- •Емтиханға арналған тесттік тапсырмалар базасы
- •*Гипо және гипертиреоз синдромымен қалқанша безінің патологиясы*2*7*3*
- •*Гипо және гипертиреоз синдромымен қалқанша безінің патологиясы*3*12*3*
- •*Қалқанша маңы безінің патологиясы*2*10*3
- •*Қалқанша маңы безінің патологиясы*3*7*2
- •*Климакс. Жастық андрогенді жетіспеушілік*2*7*3*
- •*Климакс. Жастық андрогенді жетіспеушілік*3*6*1*
- •Қандай емдік шара жүргізу ең тиімді?
- •*Гипоталамо-гипофиз жүйесінің аурулары*2*3*1*
- •*Гипоталамо-гипофиз жүйесінің аурулары*3*5*1*
- •*Эндокринды аурулар кезіндегі остеопороз*2*7*2*
- •*Эндокринды аурулар кезіндегі остеопороз*3*2*1*
- •*Акромегалия және гигантизм. Визуализация әдістері: сәулелік диагностика*2*5*1*
- •*Акромегалия және гигантизм. Визуализация әдістері: сәулелік диагностика*3*5*1*
- •*Гипопитуитаризм.Қантсыз диабет*2*14*3*
- •*Гипопитуитаризм.Қантсыз диабет*3*12*3*
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*1*1*1
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*2*8*3*
- •*Семіздік және метаболикалық синдром*3*8*2*
- •*Бүйрекүсті безінің аурулары*2*18*3*
- •*Бүйрекүсті безінің аурулары*3*9*2*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*1*1*1*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*2*7*2*
- •*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*3*12*3*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы. Гипогонадизм*1*3*1*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы.Гипогонадизм*2*5*1*
- •*Жыныстық қызметтің бұзылысы. Гипогонадизм*3*4*1*
- •*Эндокринді аурулар кезіндегі бедеулік*2*5*1*
- •*Эндокринді аурулар кезіндегі бедеулік*3*2*1*
*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*1*1*1*
#147
*!Төменде көрсетілген белгілердің біреуі біріншілік және екіншілік бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің дифференциальды диагностикасының критериі болады
*Арықтау
*Әлсіздік
*Тәбеттің төмендеуі
*Етеккірдің бұзылуы
*+Гиперпигментацияның болуы
*Бүйрек үсті безінің жедел және созылмалы жеткіліксіздігі*2*7*2*
#148
*!28 жасар әйел қатты әлсіздікке, шаршағыштыққа, терісінің қараюына, сұйық нәжіске шағымданады. Тұзды тағамды жақсы көреді. 4 жыл бұрын өкпенің ошақты туберкулезімен ауырған, тубдиспансерде учетта тұрған. Қарап тексергенде: бойы 161 см, салмағы 48 кг, алақан терісі қатпарлары гиперпигменттелген, қызыл иектің шырышты қабаттарында қара дақтар бар. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі 78 рет минутына, АҚ 90/60 мм с.б.
Қандай болжама диагноз БАРЫНША мүмкін?
*Гемохроматоз
*Тері меланомасы
*Созылмалы энтероколит
*+Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
*Диссеминирленген өкпе туберкулезі
#149
*!Ер адам 38 жаста, ауыр жағдайда госпитализацияланды. Жақында 5 күндей ЖРА (ОРЗ ) ауырған. Кешегі күннен бастап әлсіздіктің күшеюі, бас айналу, тәбеттің төмендеуі, іштегі қатты ауру сезімі, іш өту пайда болған. Анамнезінде 3 жыл көлемінде преднизолон 7,5 мг тәулігіне қабылдайтындығы белгілі. Қарап тексергенде: бойы 175 см, салмағы 62 кг, терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары гиперпигментацияланған. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 82 рет минутына, толуы әлсіз, артериальды қысымы 60/30 мм.с.б. Гликемия – 3,2 ммоль/л.
Жағдайының нашарлауының БАРЫНША негізгі себебі қандай?
*+ЖРА-мен ауырғаны
*Тәбетінің төмен болмауы
*Қандағы қанттың төмендеуі
*Артериальды қысымның төмендеуі
*Преднизолонның жеткіліксіз мөлшері
#150
*!Әйел 29 жаста. Айқын әлсіздікке, шаршағыштыққа, терісінің қараюына, сұйық нәжіске шағымданады. Тұзды тағамдарды ұнатады. 4 жыл бұрын өкпенің ошақты туберкулезімен тубдиспансерде диспансерлік бақылауда тұрған. Қарап тексергенде: бойы 161 см, салмағы 48 кг, алақанның қатпарларында терісі қарайған, қызыл иекте қара дақтар бар. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 78 рет/ мин, артериальды қысым 90/60 мм.с.б.
Қандай диагностикалық зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?
*Өкпенің КТ
*+Бүйрек үсті безінің КТ
*Өкпенің рентгенографиясы
*Бүйрек үсті безінің рентгенографиясы
*Бүйрек үсті безінің радиоизотопты сканирлеуі
#151
*!31 жастағы әйел айқын әлсіздікке, шаршағыштыққа, терісінің қараюына, сұйық нәжіске шағымданады. Тұзды тағамдарды ұнатады. 4 жыл бұрын өкпенің ошақты туберкулезімен тубдиспансерде диспансерлік тұрған. Қарап тексергенде: бойы 161 см, салмағы 48 кг, алақанның қатпарларында терісі қарайған, қызыл иекте қара дақтар анықталады. Жүрек тондары тұйықталған, пульс 78 рет/ мин, артериальды қысым 90/60 мм с.б.
Гиперпигментацияның БАРЫНША мүмкін себебі қандай ?
*+Кортикотропиннің жоғарлауы
*Тиротропиннің жоғарлауы
*Эстрадиолдың төмендеуі
*Инсулиннің төмендеуі
*Кортизол төмендеуі
#152
*!38 жастағы ер адам ауыр жағдайда госпитализацияланды. Әйелінің айтуы бойынша 6 сағат бұрын тісін жұлдыртқаннан кейін күрт әлсіздік, бас айналу, іштегі қатты ауру сезімі пайда болған. Тоқтаусыз құсу мен диарея қосылған соң жедел жәрдем шақыртқан. Анамнезінде 5 жыл көлемінде преднизолон қабылдайды. Айқын тежелген, адинамия. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары қарайған. Пульс толуы әлсіз, АҚҚ 60/30 мм с.б.
Науқаста қандай жағдайдың даму қаупі БАРЫНША мүмкін?
*Катехоламинді криз
*Гипогликемиялық кома
*Гиперпаратиреоидты криз
*Жедел бауырлық жеткіліксіздік
*+Жедел бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
#153
*!Әйел 27 жаста. Босанғаннан кейін жалпы әлсіздік, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі пайда болған. Қарап тексергенде: бойы 162 см, салмағы 55 кг, терісі бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған, АҚҚ 90/60 мм.с. б., пульс 60 рет/мин. ЖҚА: эритроциттер- 3,6 млн, Hв- 98 г/л, лейкоциттер -5 мың, лимфоциттер- 55%, ЭТЖ- 10 мм/сағ. Гликемия ашқарынға -4,3 ммоль/л.
Қанда қандай гормонның төмендеуі БАРЫНША ықтимал?
*+Кортикотропин
*Меланотропин
*Соматотропин
*Вазопрессин
*Пролактин
#154
*!Инфекциялық ауруханада менингитпен ауырып жатқан науқаста бұлшықеттік әлсіздік, жүрек айну, құсу, ентігу, тахикардия күшейе түскен. АҚҚ 60/30 мм с.б. Терісінде бір-біріне қосылған көптеген қан құйылу ошақтары анықталған.
Осы жағдайдың негізгі дамуындағы ЕҢ нақты себеп қандай?
*Интоксикация
*Тамырлық криз
*Капилляротоксикоз
*+Бүйрек үсті безіне қан құйылу
*Миелодиспластикалық синдром
