Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
info_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.33 Кб
Скачать

Бастауыш мектептегі қазіргі информатика сабақтарына койылатын талаптар

1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі қажет.Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті тұлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік, тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек. Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ - ол процестін бір бөлігі, сондықтан да оқып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде - оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысын қалыптастыруға тиіс.3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек. Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуды тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б. Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұнын, сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. - анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың жойылуына алып келеді.4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану. Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы: ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып келуі мүмкін. Олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің түрлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет. Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыруда оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Себебі балалардың барлығы барлық уақытта қызметтің бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруге итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.) және эмоционалдылық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар, жазбаша тапсырмалар, сауалнамалар, перфокарталар пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы-әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек. Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі өсуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине оқушының оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс.8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Қайталау ешқашан да жаттанды қайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек.9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік, техникалық құралдарды орынды пайдалану қажет, бәрінің де шегі болуы керек. Мұғалімнің сабаққа дайыңдалуда көрнекі, дидактикалық құралдарды ойлап табуға және дайындауға кеткен уақыты оқытудың нәтежесімен ақталады.10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. Кез-келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Мұғалім белгілі бір пән бойынша сабаққа дайындалғанда өткен сабақты жақсы елестете білуі керек. Әрбір мұғалім өз мүмкіндігіне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Бұл бастауыш сынып педагогтары үшін өте маңызды. Мұғалім кез-келген сабақта білімді қалыптастыра отырып, келесі (ертеңгі) сабаққа негіз қалауға міндетті. Оқыту процесін ұйымдастыруда осындай әдістің қажетігі теориялық түрде Л. С Выготскийдің зерттеулеріне негізделген. Бұл идеяны сабақта жүзеге асырудың нақты мысалына белгілі жаңашыл-педагог Лысенкованың кызметін жатқызуға болады.11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда оқушылардың 45 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. Сынып ешқашанда бүкіл сынып үшін жеткілікті мөлшерде тапсырмалар, сұрақтар жинақтаған мұғалімнің назарынан тыс қалмауға тиіс. Сабақта оларды дайындауға уақыт шығындамау үшін көрнекі құралдар, аспаптар, техникалық құралдар алдын-ала тексерілуі керек. Дәстүрлік құрылымның өзі де (сұрау, түсіндіру, бекіту) қызметтің бір түрінен екіншісіне көшкенде уақыт жоғалтуға алып келеді. Сондықтан да құрылымды көшіру оқушыларға елеусіз болып қалатындай етіп ойластыру керек. Жекелеген оқушылардың сабаққа кешігу, сабақтағы басқа да тәртіп бұзушылық себептерін аңықтауға мүмкіндігінше уакытты шығындамау керек, бұл туралы қоңыраудан кейін әңгімелесуге болады.Көптеген мұғалімдер оқушының орнынан тұрмай ауызша жауап беруін жақтайды, өйткені бұл да уақыт үнемдеуге септігін тигізеді.12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді Әйтсе де, мұғалім тәртіпті үстау үшін әрбір оқушының жеке басын силай отырып, белгілі бір талап қоя білуі керек. Сынып ұжымы тәртіп бұзушылыққа төзбейтіндей болуға қол жеткізуі керек, өйткені сабақтағы тәртіп- олардың ынтасының орнықты болуына негіз салады.Көптеген мұғалімдер көбіне оқушылардың жалған ынтасымен ғана шектеледі, К. С. Станиславский "ынта объектіге көзін тігу ғана емес" деп атап көрсетті. Оқушылар тек мұғалімге жай қарап және тыңдап қана қоймауы керек, оқылатын материалға қатысты белсенді болуы керек, сабақта тиімді танымдық қызметке септігін тигізетіндей жұмыс жағдайы үстемдік құруы тиіс.13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады. Мысалы, мұғалім сабақтың айқын құрылымын, оның нақты мақсатын ойластырды, бірақ кейде сабақ белгіленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағдайда мұғалім сабақ барысында қажетті түзетулер енгізе, оның құрылымын ауыстыра, қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек, бірақ мақсатқа жету керек. Сабақ - спектакль емес, оған көп дайындалғанмен де, ол ешқашан репетицияланбайды.14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіндігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек.15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. Мұғалім, үйге тапсырма бере отырып, оқушылардың барлығы оны орындай алатынына сенімді болуы керек. Кейде өте қиын тапсырма ұсынылады, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасына, оның мәні неде екенін, мақсаты қандай, оны орындаудың негізгі ережелерін қайдан оқуға болатынын түсіндіре отырып, түсініктеме беруге міндетті. Оқушылар орындаған кез-келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, әйтпесе оқушылардын өз бетінше танымдық қызметке деген қызығушылығы жойылады.16. Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу. Бұл жағдайлар көпшілігінде сабаққа қойылатын барлық жоғарыда аталған талаптардың орындалуымен анықталады. Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы оқушыларды4 арасында, мұғалім мен оқушылардың арасында қалыпты қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктеріп де ескеру керек.

Г

Графиктік ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы

Компьютерлік графиканы қолдану аймағы. Компьютерлік

графиканы қолдану қосымшаларына: ғылыми, іскерлік,

конструкторлық, көрнекілік (иллюстрациялық), көркем және

жарнамалық графика жатады.

Компьютерлік графикалық технологиялар мына негізгі

салаларда қолданылады:

 пайдаланушының графикалық интерфейсі;

 арнайы әсерлер (орысш. – спецэффекты), көзбен шолу

әсерлері (орысш. – визуальные эффекты, VFX), цифрлы

кинематография;

 цифрлы теледидар, дүниежүзілік тор, бейнеконференция;

 цифрлы фотография және фотографияларды өңдеу

мүмкіндіктерінің өсуі;

 цифрлы суреттер;

 ғылыми және іскерлік деректерді гафика түрінде көрсету;

 компьютерлік ойындар, виртуалдық шындық жүйелері

(мысалы, ұшақты басқарудың жаттығу құрылғысы);

 автоматтандырылған жобалау жүйелері;

 компьютерлік томография;

 кино және теледидар үшін компьютерлік графика;

 лазер графикасы.

Компьютерлік графика — бұл оқушылардың нақтылы көзбен

көруін қажет ететін ақпараттық технологиялар аймағы. Сондықтан

компьютерде компьютерлік графиканың әртүрлі өнімдерін: бояулы

суреттер, схемалар, сызбалар, диаграммалар, анимациялық және үш

өлшемді графика үлгілерін көрсету өте маңызды.

Сонымен қатар, балалар жақсы көретін компьютерлік

ойындарында – күрделі графикалық интерфейстер болатынына

оқушылардың назарын аударған жөн. Компьютерде үш өлшемді

шындық бейнені шығараруға арналған бағдарламада, математикалық

есептеулер көп болады. Графиканы бағдарламалау – қазіргі заманғы

бағдарламалаудың ең күрделі аймағының бірі болып табылады.

Қолданбалы графикалық пакеттердің болуы,

пайдаланушылардың қалың тобына компьютерлік графиканы қолдану

мүмкіндіктерін кеңейткенін айта кету қажет.

Базалық курстың бұл бөлімінің теориялық мазмұнына,

компьютердің жадында бейнені ұсыну жатады.

Графикамен жұмыс

жасауға арналған көптеген қолданбалы бағдарламалар бар.

Компьютерлік графиканың әр саласына арналған өз бағдарламасы

болады. Мысалы, ғылыми деректерді өңдеу үшін Graher бағдарламасы

қолданылады; инженер-конструкторлар сызбаларды дайындау үшін

AutoCad пакетін пайдаланады, т.с.с.

Қандай болса да мамандандырылған бағыты жоқ, «ерікті сурет

салуға» немесе сканірленген бейнелерді редакциялаға арналған

қолданбалы бағдарламаларға «графикалық редактор» деген атау

қолданылады. Графикалық ақпаратты ұсынудың екі – растрлық және

векторлық принципіне сәйкес графикалық редакторлар – растрлық

және векторлық деп бөлінеді.

Растрлық графика – бейнені пиксельдердің (нүктелердің)

матрицасы түрінде ұсынады.

Растрлық графикалық редакторлар көбіне фотосуреттерді

өңдеу, ретушь жасау үшін фотосуреттерге ұқсас иллюстрацияларды

және графикалық планшеттің көмегімен қолмен сурет салуға

ыңғайлы.

Қарапайым растрлық редакторлар қатарына PaintBrush және

Paint жатады (екіншісі біріншінің даму нәтижесінде пайда болды).

Растрлық Adobe Photoshop редакторын кәсіби дизайнерлер

қолданады. Оны көбінесе сканірленген бейнелерді (фотосуреттерді,

суреттердің репродукцияларын) редакциялау, коллаж, көркемөнер

композицияларды және т.б. жасау үшін пайдаланылады.

Векторлық графика – геометриялық қарапайымдарды:

сызықтарды, көпбұрыштарды, шеңберлерді және эллипстерді, Безье

қисықтарын пайдаланады.

Векторлық графикалық редакторлары пайдаланушыға тікелей

компьютер экранында векторлық бейнелерді жасауға және түзетуге,

сонымен қатар, оларды әртүрлі векторлық форматта (мысалы: CDR,

AI, EPS, WMF немесе SVG) сақтауға мүмкіндік береді.

Microsoft Windows операциялық жүйесіне бағыталған ең белгілі

графикалық редакторлар: Corel Draw, Adobe Illustrator, Macromedia

Free Hand.

Векторлық редакторлар беттерге белгі қоюды жасауға,

типографиялық бейнелерді, логотиптерді, sharp-edged artistic

иллюстацияларын (мысалы, мультипликация, clip art, күрделі

геометриялық шаблондар), техникалық иллюстрациялар,

диаграммаларды жасауға және блок-схемаларды құруға ыңғайлы.

Компьютерде кәсіптік сурет салу үшін де векторлық типті

редакторлар қолданылады. Олардың ішіндегі ең белгілісі ол

CorelDraw редакторы. Оның кәсіптік мүмкіндіктері өте мол, сонымен

қатар, балалардың көркемөнер шығармашылығы үшін де қолдануға

болатын кәсіби редактор.

Оқу мақсатына жету үшін, информатика сабақтарында Paint

сияқты редакторларды қолдану жеткілікті. Растрлық редактор

оқушыларға суреттің дискреттік (пиксельдік) құрылымын көрнекі

көрсетуге, әрбір жеке элементінің масштабтын ұлғайтып, суретті

анығырақ етіп салуға мүмкіндік береді.

Д

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын информатиканы оқыту үрдісіне пайдаланудың әдістемелік негіздері

Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылык деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты-сынып оқушыларын "қабілетті-кабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты I деңгейден орындайды. I деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. I деңгейді орындаған оқушы "3" деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы 1 деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда "үлгерімі төмен баяу" оқушы жақсы окитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? деген сұрақ туады. I деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.

Деңгейлеп-саралап окыту технологиясының екінші бір жағы — оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу.

Жаңа  инновациялық технология білім беру саласын дамытуға , оқыту құралы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағғыту, оқушының өзіндік іс әрекетін қалыптастыруға бағыттау- білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді.

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушщы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.

Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.

Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуга мүмкіндік береді.

Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылды: ең төменгі деңгей ( орташа жағдай), бағдарламалық , күрделенген деңгей.

оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі ьолу үшін:

жеке тұлға ерекшеліктеріне;

психолдогиялық даму ерекшеліктеріне ( есте сақтау қабілетінің ерекшелігі, өзінің эмоциясын басқара білуіне!;

пән бойынша білімді игеру деңгейіне ( оқушының білімімен іс — әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек) ;

сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа     қолдануға тырысамын. Сонда көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлінеді :

Сабақтың мазмұны

Сабақты өткізудің тәсілдері мен әдістерін таңдау.

Сабақтың нәтижелігі.

Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам: Оқушыларды ЭЕМ-нің негізі мүмкіндіктерін толық меңгерту, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.

1-4-ші сынып оқушыларын топқа бөліп оқытьу тәжірибесін қолданып келемін. Әр топқа жетекші сайлаймын. Әр топта 4-5 оқушыдан. Бұлай оқытудың тиімділігі нашар оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалып қалмайды. Берілген тапсырманы орындағанда қысылмай өзара ақылдасып, бірі түсінбеген тапсырманы 2-сі түсіндіруге тырысады. Тағы да осы тапсырманы өзі орындауға мүмкіндік алады.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) — компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербескомпьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады.

Үстел компьютерлері.Үстел компьютерлерін әдетте үстел үстіне орналастырады, олардың атауы да осыдан. Әдетте бұлар барлық ДК ішіндегі еңүлкен компьютерлер. Үстел компьютерінің әр құраласы әдетте ауыстыруға болатын жеке модуль түрінде жасалады. Әдетте үстел компьютеріне қосымша перифериялық құрылғыларды жалғауға болады.

Тасымалы компьютерлер

Лаптоптар

Бұл салмағы небары бірнеше килограмм болатын шағын тасымалы компьютерлер. Қазіргі заманғы тасымалы компьютерлердің көлемі шағын болуына байланысты көбінесе ноутбуктар («ДК-блокноттар») деп аталады. Ноутбуктың қалыңдығы әдетте 10 см-ден аспайды. Тасымалы компьютерлер мен ноутбук шығаратын ең әйгілі компаниялар IBMAppleCompaqDellToshiba және Hewlett-Packard болып табылады. Тасымалы ДК-лер сұйық кристалды бейнебетпен жабдықталады және батареялармен жұмыс істей алады, бұл пайдаланушы үшін шапшаңдықты қамтамасыз етеді. Мұндай компьютерде жабдықтың барлық негізгі құраластары бір модульге біріктірілген. Тасымалы ДК құрылымына алмалы дискілерге арналған дискіенгізгі, ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі, DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі кіруі мүмкін; бұл дискіенгізгілер компьютердің салмағы мейлінше аз болу үшін сондай-ақ перифериялық құрылғылар ретінде жалғануы мүмкін.

Қалта компьютерлері

Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымалы компьютерлер. Мұндай компьютерлердің қуаты әдетте үстелдік немесе тасымалы компьютерлерге қарағанда азырақ болады, бірақ олар белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін өте ыңғайлы. Қалта компьютерлері, мысалы күнтізбені немесе мекен-жайлық кітапты қолдануды қажет ететін күнделікті жұмыста пайдалы. Олардың көмегімен ескерімдер мен ағымдағы істер тізімдерін жасауға, алдағы басқосуларды жоспарлауға болады. Қалта компьютерлерін электрондық пошта және күнтізбе бағдарламаларымен қадамдастыруға болады. Олармен жұмыс істеу үшін әдетте электрондық қаламұш пайдаланылады.

Планшетті компьютерлер

Бұл тасымалы компьютердің бір түрі болып табылады. Пайдаланушы арнайы қаламұштың көмегімен осындай компьютердің бейнебетінде ескерімдер жазып, сурет сала алады. Енгізілген деректерді өңдеуге және одан кейін электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыларға жіберуге болады.

Е

Есептеу техникасының даму тарихы ерте кезден-ақ басталды: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б.Паскаль – сандарды қоса алатын механикалық құрылғыны ойлап тапты; XVIII ғасырда В.Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды; XIX ғасырда Ч.Бэббидж механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді; XX ғасырдың 30-шы жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін ақпарат пен өңдеу программасын сандық түрде дайындау, деректер мен программаны машинаның жадында орналастыру тәсілдері қарастырылған.

Ж

Жобалау әдісінің инфоматиканы оқытудағы орны

Жобалау әдісі оқытудың жаңа әдісі болып табылады. Жобалау әдісі – оқу үрдісін жекешелеуге, оқушыға жоспарлау барысында өзінің тәуелсіздігін көрсетуге, тапсырмалар орындағанда шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді оқыту әдісі. Жобалар әдісін технология деп есептеуге болмайды – ол басқа әдіс-тәсілдермен бірге нақты бір мақсаттарға жету үшін қолданылады.  Жобалау әдісінде ең алдымен оның болашақ жоба аумағы таңдалады. Келесі маңызды мәселе – жобаның ұзақтығы. Жоба бір сабаққа немесе одан да ұзақ уақытқа (1 тоқсанға) есептелуі мүмкін. Бірінші жағдайда жобаға тек бірнеше оқушы қатысуы мүмкін, ұзақ уақытқа есептелген жағдайда әрбір оқушы немесе оқушылардың шағын тобы ортақ үлкен жоба шеңберіндегі жеке тақырыптарды алады. Үштен көп оқушыдан тұратын топты құрған қолайсыз – үлкен топтардың жұмысын құру мәселелер тудырады Жобаның ортақ тақырыбы мұғалімнің тапсырмаларына байланысты таңдалады. Оқушыға немесе топқа берілген нақты тақырып жалпы тақырыппен үйлесуі керек.  Жобаны жүргізуге уақытты қалай табуға болады. Ең алдымен, жоба формасында қайталауды, әсіресе оқу жылы соңында жалпылама қайталауды ұйымдастырған жөн. Сонымен қатар, информатикада жобамен жұмыс жасаудың жаңа материалды оқумен қатар сәтті жүретін бөлімдер де бар. Мысалы, "есептерді компьютерде шешудің кезеңдері", "Үлгілеу және Есептеуіш эксперимент" және т.б.  Жобамен жұмыс жасау кезінде мұғалім консультант рөлінде болады, бұл жерде оған біршама даярланған оқушылар көмектеседі. Ең дұрысы, егер оқушылар есептің қойылымын анықтауды өз бетінше жүргізсе. Ол үшін мұғалім оларды бұрын орындалған жобалармен таныстырса жеткілікті.  Жобамен жұмыстың нәтижелері міндетті түрде сыныпта жариялануы керек. Жұмысты көпшілік алдында қорғау жобалар әдісінің ең маңызды бөлігі болып табылады, себебі ол оқушыларға жұмыс барысында алынған білімдерін қорытындылап, жүйелеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақты өткізу формасы классикалық семинар болу міндетті емес, ойын да болуы мүмкін. Егер жазбаша есеп беру қарастырылса, онда оған қойылатын талаптар алдын ала құрылады. Жобалардың көпшілік алдында қорғалуы эемтиханды өткізу формасы да болуы мүмкін.  Жобалау әдісі оқытудың топтық формаларымен сәйкес келеді, бұл әдіс әрқашан қандай да бір мәселенің шешімін болжайды.  Информатикадағы жобалау әдісі есептің шешімін табудың жүйелік тәсілінің дағдыларын қалыптастырумен, жұмыс үрдісі кезінде тәуелсіздігінің артуымен және мұғалім мен оқушының арасындағы қатынас стилін орнатумен сипатталады.  Жалпы жобалау белгілі бір қасиеттеріне қарай топтастырылады және оларға қойылатын шарттар мен талаптарына сай келеді, атап айтсақ төмендегідей типтегі жобаларды ұсынуға болады:  1. Демонстрациялық жобалау;  2. Зерттеушілік жобалау;  3. Шығармашылық жобалау;  4. Рольді – ойындық жобалау;  5. Ақпараттық жобалау;  6. Үйретуші жобалау;  7. Моножобалау;  8. Пәнаралық жобалау;  9. Тәжірибелі және бағдарлы жобалау;  10. Қысқа мерзімді жобалау;  11. Ойын жобалауы Жобалау мен шығармашылық. Жобалауды шығармашылықпен байланыстыратындар көп, олар жобалауды жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді ашу деп түсінеді. Алайда бұл түсінік дұрыс емес. Шығармашылық бұл- жаңаның пайда болуы. Бұл жерде жобалаумен байланысы бар, бірақ шығармашылықтың жобалауға айналуы үшін уақыт факторы негізге алынып, нақты нәтижені елестету керек. Алайда шығармашылықты нақтылықпен байланыстыру мүмкін емес.  Жобалау мен басқару. Практиканың қандай бір түрінде өзгерістерді жобалап, іске асырып, оларды басқарғанда ғана біздің жұмысымыз алға басады. Қазіргі кезде менеджмент сөзі пайда болды, ол басқару дегенді білдіреді. Білімде де менеджмент сөзі қолданылады. Қазіргі таңда білім алу түрлері де көбейді, ол территория мен уақытқа қарай бөлінеді. Осыған орай өзінің білім алу процесін басқару, білім алғандағы нәтижені жобалау міндетті түрде қажет болды. Сонымен практика нысанында пайда болған жобалау үлкен әлеуметтік контекстке шығады. Осының бәрі әлеуметтік ғылымдардың басты мәселесіне жобалаудың білімдегі орнын жатқызады.  Жобалау мен даму. Жобалау теориясында белгілі бір мәселенің дамуына әкелетін өзгерістер айтылған, яғни біз тек мәселенің өзгеруіне әкелетін жобаларды қолдануымыз керек. Бірақ бұл тек теорияда қолданылады, яғни біз жасаған жұмысымыз оның нәтижесіне тең емес. Мысалы, гүл отырғызу мақсаты, отырғызатын орны, жасалған жұмыстар мен гүлдердің өзі жобалау болып табылады.  Жиын, жүйе, ұғым , қатынас түсініктерін қалыптастыру

Жиын — Ортақ белгілері бар нысандар тобы, жиын деп аталады.Жиынұғымы – анықтауғаболмайтыналғашқыұғымдардыңбірі. Жиынұғымыныңорнынакүнделіктіөмірде «жиынтық», «коллекция», «табын», «отар» т.с.с. сөздерді де қолданабереді. Жиындепортаққасиеттері, белгілерібойыншабіртұтасетіпбіріктірілгенобъектілерді (нәрселерді) айтуғаболады. Жиындықұрайтынобъектілердіжиынныңэлементтерідейді. Жиындардылатынның бас әріптерімен, оныңэлементтерінкішіәріптеріменбелгілейді.

Жүйе. Ғылымипәндердеболсын, күнделіктіөмірдеболсын «жүйе» ұғымыжиіқолданылады. Оғанмысалдаржеткілікті. Мысалы, күнжүйесі, педагогикалықжүйе, химиялықэлементтержүйесі, өсімдіктержәнежануарларжүйесі, білімжүйесі, файлдықжүйе, операциялықжүйежәнекөптегент.б. Көптегенжағдайлардажүйеұғымыинтуитивтітүсініктісияқты.Әйтсе де, информатика үшіноліргеліұғымдардыңбіріболғандықтан, түсіндірудіталапетеді. Көптегенөзараіліктескенбөліктерденқұралғанжәнебіртұтаскезкелгенобъектініжүйедеугеболады. Информатикада «жүйе» ұғымыайтарлықтайжиіқолданылады. - Деректержүйесі – компьютердеөңдеугеарналған, өзараіліктескендеректержиынтығы. - Бағдарламалықжүйелер – қызметіанықталғанөзараіліктескенбағдарламалар (ОЖ, бағдарламалаужүйелері, қолданбалыбағдарламаларпакетіжәнет.б.) жиынтығы. - Ақпараттықжүйелер – комп

Ұғым — объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі. Ұғым туралы мәселені талдауды "белгі" ұғымын қарастырудан бастайық. Белгілер дегеніміз — заттардың бір-біріне ұқсастықтары немесе айырмашылықтары. Демек, олардың қасиеттері мен арақатынастары да белгілерге жатады деген сөз. Бір затта екінші бір зат иеленген қасиеттердің жоқ болуы да белгіге жатады (мысалы, жолаушының біреуінде жол билеті болса, екіншісінде ол билеттің болмауы)Кез келген заттың толық жатқан өзіне тәң белгілері болады, алайда олардың бәрі сол заттың мәнін айқындау үшін ұстанымды маңызға ие бола алмайды. Заткатән, оныңішкітабиғатын, мәнінайқындайтынбелгілермәндібелгілердәлінеді. Ал затқатәнболуы да, болмауы да мүмкін, оныңмәнінайқындайалмайтынбелгілермәнсізбелгілердепаталады.Ұғым көптеген біртекті заттарды олардың мәнді белгілері негізінде саралаудың нәтижесі ретінде көрініс береді. Солайболғанда, ұғымдегеніміз—заттардыолардыңмәндібелгілеріменбейнелейтінойлауформасы.

Қарым-қатынас дегеніміз - адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуы, ортақ іс - әрекет қажеттілігі мен ақпарат алмасу, өзара әрекеттің ортақ стратегияларын қалыптастыру, басқа адамды қабылдау мен түсінуді қамтамасыз ететін күрделі көп жақты процесс”.Сөйлесу Қабылдау Түсіну Бағалау Мойындау Ой алмасу Ақпарат беру

З

Зат, объекті ұғымдары

Объект-адамзат санасына тәуелсіз өмір сүретін кез келген кұбылыс; субъектінің танымдық және өзге де қызметі бағытталған. Әмбебапобъектісітабиғат, қоғам мен адамболыптабылады. Адам таным мен өздігінентануобъектісіретінде - ғылымның(еңалдыменпсихологияның) еңкиынтарауы, өйткенізерттеуобъектісірегіндесубъектініңөзіболады.

информатиканыңнегізгіұғымдарыныңбірі. Олинформатиканыңәрсаласынабайланыстыәртүрліұғымдыбілдіреді:

2.1. Ақпараткөзі бола алатынкезкелгентүсінік (зат, құбылыс, абстракция). Объектіанықтауүшіноныңатыжәнебасқаларынанажыратыпалуғаболатынөзіндікқасиеттеріболуытиіс;

2.2. Объект реляц. мәліметтербазасындасақталатыннақты процесс, құбылыс, затжайлымәліметтік элемент. Оғанкесте, сұраныс, форма, басылымтүсініктерікіреді;

2.3. Операция жүйелердегі (Wіndows, DOS) объектер – бума (папка), файл,бағдарлама, құжат, жарлық, т.б.;

2.4. Компьютер бағдарламаларындағы объект – өңделугетиісмәліметэлементі. Оғанайнымалылар, сандар, жиымдар (массивтер) кіреді.

2.5. Математикалық объект — кезкелген математикалық теорияда, мәселелерде, есептерде немесе пайымдауларда қарастырылатын жиын, кеңістік, дене, пішін, нүкте, түзу, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]