Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТ эндокр 7 курс .каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509.95 Кб
Скачать

*Бүйрекүсті безінің аурулары*3*9*2*

#138

*!28 жастағы әйел беттеріне түктердің өсуіне, 1 жыл бойы етеккірдің болмауына, сүт бездерінің кішіреюіне шағымданды. Бүйрекүсті безінің МРТ-да біржақты ұлғаюы анықталды. Қанда бос тестостерон мөлшері 7,5 нмоль/л.

Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША тиімді?

*Антиандрогендер

*+Хирургиялық ем

*Минералокортикоидтар

*Циклді гормонотерапия

*Гонадолибериндердің антогонисті

#139

*!6жастағы қызда 1 жыл бұрын екі жағында да көкірек бездері үлкейген, емізік айналасында гиперпигментация пайда болған. 28 күнде 1 рет диферелин 3,75 мг тағайындалған. Динамикада сүт бездерінің көлемі кішіреймеген. Қандағы ФСГ <0,6 мМЕ/л, ЛГ <0,7 мМЕ/л, эстрадиол мөлшері ересек әйелдердің деңгейіне сәйкес келеді. Кіші жанбас қуысының УДЗ-де жатыр мен сол аналық бездің үлкеюі анықталды.

Қандай жүргізу тактикасы БАРЫНША тиімді?

*+Оперативті емге жіберу

*Диферелиннің дозасын жоғарылату

*Жүргізіп жатқан емге андрокурды қосу

*Диферелинді тоқтатып, оксандролон тағайындау

*Диферелинді тоқтатып, достинекс тағайындау

#140

*!33 жасар әйел салмақ қосу, әлсіздік, сақал мұрттың өсуіне, бас ауыруына, алты ай бойы етеккірдің болмауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: иық, сан және іш аймағында минус ткань типіндегі қызыл стриялар бар. Мойны мен шынтақ буынының ішкі жағында гиперпигментация анықталады. АҚ 160/90 мм.рт.ст.

Қанда қандай өзгерістің болуы БАРЫНША мүмкін?

*Эстрадиол жоғарылауы

*Тестостерон төмендеуі

*+Кортизол жоғарылауы

*Адреналин төмендеуі

*Тироксин төмендеуі

#141

*!48 жасар әйел желкесінде май жиналуға, бұлшықет әлсіздігіне, іштің төменгі жағында қоңыр қызыл стриялардың пайда болуына, бастың ауыруына шағымданады. Ауыруын алты ай бұрын жол апатынын алған жарақатпен байланыстырады. Қандағы кортизол деңгейі 760 нмоль/л, гипофиз МРТ-сында: диаметры 10 мм үлкен гипофиз аденомасы анықталған. Супраселлярлы өсу.

Қандай емдеу тактикасы БАРЫНША тиімді?

*Сәулелік терапия

*+Аденомэктомия

*Медикаментозды терапия

*Екіжақты адреналэктомия

*Біржақты адреналэктомия

#142

*!50 жасар әйел. Бірнеше минуттан бірнеше сағатқа созылатын қан қысымының жоғарылауымен өтетін ұстамаларға шағымданады. Ұстама кезінде жүрегі соғып, қорқыныш сезімі, бетінің қызаруы болады. Ұстама соңында көп терлеп, еріксіз зәр шығатынын және жағдайының жақсаратынын байқаған. Қанында: Нв -143 г/л, Эритроциттер - 4,5*1012/л, лейкоцит- 11,0*109/л, ЭТЖ-16 мм/с. Қандағы қант 6,2 ммоль/л. Зәрінде: салыстырмалы тығыздығы 1015, белок-авс, глюкоза - +. Қандағы метанефриндер мен бос катехоламиндердің деңгейі 2 есе жоғары.

Қандай топ дәрілерін тағайындау БАРЫНША тиімді?

*Диуретиктер

*АПФ Ингибиторлары

*+Альфа-адреноблокаторлар

*Кальций каналдарының блокаторы

*Ангиотензин рецепторының блокаторы

#143

*!39 жастағы әйел жиі болатын әлсіздікке және шаршағыштыққа шағымданады. Соңғы 8 жыл аралығында артериалды қан қысымы жоғарылайды. Бірнеше рет К+ 3,7 ммоль/л шамасында болып, диуретиктермен жүргізілген емнің салдары деп бағаланған. Амлодипин (10 мг/тәу), лизиноприл (10 мг/тәу) қабылдайды. Ем аясында АҚҚ 160/90 мм.с.б. Дәрігер альдостерон/ренин қатынасын тексеру мақсатында зерттеу тағайындады.

Қандай альдостерон/ренин арақатынасы БАРЫНША ықтимал?

*Альдостерон (нг/дл)/ренин (нг/мл/сағ)<20

*+Альдостерон (нг/дл)/ренин (нг/мл/сағ)>50

*Альдостерон (нг/дл)/ренин (нг/мл/сағ)<40

*Альдостерон (нг/дл)/ренин (нг/мл/сағ)>25

*Альдостерон (нг/дл)/ренин (нг/мл/сағ)>30

#144

*!38 жастағы әйел бетіне мұрт пен сақал типті түктердің өсуіне, даусының төмендеуіне, бет пен кеудедегі безеулерге, етеккір циклінің бұзылуына, шаштарының түсуіне шағымданып келді. 2-3 жылдан бері ауырады. Соңғы айларды аталған шағымдары үдей түскен. Бойы 168 см, салмағы 52 кг. Зерттеу қорытындылары: ДГЭА-С - 1460.7 (N-80,2 - 511,7мкг/дл), тестостерон-13.4 (N 0.17 - 4.13 нмоль/л), кортизол-8.2 (N 3,7 - 24,0мкг/дл), АКТГ-14.2 (N-0-46 пг/мл). Бүйрекүсті бездерінің КТ: екі бүйрекүсті бездерінде көптеген түйінді түзілімдер, аденома анықталады.

Қандай ем әдісі БАРЫНША тиімді?

*Консервативті терапия

*Аденомэктомия

*+Адреналэктомия

*Симптоматикалық ем

*Бүйрек үсті безіне сәулелік терапия

#145

*!26 жасар ер адам сүт бездерінің үлкеюіне, семіруге, беттегі түктердің түсуіне, жыныстық әлсіздікке шағымданып келді. Бір жылдан бері ауырады, бірінші рет қаралуы. Салмағы-115кг, бойы 174 см. Сүт бездері безді тіндердің салдарынан ұлғайған, пальпацияда ауру сезімінсіз.

Гормондар деңгейін зерттеу қорытындысының қандай нәтижесі БАРЫНША мүмкін?

*Пролактин 204 мЕД/л

*Пролактин 426 мЕД/л

*Эстрадиол55 пмоль/л

*+Эстрадиол 285 пмоль/л

*Тестостерон 55,1 нмоль/л

#146

*!28 жасар ер адам сүт бездерінің үлкеюіне, семіруге, беттегі түктердің түсуіне, жыныстық әлсіздікке шағымданып келді. Бір жылдан бері ауырады, бірінші рет қаралуы. Салмағы-105кг, бойы 174см. Сүт бездері безді тіндердің салдарынан ұлғайған, пальпацияда ауру сезімінсіз. Зерттеу кезінде: эстрадиол 110 нмоль/л, тестостерон 23 нмоль/л.

Қандай емдеу әдісі БАРЫНШАтиімді?

 

*Консервативті терапия

*Аденомэктомия

*+Адреналэктомия

*Симптоматикалық ем

*Бүйрек үсті безіне сәулелік терапия