- •''Ақпараттың қасиеттері.Ақпарат түрлері'' тақырыбын оқыту.
- •''Ақпараттық үдерістер'' тақырыбын оқыту.
- •Ақпаратты кодтау тақырыбын оқу
- •Алгоритмдеу негізін оқыту әдістемесі
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары
- •Бастауыш мектепте информатиканы кіріктіріліп оқытудың міндеттері
- •Бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен психологиямен және информатикамен байланысы.
- •Бастауыш мектептеинформатиканыоқытудыңəдістемелікқұралдары
- •Бастауыш мектепте ақпараттық технологияны қолданудың әдістемелік ерекшелігі
- •12 Жылдық мектеп жоғары мәдениетті, терең адамгершілігі қалыптасқан жүйедегі
- •Бастауыш мектепте информатика курсын оқулықпен,оқу-әдістемелікжәне бағдарламалық қамтамасыз ету
- •Бастауыш мектепте информатика пәнінің мектептің оқу жоспаындағы орны
- •Бастауыш мектептегі информатиканың басқа пәндермен байланысы
- •Білім тексеру түрлері(ағымдық, тақырыптық, қорытынды.)
- •Бастаушы мектепте информатикадан өтілетін сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері.
- •Бастауыш мектепке арналған информатика курсының мазмұны.
- •Бастауыш мектепте «математика және информатика » кіріктірілген курсының информатика бағытының пропедевтикалық мазмұнына жалпы сипаттама
- •Бастауыш мектептегі қазіргі информатика сабақтарына койылатын талаптар
- •Зат, обьект, модель тақырыбы
- •Информатика ғылым және бастауыш мектептегі оқу пәні ретінде.
- •Информатиканы о қытудың əдістемелік жүйесі
- •Информатиканыоқытудыұйымдастыру
- •Информатика сабағын оқыту әдістері.
- •Информатиканы оқытудағы ойын технологиясы.
- •Информатика кабинетінің жұмысын ұйымдастыру.
- •1.Информатика және есептеуіш техника кабинетінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері.
- •2. Мектептегі информатика кабинетіндегі кешендік операциялардың қолданылуы
- •5 Жастағы балаларды – 7 минуттан;
- •Информатика курсы бойынша бағдарламалық қамтамассыз ету түрлері мен қызметі (курс тараулары мен жеке тақырыптар бойынша)
- •Информатика пәнін оқытудағы пәнаралық байланысты нормативтік құжаттарға байл.Анықтау
- •Информатикадан оқу бағдарламасы. Күнтізбелік және сабақ жоспары
- •Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау.
- •Компьютерлік логикалық ойындарды жинақтау, деңгейлеріне қарай топтау, әр деңгейіне сипаттама беру
- •Компьютерлік тестілеу
- •Күнтізбелік, тақырыптық жоспар жасау . Сабақты жоспарлау
- •Оқу үрдісінде оқыту нәтижесін бағалау мен тексеру қызметтері (бақылаушы, диагностикалық және түзетуші ,оқытушы,тәрбиелеуші және мотивациялық.)
- •Ортамектептегіинформатикаоқулықтары.Құрылымы, құрылуәдістемесі.Жұмысдәптері.
- •Оқыту әдістемесі.Жиын, жүйе, ұғым , қатынас
- •Сабаққа тән дидактикалық функциялары
- •Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері
- •Сабақ жоспарын құру тәсілдері. Интерактивті тақтаны пайдалану
- •Сабақ жоспарын кембридж технологиясы бойынша (Блум таксаномиясы) құру
- •Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
- •Электрондық оқулықтың құрылымы
- •Бiлiм саласында қолданылатын программалардың негiзгi түрлерi. Оқыту программаларын жобалау кезеңдерi.
Бастауыш мектепке арналған информатика курсының мазмұны.
Информатикапәнiнбастауышсыныптанбастапоқытудыңғылыми-теориялықнегiзi еліміздезерттелiпжатыр. Бастауышбiлiмжүйесiндеинформатикаэлементтерiнпәнаралықбайланыснегiзiндеоқытубағдарламасыныңжобасыжасалып, оныоқытудыңәдiстемесi берiлсе, ондабастауышсыныпоқушыларыныңбiлiмi, iскерлiгi, дағдысыменлогикалықойлауқабiлеттерi жоғарыдеңгейдедамып, оқуүрдісiнiңтиiмдiлiгiнарттыруғабағытталған.
Ақпараттық технологияның жеделдетiп дамуына байланысты информатиканың мазмұны үзiлiссiз өзгерiп отырады. Сондықтан информатиканың курсын оқыту үрдісiн төменгi сыныптан бастаған тиiмдi екендiгi ғылыми-теориялық және практикалық жағынан негiзделген болатын. Олай болса, болашақта бiлiм стандарттарының мазмұнына информатиканы 1 сыныптан бастап оқыту мазмұны енгiзiлуi қажет.
Информатиканы орта бiлiм беру жүйесiнде оқытудың мақсаттары мен мазмұны:
оқушыларға ақпараттарды беру, өңдеу, сақтау, жеткiзу және оны қолдану үрдістерi туралы бiлiмдердi меңгерту, басқаша айтқанда, оқушыны ақпараттық бiлiммен қаруландыру;
оқушылардың оқу үрдісiнде компьютерлiк техниканы өзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде, сонымен қатар, кәсiптiк қызметтерге пайдалану дағдыларын қалыптастыру;
оқушының логикалық-құрылымдық және алгоритмдiк-шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ынта-ықыластары мен шығармашылық бейiмдiлiктерiн қалыптастыру.
Аталған мақсаттардан төмендегi мiндеттер анықталынады:
информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;
информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;
информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасақтау.
“Информатика” пәнi бойынша дайындалған стандарт бiлiм берудiң сәйкес сатысының базистiк оқу жоспарымен, бiлiм беру ұйымдарының типтiк оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешендi түрде қолданылады.
“Информатика”оқупәнiнiңбазалықмазмұны (БМ)–оқупәнiнiңмектептемiндеттi түрдеоқытылуытиiсжәнеүздiксiзбiлiмберудiңкелесi сатыларымендеңгейлерiндеинформатиканыоқудыжалғастыруүшiнжеткiлiктi болатынмазмұныныңқұрамыменқұрылымы.
Бастауыш мектепте «математика және информатика » кіріктірілген курсының информатика бағытының пропедевтикалық мазмұнына жалпы сипаттама
1990 жылдардан бастап бастауыш мектепте информатиканы оқыту өзекті мәселеге айналды. Оны түрлі жолмен оқыту ұсынылды – біреулер информатиканы басқа пәндерге кіргізу арқылы оқыту қажет десе, екіншілері жеке пән ретінде оқтуды жөн деп санады. Бастауыш мектепте информатиканы оқытпау керек деген пікірлер де болды. Соңында бастауыш мектепте информатика курсы пропедевтикалық болу керек деген тұжырымға келді, демек, негізгі мектептегі базалық курсқа дайындық ретінде оқытылатын болды. Қазіргі уақытта академик А.П.Ершовтың оқушысы және әріптесі Ю.А. Первин басшылық ететін ғалымдар мен әдіскерлер тобы бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқыту мәселелерін шешуді белсенді түрде қолға алды. А.П. Ершов пен және Ю.А. Первин ойынша, қазіргі қоғамды ақпараттандыру мектептің әлеуметтік тапсырысы ретінде өскелең ұрпақтың шұғыл ойлай білу стилін қалыптастыруды ұсынады. Ойлауды қалыптастырумен қатар, информатиканың мектеп курсында танымдық және технологиялық аспектілерге үлкен мән беріледі. Сол себепті бастауыш сыныптарда шұғыл ойлау стиліне қажетті ұғымдар мен білімдерді қалыптастыруды бастау керек, сондай-ақ адамзат қызметінің әртүрлі саласында ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын дамытқан жөн. Бастауыш сыныптарға информатиканы енгізудің мақсаты бүкіл орта мектептерде оқытуды үздіксіз етіп, жастардың жалпы компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Психологтардың айтуынша, логикалық ойлау құрылымдарының дамуы 11 жасқа дейін тиімді іске асады, оны қалыптастыруға кешіксе, баланың ойлау қабілеті соңына дейін жеткізілмей, бұдан кейінгі оқуда қиындық туындауы ықтимал. Информатиканы математика және ана тілі пәндерімен қатар оқыта бастау нәтижесінде баланың ойлау қабілеті дами түседі. Балалардың ойлау қабілетін қалыптастыруда информатиканың маңызы зор, бұны мұғалім сабақты жоспарлау және өткізу кезінде ұмытпаған жөн. Сондықтан информатиканы оқыту барысында ойлау қабілетін, сондай-ақ компьютермен жұмыс жасауды меңгеруді басты назарға алу керек. Информатика пәнінің пропедевтиқалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәделденіп отыр. Ғалымдардың, практик–мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар: - бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу; - ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту; - бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау. 7.2. Пропедевтиқалық курстың негіздемелері Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек, бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтиқалык курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
1. Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай - ақ техникаға сауатты, ұқыпты қарауы. Қолданушылық бағыттағы пропедевтикалык информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерліктер қалыптасуы тиіс: - оқу, ойын багдарламаларымен жұмыс істей білу; - бағдарламалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалык, құжаттарды пайдалану; - бағдарламамен жұмыс істеуге машықтану: - бағдарламаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.
2. Ақпаратты-логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың коршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтан да алгоритмдік ойлау қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен өзі туындайды.
3. Шығармашылық. Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде ұжымдық жобаны жасақтауға және оны жүзеге асыруға қатысады.
4. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады: 1) проблемалық оқытуды қолдану; 2) алгоритмдік оқыту; 3) оқытуды ақпараттандыру; 4) пәнаралық кіріктіру. Информатика пәні баланың техника кұлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал-жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңаруда. бастауыш мектепте информатиканың пропедевтикалық курсын оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін былай тұжырымдауға болады:
компьютерлік сауттылықтың бастамаларын қалыптастыру;
логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
алгоритмдік дағдыларын және есептерді жүйелі бірізді шешу әдеттерін дамыту;
қарапайым компьютерлік дағдыларын (компьютермен, ақпараттық технологиялардың қарапайым ұғымдарымен танысу) қалыптастыру.
