Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Информатика сабағын оқыту әдістері.

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Информатика пәнін оқытудың 5 әдісі бар. 1) түсіндірмелі – илюстрациялы. 2)программаланған 3)модельдік. 4)эвреситикалық. 5)пробремалық

Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Бұл әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды. Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Мұғалім – есептер шығарады, теоремаларды дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Оқушылар - мұғалімнің іс-әрекетін қайталайды, тыңдайды, көрнекіліктеріне қарайды, заттармен жұмыс істейді, оқиды, бақылайды, жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені аз уақыт ішінде беруге болады. Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілген және көп елдерде қолданылады. Көп ғасырлар бойы білім беру үшін мұғалімнің сөзі, оқу кітаптары, жұтаңдау көрнекі құралдар қолданылады. Қазір ақпараттар техникалық құралдар арқылы да берілуде. Олар арқылы ғалымдармен, жазушылармен, суретшілермен, әртістермен, конструкторлармен, т.б. кездесу өткізуге болады. Оқу кинолары, телехабарлары зат және құбылысты жақсы қабылдап, түсінуге көмектеседі. Олар арқылы өсімдіктің қалай өсетінін, ғарыштағы микроағзалардағы құбылыстарды көреді. Жұмыс істеп тұрған үлгілерді, табиғи объектілерді демонстрациялауды кең қолдану керек. Түсіндермелі-иллюстративтік әдіс бастауыш мектептерде кең тараған. Ол арқылы білім "дайын" күйінде беріледі. Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар түсініп, естерінде қалдырады. Бұл әдісті шектен тыс қолдануға болмайды. Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.

Проблемалық оқыту- дамытушылық сипаттағы оқыту, себебі оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсінуге мұқтаж ьолғанда ғана ойлана бастайды. Проб. Оқыту барысында мұғалімге қойылатын талап-оны қашан және қалай пайдалануды анықтау. Проб.оқыту әдісі оқушының өзінше болжам жасауына, алгоритм құруына, танымдық қиындықтарды жеңе білуіне көмектеседі

Информатиканы оқыту формалары мен түрлері. Оқыту формалары мұғалім мен оқушының танымдық және тәрбиелік қарым-қатынасының мақсатты, дұрыс ұйымдастырылған, мазмұнды, әдістемелік тұрғыдан анықталған жүйесі. Оқыту формасы пәнінің мазмұнын, оқыту құралдары мен әдістерінің бірлігі ретінде жүзеге асырылады. Информатиканы оқыту формаларының жіктемесін көрсетуде көзқарастарды басшылыққа алуға болады:

1)оқу жоспары бойынша : дәріс,семинар, үй жұмысы , емтихан т.б.; жоспардын тыс-бригадалық зертханалық жұмыс, кеңес, конференция, экскурсия, т.б,;

2) жалпы формалар: фронтальдық, ұжымдық, топтық, жеке жұмыс. Т.б; оқу-тәрбие ұдерісін ұйымдастыру формалары бойынша дәріс, семинар, үй жұмысы

Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі.оны былай жіктеуге болады: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік, мектептік, мектептен тыс, дара сабақтар.

Иновациялық технологиялардың білім сапасын арттырудағы маңызы: - Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану. - Әр оқушы ның психолгиялық ерекшеліктерін ескерту. - Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып,мүмкіндік деңгейлерін ашу. – Иновациялық техн.сынау арқ.тиімділігін арттыру,мектеп жағдайына бейімдеу. Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда,өздік жұмыс жасау,өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе білу.заман талабына сай техн.қолдану ауқымы,түрлері өзгеріп отырады.Бірақ,ең басты техн.тиімді,жүйелі қолдану керек. Иновац.техн.нәтижелері:1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.3.Олардың әрқайсысына деңгейін анықтай аласың.4.Оөушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.5.Оқушы қабілеттері,сөз саптау еркіндігі,ұйымшылдық белсенділігі артады.Педагогикалық үрдісте жаңа техн. енгізіп,интерактивті оқытуды пайдалану мұғалімжерді шеберлік жағын шындайтындығғына дау тудырмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]