны шектелген қадамдардан соң, ізделіп отырған нәтиже алынады,

демек алгоритмнің орындалуы аяқталады. Мұнда, қадам дегеніміз

жеке бұйрықтың орындалуы деп білеміз. Шексіз орындалатын

алгоритм нәтиже бермейді. Алгоритмнің бұл қасиеті, оның айналып

орындала беру жағдайын (орысш. – зацикливание) алдын алуға

бағытталған. Сондықтан шектілік қасиетін – алгоритмнің

нәтижелілігі деп те айтады.

Оқу әдебиеттерінде алгоритмнің тағы екі: дискіреттілік және

бірдейлік (жаппайлық) қасиеттерінің сипаттамалары кезігеді.

Алгоритмнің дискреттілік қасиеті мына жағдайды анықтайды:

алгоритмнің бұйрықтары тізбекпен, бір бұйрықтың орындалуының

аяқталуы және мына бұйрықтың басталу сәттері дәл белгіленеді.

Алгоритмнің бірдейлік қасиеті алғашқы деректерді енгізу

жағынан әмбебаптығын айқындайды. Яғни, алғашқы деректердің

мәндерін өзерте беру мүмкіндігі бар, типі белгілі қандай да бір

есептер тобына жазылған алгоритм.

Жалпы түрде алгоритмнің тақырыбы

мен денесінің жазылу тәртібі:

алг алгоритмнің атауы (типтері аталған шамалардың тізімі)

арг аргументтердің аттары

нәт нәтижелердің аттары

басы

алгоритмнің денесі (бұйрықтар тізбегі)

соңы

Мұнда, алг (алгоритм), арг (аргумент), нәт (нәтиже), басы,

соңы – қызметші сөздер деп аталады да, алгоритмді сипаттау үшін

қолданылады. Алгоритмнің басы деген сөзге дейінгі бөлігі

алгоритмнің тақырыбы, ал басы және соңы сөздерінің арасындағы

бөлігі алгоритмнің денесі деп аталады. Алгоритмнің аты (атауы) кез

келген болуы мүмкін. Әдетте, оны алгоритмнің қандай есепке

арналғандығы түсінікті болатындай етіп таңдайды.

Б.

Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту әдістемесі пәнінің бастауыш сынып мұғалімін кәсіби даярлау жүйесіндегі орны

Білім сапасындағы жаңашылдық жұмыстарын жүргізетін басты тұлға мұғалім болғандықтан, оның психологиясы, әдістемесі өзгеруі - 12-жылдық білім беру жүйесіне көшудің алдыңғы шартынын бірі болып табылады.

Осы орайда, 12-жылдық білім жүйесіне көшу барысында мамандарды қайта даярлауға мақсатты қаражаттың бөлінуі үкіметіміздің асқан көрегендігін көрсетеді. Себебі, әдістемелік-психологиялық дайындығы бар маман ғана жаңа бастаманы шығармашылықпен қолдап, өмірге тән ете алады.

Мұғалімдердің біліктілігін көтерудің бір жолы - оларды оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету. Осы мақсатта "12-жылдық білім проблемалары" Республикалық ғылыми-практикалық орталығынан әдістемелік әдебиеттер алынды, бұған қоса институт баспа орталығынан эксперименттік мектептердің іс-тәжірибесінен бірнеше әдістемелік кұралдар шығарды.

Бүгінгі әлемдегі елдер мен халықтардың өзара тарихи байланысының дамуы, экономика, мәдениет пен ғылымның әлемдік деңгейге бет бұруы, ұлттық денгейде қалуды көтермеуі, ғылыми-білімнің түрлі салаларында әлемдік іс-тәжірибені оқып үйренудің қажеттігі шарты екенін дәлелдеуде. Сондыктан қазіргі уақыттағы жаһандану жағдайында әлемде жүріп жатқан процестерден, жаңалықтардан біз сырт қалмай, әр кез алға ұмтылуымыз керек. Білім беруді жаңашаландыру мен 12-жылдық оқытуға көшу бағытындағы жұмыстар институттың әдістемелік іс-әрекетінде басты бағыт болып, келешекке де жалғаса бермек.

Бүгінгі танда Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жастарға білім мен тәрбие беру ісін дамыту және жетілдіру болып отыр. Білім мен тәрбие берудің негізі жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық процесін жақсарту кезек күттірмейтін мәселе десек, бастауыш мектеп - соның бастауы. Демек, бастауыш мектеп дидактикасының бүгінгі таңда көтерер жүгі де салмақтана түседі.

Бастауьш класс мұғалімінің негізгі міндеті - бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Мұндағы басты мақсаты - окытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзкарасының қалыптасуына жол ашу.

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында: "... бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты койылады", - делінген.

Адамның тұлғалық қалыптасуы - үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда, демек болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі - болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды - оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]