- •''Ақпараттың қасиеттері.Ақпарат түрлері'' тақырыбын оқыту.
- •''Ақпараттық үдерістер'' тақырыбын оқыту.
- •Ақпаратты кодтау тақырыбын оқу
- •Алгоритмдеу негізін оқыту әдістемесі
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары
- •Бастауыш мектепте информатиканы кіріктіріліп оқытудың міндеттері
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен психологиямен және информатикамен байланысы.
- •Бастауыш мектептеинформатиканыоқытудыңəдістемелікқұралдары
- •Бастауыш мектепте ақпараттық технологияны қолданудың әдістемелік ерекшелігі
- •12 Жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі
- •Бастауыш мектепте информатика курсын оқулықпен,оқу-әдістемелікжәне бағдарламалық қамтамасыз ету
- •Бастауыш мектепте информатика пәнінің мектептің оқу жоспаындағы орны
- •Бастауыш мектептегі информатиканың басқа пәндермен байланысы
- •Білім тексеру түрлері(ағымдық, тақырыптық, қорытынды.)
- •Бастаушы мектепте информатикадан өтілетін сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері.
- •Бастауыш мектепке арналған информатика курсының мазмұны.
- •Бастауыш мектепте «математика және информатика » кіріктірілген курсының информатика бағытының пропедевтикалық мазмұнына жалпы сипаттама
- •Бастауыш мектептегі қазіргі информатика сабақтарына койылатын талаптар
- •Зат, обьект, модель тақырыбы
- •Информатика ғылым және бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде.
- •Информатиканы о қытудың əдістемелік жүйесі
- •Информатиканыоқытудыұйымдастыру
- •Информатика сабағын оқыту әдістері.
- •Информатиканы оқытудағы ойын технологиясы.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.
- •1.Информатика және есептеуіш техника кабинетінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері.
- •2. Мектептегі информатика кабинетіндегі кешендік операциялардың қолданылуы
- •5 Жастағы балаларды – 7 минуттан;
- •Информатика курсы бойынша бағдарламалық қамтамассыз ету түрлері мен қызметі (курс тараулары мен жеке тақырыптар бойынша)
- •Информатика пәнін оқытудағы пәнаралық байланысты нормативтік құжаттарға байл.Анықтау
- •Информатикадан оқу бағдарламасы. Күнтізбелік және сабақ жоспары
- •Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау.
- •Компьютерлік логикалық ойындарды жинақтау, деңгейлеріне қарай топтау, әр деңгейіне сипаттама беру
- •Компьютерлік тестілеу
- •Күнтізбелік, тақырыптық жоспар жасау . Сабақты жоспарлау
- •Оқу үрдісінде оқыту нәтижесін бағалау мен тексеру қызметтері (бақылаушы, диагностикалық және түзетуші ,оқытушы,тәрбиелеуші және мотивациялық.)
- •Ортамектептегіинформатикаоқулықтары.Құрылымы, құрылуәдістемесі.Жұмысдәптері.
- •Оқыту әдістемесі.Жиын, жүйе, ұғым , қатынас
- •Сабаққа тән дидактикалық функциялары
- •Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері
- •Сабақ жоспарын құру тәсілдері. Интерактивті тақтаны пайдалану
- •Сабақ жоспарын кембридж технологиясы бойынша (Блум таксаномиясы) құру
- •Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
- •Электрондық оқулықтың құрылымы
- •Бiлiм саласында қолданылатын программалардың негiзгi түрлерi. Оқыту программаларын жобалау кезеңдерi.
Информатиканы оқытудағы ойын технологиясы.
Ойын-оқушылардың түрлі жағдаятта дұрыс сөлеуін қалыптастыратын,диалогтік және монологтік сөйлеу үлгілерін жетілдіретін,көсбасшылық қабілетті дамытады.Шындап келгенде ойын техн.білім,білік және ойынды жүргізу қабілеті талап етідеді.Ойынды ұйымдастыру барысында келесі ережелерді қарапайым болуы тиіс:1.Ойын ережелері қарапайым болуы тиіс.2.Мектеп оқушыларына түсінікті тапсырмаларын тұжырымдау.3.Әрбір оқушы ойынның белсенді қатысушысы болуы керек.4.Жарыс нәтижелерін жүйелеу ашық түрде өтуі тиіс.5.ойынды сабақта аяқтап,нәтижесін алу.Ойынның негізгі құрылымдық компоненттеріне келесілер жатады:1.ережелер 2.жеке жұмыс.3. топтық талқылау 4.ойын нәтижесі. Ойын-кәсіби түрде шығармашылық ойлау қабілетін дамыту құралы,ойын барысында адам мамандандырылған жағдайларды шешуге үйрену қабілеттіне ие болады.Ойында оқушының белігілі бір рөлі болуы қажет.Ойын ды дайындау мен ұйымдастыру жан-жақты және тұңғылықты дайындықты қажет етеді.Ойынның сабақ барысында басты мақсаты-білім беруді ойынмен ұштастыру.Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдыңы басқа да әрекеттерін айқындайды.Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен,ол ұжымдық әрекет. Информатика пәнін модулдік оқыту технолгиясына сәйкес оқыту әдістемесі.
Модулдік оқыту техн.мақсаты: сабақтардыңмодулдік оқыту техн-сын қолдана отырып, жобалаудың тиімділігін анықтау.Міндеттері:1.Модулдік оқыту техн-ның мазмұнын таныстыру.2.Модулдық оқыт.техн.құрылымын анықтау.3.Мод.оқыту техн.тиімділігін анықтацтын сабақ үлгісін құрастыру.4.Мод.оқыту техн.білім сапасына әсері.5.Мод.оқыту.техн.арөылы сабақты жоспарлау. Модуль- іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгіленген деңгейіне жету үшін сұрыпталған,дидактикалық өңделген білім,білік мақмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқасы немесе аяөталған оқу ақпаратты болып табылатын модулдік бағдарламаның негізгі құралы.Модуль-оқу мазмұныны мен техн.біріктіріп тұрған мақсаты функционалды байланыстырады.Модулдік оқытудың негізгі тиімділігі:1.Қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі.2.Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымд.3.Барлық тақырыптар бойынша тест,сынақ жүргізу. С.И..Ожеговтың пайымдауынша Модуль-белгілі бір тақырып ішіндегі бөлітердің өзара топтасрылған жүйесі.
Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.
Мектептегі информатика кабинетіндегі кешендік операциялардың қолданылуы.
1.Информатика және есептеуіш техника кабинетінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері.
Информатика және есептеуіш техника кабинеті – мектептегі «Информатика және есептеуіш техникасы негіздері» пәні бойынша сыныпта және сыныптан тыс сабақтарды өткізуге арналған оқу – тәрбие орны. Бұл кабинетте сабақ кестесіне сәйкес «Информатика және есептеуіш техникасы негіздері» пәнінен сабақтар өту; факультативтік курстар, үйірмелер және басқа қосымша оқу түрлеріне сәйкес сабақтар жүргізу; есептеу техникасына байланысты оқушылардың өндіріістік – практикалық жұмысын ұйымдастыру; компьютерлендіруге байланысты басқа пәндердің сабақтарын өту; жұмыс орнын басқаруды автоматтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Бүгінгі күні мектепте 6-12 оқушы жұмыс орыны (ОЖО) мен мұғалімнің жұмыс орынын (МЖО) жергілікті желімен біріктіру стандартқа сәйкес болып табылады. МЖО – да 1 принтер және дискжетек болады. Қосымша аудио – видеомагнитофондар, сканер, графопроектор, теледидар, т.б. техникалық құралдармен бірге слайдтар, планшеттер, кестелер, қолданбалы программалар пакеті, тестік программалар, оқыту – бақылау программалары, ілестірмелі материалдармен қамтамасыз етіледі.
Мектеп директорының бұйрығымен информатика пәнінің мұғалімі кабинет меңгерушісі болып тағайындалады. Ол кабинеттегі компьютерлердің, құрал – жабдықтардың сақталуына, дұрыс қолданылуына жауапты болады.
Кабинет меңгерушісі «Информатика және есептеуіш техникасы негіздері» кабинетін қабылдап алу үшін мектеп директоры қабылдау комиссиясын құрып, оның қабылдап алғандығы туралы акт жасайды. Кабинетті пайдалану туралы акт жасалмаса, онда жұмыс істеуге рұхсат етілмейді. Акт жасауға қалалық немесе аудандық халыққа білім беру басқармасының өкілі, мектеп кәсіподақ ұйымының өкілі және кабинет меңгерушісі қатысуы керек. Бұл кабинетта:
- инвентарлық кітап (кабинеттегі барлық заттардың есебін тіркеу, оны мектеп директоры бекітеді);
- оқушылардың әрбір жұмыс орнын пайдалану журналы;
- компьютерлерді жөндеу жұмыстарын тіркеу журналы;
- техника қаупсіздігі ережелері [2];
- оқушылардың техника қауіпсіздігі ережелерімен танысқандығы туралыдәптер немесе журнал;
- алғашқы дәрігерлік көмек туралы нұсқау;
- қажетті дәрі – дәрмектер;
- өрт сөндіру құралдары
міндетті түрде болуы керек. Кабинет меңгерушісі мектептің оқу жоспарына сәйкес кабинетті пайдаланудың кестесін жасайды. Барлық сабақтар мұғалімнің қатысуымен жүргізілуі міндетті болып табылады.
Алғашқы кіріспе сабақтарда мұғалім кабинеттің жұмыс тәртібімен, техника қауіпсіздігі ережелерімен, еңбек гигиенасымен, санитарлық – гигиеналық талаптармен, басқа да алдын – ала сақтандыру шараларымен оқушыларды таныстырған соң арнайы журналға танысқандығы туралы қол қойдырады. Мұғалімнің сабақ жоспары бойынша кабинет лаборанты оқу процесін қажетті құрал–жабдықтармен қамтамасыз етуі, оқушыларды техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыруы, басқа да сақтандыру шараларын жүргізуі, техниканың қалыпты жұмыс істеуі мәселелерін қамтамасыз етуі тиіс және ол осы жұмыстарға тікелей жауапты болып табылады
