Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТ эндокр 7 курс .каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509.95 Кб
Скачать

*Семіздік және метаболикалық синдром*3*8*2*

#112

*!43 жастағы ер адам медициналық скрининг өтті. Анамнезінде маңызды аурулар жоқ, ешқандай дәрілік заттарды қолданбайды. Ол аптасына бір рет 2-3 литр пиво ішеді және темекі шекпейді. Анасында семіздік, қант диабеті бар. Зерттеу кезінде АҚҚ 135/85 мм с.б., ДСИ 34 кг/м2. Бел көлемі 113 см. Зәрде микроальбуминурия.

Қандай шара жүргізілуі БАРЫНША мүмкін?

*ЕФК, диетотерапия, бақылау

*+Диетотерапия, ЕФК, метформин

*Тұзсыз емдәм, ЕФК, сибутрамин

*Гиполипидемиялық емдәм, липосакция

*Диетотерапия, ЕФК, α-глюкозидаз ингибиторлары

#113

*!58 жастағы әйел дененің артық салмағына, кезеңді түрде болатын жүрек тұсындағы ауру сезіміне, қозғалыс кезіндегі ентігуге, іш қатуға шағымданады. Дене салмағын 4 жыл бұрын етеккірі тоқтағаннан кейін қосқан. Бойы 167 см, салмағы 110 кг. Теріасты май қабаты біркелкі орналасқан. Пульс 75 рет мин, АҚҚ 145/80 мм с.б. Қанда ашқарынға қант 5,9 ммоль/л; холестерин 7,9 ммоль/л, ТТГ 3,3 мМЕ/мл.

НОМА индексінің қандай деңгейінде инсулин резистенттіліктің болуы БАРЫНША мүмкін?

*0,4

*1,4

*2,4

*+3,4

*4,4

#114

*!20 жасар қыз дененің артық салмағына, етеккірдің тұрақсыз болуына шағымданады. Анамнезінде: бала кезінен дененің артық салмағы болған, емдәмді сақтамаған. Етеккір 12 жастан, тұрақсыз. Қарау кезінде: бойы 170 см, салмағы 100 кг, теріасты май қабаты біркелкі таралған. Ферриман-Голлвей шкаласы бойынша гирсутты сан 12 балл. Венозды плазмада қант 5,2 ммоль/л , тестостерон 2,1 нмоль/л (қалыптыда 1,5), ЛГ/ФСГ >3,1, кортизол 540 нмоль/л, пролактин 680 мЕД/л., ТТГ 3,3 мМЕ/л.

Аналық бездің УДЗ қандай өзгерістер БАРЫНША ықтимал?

*Капсуланың жұқаруы, без көлемі 8 см3

*3 антральды фолликулалар, фолликула диаметрі 3

*Строманың склерозданған қантамырлық көрінісі

*+Без көлемі 14 см3, антральды фолликулалар саны 12

*Без көлемі 8 см3, антральды фолликулалар саны 3

#115

*!50 жастағы ер адам шаршағыштыққа, дененің артық салмағына, терісінің аздап құрғақтығына шағымданады. Қарау кезінде: теріасты май қабаты «алма» типі бойынша. Терісі құрғақтау, бауыры ұлғаймаған. АҚҚ 135/85 мм.с.б., бойы 179 см, салмағы 135 кг, белінің көлемі 113 см.

Қандай ем ЕҢ тиімді?

*Инсулин

*Акарбоза

*Глибенкламид

*Гликлазид

*+Метформин

#116

*!38 жастағы әйел аузының құрғауына, тәбетінің жоғарылауына, дененің артық салмағына шағымданады. Арықтау үшін әр түрлі емдәмдермен бірнеше рет емделген. Объективті: бойы 162 см, салмағы 94 кг. Ашқарында гликемия - 5,4 ммоль/л, жалпы холестерин - 6,1 ммоль/л, триглицеридтер - 2,5 ммоль/л.

Қандай ем әдісі БАРЫНША тиімді?

*Симвастатин

*Глибенкламид

*Репаглинид

*Гликлазид

*+Орлистат

#117

*!35 жастағы әйел дене салмағының артуына, шаршағыштықтың үдеуіне шағымданады. Тәбеті жоғарылаған. Дене салмағы 5 жыл бұрын босанудан кейін артқан. Етеккірі 13 жастан бері. Ұннан жасалған тағамдарды, тәттіні жақсы көреді. Бойы 158 см, салмағы 106 кг. Теріасты май қабаты біркелкі таралған. Терісі қалыпты және ылғалды. Қант 5,5 ммоль/л, холестерин 5,9 ммоль/л.

Қандай емдеу әдісі ЕҢ тиімді?

*Лазерлі липосакция

*Емдәм, антигипертензивті дәрілер

*+Емдәм, физикалық жүктеме, бигуанидтер

*Гиполипидемиялық және сульфонилмочевина дәрілері

*Емдәм, физикалық жүктеме,сульфонилмочевина дәрілері

#118

*!58 жастағы ер адам емханада скрининг бойынша зерттеуден өтеді. Анамнезінде 2 жыл бұрын жедел бас миына қан құйылу бұзылысын өткерген. Максималды АҚҚ 180/100 мм.с.б.дейін жоғарылаған. Салмағы 108 кг, бойы 160 cм, бел өлшемі 112 см. Пульс – 78 рет минутына, АҚҚ - 135/80 мм.с.б. Глюкозамен күштеме жүргізу тесті: ашқарында 6,0 ммоль/л, 2 сағаттан кейін 8,5 ммоль/л. Жалпы холестерин 6,6 ммоль/л, триглицеридтер 1,8 ммоль/л.

Қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?

*+Бигуанидтер

*Қатаң емдәм

*Инсулинотерапия

*Гиполипидемиялық дәрілер

*Сульфонилмочевина дәрілері

#119

*!25 жасар әйел дененің артық салмағына, етеккірдің тұрақсыз болуына, мұрттың өсуіне, бедеулікке шағымданады. Етеккір 12 жастан, тұрақсыз. Қарау кезінде: бойы 170 см, салмағы 91 кг, теріасты май қабаты біркелкі тараған. Бір жыл бигунидтер, хорионды гонадотропин, төмен мөлшерлі эстрогендер мен нәтижесіз емделген. Венозды плазмада аш қарындағы гликемия 5,9 ммоль/. ЛГ/ФСГ > 3,1. КТ: бүйрекүсті безі үлкеймеген, аналық без көлемі 14 см3, капсула қалыңдаған, айқын анықталады.

Қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?

*Эстроген рецепторларының антагонисты

*+Аналық бездің сына тәрізді резекция

*Магнитпен емдеу, массаж

*Прогестерон, бигуанидтер

*Эстрогендер, массаж