- •Емтиханға арналған тесттік тапсырмалар базасы
- •*Гипо және гипертиреоз синдромымен қалқанша безінің патологиясы*2*7*3*
- •*Гипо және гипертиреоз синдромымен қалқанша безінің патологиясы*3*12*3*
- •*Қалқанша маңы безінің патологиясы*2*10*3
- •*Қалқанша маңы безінің патологиясы*3*7*2
- •*Климакс. Жастық андрогенді жетіспеушілік*2*7*3*
- •*Климакс. Жастық андрогенді жетіспеушілік*3*6*1*
- •Қандай емдік шара жүргізу ең тиімді?
- •*Гипоталамо-гипофиз жүйесінің аурулары*2*3*1*
- •*Гипоталамо-гипофиз жүйесінің аурулары*3*5*1*
- •*Эндокринды аурулар кезіндегі остеопороз*2*7*2*
- •*Эндокринды аурулар кезіндегі остеопороз*3*2*1*
- •*Акромегалия және гигантизм. Визуализация әдістері: сәулелік диагностика*2*5*1*
- •*Акромегалия және гигантизм. Визуализация әдістері: сәулелік диагностика*3*5*1*
- •*Гипопитуитаризм.Қантсыз диабет*2*14*3*
- •*Гипопитуитаризм.Қантсыз диабет*3*12*3*
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*1*1*1
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*2*8*3*
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*3*8*2*
- •*Бүйрекүсті безінің аурулары*2*18*3*
- •*Бүйрекүсті безінің аурулары*3*9*2*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*1*1*1*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*2*7*2*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*3*12*3*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы. Гипогонадизм*1*3*1*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы.Гипогонадизм*2*5*1*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы. Гипогонадизм*3*4*1*
- •*Эндокринді аурулар кезіндегі бедеулік*2*5*1*
- •*Эндокринді аурулар кезіндегі бедеулік*3*2*1*
*Гипо және гипертиреоз синдромымен қалқанша безінің патологиясы*3*12*3*
#8
*!32 жастағы әйел мойын аймағында қысып тұру сезіміне, жүрегінің жиі соғуына, 3 ай ішінде 12 кг арықтау5а шағымданады. Күйеуімен ажырасқаннан бері 3 ай көлемінде ауыра бастаған. Науқас мазасыз, көз жанарлылығы күшейген, көзі шығыңқы, тері жабындысы ылғалды, мойны жуандаған. Жүрек тондары анық, пульс 125 рет минутына, АҚҚ 140/60 мм.с.б.. Қоймалжың нәжіс 3-4 рет күніне. Қалқанша безінің УДЗ-де көлемі 64 см3. Бос Т4 деңгейі 41 пмоль/л.
Қандай ем жүргізу БАРЫНША тиімді?
*Тирозол плазмаферезбен бірге
*Глюкокортикоидтармен емдеу курсы
*+Эутиреозға жеткеннен кейін ота жасау
*Тирозол үлкен мөлшерде және левотироксин
*Глюкокортикоидтар радиоактивті йодпен бірге
#9
*!31 жастағы әйел қозғыштыққа, жылағыштыққа, үрейлену сезіміне, жүрегінің жиі соғуына, тершеңдікке, денесіндегі дірілге, мойнының үлкеюіне, көзіне құм түскендей сезімге шағымданады. Қарап тексеру кезінде терісі ылғалды, денесі мен қолының дірілдеуі, экзофтальм, қабақ пигментациясы. Пульсі 125 рет минутына, АҚҚ 140/60 мм.с.б. УДЗ: қалқанша безінің көлемі 45 см3, ТТГ 0,001 мМЕ/мл, бос Т4 – 55 пмоль/л.
Қандай ем жүргізу ЕҢ тиімді?
*Ота жасау
*Радиоактивті йодпен емдеу
*Тиростатиктер мен глюкокортикоидтарды тағайындау
*+Тиростатиктер мен β – блокаторларды тағайындау
*Глюкокортикоидтар мен радиоактивті йодты тағайындау
#10
*!28 жасар әйел. Бір жыл бойы мерказолил қабылдайды. Қандағы бос Т4 деңгейі 28 пмоль/л, ТТГ 0,4 мМЕ/мл. Гинекологтың қабылдауында жүкті екендігі анықталды. Жүктіліктің 9-шы аптасы. Әйел жүктілікті үзгісі келмейді.
Емнің қандай түрі БАРЫНША тиімді?
*Тироксинді қосу
*Радиойодтерапия
*Мерказолилді тоқтату
*Мерказолилды бұрынғы мөлшерінде қалдыру
*+Пропилтиоурацилдің аз мөлшерін тағайындау
#11
*!33 жасар әйел тістерінің қатты ауыруына шағымданып келді. Стоматологта тісін жұлдыртқаннан кейін күрт психикалық және қозғалыстық қозу, күрт әлсіздік, тершеңдік пайда болған. Анамнезінде: 3 ай бойы тиреостатикалық дәрілер қабылдайды. Дәрілерді уақытымен ішпейді. Қарап тексергенде дене температурасы 38,9º, шылқыған тер, дене және қол треморы анықталады. Пульс минутына 150 рет, АҚҚ 160/50 мм.с.б. Тыныс алуы жиі, терең.
Қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?
*Тиреостатиктер, β-блокаторлар, қызуды түсіретін дәрілер
*Тиреостатиктер, β-блокаторлар, жүрек гликозидтері
*Тиреостатиктер, β-блокаторлар, кортикостероидтар
*Дезинтоксикациялы терапия, тиреостатиктер, β-блокаторлар, қызуды түсіретін дәрілер
*+Дезинтоксикациялы терапия, тиреостатиктер, β-блокаторлар, кортикостероидтар
#12
*!53 жастағы әйел қозғыштыққа, тершеңдікке, жүрек тұсындағы ауру сезіміне, жүрек соғысының өзгергеніне, ентігудің, дірілдің күшеюіне шағымданады. Жылына бірнеше рет нейроциркуляторлы дистония диагнозы бойынша еңбекке жарамсыздық қағазы беріледі. Соңғы жағдайының нашарлауын саяжайда көп жұмыс істеумен және денесінің қызып кетуімен байланыстырады. Объективті: бойы 162 см, салмағы 50 кг. Пульсі 124 рет минутына. ТТГ – 0,001 мМЕ/мл, босТ4 39 пмоль/л. ЭКГ-да жыбыр аритмиясы, тахисистолиялық түрі.
Қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?
*Фенозепам қабылдау
*Седативті дәрілер
*Мойын аймағына физиоемді қабылдау
*Стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер
*+Тиреостатиктер, β-блокаторлар
#13
*!27 жастағы әйел әлсіздікке, шаршағыштыққа, жүргенде ентігуге, жүрегінің сыздап ауруына шағымданады. Жағдайының нашарлауын стреспен байланыстырады. Объективті: температура 35,8º, терісі құрғақ, суық, шынтақ гиперкератозы. Қалқанша безі 2 дәрежелі, қатты, ауру сезімінсіз, біркелкі емес. Пульс – 56 рет мин, АҚҚ 110/70 мм.с.б,. Қан анализі: НВ - 104 г/л, ЭР- 3,8 мың., ЭТЖ - 10 мм/сағ. ТТГ 16 мкМЕ/мл.
ЭКГ-да қандай өзгерістің болуы БАРЫНША мүмкін?
*R-R аралығының қысқаруы
*S-T сегментінің жоғарылауы
*Q-T аралығының қысқаруы
*QRS вольтажының жоғарылауы
*+QRS вольтажының төмендеуі
#14
*!37 жастағы әйел кардиологта есепте тұрады. Соңғы 5 ай бойы еміне амиодарон қосылған. Анамнезінде көптүйінді зоб. Жүректің жиі соғуы, тершеңдік, козғыштық шағымдары пайда болған. Қарап тексеру кезінде: салмағы 55 кг, бойы 160 см. Терісі ылғалды, жылы. Саусақтарында жеңіл тремор. Қалқанша безі 2 дәрежелі. Пульсі минутына 110 рет. АҚҚ 120/60мм.с.б. ТТГ 0,2 мМЕ/л, жалпы тироксин 26 пмоль/л.
Қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?
*Тироксинді қосу
*Радиойодтерапия
*Пропилтиоурацилдің минимальді дозасы
*+Амиодаронды тоқтату, тиреостатиктерді тағайындау
*Дезинтоксикациялы терапия, жүрек гликозидтері, β-блокаторлар
#15
*!35 жастағы әйел терісінің құрғауына, тырнақтарының сынуына, есте сақтау қабылетінің төмендеуіне, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде 3 түсік болған. Салмағы 66 кг, бойы 162 см. Қалқанша безінің пальпациясында көлемі 1 дәрежеге үлкейген, қатты. Холестерин 6,5 ммоль/л, ТТГ 7,0 мМЕ/мл, а/т ТПО 380 МЕ/мл.
Қалқанша безінің УДЗ-де қандай өзгерістің болуы БАРЫНША мүмкін?
*Гипоплазия
*Қалқанша безінің аденомасы
*Көптеген түйіндер және кисталар
*Қалқанша паренхимасының жайылмалы өзгерістері
*+ Эхогенділіктің ошақтық айқын төмендеуі
#16
*!19 жастағы қыз мойын аймағындағы айқын ауру сезіміне, ауру сезімінің құлаққа берілуіне, жұтынғанда қиналуына шағымданады. Жағдайының нашарлауын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: жағдайы орта ауырлықта, температурасы 38,20, тері жабындысы ылғалды, ыстық. Қалқанша безі пальпацияда ауырады, қатты. Пульс 96 рет минутына. ЖҚА: Нв 125 г/л, лимфоциттер 58%. Әр 6 сағат сайын парацетамол қабылдаған, әсері жоқ.
Қандай топтың дәрілерін тағайындаған БАРЫНША дұрыс?
*Вирусқа қарсы дәрілер
*+Глюкокортикоидтар
*Иммуномодуляторлар
*Иммуностимуляторлар
*Тиреоидты дәрілер
#17
*!24 жастағы әйел үнемі шаршағыштыққа, ұйқышылдыққа шағымданады. Жүктіліктің 13 аптасы. Ешқандай дәрілік заттарды қолданбайды. ТТГ 5,4 мМЕ/л, бос тироксин 12,5 пмоль/л, АТПО- 45 пг/мл. УДЗ қалқанаша безінің көлемі 5 см3, 9х8 мм диаметрлі эхонегативті аймақ анықталды.
Қандай ем жүргізу БАРЫНША тиімді?
*Йод дәрілерін
*Жүктілікті үзу
*+Тиреоидты гормондарды
*Иммуномодуляторларды тағайындау
*Динамикада гормонды профилге қорытыныды жасау
#18
*!17 жастағы қыз мойын аймағындағы қатты ауру сезіміне, жұтыну кезінде, басын бұрғанда ауру сезімінің күшеюіне, дене температурасының 400 С дейін жоғарылауына, әлсіздікке, қалтырауға шағымданады. Анамнезінде: ай бұрын жедел тонзиллитпен ауырған. Қарау кезінде мойнының алдыңғы аймағының терісі қызарған, ыстық. Пальпацияда қалқанша безі ұлғайған, сол жақ бөлігінде қатты ауырады. ЖҚА: эритроциттер- 4,5 млн, HB- 112 г/л, лейкоциттер - 17 мың, п/я нейтрофилдер 12%, с/я нейтрофилдер 87%, ЭТЖ- 25 мм/с. ТТГ- 0,6 мМЕ/дл, FТ4 - 15,5 пмоль/л.
Қай топтың дәрілерін БАРЫНША тағайындаған дұрыс?
*Тиреостатиктер
*+Антибиотиктер
*Йод препараттары
*Иммуномодуляторлар
*Тиреоидты гормондар
#19
*!50 жастағы әйел жедел жәрдеммен жеткізілді. Қарау кезінде: температура 330. Сұрақтарға қиын жауап береді. Дауысы шықпайды, өте баяу. Тілі аузына симайды, кеудесі ісінген, терісі құрғақ, сарғыш. Пульс 55 рет минутына, АҚҚ 90/70 мм.с.б. ЭКГда төмен тісшелер вольтажы.
Қандай емшара БАРЫНША тиімді?
*Тирозол және левотироксин
*Левотироксин және радиойод
*Левотироксин және калий йодиды
*Гидрокортизон және левотироксин
*+Трийодтиронин және левотироксин
