- •1. Тіл дамыту әдістемесінің методологиялық негізі.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
- •Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау.
- •Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.
- •2. Балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастырудағы сабақтың рөлі.
- •3.Сабақтан тыс уақытта және күнделікті өмірде грамматикалық нормада дұрыс сөйлеуге үйрету әдістемесі.
- •Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.
- •Баланың сөздік қорын нақтылау.
- •Сөздік қорды жандандыру.
- •Бала тілінің тазалығын сақтау.
- •Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.
- •Сөз мәнерлілігін меңгерту.
- •Дұрыс тыныс алуға үйрету.
- •Дыбыстардың айтылу үлгісін беру.
- •Дидактикалық ойындар дыбыстық мәдениетті қалыптастыруда басты роль атқарады.
- •II Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:
Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.
Бұл міндет бойынша жеке дыбысты айтып үйренген балалар сол дыбыстарды сөз ішінде қатесіз айтуға дағдыланады. Бұл міндетті жүзеге асыруда да дидактикалық ойындар кеңінен пайдаланылады.
Сөз мәнерлілігін меңгерту.
Бұл міндет бойынша сөз сазына, екпін, кідіріс, дауыс күші, сөйлеу нақышы, сөйлеу әуені т.б. мәнерлеп сөзйлеудің амал-тәсілдеріне көңіл бөлуі қажет. Әрбір оқылған шығармада осы мәнерлеп сөйлеудің тәсілдері пайдаланылуы тиіс.
Дұрыс тыныс алуға үйрету.
Сөйлер алдында ауаны ішке жұтып содан соң сыртқа шығару арқылы сөйлеу керектігін балаларға түсіндіру қажет.
Студенттерге берілетін тапсырмалар:
Дыбыстарды дұрыс айтудың кезеңдері
Бала тілінің үн реңкін жетілдіруде жаңылтпаштар айтқызудың мәні.
Сөзді тыңдай білуге дағдыландырудың жолдары.
ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары.
Тапсырма сұрақтар бойынша талданады.
1)
Сөздің дыбыстық мәдениеттін қалыптастырудың міндеттері
2)
Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптас
тыру
Сөзді дұрыс айтуға жаттық
тыру
Сөзді тыңдай білуге дағдылан
дыру
Үнреңкін жетілдіру
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Сәбилер мен естиярлар тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарын құру, талдау, өткізу.
Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері.
Мақсаты: Студенттерге сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдіс тәсілдерін меңгерту. Жаттығулар жасау арқылы әдістердің ерекшеліктерін, мазмұныны білуге үйрету. Іс –тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру.
Жоспар
1.Мектеп жасына дейінгі бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдістері.
2.Балалардың жас ерекшелігіне сай балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Мектеп жасына дейінгі бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда төмендегідей әдістер қолданылады:
Дыбыстардың айтылу үлгісін беру.
Яғни бала тәрбиешісінің айтқан дыбыстарын бірге қайталайды. Бұл әдіске жаттықтыру кезінде тыныс шығару процесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сол себепті дыбыстау мүшелерін жаттықтыру үшін «Гүлдерді иіскейік», «Бөлме ішінде ұшыру үшін мамықты үрлейік», «Қолымыз тоңса демімізбен жылытайық», «Сабын көпіршігін ұшырайық» секілді сюжетті айындарды пайдалануға болады, немесе дыбыстарды меңгертуде рольдік ойындарды да ұйымдастыруға болады. Мысалы, қасқыр у-у-у-у-у деп ұлиды. Ит ав-ав-ав-ав деп үреді. Сондай-ақ Сөздер тізбегі деген дидактикалық ойындар арқылы балаларды сөздің бірінші және соңғы дыбыстарын ажырата білуге үйретіледі. Мысалы, бұл ойында көбінесе суреттер пайдаланылады. Алма / а..а / ағаш / а..ш / т.б.
