- •Емтиханға арналған тесттік тапсырмалар базасы
- •*Гипо және гипертиреоз синдромымен қалқанша безінің патологиясы*2*7*3*
- •*Гипо және гипертиреоз синдромымен қалқанша безінің патологиясы*3*12*3*
- •*Қалқанша маңы безінің патологиясы*2*10*3
- •*Қалқанша маңы безінің патологиясы*3*7*2
- •*Климакс. Жастық андрогенді жетіспеушілік*2*7*3*
- •*Климакс. Жастық андрогенді жетіспеушілік*3*6*1*
- •Қандай емдік шара жүргізу ең тиімді?
- •*Гипоталамо-гипофиз жүйесінің аурулары*2*3*1*
- •*Гипоталамо-гипофиз жүйесінің аурулары*3*5*1*
- •*Эндокринды аурулар кезіндегі остеопороз*2*7*2*
- •*Эндокринды аурулар кезіндегі остеопороз*3*2*1*
- •*Акромегалия және гигантизм. Визуализация әдістері: сәулелік диагностика*2*5*1*
- •*Акромегалия және гигантизм. Визуализация әдістері: сәулелік диагностика*3*5*1*
- •*Гипопитуитаризм.Қантсыз диабет*2*14*3*
- •*Гипопитуитаризм.Қантсыз диабет*3*12*3*
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*1*1*1
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*2*8*3*
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*3*8*2*
- •*Бүйрекүсті безінің аурулары*2*18*3*
- •*Бүйрекүсті безінің аурулары*3*9*2*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*1*1*1*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*2*7*2*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*3*12*3*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы. Гипогонадизм*1*3*1*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы.Гипогонадизм*2*5*1*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы. Гипогонадизм*3*4*1*
- •*Эндокринді аурулар кезіндегі бедеулік*2*5*1*
- •*Эндокринді аурулар кезіндегі бедеулік*3*2*1*
*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*3*12*3*
#155
*!35 жасар әйел қатты әлсіздікке, шаршағыштыққа, арықтауына, терісінің қараюына, тұзды тамаққа тәбетінің тартуына шағымданады. 10 жыл ішінде аутоиммунды тиреоидит бойынша ем қабылдайды. Қарап тексергенде: бойы 160 см, салмағы 49 кг, терісі гиперпигментацияланған, қызыл иектің шырышты қабатында қара дақтар бар. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 78 рет минутына, АҚ 90/60 мм с.б.
Қандай дәріні тағайындау БАРЫНША тиімді?
*5 мг дексаметазон
*5 мг гидрокортизон
*20 мг преднизолон
*20 мг дексаметазон
*+20 мг гидрокортизон
#156
*!36 жасар әйел әлсіздікке, шаршағыштыққа, сұйық нәжістің болуына, терісінің қараюына, тұзды тамаққа тәбетінің тартуына шағымданады. Қарап тексергенде: бойы 165 см, салмағы 48 кг, терісі гиперпигменттацияланған, қызыл иегтің шырышты қабатында қара дақтар бар. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 78 рет минутына, АҚ 90/60 мм с.б. ЖҚА: Нв 98 г/л, эритроциттер-3,5*1012/л, лейкоциттер-5,0*109/л, лимфоциттер–49%, ЭТЖ-16 мм/с. Гликемия - 3,2 ммоль/л, натрий-120 ммоль/л, калий-5,7 ммоль/л.
Қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?
*Регидратация
*Темір препараттары
*Тиреоидты гормондар
*Анаболикалық стероидтар
*+Глюкокортикостероидтар
#157
*!Ер адам 38 жаста, ауыр жағдайда госпитализацияланды. Жақында 5 күндей ЖРА (ОРЗ ) ауырған. Кешегі күннен бастап әлсіздіктің күшеюі, бас айналу, тәбеттің төмендеуі, іштегі қатты ауру сезімі, іш өту пайда болған. Анамнезінде 3 жыл көлемінде преднизолон 7,5 мг тәулігіне қабылдайды. Қарап тексергенде: бойы 175 см, салмағы 62 кг, терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары гиперпигментацияланған . Жүрек тондары тұйықталған, пульс 82 рет мин, толуы әлсіз, АҚҚ 60/30 мм.с.б. Гликемия – 3,2 ммоль/л.
Қандай зерттеу нәтжесінің болуы БАРЫНША ықтимал?
*Кортикотропин 7 пг/мл
*Тироксин 28 пмоль/л
*Глюкагон 115 пг/мл
*Инсулин 29 мкЕД/л
*+Кортизол 5 нмоль/л
#158
*!Ер адам 42 жаста. 5 жыл бұрын туберкулезбен ауырған. Жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, тәбеттің жоғалуына, жүрек айнуға, құсуға байланысты дәрігерге жүгінген. Қарап тексергенде: бойы 170 см, салмағы 60 кг, терісінде және көзге көрінетін шырышты қабаттарында гиперпигментация. Артериальды қысым 80/40 мм рт.ст. Гликемия – 3,0 ммоль/л, 2 сағаттан соң-4,1 ммоль/л. Бүйрек үсті безінің КТ кальцинаттар анықталды.
Қандай препарат тағайындау БАРЫНША тиімді?
*Глюкоза
*Глюкагон
*Кордиамин
*+Преднизолон
*Метоклопрамид
#159
*!33 жастағы әйел тісінің ауруына байланысты стоматологқа қаралған. Анамнезінде бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігіне байланысты гидрокортизонмен орын басушы терапия қабылдайды. Бойы 164 см, салмағы 52 кг. АҚҚ 90/60 мм.с.б. Дәрігер кариес анықталуына байланысты тісті жұлуды ұсынған.
Тістің экстракциясы жоспарлануына байланысты емінде қандай коррекция БАРЫНША қажет?
*Гидрокортизонды уақытша тоқтату
*С витаминінің үлкен мөлшерін тағайындау
*+Гидрокортизонды қосымша енгізу
*Қосымша тұзды тағаммен емдәмді коррекциялау
*Антибактериальды терапиямен бірге тіс экстракциясын жүргізу
#160
*!40 жастағы әйелде 3 сағаттай бұрын стоматологта тісін жұлдыртқаннан кейін күрт әлсіздік, бас айналу, іште қатты ауру сезіміне пайда болды. Тоқтаусыз құсу мен диарея қосылғаннан соң жедел жәрдем шақыртқан. Анамнезінде: 5 жыл бойы күнделікті преднизолон 10 мг қабылдайды. Обьективті: айқын тежелген, адинамия. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары қарайған. Пульстың толуы әлсіз, АҚҚ 60/30 мм с.б.
Қандай дәрілік затты бірінші кезекте тағайындау БАРЫНША тиімді?
*20% глюкоза ерітіндісін енгізу
*Антибиотиктерді көк тамырға енгізу
*Минералокортикостероидтарды енгізу
*+Преднизолонның дозасын жоғарылату
*Аскорбин қышқылын көп мөлшерде енгізу
#161
*!Әйел 35 жаста. Жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, жүрек айнуға, жиі естен тануға шағымданады. Анамнезінде: Иценко-Кушинг ауруына байланысты адреналэктомия жасалған. Қарап тексергенде: бойы 165 см, салмағы 42 кг. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары қарайған. АҚҚ 70/40 мм с.б. ЖҚА: Нв-75 г/л, эритроциттер-3,5 млн., лейкоциттер-4,5 мың, лимфоциттер-58%, ЭТЖ-13 мм/сағ. Постпрандиальды гликемия – 3,2 ммоль/л.
Қандай дәрілік затты бірінші кезекте тағайындау БАРЫНША тиімді?
*Сорбифер
*Кортинеф
*Левотироксин
*+Гидрокортизон
*Метоклопрамид
#162
*!32 жастағы ер адам мұрын қуысындағы өспені алып тастаудан кейін 4-6 сағаттан соң әлсіздіктің күшеюіне, іштегі қатты ауру сезіміне, тоқтаусыз құсуға, диареяға шағымданады. Анамнезінде 5 жыл бойы преднизолон қабылдайды. Қарап тексергенде: салмағы 63 кг, бойы 174 см. Күрт тежелген, адинамия. Терісі және шырышты қабаттары қарайған. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 82 рет мин, толуы әлсіз, артериальды қысым 60/30 мм с.б. Гликемия – 3,1 ммоль/л.
Қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?
*Морфин б/етке
*Көк тамырға адреналин
*Көк тамырға фентоламин немесе тропафен
*Көп мөлшерде сұйықтық қабылдау, бел аймағына мұз қою
*+Көк тамырға 0,9% натрий хлорид ерітіндісі және гидрокортизон
#163
*!30 жастағы әйелде асқынған босанудан кейін жүрек айну, құсу, күрт әлсіздік, психикалық бұзылыстар пайда болған. Қарап тексергенде: акроцианоз, аяқ-қолдарының мұздауы, АҚҚ 50/30 мм с.б. Адренокортикотропты гормонмен сынама теріс.
Қандай препаратты бірінші кезекте тағайындау БАРЫНША тиімді?
*Кофеин
*Кортинеф
*Кордиамин
*Адреналин
*+Гидрокортизон
#164
*!Ер адам 38 жаста. Шаршағыштыққа, бас айналуға, іштегі ауру сезіміне, жүрегінің айнуына, үлкен дәретінің жиілеуіне шағымданады. Анамнезінде: 3 ай ішінде 8 кг жүдеген. Ағасы қант диабетінің 1 типімен ауырады. Қарау кезінде: бойы 175 см, салмағы 57 кг. АҚҚ 90/50 мм с.б., терісінде жайылмалы гиперпигментация анықталады
Қандай дәрілік заттар БАРЫНША тиімді?
*Инсулин
*+Глюкокортикоидтар
*Диареяға қарсы дәрілер
*Анаболикалық стероидтар
*Тиреостатикалық препараттар
#165
*!46 жастағы әйелге глюкокортикоидтармен орынбасушы терапия тағайындалған. Ол дәрігердің барлық ұсыныстарын орындайды және таблеткаларды қалай қабылдау керектігін білгісі келеді.
Глюкокортикоидтармен емдеудің қандай кестесі БАРЫНША дұрыс?
*Барлық мөлшерді таңғы ас алдында
*1/3 тәуліктік мөлшерден күніне 3 рет
*Барлық мөлшерді түнгі ұйқы алдында
*1/3 мөлшерді таңертең және 2/3 түскі астан соң
*+2/3 мөлшер таңертең және 1/3 түскі астан соң
#166
*!Ер кісі 58 жаста, туберкулез бойынша диспансерлік бақылауда тұрған. Соңғы уақытта әлсіздік, дене салмағының азаюы мазалайды. Терісінің қараюы күшейген. АҚҚ 90/50 мм с.б. Гликемия 3,2 ммоль/л.
Гормондар деңгейінде қандай өзгеріс БАРЫНША мүмкін?
*Тироксин 14 нмоль/л
*Пролактин 426 мЕД/л
*Инсулин 1,6 мкЕД/мл
*Тиреотропин 15 мМЕ/мл
*+Кортизол 78 пмоль/л
