Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТ эндокр 7 курс .каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509.95 Кб
Скачать

*Акромегалия және гигантизм. Визуализация әдістері: сәулелік диагностика*3*5*1*

#72

*!45 жастағы әйел 5 жыл бұрын акромегалия, гипофиз аденомасы бойынша гипофиз аймағына рентгенотерапия курсын қабылдаған. Қазіргі уақытта терінің құрғақтығына, ісінуге, тілінің ұлғаюына, ұйқышылдыққа шағымданады. Анамнезінде соңғы жылда етеккір циклы бұзылған. Салмағы 65 кг, бойы 162 см, бел өлшемі 88 см. Зерттеу кезінде: түрік ершігі өлшемі өзгермеген, көру кеңістігі бес жыл бұрынғыдай тарылған. СТГ -15пг/мл, ТТГ- 0, 2ММЕ/мл, бос Т4 -9,4 пмоль/л.

Қандай шара жүргізу БАРЫНША тиімді?

*Витаминдер

*Емдәм 7, фурагин

*+Тиреоидты дәрілер

* Қайта R-терапия курсы

*Тиреостатикалық дәрілер

#73

*!36 жастағы әйел басының ауруына, бедеулікке шағымданады.1,5 жыл тұрмыста, балалары жоқ. Анамнезінде бір жыл ішінде етеккір циклы бұзылған.Салмағы 65 кг, бойы 162 см, бел өлшемі 88 см. Сүт безі ұшын қысқанда галакторея. МРТда гипофиздің эндоселлярлы микроаденомасы анықталды.

Қандай дәріні тағайындау ЕҢ тиімді?

*Андрокур

*Парлодел

*Соматулин

*Диферелин

*+Каберголин

#74

*!43 жастағы ер адам жыныстық құмарлығының төмендеуіне, депрессияға, қозғыштыққа, ұйқысының бұзылуына, шаршағыштыққа шағымданады. Қарау кезінде салмағы 112 кг, бойы 185 см. Шынайы гинекомастия. Қандағы гормондар: ЛГ және ФСГ – 0,0МЕ/л, пролактин – 7000 мЕД/л, тестостерон – 0,1 пг/мл, эстрадиол – 0,2 пг/мл.

Қай дәріні тағайындау БАРЫНША тиімді?

*Профази

*Пуригон

*Андрокур

*Тестостерон

*+Каберголин

#75

*!36 жастағы әйел жиі басының ауруына, көзінің көруінің нашарлауына шағымданады. Жанұя мүшелері соңғы жылы оның бет әлпетінің дөрекіленуін байқаған. Бірнеше ай бұрын оған неке жүзігін саусағын қысуына байланысты шешуге тура келген. Салмағы 95 кг, бойы 175 см.

Қандай емдеу әдісі ЕҢ тиімді?

*Сәулелік терапия

*Дофамин агонистері

*Соматостатин аналогтары

*Транскраниалды аденомэктомия

*+Трансфеноидалды аденомэктомия

#76

*!37 жастағы әйел. Басының жиі ауруына шағымданады. Жанұя мүшелері соңғы жылы оның бет әлпетінің дөрекіленуін байқаған. Күйеуі оның түңгі уақытта қатты қорылдауын және мазасыз болуын байқаған. Бірнеше ай бұрын оған неке жүзігін саусағын қысуына байланысты шешуге тура келген. Салмағы 95 кг, бойы 175 см.

Қай топтың дәрілерін БАРЫНША тағайындау мүмкін?

*Соматотропиндер

*Жыныстық стероидтар

*Дофамин агонисттері

*Тиреоидты гормондар

*+Соматостатин аналогтары

*Гипопитуитаризм.Қантсыз диабет*2*14*3*

#77

*!32 жастағы әйел 2 ай ішінде 5 кг арықтағанын байқаған. Көп рет құсуға, әлсіздіктің күннің екінші жартысында күшеюіне, тәбетінің болмауына шағымданады. Көрсетілген шағымдар босану кезінде көп мөлшерде қан кетуден кейін пайда болған. Босанудан кейін ұйқышылдық, терінің құрғауы, тершеңдік қосылған. Қарау кезінде терісі бозғылт, арықтаған. АҚҚ 80/40 мм.с.б. Сүт бездерінің өлшемі кішірейген, лактация жоқ. Қасағадағы және аксиллярлы аймақтағы түктену сирек. Етеккір бөлінуі тұрақты емес.

Қандай диагноз БАРЫНША мүмкін?

*Гипотиреоз

*Гипокортицизм

*Нервтік анорексия

*Босанудан кейінгі психоз

*+Пангипопитуитаризм

#78

*!29 жастағы әйел 2 ай ішінде 5 кг арықтағанын байқаған. Көп рет құсуға, әлсіздіктің күннің екінші жартысында күшеюіне, тәбетінің болмауына шағымданады. Көрсетілген шағымдар босану кезінде көп мөлшерде қан кетуден кейін пайда болған. Босанудан кейін ұйқышылдық, терінің құрғауы қосылған. Қарау кезінде терісі бозғылт, арықтаған. АҚҚ 80/40 мм.с.б. Сүт бездерінің өлшемі кішірейген, лактация жоқ. Қасағадағы және аксиллярлы аймақтағы түктену сирек. Етеккірі босанудан кейін қайта келмеген.

Гипофизде қандай өзгерістер БАРЫНША болуы мүмкін?

*+Ишемия

*Аденома

*Саркоидоз

*Гипофизит

*Геморрагиялар

#79

*!8 жасар ұл бойы өсуінен құрдастарынан артта қалуда. Әкесінің бойы 159 см, анасының бойы – 155 см. Тексеру кезінде: бойының артта қалуы (–2SD)-дан көп, сүйектік жасы 6 жасқа сәйкес. ТТГ деңгейі 2,0 мМЕ/л. Клофелинмен сынамада СТГ деңгейі 90 минутта 89 нг/мл құрайды.

Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?

*Соматогенді нанизм

*Туа пайда болған гипотиреоз

*+Жанұялық қысқа бойлылық

*Кеш пубертатты синдром

*Соматотропты жетіспеушілік

#80

*!6 жастағы қыз құрдастарынан бойы жағынан айқын артта қалуда. Тексеру кезінде : бойы 94 см. Сүйектік жасы 2 жасқа сәйкес. Бойының артта қалуы (–2SD)-дан көп, ТТГ деңгейі 2,0 мМЕ/л. Клофелинмен сынамада СТГ деңгейі барлық уақытша нүктелерде 5 нг/мл аспаған.

Қандай көрсеткіштің өзгеруі БАРЫНША ықтимал?

*Тироксиннің жоғарылауы

*Пролактиннің жоғарылауы

*Эстрадиолдың жоғарылауы

*Антидиуретикалық гормонның төмендеуі

*+Инсулинтәрізді өсу факторының төмендеуі

#81

*!42 жастағы ер адам жыныстық құмарлығының төмендеуіне, бедеулікке, басының ауруына шағымданады. Бойы 175 см, салмағы 99 кг, шынайы гинекомастия. ЛГ және ФСГ – 0 нмоль/л, пролактин – 6000 мЕд/л, тестостерон – 0,1 нмоль/л, эстрадиол – 0,2 нмоль/л. Дәрігер гипофизге МРТ жасауды ұсынған.

Гипофиз МРТ-да қандай өзгеріс БАРЫНША болуы мүмкін?

*Некроз

*+Аденома

*Саркоидоз

*Менингиома

*Геморрагиялар

#82

*!26 жастағы әйелде босанудан кейін адинамия, бастың ауруы, етеккірдің тоқтауы, терінің құрғауы, іш қату пайда болған. Күрт асалмақ тастаған. Шаштарың, қолтықасты, қасаға түктерінің түсуі анықталды. АҚҚ – 90/60 мм. с.б., пульс 50 рет минутына.

Қандай болжама диагноз БАРЫНША мүмкін?

*Біріншілік гипотиреоз

*Екіншілік гипотиреоз

*+Пангипопитуитаризм

*Екіншілік гипогонадизм

*Созылмалы гипокортицизм

#83

*!34 жастағы әйел етеккірінің болмауына, бедеулікке, сүт бездерінің ұштарынан бөліндінің пайда болуына шағымданады. 5 жыл бұрын дені сау бала туған.

Қандай гормонның өзгерісінің болуы БАРЫНША мүмкін?

*Кортизолдың жоғарылауы

*Гонадотропиндердің жоғарылауы

*Эстрогендердің төмендеуі

*Тестостеронның жоғарылауы

*+Пролактинның жоғарылауы

#84

*!34 жасар әйелде босанғаннан кейін адинамия, терінің құрғауы, іш қату, лактацияның төмендеуі пайда болды. Күрт салмақ тастаған. Шаштары мен қолтықасты, қасаға түктердің түсуі анықталды. АҚҚ – 90/60 мм. с.б., пульс 50 рет минутына.

Қандай болжама диагноз БАРЫНША мүмкін?

*Біріншілік гипотиреоз

*Туғаннан кейінгі куйзеліс

*Аутоиммунды гипофизит

*Біріншілік гипогонадизм

*+Туғаннан кейінгі гипопитуитаризм

#85

*!29 жастағы әйел рет құсуға, әлсіздіктің күннің екінші жартысында күшеюіне, тәбетінің болмауына шағымданады. Көрсетілген шағымдар босану кезінде көп мөлшерде қан кетуден кейін пайда болған. Босанудан кейін ұйқышылдық, терінің құрғауы қосылған. Қарау бойы 160см, салмағы 50 кг. Терісі құрғақ және бозарған. АҚҚ 80/40 мм.с.б. Сүт бездерінің өлшемі кішірейген, лактация жоқ. Қасағадағы және қолтық асты аймақтағы түктену сирек. Етеккірі босанудан кейін қайта келмеген.

Қандай аспабтық зерттеу ЕҢ тиімді?

*Бүйрекүсті безінің МРТ

*Сүт бездерінің УДЗ

*+Бас миының МРТ

*Кіші жамбас ағзаларының УДЗ

*Қалқанша безінің УДЗ

#86

*!12 жасар бала құрдастарынан бой өсу жағынан артта қалуға шағымданады. Туылғандағы бойы 52 см болған. Қарап тексергенде: бойы 108 см, 5 жасар балаға сай келеді, бойының артта қалуы (–2SD)-дан көп. Сүйектік жасы – 4 жасқа сай келеді. Дене салмағы артық. Терісі мен шашы құрғақ, сынғыш. Пульс 58 рет мин. Аталық бездер жұмсақ, кішірейген.

Бойы артта қалудың ЕҢ басты себебі?

*Біріншілік гипотиреоз

*Екіншілік гипокортицизм

*Екіншілік гипогонадизм

*Екіншілік гипотиреоз

* +Соматотроптық жетіспеушілік

#87

*!28 жасар ер адам соңғы айларды күшейген шөлдеу және кіші дәреттің жиілеуіне шағымданады. Ол түнде және күндіз көп мөлшердегі ашық түсті зәрдің бөлінуін айтады. Науқас түңгі уақытта зәр шығаруға 6 немесе одан да көп рет тұрады. Ол бұрын мұндайды байқамаған. Ол ешқандай дәрілік заттарды қолданбайды. Плазма осмолярлығы 350 мосм/кг.

Көп мөлшердегі ашық зәрдің БАРЫНША қандай себебі болуы мүмкін?

*+Вазопрессин жетіспеушілігі

*Вазопрессиннің жылдам ыдырауы

*Вазопрессиннің гиперсекрециясы

*Бүйрек түтіктерінің сезімталдығының болмауы

*Бүрек түтіктерінде рецепторлар санының азаюы

#88

*!30 жастағы ер адам шөлдеуге, кіші дәреттің көп болуына, терісінің құрғауына, арықтауға шағымданып келді. Қандағы қант 4,2 ммоль/л. Іш қуысы ағзаларының УДЗ патологиясыз.

Қандай гормонның тапшылығы БАРЫНША мүмкін?

*Инсулин

*Кортизол

*Тироксин

*Тестостерон

*+Вазопрессин

#89

*!22 жастағы жас жігіт қатты шөлдеуге, жиі зәр бөлуге шағымданады. Ашқарында гликемия 4,5 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде белок жоқ, меншікті салмғы 1002, лейкоциттер 1-2 көру аймағында, эпителий 8 – 10 көру аймағында.

Қандай зерттеу БАРЫНША тиімді?

*Гликемиялық профиль

*Нечипоренко бойынша зәр анализі

*+Зимницкий бойынша зәр анализі

*Оральды глюкозотолерантты тест

*Шумақша фильтрация жылдамдығын есептеу

#90

*!42 жастағы ер адам жыныстық белсенділіктің төмендеуіне шағымданып келді. ДСИ 34, шынайы гинекомастия байқалады. Қандағы гормондар: ЛГ және ФСГ 0, пролактин 7000, тестостерон 0,1, эстрадиол 0,2.

Қандай қосымша зерттеу әдісі БАРЫНША көрсетілген?

*Маммография

*+Бас миының МРТ

*Бүйрекүсті безі мен аталық бездің УДЗ

*Бас сүйегінің бүйір кескінінің рентгенографиясы

*Түрік ершігінің мақсатты рентгенографиясы