Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Информатика курсы бойынша бағдарламалық қамтамассыз ету түрлері мен қызметі (курс тараулары мен жеке тақырыптар бойынша)

Тақырыптық жоспарлау

Тақырыптық жоспар бүтіндей оқу жылына әзірленіп, оқу курсының барлық ірі тақырыптары мен бөлімдерінің қысқаша мазмұнынан тұрады. Жалпы айтқанда, жылдық тақырыптық жоспар – бұл барлық сабақтар тақырыптарының тізімі, басты мақсаты сабақтың оңтайлы мазмұнын анықтау және оларға қажет уақытты есептеу болып табылады.

Тақырыптық жоспар мына бөлімдерден тұрады:

тақырыптар атаулары мен барлық сабақтардың мақсаттары;

сабақтардың формалары;

оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны;

тірек білім мен ептілік;

алдын ала және қорыта қайталау тақырыптары;

көрнекі құралдар мен оқу жабдықтарының тізімдемесі;

оқу-әдістемелік құралдар;

пәнаралық байланыстар;

сабақ формалары (жалпылаушы және сынақ тапсырмалар бекітіледі, өздік жұмыстардың тақырыптары мен формалары белгіленеді). Әрбір тақырып бойынша негізгі ұғымдар, әрекет тәсілдері, ақпарат көзі бөлініп алынады.

Тақырыптық жоспарлау – белгілі бір тақырып немесе оқу бағдарламасының бөлімі бойынша, сабақтар мен сабақтан тыс жұмыстар жүйесіндегі оқу-тәрбиелік үрдістің білім беру, дамытушылық және тәрбиелік қызметтерін жүзеге асырудың оңтайлы жолдарын анықтауға арналған. Олар сабақты белгілі бір жүйеге салуға, жұмыстың келешегін көруге мүмкіндік береді, жабдықтарды сабаққа алдын ала даярлауға, жаңа материалды меңгеруге, қажетті білім мен ептілікті өзекті етуге бағытталған оқушыларға алдын ала тапсырмалар ойлап табуға көмектеседі. Ең бастысы, барлық тақырып арқылы жетекші ережелерді өткізу, оқушылардың бүтіндей түсінігін және әрекеттің аяқталған тәсілін қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады. Тақырыптық жоспар – мұғалімнің күрделі ойлауының жемісі, оқытылатын тақырып мақсаттарын, сабақты, оларға жетудің жетекші құралдарын ұғыну. .

Информатика пәнін оқытудағы пәнаралық байланысты нормативтік құжаттарға байл.Анықтау

 Информатика пәнінің басқа мектеп пәндерімен тығыз байланысы оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда информатика пәнін философия  ғылымымен салыстыруға болады. Себебі, оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа  пәндерді оқып-үйрену барысында жан-жақты қолдана алады. Оның тағы бір ерекшелігі пән мазмұнындағы тақырыптардың арасындағы пәнішілік байланыстың  күштілігінен көрінеді. Себебі, информатиканың бастапқы  ұғымдары  алгоритм, функция, тағы басқада математикадан алынған. Математикада дәлелдеулер алгоритмдік құрылымға негізделген, ал информатикада осы алгоритмдерді құрайтын бөліктерді ерекшелей білу мақсаты қойылады.

Информатиканың физика, химия пәндеріне ұқсастығы оның тәжірибеге, экспериментке (латын тілінен exspermentum-тексеріп көру, тәжірибе) негізделгенінен көрінеді. Компьютерде программаны жүктеу мен жүргізу эксперимент  ретінде әсіресе, программадағы қатені  іздеуде айқын байқалады. Физикалық көзқарас тұрғысынан компьютер приборлар  секілді қарастырылады. Оның  жан-жақты сипаттамасын зерттеуге және тәжірибелер жүргізуге байланысты  әдістерді физика пәнінде алып қолдануға болады.

Информатикаға қос сипаттылық тән. Бұл біріншіден, оқушыларға алгоритмді құру менталдау әдістерін үйрету барысында байқалады, екіншіден, программаларды іске  қосу кезіндегі экспериментке сәйкес “тәжірибе” жасау әдістері кезінде айқын көрінеді. Физикалық құбылыстарды математикалық моделдеу кезіндегі сандық  эксперимент бұл жағдайларды өзара бірлікте қарастырады.

Информатика пәнінің психологиямен байланысы оқушылардың компьютермен қарым-қатынас мәселесінде көрінеді. Сұхбаттық программалармен, компьютерлік ойындармен  жұмыс істеу үшін “компьютерге жан біткендей” әсер етеді.

Информатикада  таңбалар мен белгілеулер кең қолданылатындықтан оларды түрлендіруде компьютердің ролі ерекше. Оқушылардың ақыл-ойының дамуына компьютердің әсері әлі зерттелуде. Оқытуда  компьютерлік ойын элементтерін шектеулі түрде пайдалануды информатиканы оқытуда жоққа шығармайды, кейде тіпті ұсынады. Мысалы, программаларды үйлестіруді “кім ақылды” компьютерлік ойыны арқылы жүргізуді ұсынып, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуді көздейді.

Компьютерді оқыту процесіне енгізу, жағдайында танымдық  ақыл-ой әрекеттері – анализ, синтез, индукция, дедукция, жалпылау, салыстыру, аналогия тағы да басқа  әдістері ескертіледі. Мұнда оқытудың білімділік, тәрбиелік мақсаттары жалпы дидактикадан  алынып, информатика материалдарының мазмұны арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық принциптер информатиканы оқыту әдістемесінде пән ерекшеліктеріне сәйкес айқындалып, оқу процесінде қолданыс табады.

Информатика пәнінің шет тілдерімен байланысы аударма жасау, текстерді өңдеу кезінде көрінеді. Сондай-ақ формальды  тілден мазмұндылыққа көшу информатика ғылымының жетістіктері негізінде табысты шешілуде.

Информатика пәнінен оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары.

Қазіргі қоғамда бала үшін кітаптың маңызы қандай болса, копьютер де бала үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану. Оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады. Интерактивті тақтаны қолдану арқылы кез келген тақырыпты түрлі көрнекіліктер арқылы көріп, біліп дәлелдей отырып түсіндіруге болады. Ал электрондық оқулық пен оқыту нәтижесінде оқушы тақырыпты жан-жақты, терең түсінеді. Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың жекелеген (саралап оқыту) және топтасқан түрлері (топпен немесе ұжымдық) бар.Саралап оқыту оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылды. Саралап оқыту технологиясындағы оқу үрдісінде келесі мақсаттарды көздеуге болады:оқушыға сенімділік білдіру· пәнге қызығуын арттыру· оқушы өз біліміне сеніп, оны әрі дамыту· өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілу;Саралап оқытуға байланысты келесідей тапсырмаларды қолдануға болады.1. Сұрақтарға жазбаша жауап алу.2. Тест тапсырмасын орындату.3. Жаттығу мен тапсырмалар орындату.4. Компьютер арқылы сынақ, емтихан алу.1.Өзіндік жұмыста басты мақсат – оқушыларды саналақ, белсенділік, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Нәтижесінде білім сапасы жоғары, болашағы бар азамат дайындау. Оқушының өзіндік жұмысын өз дәрежесінде және уақытында жүргізу немесе ұйымдастыру – дара тұлға тәрбиелеудің бірден-бір жолы.2.Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың табиғи қызығушылығының жоғарлығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының басымдылығымен түсіндіріледі.Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты1.Баланың шығармашылық қабілетін және өз  бетінше шығармашылық ізденісін дамыту.2.Пәнге терең қызығушылығын арттыру.3.Оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру.4.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту.5.Жалпы білім – білік дағдыларын дамыта оқыту.6.Білімнің бағасын арттыру.

3.Үй тапсырмасы - сыныптағы сабақтардан кейін мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқу және тәжірибелік жұмысты оқушының өздігінен орындайтын оку процесінің құрамдас бөлігі.Үй жұмысы оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады. Мектеп оқушыларының оқуды үлгірмеуіне әкеліп соғатын себептердің көп таралған бір түрі үйге берілген тапсырмаларды қанағаттанарлықсыз орындауы, ал мұның өзі көбінесе үйге берілетін тапсырманың шамадан тыс көп беруден болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]