Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТ эндокр 7 курс .каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509.95 Кб
Скачать

*Семіздік және метаболикалық синдром*1*1*1

#103

*!40 жастағы әйел басының ауруына, көруінің төмендеуіне, көңіл-күйінің бұзылуына, ұйқышылдыққа, шөлдеуге, тәбетінің жоғарылауына шағымданады. Салмағы 112 кг, бойы 168 см. Бас терісінде майлы қайызғақ, теріде трофикалық өзгерістер, сандарында, ішінде қызғылт стриялар бар. Шынтақ, мойынның гиперпигментациясы. АҚҚ 150/90 мм с.б., тыныс жиілігі 24 рет минутына апноэ кезеңдерімен. Холестерин 6,8 ммоль/л, триглицеридтер 2,8.

Қандай зат алмасудың өзгерістерінің болуы БАРЫНША мүмкін?

*Ақуызды

*+Липидтік

*Электролиттік

*Көмір су алмасуы

*Дәрумендер алмасуы

*Семіздік және метаболикалық синдром*2*8*3*

#104

*!58 жастағы ер адам емханада скрининг бойынша зерттеуден өтеді. Анамнезінде 2 жыл бұрын жедел бас миына қан құйылу бұзылысын өткерген. Максималды АҚҚ 180/100 мм.с.б.дейін жоғарылаған. Салмағы 108 кг, бойы 160 cм, бел өлшемі 112 см. Пульс – 78 рет минутына, АҚҚ - 135/80 мм.с.б. Глюкозамен күштеме жүргізу тесті: ашқарында 6,0 ммоль/л, 2 сағаттан кейін 8,5 ммоль/л. Жалпы холестерин 6,6 ммоль/л, триглицеридтер 1,8 ммоль/л.

Қандай болжама диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

*Қант диабеті

*+Метаболикалық синдром

*Гипоталамикалық семіздік

*Полигенді гиперхолестеринемия

*Жедел бас миына қан құйылудың салдары

#105

*!22 жастағы әйел бетіне түктердің артық өсуіне, безеулік бөртпелерге, тұрақсыз етеккір кезеңіне, дене салмағының артуына шағымданады. Бойы 160 см, салмағы 80 кг. АҚҚ 135/90 мм с.б. Глюкозотолерантты тест: ашқарында 5,9 ммоль/л, 2 сағаттан кейін 8,6 ммоль/л. Кіші жамбас ағзаларының УДЗ: жатыр денесі 44х26х36 мм, құрылымы біртекті. Оң жақты аналық без 41х36х28 мм, 4–5 мм диаметрге дейінгі фолликуламен. Сол жақ аналық без 34х20х22 мм, 9 мм диаметрге дейінгі фолликуламен.

Аналық бездердің қандай морфологиялық жағдайы БАРЫНША мүмкін?

*Тека-жасушасының гипоплазиясы

*Эндометрия гипоплазиясы

*Аналық без стромасының гиперплазиясы

*Аналық без жасушасының гиперплазиясы

*+Аналық бездердің ақуыздық қабығының қалыңдауы және склерозы

#106

*!23 жастағы әйел бетіне түктердің артық өсуіне, безеулік бөртпелерге, тұрақсыз етеккір кезеңіне, дене салмағының артуына шағымданады. Бойы 160 см, салмағы 80 кг. АҚҚ 135/90 мм с.б. Глюкозотолерантты тест: ашқарында 5,9 ммоль/л, 2 сағаттан кейін 8,6 ммоль/л. Кіші жамбас ағзаларының УДЗ: жатыр денесі 44х26х36 мм, құрылымы біртекті. Оң жақты аналық без 41х36х28 мм, 4–5 мм диаметрге дейінгі фолликуламен. Сол жақ аналық без 34х20х22 мм, 9 мм диаметрге дейінгі фолликуламен.

Қай гормон деңгейінде БАРЫНША өзгеріс болуы мүмкін?

*+ЛГ жоғарылауы

*ФСГ жоғарылауы

*Пролактиннің төмендеуі

*Тестостеронның төмендеуі

*Прогестеронның жоғарылауы

#107

*!34 жастағы әйел дене салмағының артуына, шаршағыштықтың үдеуіне шағымданады. Тәбеті жоғарылаған. Дене салмағы 5 жыл бұрын босанудан кейін артқан. Етеккірі 13 жастан бері. Ұннан жасалған тағамдарды, тәттіні жақсы көреді. Бойы 158 см, салмағы 106 кг. Теріасты май қабаты біркелкі таралған. Терісі қалыпты және ылғалды. Қант 5,5 ммоль/л, холестерин 6,7 ммоль/л.

Қандай болжама диагноздың болуы БАРЫНША мүмкін?

*Метаболикалық синдром

*Иценко-Кушинг ауруы

*Иценко-Кушинг синдромы

*+Алиментарлы семіздік

*Қант диабет 2 тип

#108

*!35 жастағы әйел артық салмаққа, буындардағы ауру сезімге,аз физикалық жүктемеде болатын ентігуге шағымданады. Қант диабеті бойынша тұқымқуалаушылық жоқ. Салмағы 118 кг, бойы 178 см. Қандағы қант ашқарында 5,0 ммоль/л.

Тәулігіне калорияны қандай мөлшерде қолдану ЕҢ тиімді?

*1600

*1400

*+1200

*1000

*800

#109

*!45 жастағы ер адам жұмысқа тұру үшін медкомиссиядан өтеді. Салмағы 102 кг, бойы 179 см, АҚҚ 150/90мм.с.б. Тері жабындысы тегіс, табиғи қатпарларда гиперпигментация. Қант диабеті бойынша тұқымқуалаушылық жоқ. 5 жылдан бері созылмалы С гепатиті бойынша ем қабылдайды. Ашқарынға гликемия 5,8 ммоль/л, жалпы холестерин 7,1 ммоль/л. Дәрігер метформин тағайындаған.

Метформин тағайындау кезінде қандай қорытынды зерттеу жүргізу БАРЫНША тиімді?

*Жалпы қан анализі

*Липидті спектр

*Инсулинді анықтау

*+ АСТ және АЛТ анықтау

*Кристалл түзуге зәр өткізу

#110

*!16 жастағы қыз басының ауруына, көруінің нашарлауына, көңіл-күйінің бұзылуына, күннің екінші жартысында тәбетінің күшеюіне, метеотәуелділікке шағымданады. Акушерлік анамнезі бұзылған, жанұяда семіз адам жоқ. 6 жылда дене салмағы 76 кг-нан 112 кг көбейген. Бойы 168 см. Фолликулярлы гиперкератоз, көптеген «плюс тін» типі бойынша ақшыл-қызғылт сызықтар анықталады. Қандағы холестерин -6,8 ммоль/л, триглицеридтер - 2,8 ммоль/л, қант 5,4 ммоль/л.

Семіздіктің қай түрінің дамуы БАРЫНША мүмкін?

*Церебралды

*Эндокринды

*Алиментарлы

*+Гипоталамикалық

*Конституционалды

#111

*!21 жасар қыз дененің артық салмағына, етеккірдің тұрақсыз болуына шағымданады. Анамнезінде: бала кезінен дененің артық салмағы болған, емдәмді сақтамаған. Етеккір 12 жастан, тұрақсыз. Қарау кезінде: бойы 170 см, салмағы 100 кг, теріасты май қабаты біркелкі таралған. Табиғи қатпарлардың гиперпигментациясы. Венозды плазмада қант 5,2 ммоль/л. Базалды иммунореактивті инсулин деңгейі 29.

Қай көрсеткіштің патологиялық өзгерісі БАРЫНША мүмкін?

*Глюкагон

*Гликирленген гемоглобин

*+Инсулинорезистенттілік индексі

*Панкреатикалық аутоантидене титрі

*Шумақша фильтрациясының жылдамдығы