Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТ эндокр 7 курс .каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509.95 Кб
Скачать

*Гипо және гипертиреоз синдромымен қалқанша безінің патологиясы*2*7*3*

#1

*!25 жасар қыз жалпы әлсіздікке, ашушаңдыққа, тәбетінің жоғарылауына, жүрегінің жиі соғуына, дене салмағының 2 ай ішінде 8 кг күрт төмендеуіне шағымданады. 2 айдан бері жұмыстан босатылғаннан кейін ауыра бастаған. Қарап тексергенде мазасыз, тез жылайды. Көз жанарының күшеюі, сирек кірпік қағу, тері жабындысы ылғалды, жылы екендігі анықталған. Мойыны жуандаған. Жүрек тондары анық, пульс 125 рет минутына, АҚҚ 140/60 мм.с.б.. Қоймалжың нәжіс күніне 3-4 рет.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

*Түйінді зоб

*+Грейвс ауруы

*Эндемиялық зоб

*Қалқанша безінің ісігі

*Аутоиммунды тиреоидит

#2

*!30 жастағы ер адам жалпы әлсіздікке, жүрегінің жиі соғуына, 3 ай ішінде 9 кг салмағының күрт азаюына шағымданады. Жұмыстан босатылғаннан бері 3 айдан шамасында ауырады. Анамнезінде: 14 жастан бері күніне 1,5 қорап темекі шегеді, ракеталық әскери күштерде борышын ақтаған. Қарап тексеру кезінде мазасыз, көз жанары кұшейген, тері жабындысы ылғалды, жылы. Жүрек тондары анық, пульс 125 рет минутына, АҚҚ 140/60 мм.с.б. Зәр шығаруы жиі, қоймалжың нәжіс күніне 3-4 рет. УДЗ: қалқанша безінің көлемі 64 см3, бос Т4 деңгейі 41 пмоль/л, ТТГ 0,001 МЕД/л.

Аурудың дамуында қандай механизм БАРЫНША мүмкін?

*Қалқанша безі тінінің аутоиммунды бұзылысы

* Тиреоциттер өсуінің тіндік факторларының бұзылысы

*+Тиреоидынталандырушы антидене өндірілуінің жоғарылауы

*Лимфоцитарлы инфильтрация және қалқанша безінің деструкциясы

* Қалқанша безі тінінде функциональды автономия аймағының пайда болуы

#3

*!58 жастағы әйел тершеңдікке, ентігуге, қозғыштыққа, жүрек соғысының өзгеруіне шағымданып келді. 10 жылдан бері кардиологта есепте тұрады. Соңғы 1 жыл бойы амиодарон, нитраттар, статиндер қабылдаған. Өз бетінше ацетилсалицилді қышқыл мен валерианка қабылдаған. Қарап тексеру кезінде пульсі 85 рет минутына, ырғағы дұрыс емес, АҚҚ 150/90 мм.с.б. УДЗ-де қалқанша безінің көлемі 17 cм3. Қандағы бос Т4 деңгейі – 28 пмоль/л, ТТГ 0,2 мМЕ/л.

Аталған шағымдарды қабылдаған дәрілердің қай тобы БАРЫНША шақыруы мүмкін?

*Нитраттар

*Статиндер

*Седативті препараттар

*Ацетилсалицилді қышқыл

*+Антиаритмиялық препараттар

#4

*!42 жастағы ер адам жүрегінің жиі соғуына, 3 ай ішінде 9 кг арықтауына шағымданып келді. Қарап тексеру кезінде тері жабындысы ылғалды, жылы. Қалқанша безі 2 дәрежелі. Жүрек тондары анық, пульс 125 рет минутына, АҚҚ 140/60 мм.с.б.. Бос Т4 деңгейі - 45 пмоль/л, ТТГ 0,001 МЕД/л. Дәрігер ұзақ уақыт тирозолды 40 мг/тәу. дозада бастап, 1 жыл ішінде біртіндеп сүйемелдеуші мөлшерге дейін төмендете отырып, тағайындаған.

Қандай анализді бақылау дәрінің жанама әсерін анықтауға БАРЫНША мүмкіндік береді?

*Жалпы зәр анализі

*+Жалпы қан анализі

*Қандағы электролиттер

*Тиреоидты гормондарды анықтау

*ТТГ рецепторларына антиденені анықтау

#5

*!47 жастағы әйел 3 ай ішінде 5 кг салмақ қосуға, ұйкышылдыққа, әлсіздікке, ішінің қатуына, шаштарының түсуіне, жиі тоңуға шағымданып келді. Қарап тексеру кезінде терісі құрғақ, шынтағы қарайған және гиперкератоз, гипотермия, гипорефлексия, қалқанша безі І дәрежелі.

Қай көрсеткішті анықтау БАРЫНША тиімді?

*Тиреоглобулин

* Бос тироксин

*+Тиреотропты гормон

*ТТГ рецепторына антидене

*Тиреопероксидазаға антидене

#6

*!25 жасар әйел мойын аймағындағы жайсыздыққа, тұншығу сезіміне, шаршағыштыққа, жүргенде ентігуге, жүрек тұсындағы шаншу сезіміне, көңіл-күйінің жиі өзгеруіне, депрессияға шағымданады. Жағдайының нашарлауын стресспен байланыстырады. Қарап тексеруде: температурасы 35,8º, терісі құрғақ, суық. Қалқанша безі 2 дәрежелі, қатты, ауру сезімінсіз, біркелкі емес. Пульсі мин 60 рет, АҚҚ - 110/70 мм с.б. Қан анализі: НВ - 104 г/л, ЭР- 3,8 мың., ЭТЖ - 10 мм/сағ. ТТГ 16 мкМЕ/мл, АТПО – 310 МЕ/мл.

Көрсетілген болжама диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

*Фиброзды тиреоидит

*Қалқанша безінің ісігі

*Жеделдеу тиреоидит, гипотиреоз кезеңі

*+Аутоиммунды тиреоидит, біріншілік гипотиреоз

*Эндемиялық зоб 2 дәрежелі, біріншілік гипотиреоз

#7

*!48 жастағы әйел жүрек соғу ұстамаларына, терісінің құрғауына, тырнағының сынғыштығына, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, күйзеліске, іш қатуға шағымданады. Салмағы 66 кг, бойы 162 см. Қалқанша безінің пальпациясында көлемі 1 дәрежеге өскен, біртекті емес.

Қандай гормон өзгерістерін БАРЫНША күтуге болады?

*ТТГ-ның жоғарылауы, қалыпты FТ4

*+ТТГ-ның жоғарылауы, FТ4 төмендеуі, АТПО жоғарылауы

*FТ4 төмендеуі, FТ3 төмпендеуі, АТПО жоғарылауы

*ТТГ-ның төмендеуі, АТГ-ның жоғарылауы, FТ4 жоғарылуы

*АТПО жоғарылауы, АТГ-ның жоғарылауы, FТ4 төмендеуі