Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТ эндокр 7 курс .каз.яз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509.95 Кб
Скачать

*Эндокринды аурулар кезіндегі остеопороз*3*2*1*

#65

*!59 жастағы әйел аяқ-қолдары мен арқасындағы ауру сезіміне шағымданады. Менопауза 50 жастан. 15 жасынан бастап күніне 10-15 темекіден шегеді, жиі бронхитпен ауырады.Жұмыста аз қозғалады.Объективті: салмағы 67 кг, бойы 171см. Гипергидроз, жайылған айқын дермографизм. АҚҚ - 150/90 мм с.б., пульс 86 рет минутына. Эстрадиол 65 пмоль/л. Денситометрияда Т-критерий - (-2,1), Z критерий – (-1,2).

Қандай ем әдісі БАРЫНША тиімді ?

*Глюкокортикоидтар

*Темекі шегуді тоқтату

*Аскорбин қышқылы

*+Ибандрон қышқылы

*Стероидогенез блокаторлары

#66

*!68 жастағы әйел арқасындағы және өкшесіндегі ауру сезіміне, сырнақтарының сынғыштығына, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Шағымдар бірнеше жылдан бері мазалайды. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, климактериялық төмпек. 1 жыл ішінде бойының 5 см қысқарғанын айтады. Пульсі 72 рет мин, АҚҚ 140/80 мм.с.б.

Қандай емдеу әдісі БАРЫНША көрсетілген ?

*Физиоем, седативті дәрілер, минералдар кешені

*Шипажайда ем алу, физиоем, седативті дәрілер

*Седативті дәрілер, диета, мөлшерленген жаяу жүру

*Глюкокортикоидтар, эстрогендер, кальций дәрілері, массаж

*+Эстрогенде, витамин Д, кальций дәрілері, мөлшерленген жаяу жүру

*Акромегалия және гигантизм. Визуализация әдістері: сәулелік диагностика*2*5*1*

#67

*!42 жастағы ер адам жыныстық құмарлықтың төмендеуіне, күйзеліске, қозғыштыққа, ұйқысының бұзылысына, шаршағыштыққа шағымданады. Қарау кезінде салмағы 112 кг, бойы 185см. Шынайы гинекомастия. Қандағы гормондар: ЛГ мен ФСГ – 0,0МЕ/л, пролактин – 6000 мЕД/л, тестостерон – 0,1 пг/мл, эстрадиол – 0,2 пг/мл.

Диагноз қою үшін қандай зерттеу ЕҢ тиімді?

*Аталық бездің УДЗ

*Маммография

*Спермограмма

*+Бас миының МРТ

*Кариотипті зерттеу

#68

*!34 жастағы әйел басының ауруына, бедеулікке шағымданады.1,5 жыл тұрмыста, балалары жоқ. Анамнезінде бір жыл ішінде етеккір циклы бұзылған.Салмағы 65 кг, бойы 162 см, бел айналымы 88 см. Сүт безі ұшын қысқанда ақшыл сут тәрізді бөлінді бар.

Қандай гормональды профиль БАРЫНША тән?

*ЛГ,ФСГ және эстрадиолдың жоғарылауы

*Пролактин және эстрадиолдың төмендеуі

*ЛГ, ФСГ және эстрадиолдың төмендеуі

*+Пролактиннің жоғарылауы,эстрадиолдың төмендеуі

*Пролактиннің жоғарылауы, эстрадиолдың жоғарылауы

#69

*!15 жастағы қыз жиі басының ауыруына, бойының жылдам өсуіне шағымданады. Аяқ киімінің өлшемі бір жыл ішінде 2 өлшемге өскенін айтады. Қарау кезінде: салмағы 68 кг, бойы 183см, аяқ киімінің өлшемі 43. Етеккір циклы бұзылған, сирек аз мөлшерде. Терісі майлы, мойын қатпары мен қолтық астында гиперпигментация, тістерінің аралары ашық.

Аурудың дамуында қандай гормонның жоғарылауы БАРЫНША мүмкін себебі болады?

*Эстрадиол

*Глюкагон

*Инсулин

*Тестостерон

*+Соматотропин

#70

*!12 жасар қыз қатты басының ауруына, құрдастарына қарағанда бойының күрт өсуіне шағымданады. Ата-анасы соңғы жылы қызының 16 см өскенін байқаған. Түнде мазасыз ұйқтайды. Қарау кезінде салмағы 68 кг, бойы 175 см. Центильді кесте бойынша бойы > +2SD.

Қандай зерттеу БАРЫНША тиімді?

*Жыныстық стероидтар

*ОН-прогестеронға зәрді тапсыру

*Инсулинтәуелділік индексін есептеу

*Гликирленген гемоглобинді анықтау

*+Инсулинтәрізді өсу факторын анықтау

#71

*!33 жастағы ер адам жиі басының ауруына шағымданады. Жанұя мүшелері соңғы жылы оның бет әлпетінің дөрекіленуін байқаған. Ол түнгі уақытта қатты қорылдайды және ұйқысы мазасыз. Бірнеше ай бұрын оған аяқ киімін 2 размерге ұлғайтуға тура келген. Салмағы 95 кг, бойы 178 см.

Қай гормон көрсетілген өзгерістерді БАРЫНША шақыруы мүмкін?

*Пролактин

*Тиреотропин

*Соматостатин

*+Соматотропин

*Кортикотропин