- •Емтиханға арналған тесттік тапсырмалар базасы
- •*Гипо және гипертиреоз синдромымен қалқанша безінің патологиясы*2*7*3*
- •*Гипо және гипертиреоз синдромымен қалқанша безінің патологиясы*3*12*3*
- •*Қалқанша маңы безінің патологиясы*2*10*3
- •*Қалқанша маңы безінің патологиясы*3*7*2
- •*Климакс. Жастық андрогенді жетіспеушілік*2*7*3*
- •*Климакс. Жастық андрогенді жетіспеушілік*3*6*1*
- •Қандай емдік шара жүргізу ең тиімді?
- •*Гипоталамо-гипофиз жүйесінің аурулары*2*3*1*
- •*Гипоталамо-гипофиз жүйесінің аурулары*3*5*1*
- •*Эндокринды аурулар кезіндегі остеопороз*2*7*2*
- •*Эндокринды аурулар кезіндегі остеопороз*3*2*1*
- •*Акромегалия және гигантизм. Визуализация әдістері: сәулелік диагностика*2*5*1*
- •*Акромегалия және гигантизм. Визуализация әдістері: сәулелік диагностика*3*5*1*
- •*Гипопитуитаризм.Қантсыз диабет*2*14*3*
- •*Гипопитуитаризм.Қантсыз диабет*3*12*3*
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*1*1*1
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*2*8*3*
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*3*8*2*
- •*Бүйрекүсті безінің аурулары*2*18*3*
- •*Бүйрекүсті безінің аурулары*3*9*2*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*1*1*1*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*2*7*2*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*3*12*3*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы. Гипогонадизм*1*3*1*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы.Гипогонадизм*2*5*1*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы. Гипогонадизм*3*4*1*
- •*Эндокринді аурулар кезіндегі бедеулік*2*5*1*
- •*Эндокринді аурулар кезіндегі бедеулік*3*2*1*
*Климакс. Жастық андрогенді жетіспеушілік*3*6*1*
#44
*!67 жастағы еркек жыныстық құмарлықтың төмендеуіне, денесіндегі қызба толқындарына, күш түскенде түскенде зәрді ұстай алмауына, түнгі уақытта жиі кіші дәретке шыққысы келетіндей сезімге шағымданады. 2-3 жылдарн бері ауырады. Қарау кезінде салмағы 102кг, бойы 180 см, мықын көлемі 105 см. АҚҚ 160/90. УДЗда кеуде безі – шынайы гинекомастия. Қанында қант 5,6 ммоль/л, холестерин -6,1 ммоль/л, тестостерон – 7 нмоль/л.
Қандай емдік шара жүргізу ең тиімді?
*Тестостерон дәрілері, емдік физкультура
*Метформин, емдәмтерапиясы, емдік физкультура
*+Тестостерон дәрілері, Д витамины, емдік физкультура
*Метформин, емдік физкультура, анаболикалық стероидтар
*Хориондық гонадотропин, емдік физкультура, емдәмтерапия
#45
*!68 жастағы әйел басының ауыруына, ашушаңдыққа, жөтел кезінде зәрді ұстай алмауына, қынап құрғақтығына шағымданады. Анамнезінде созылмалы бронхит. Апта бұрын құлаған, білезік сүйегінің сынығы болған. Қарау кезінде салмағы 78 кг, бойы 160 см, терісі құрғақ. АҚҚ 165/100 мм.с.б., пульс 94 рет минутына. Ашқарында гликемия 5,7 ммоль/л. Денситометрияда остеопороз.
Қандай емдеу әдісі ЕҢ тиімді?
*Витаминотерапия
*Физиотерапия және ЕФК
*Қабынуға қарсы терапия
*+Орынбасушы гормонотерапия
*Сульфонилмочевина туындылары
#46
*!37 жастағы әйел жүрек тұсындағы күйдіріп тұратын ауру сезіміне шағымданады. Валидол қабылдағаннан кейін басылады. Жиі ыстықтау сезімі болады, бетінің гиперемиясымен қатар жүреді, тершеңдік мазалайды. Анамнезінде: бір жыл бұрын жатырын алып тастаған. ЖСЖ-90 рет минутына. АҚҚ-145/85 мм с.б. Қынаптан алынған жағынды атрофияланған.
Қандай емдеу әдісі БАРЫНША болуы мүмкін?
*Гестагенмен монотерапия
*+Эстрогенмен монотерапия
*Медикаментозды емес ем
*Эстрогендермен және андрогендермен терапия
*Комбинирленген эстроген-гестагенді дәрілер терапиясы
#47
*!68 жастағы әйел көңіл күйінің тез бұзылуына, қозқыштыққа, тез ашулануға, ұйқысының бұзылысына шағымданады. Қарау кезінде салмағы 78 кг, бойы 160 см, терісі құрғақ. АҚҚ 165/100 дейін, ЖСЖ 94 рет минутына. Ашқарында гликемия 5,2 ммоль/л. Денситометрияда остеопороз.
Психоневрологиялық бұзылысқа қандай коррекциялық шара БАРЫНША қолдануы мүмкін?
*Прогестерон
*Андрогендердің үлкен дозасы
*Нейролептикалық дәрілер
*+Орынбасушы гормоналды терапия
*Қосарланған эстроген мен андрогенді тағайындау
#48
*!54 жастағы әйел қозғыштыққа, жалпы әлсіздікке, тәулігіне 20 ға дейін «қызба толқындарының» болуына шағымданады. Объективті: гипергидроз, қызғылт дермографизм. АҚҚ - 150/90 мм с.б., пульс 86 рет минутына. Қаныптық жағынды атрофияланған.
Қандай емдеу әдісі ЕҢ тиімді?
*Андрогендер
*+Эстрогендер
*Антиандрогендер
*Седативті препараттар
*Эстрогендер мен андрогендердің қосарласуы
#49
*!55 жастағы әйел көңіл-күйінің тез бұзылуына, жалпы әлсіздікке, тәулігіне 5-6-ға дейін «қызба толқындарының» болуына, жөтелгенде және жеңіл күштеме кезінде зәрді ұстай алмауына шағымданады. Осы шағымдар 1 жыл шамасында пайда болған. Объективті: гипергидроз, қызғылт дермографизм. АҚҚ - 150/90 мм с.б., пульс 86 рет минутына. Қыныптық мазок атрофияланған.
Қандай емдеу әдісі ЕҢ тиімді?
*Фитоэстроген, фторхинолон
*Дротоверин, эстриолмен свеча
*Кальций дәрілері, фторхинолон
*Хирургиялық ем, фитоэстрогендер
*+Эстроген, эстриолмен свеча, жаттығулар
