Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТ эндокр 7 курс .каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509.95 Кб
Скачать

*Қалқанша маңы безінің патологиясы*2*10*3

#20

*!32 жастағы әйел бөлімшеге физикалық жүктемеге байланысты дамыған тырысу синдромымен жеткізілді. Қарау кезінде терісі құрғақ, мойынның алдыңғы беткейінде операциядан кейінгі тыртық бар. Тырысу кезінде бет бұлшық еттері ауырады, «акушер қолы», «ат табаны» оң. Дисфагия. Тыныс алуы қиын. Пульс 88 рет минутына, АҚҚ 140/90мм.с.б. Іші жұмсақ, ауырмайды, шажырқайдың қозу симптомы жоқ. Қанда: кальций 1,1 ммоль/л, фосфор 1,7 ммоль/л. ЭКГ –Q-T,

S-T аралықтары ұзарған.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

*Тиреотоксикалық криз

*+Гипопаратироидтық криз

*Гиперпаратироидтық криз

*Операциядан кейінгі гипотиреоз

*Операциядан кейінгі гипопаратиреоз

#21

*!40 жастағы ер адам жүрек айнуына, тәбетінің төмендеуіне, арықтауына, сүйектеріндегі ауру сезіміне, әлсіздікке, шөлдеуге, кіші дәретке жиі баруға, апатияға шағымданады. Бір жылдан бері ауырады. Объективті: салмағы 58 кг, бойы 176 см. Тері жабындысы сұрғылт-жер түсті, құрғақ, қасыған тырнақ іздері байқалады. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, пульс 90 рет минутына. Қанда Нв 98 г/л, лейкоциттер 14,0*109, ЭТЖ 25 мм/с. Кальций 3,1 ммоль/л, фосфор 0,4 ммоль/л, сілтілі фосфатаза 190 Е/л. ЭКГ – синусты тахикардия, QRS кеңейген, II және III кеуделік шықпаларда Т тісшесінің инверсиясы.

Қандай болжама диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

*Тиреотоксикалық криз

*Гипопаратироидтық криз

*+Гиперпаратироидтық криз

*Операциядан кейінгі гипотиреоз

*Операциядан кейінгі гипопаратиреоз

#22

*!53 жастағы әйел анорексияға, іш қатуға, жүрек ануға, метеоризмге, арықтауға, сүйектегі ауру сезіміне, жиі сынуға шағымданып келді. ФГДС кезінде асқазанда пептикалық жара анықталды. Денситометрияда остеопороз. Гастроэнтерологта ойық жара ауруы бойынша емделген, бірақ жағдайы жақсармаған.

Остеопороз және жиі сынудың БАРЫНША мүмкін себебі қандай ?

*Идиопатиялық остеопороз

*+Паратгормонның гиперсекрециясы

*Асқазанда кальций сіңірілуінің төмендеуі

*Д витаминінің созылмалы тапшылығы

*Менопаузадан кейінгі остеопороз

#23

*!43 жастағы әйел жүрек айнуға, арықтауға, сүйектегі ауру сезіміне, әлсіздікке, шөлдеуге, нашар көңіл-күйге шағымданады. Анамнезінде зәр-тас ауруы. Объективті: салмағы 58 кг, бойы 176 см.

Тері жабындысы сұрғылт-жер түсті, құрғақ, қасыған тырнақ іздері байқалады. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, пульсі 90 рет мин. Кальций 3,1 ммоль/л, фосфор 0,4 ммоль/л, сілтілі фосфатаза 190 Е/л.

Осы симптомдардың дамуында БАРЫНША мүмкін болатын себеп қандай?

*Гипотиреоз

*Гипогликемия

*Гипопаратиреоз

*Қант диабеті

*+Гиперпаратиреоз

#24

*!43 жастағы ер адам әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, сүйектердегі ауру сезіміне, жүрісінің бұзылысына, шөлдеуге, депрессия, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Бір жылдан бері ауырады. Бір жыл ішінде 3 рет сүйегі сынған. Бойы 175 см, салмағы 59 кг. Терісі сұрғылт-жер түстес, жүрген кезде шалынады. Қанда кальций 3,7 ммоль/л. Зәрдің салыстырмалы салмағы 1002-1009. УДЗ-де: екі бүйрегінде тас бар.

Сүйек тінінде қандай өзгерістерді БАРЫНША күтуге болады?

*Периостоз

*Остеофиттер

*+Кисталардын болуы

*Сүйектің қалыңдауы

*Фиброзды дисплазия

#25

*!68 жастағы әйел қабырға сынығымен жатқызылды. 5 жыл ішінде омыртқа, тізе сүйегі сынығы болған. Бұлшықеттегі әлсіздік, шаршағыштық сезеді. Біртіндеп салмағын жоғалтуда. 2 жыл бұрын екі бүйректе тас анықталған. Объективті: пульс - 62/мин., AҚҚ - 165/105 мм. с.б. Қандағы кальций 3,8 ммоль/л. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1002 - 1009.

Асқазан ішек жолдары жағынан БАРЫНША мүмкін болатын өзгерістер қандай?

*Тоқ ішек дискинезиясы

*+Асқазан ойық жара ауруы

*Созылмалы эзофагит

*Мальабсорбция синдромы

*Созылмалы спецификалық емес энтероколит

#26

*!28 жастағы жүкті әйел айқын әлсіздікке, шаршағыштықтың жоғарылауына, буындардағы қозғалыстың шектелуіне, сүйектердің ауру сезіміне, жүрісінің бұзылысына шағымданады. Объективті: бөшке тәрізді кеуде, оң жақ иық беткейінде ісік тәрізді түзіліс пальпацияланады. 4 жыл ішінде бұлшықеттік әлсіздік күшейген. Жанбас сүйек, қабырға, қол саусақтарының көп түрлі травматикалық емес сынықтар. Кальций – 3,53 ммоль/л, фосфор – 0,58 ммоль/л, сілтілі фосфатаза – 1488,5 ед/л, паратгормон – 1450 пг/мл.

Қандай болжама диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

*Лимфома

*Остеомаляция

*Педжет ауруы

*+Гиперпаратиреоз

*Миеломды ауру

#27

*!28 жастағы ер адам сүйектердегі ауру сезімге, бұлшықеттік әлсіздігіне, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінде 2 рет сыну болған. Бір жылдан бері ауырады. Объективті: дене бітімі қалыпты, арық. Бойы 174 см, салмағы 60 кг. Денситометрияда остеопороз, сүйек рентгенографиясында - түтік тәрізді сүйектерде кисталар және гигантты жасушалар ісігі .

Т-критерийдің қандай көрсеткіші БАРЫНША ықтимал?

*0

*0 ден -2,5

*2,5тен жоғары

*0 ден +2,5ке дейін

*+ -2,5 және - 10нан жоғары

#28

*!26 жастағы әйел кардиологқа жүрек соғысының өзгеруіне, АҚҚ жоғарылауына, бұлшықеттік әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданып келді. 2 жылдан бері АҚҚ 140/90 дейін жоғарылауын айтады. Жүрек соғысының өзгеруі 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы жарты жылда шаршағыштық, бұлшықеттік әлсіздікті байқайды. ЭКГ-да – аритмия, сол жақ қарынша гипертрофиясы. Коронарографияда – коронарлы артерияның кальцификациясы.

Қандағы қай көрсеткіш БАРЫНША жоғары болуы мүмкін?

*Хлор

*Калий

*Фосфор

*+Кальций

*Сілтілі фосфатаза

#29

*!40 жастағы әйел 10 жылдан бері зәр-тас ауруымен ауырады. УДЗ оң жақ бүйректе тас және сол жақ бүйректе көп тастар анықталған.  Лабораторлы зерттеуде: қандағы кальций деңгейі - 2,85 ммоль/л, фосфор - 0,3 ммоль/л,креатинин, мочевина қалыпты. 

Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

*+Біріншілік гиперпаратиреоз

*Екіншілік гиперпаратиреоз

*Үшіншілік гиперпаратиреоз

*Біріншілік гипопаратиреоз

*Жалған гиперпаратиреоз