Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіл дамыту лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214.69 Кб
Скачать
  1. Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.

Топтағы  балалардың  жас ерекшеліктеріне  қарай тіл дамыту сабақтарында 1- 4 сөзге дейін үйретілуі тиіс.

Бала көрген,  таныған заттарын  сипаттап, салыстырып айту үшін оның сынын, сапасын  білдіретін сөздерді меңгеруі тиіс. Сондай – ақ  бала синоним, омоним, онтоним, теңеу, эпитет сөздермен де танысулары керек. Ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, болжам сөздерді тыңдау арқылы тұрақты сөз тіркестерін де естіп, үйренеді. Мысалы, қас қарайды, төбе шашы тік тұрды т.б.

Сонымен балаларға үйретілетін жаңа сөздер көбіне табы жағынан – зат есім, сын есім,  сан есім,  етістік, үстеулер болып келеді.

  1. Баланың сөздік қорын нақтылау.

Бұл міндеттің негізгі  мақасты – бала тілінің  стиліне,  мәнерлілікке,  сөз мағынасын қаншалықты  түсінетіндігіне көңіл бөліп,  анықтау. Бұл міндетті жүзеге асыруда  төмендегідей жұмыстарға көңіл бөлу керек:

а) біріңғай заттардың, нәрселердің атауын  балаларға меңгерту. Мысалы, жеміс дегенде алма, алмұрт, шие, өрік т.б.  бәріне  ортақ жалпы бір атау,  өйткені бұл ұғымға бас киім, аяқ киім, басқа да киім түрлері (тіпті жыл мезгілдеріне  байланысты киілетін  киім түрлерін) еніп отыр.

ә) балалаларға жаңа сөздердің  мағынасын тереңдетіп түсіндіру. Мысалы,  екінші сәбилер  тобындағы балалар мереке деген сөзді жай көңілді оқиға  деп ұғынса, ересектер  тобындағы балалар ол сөздің  бүкіл  халықтық мәнін (республика күні т.б.) түсінеді.

б)  сөздің тура және ауыспалы  мағыналарына  назар аудару. Мәселен,  Таңертең де түсте де

Күнге бетін бұрады.

Тостағанын кішкене

Тосады да тұрады.(А.Асылбеков)

Кіп-кішкене, момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді апам: «Қозым деп»,

«Қошақаным — өзің» — деп   (М.Әлімбаев)

в) Жаңа сөздерді қайталау.  Балаларға үйретілген жаңа сөздерді тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен күннің екінші жартысында  қайталатып, естеріне түсіріп отыруы тиіс. Сонда баланың  сөздік қоры  молайып, актив сөздерінің саны артады.

  1. Сөздік қорды жандандыру.

Бұл қай топта  болмасын  жүргізілетін  негізгі күрделі жұмыс. Өйткені,  балалар сөйлегенде  сөздің мағынасын түсініп, орынды қолданулары қажет. Ал, тәрбиеші  түрлі әдіс-тәсілдер арқылы  балаларды  сөйлегенде, сөздерді таңдай білулеріне, сөйлемдерді қатесіз құруларына бағыт сілтейді. «Балбөбек» және т.б. балама бағдарламаларында  балалардың сөздік қорын  жандандыруға ерекше мән берілген.

Сонымен  балалардың сөздік қорын жандандыру дегеніміз – олардың сөздік  қорын мағынасын толық түсінетін  сөздермен  молайту және ол сөздерді күнделікті сөйлегенде пайдалануларын қамтамасыз ету.

Мектеп жасына  дейінгі  балалардың  мағыналас сөздерді (синоним сөздерді) көп білу.   Олардың сөйлегенде  сөз реңктерін  ажырата білуге көмектеседі. Ал заттардың, құбылыстардың кеңістіктегі  көлемін, қасиеттерін салыстыруға үйрету де қарама-қарсы мағыналы сөздерді (антонимдерді)  пайдалануға  болады.

  1. Бала тілінің тазалығын сақтау.

Бұл міндетті жүзеге асыру үшін алдымен  тәрбиеші өзі мәдениетті сөйлеуі  керек. Сонда ғана  тәрбиеші  өз тобындағы балалар тілінің  таза да  түсінікті болуына жете көңіл бөледі.

Балабақшадағы сөздік  жұмысының  аталған міндеттері тіл дамытудың  басқа да талаптарымен  тығыз бірлікте жүргізіледі. «Балбөбек» және «Балабақшада білім беру және тәрбиелеу» бағдарламаларында  әр топта  жүргізілетін сөздік жұмысының  мазмұны, көлемі анық көрсетілген. Мысалы, І- сәбилер тобы (3 жасқа  қараған балалар) күнделікті тұрмыста  жиі ұшырасатын  киімдер, ыдыстар, ойыншықтар, ағаштар, өсімдіктер т.б. аттарын  белсенді түрде  қолдана білуге үйрету және  іс- әрекетке қатысты, сандық  сапалық, мезгілдік, кеңістік ұғымдарға байланысты сөздерді меңгерту керектігі айтылған.

Әр топтағы балалармен жүргізілетін сөздік  жұмысының да өзіндік ерекшеліктері бар:

а) заттар мен құбылыстарды біртұтас  қабылдау арқылы жаңа сөздерді меңгерту.

ә) заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, сапасын, бөлшектерін білдіретін сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорды молайту.

б) заттар мен құбылыстардың табиғи  ерекшеліктерін  сипаттайтын ұғымдарды меңгерту.

Бұл жұмыстар  баланың ақыл – ойы мен тілі қатар дамығанда  нәтижелі болады.

Бағдарламадағы қоғамдық өмір құбылыстары  және айналамен танысу тақырыптарын  төмендегіше топтауға болады:

Тұрмыстық заттар  жайында түсінік беру, қоғамдық өмірмен таныстыру, адамдар еңбегі,  табиғат жөнінде алғашқы түсініктерін  қалыптастыру,  туған елге деген сүйіспеншілігін  арттыру т.б.

Бұл тақырыптар бағдарламада баланың жасы өскен сайын күрделене түседі. Енді жоғарыда аталған тақырыптың біреуін алып, әр топқа байланысты өзгерісті қарастырып көрелік.

Тұрмыстық заттар туралы түсінік беру

І. Сәбилер тобы. Заттардың  не үшін қолданылатынын білдіру. Заттарды ұқсас белгілеріне қарай таңдауға және топтауға үйрету, өз тобында  бөлмелерді бағдарлай білуге баулу (ұйықтайтын, ауыздағы бөлме т.б.) өзінің ата-анасының, тәрбиешінің аты-жөнін есте сақтауға дағдыландыру.

ІІ. Сәбилер тобы. Өз үйінің  мекен-жайын, күтушінің, медбикенің, музыка маманының  аты-жөнін білуі тиіс. Топ бөлмесіндегі ойыншықтардың, кітаптардың, ыдыс-аяқтың қайда тұратынын, қайда  сақталатынын білу.

Естиярлар тобы. Заттардың неден жасалғанын  оның құрылысын, қажеттігін  айта білулері керек. Заттарды ұқсас белгілеріне  қарай топтауға үйретіледі. Балабақша мекен-жайын есте ұстаулары тиіс.

Осылайша топ жоғарылаған сайын балалардың  айнала  қоршаған  орта туралы  ұғымдары, түсініктері де күрделене түседі. Ал  түсініктерінің кеңеюі  олардың  сөздік қорларының  молаюына  ықпал етеді.

Студенттерге берілетін тапсырма:

  1. Балалардың сөздік қорын дамытудың міндеттері:

а) сөздік қорды толықтыру.

ә) сөздік қорды жандандыру.

б) сөздік қорды нақтылау

в) бала тілінің  тазалығын сақтау

ІІ. Студенттер мен оқытушылардың бірлесіп атқаратын жұмыстары.

  1. Баланың сөздік қорын дамытудың міндеттерін бірлесе талдай  отырып, кестені  толтырады.

Әр міндеттің   мазмұны туралы  ауызша пікір аласады.

  1. Әр топтағы балалармен жүргізілетін сөздік жұмыстың ерекшеліктері.

  1. Тұрмыстық заттар туралы түсінік бер

І  Сәбилер тобы

ІІ  Сәбилер тобы

Естиярлар тобы

Ересектер тобы

Мектепке даярлық тобы

ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. Күнделікті өмірде және ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде  балалардың сөздік қорын активтендіру тақырыбына  реферат жазу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.

3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.

4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.

5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.

6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.

7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.

Дәріс №17

Тақырып: Мектеп  жасына  дейінгі балалардың  сөздік  қорын дамытудың әдіс- тәсілдері.

Мақсаты:  Балалардың сөздік қорын  дамытудың  әдіс -тәсілдерімен таныстыру.  Іс-тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру, ерекшеліктерін айқындау.

Мазмұны:  

  1. Бақылау.

  2. Картинамен жұмыс.

  3. Сөздік жаттығулар.

  4. Жұмбақтар, диафильмдер.

  5. Жаңа сөздің айтылу үлгісін беру.

  6. Дидактикалық ойындар немесе жаттығулар.

1. Шолу дәріс. Сөздік қорды дамыту оқу іс-әрекетінің  ерекшеліктері:

Мектепке дейінгі педагогикадағы «тікелей қабылдау»  деген терминнің балабақшадағы тіл дамыту  оқу іс-әрекетінде сөздік қорын дамытуда  қатысы бар. Балабақша үйімен танысу, топсаяхатқа шығу жеке заттарды (киім, ыдыстар,  көкөністер т.б.) үлкендер еңбегін тікелей бақылайды.  Тікелей бақылау  кезінде баланың ойлауы да  күрделенеді; объекті жөнінде ұғым пайда болады, оның білгілерін талдап, басқа өзіне таныс нәрселермен салыстырады. Бақылау процесі кезінде  тәрбиеші балалардың  байқағандарын сөзбен жеткізулерін талап етеді.

Тәрбиеші  бақылауға басшылық жасағанда  балалардың бір объектімен  толық танысып,  содан соң екіншісіне көшулеріне рұқсат береді. Бақылау барысында  балалар өздеріне таныс  заттар, құбылыстар атауларын естеріне түсіріп,  бекітіп жаңа сөздермен танысады. Сондықтан тәрбиеші  бақылау жұмысын бастамас бұрын, балаларға үйретілетін жаңа сөздерді нақтылауы тиіс. Мысалы,  көше қозғалысын байқауда – оң жақ,, сол жақ, аялдама, көпір, гүлзар т.б. сөздермен таныстыруға болады.

Бақылауды іс-жүзінде  пайдаланумен ұштастырса, балалардың объектіге деген қызығушылығы арта түседі. Айталық, кітапханамен танысуға барғанда, балаларға одан жазылып кітап алуға мүмкіндік  жасау керек. (м.д. тобы)

Мұндай белгілі бір объектімен танысу сабағын В.И.Логинова белгілі үш түрге бөледі:

  1. Затпен бірінші рет танысу және сөздік қорға соған байланысты жаңа сөздер енгізу.

  2. Заттың сынын, сапасын, ерекшелігін байқау, салыстыру.

  3. Сол затты пайдалану арқылы түсінікті ұғымды кеңейту.

Осы аталған  ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің  жалпы міндеті —  бақылата отырып, баланың сөздік қорын дамыту.

Мектеп жасына дейінгі баланы түрлі материалдармен (мата, әйнек, қағаз, тері, ағаш, металл, пластмасса) танысады және  оларды затқа айналдырудың жолдарын (тігу, қию, желімдеу, жабыстыру т.б.) түсінеді. Сөйтіп, балалар заттардың, нәрселердің неден жасалатындығын, қалай жасалатындығын ажырата бастайды. Заттарды жасалған материалына, белгілеріне қарап, салыстырып үйретеді.

Балабақшада балалардың сөздік қорын  дамытуда картинамен жұмыс жүргізудің мәні үлкен.

Картинамен таныстыруда балаларға  бұрыннан таныс бөлігінен бастаған жөн. Картинада  белгіленген балаға белгісіз  жәйттарды тәрбиеші өзі түсіндіріп, балалардың пассивті сөздерін  кеңейтеді.

Тәрбиеші бағдарлама талабына сай келетін белгілі суретшілердің картиналарын таңдап, өзі танысып, балаларға үйретілетін жаңа сөздерді белгілейді. Картинаны таныстырғанда сұрақ тәсілі басты роль атқарады және сұрақтар да  түрліше өзгертіліп қойылады.

а) картинаның жалпы мазмұнын түсіндіру үшін картина  не туралы? Қалай  атауға болады?

ә) картинада белгіленген жеке заттарға көңіл бөлу үшін —  Бұл не? Қандай нәрсе?  Неге ұқсайды?

б) картина бөліктеріндегі байланысты табу үшін – Не үшін керек? Бір-біріне қалай ұқсайды?

в) бала қиялын дамыту үшін тағы да  ненің суретін салуға болады? Оны қалай таптың? Деген тұрғыдағы сұрақтарды  жалғастыруға болады.

Бала сөзін жандандыруда ұсақ үлестірмелі суреттерді  де пайдаланған жөн, тиімді. Барлық топта  да балалардың сөздік қорын молайтуда, жандандыру да ойыншықтармен жұмыс жүргізуге болады. Ойыншықтармен таныстыру барысында  балаларды ойната отырып оның неден жасалғанын, көлемін, түрін, түсін  сипаттау керек. Мұндай сабақ кезінде балалар сөйлейді, жаңа сөздерді меңгертеді әрі ойыншықтарды күтіп ұстау,  жинақтылық секілді қастеттерге баулынады.

Сөздік қорды дамытуда сөздік жаттығулар да кеңінен қолданылады. Мұндай жаттығулар көбінесе жоғарғы топтарда  өткізіледі. Мысалы, бала тіліндегі қимылды білдіретін сөздерді жандандыру үшін «Кім не істейді?» жаттығуы кезінде балаларға емдейді, оқытады, жүргізеді, тігеді,  салады, қалайды,т.б. етістіктерді естеріне түсіреді. Немесе «Сапасын анықта» жаттығуы арқылы балалар сын есімдерді  (алма, алмұрт, тәтті; құрт, айран ащы, қышқыл; ағаш, тас, қатты; т.б.) айтады.

Мектеп жасына дейінгі бала тілінің сөздік қорын  жандандыруда жұмбақтардың да мәні үлкен.   Жұмбақтарды табиғат көріністерін, заттардың, ойыншықтардың қасиетін, сынын, байқату кезінде айтқызуға болады.

Мысалы,

Қанаты жоқ —  ұшады,

Аяғы жоқ —  қашады.

(Жел)

Жүреді бой тастап, ойқастап,

Басында айдары, иекте  сақалы бар.

(Әтеш)

Осылайша жұмбақтарды шешіп үйренгеннен кейін, балалардың өздеріне жұмбақ құрастыруға болады. Жұмбақ құрастыру арқылы бала теңеу, салыстыру, эпитет сөздерді пайдаланып, тіл байлығын кеңейтеді, керекті сөзді мағынасына қарай тез табуға жаттығады.

Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қорын дамытуда диафильмдер көрсету, көркем әдебиетпен таныстыру (бұған кейінірек  тоқталамыз) да жиі қолданатын  тәсілдер.

Балабақшада балалардың  сөздік қорын дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен тыс кезде де жүргізілуі тиіс. Жоғарыда аталған сөздік жұмыстың әдістері басқа қызмет түрлерінде де пайдаланылады. Әсіресе тұрмыстық еңбек кезінде (тамақтану, киіндіру, жуындыру т.б.)  баланың сөздік  қорын кеңейтуге,  жандандыруға көңіл бөлінуі тиіс.

Сол сияқты ұжымдық еңбек, ойын барысында  балалар сөзге араласып, сөздердің мағыналарына мән беретін болады. Білетін сөздерін  естеріне түсіреді, жаңғыртады.

Ұжымдық еңбек кезінде  балаларды бірнеше  шағын топтарға  бөліп, жетекші  сайлап соңынан сол жетекші балалар жұмысы жайында баяндайды. Мұндай жұмыста жетекшілікке көп сөйлемейтін  балаларды сайлағын дұрыс.

Сөздік жұмысын  нәтижелі жүргізудің  құралы ретінде  ойындарды алуға болады. Мектепке дейінгі тәрбие педагогикасындағы  ойындардың  жүргізілу ережелерін  басшылыққа ала отырып, балалардың ойын кезіндегі сөйлеу белсенділіктерін арттыруға жұмыстану қажет.

Балабақшада  сөздік жұмысын  жүргізуде  балалар театрының түрлерін де  тиімді пайдалануға болады. Сонымен, мектеп жасына дейінгі балалардың  сөздік  қорларын дамыту, жандандыру көптеген тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытудың өзіндік тәсілдері бар:

І. Жаңа сөздің айтылу үлгісін  беру – ең  негізгі тәсіл. Тәрбиеші сол сөзді балалардың назарын аударатындай  етіп, жәйлап түсінікті  етіп, морфологиялық жағынан қатесіз айтуы тиіс. Жаңа сөзді мүмкіндігіне қарай сол затты  көрсету арқылы түсіндірсе, бала есінде жақсы сақталады. Мысалы, тәрбиеші құмыра деген сөзді көтеріңкі екпінмен айтып және қолындағы  құмыраны көрсетіп, «Балалар мынау сүт құйылған құмыра»,- дейді.

Кей жағдайда  таныстырылатын жаңа сөзді оларға  бұрыннан таныс синоним, антоним сөздері арқылы  түсіндірген тиімді. Немесе жаңа сөзді сөйлем ішінде келтіріп, оның басқа сөздермен байланысын байқауға болады. Мысалы, тәрбиеші бесік сөзін түсіндіруде «бесікте бала ұйықтап жатыр» деген сөзді келтіреді.

Жаңа сөз балалар есінде жақсы сақталуы үшін  тәрбиеші  оқу іс-әрекетінің  соңына дейін балаларға жеке-жеке  және хормен айтқызады.

Балалардың   назарын жаңа сөзге  аударуда ол сөздің  шығу тегін  де айтқан жөн. Онсыз  да  бұл неге осылай аталады, не себепті  деген сұрақ қойғыш балаларға  сөздің түп – төркіні туралы түсінік  беру артық болмайды. Қайта баланың  тілге деген  қызығушылығы,  сезінуі күшейе түседі.  Мысалы, жұмыс-жұмысшы, құрылыс –құрылысшы т.б.

Балалардың сөздік  қорын жандандыруда сұрақтарды кеңінен  қолдануға болады. Сұрақ қою  тәсілімен  әсіресе көп сөйлемейтін, тұйық балаларды  сөзге тарту жеңіл.

  1. Дидактикалық ойындар немесе жаттығулар.

Сөздік жұмысын жүргізудегі ең тиімді  тәсілдерінің бірі  болып саналады. Мысалы, «Қуыршақ  Сәуленің туған күні», «Біз қайда болдық, не көрдік?» деген дидактикалық  ойындар  арқылы балалар өз ойларын  толық жеткізуге, естілген жаңа  сөздерін  естеріне  түсіруге  дағдыланады немесе «Шешуін тап»  ойыны кезінде тәрбиеші  сипаттайтын  анықтауыштар айтады да, балалар анықталатын зат атауларын  табады.

Студенттерге берілетін тапсырма:

І. Мектеп жасына  дейінгі балалардың  сөздік қорын  дамытудың  тәсілдері.

а)  жаңа сөздің айтылу  үлгісі.

ә)  дидактикалық ойындар немесе  жаттығулар.

ІІ. Студенттер  мен оқытушының  бірлесіп  атқаратын  жұмыстары:

  1. Тапсырма сұрақтары бойынша оқытушы мен студенттер пікір алысады, талдайды.

  2. Баланың сөздік қорын дамытуға  байланысты дидактикалық    ойындарды іріктеу.

  3. Бақылау іс-әрекетіне жоспар құру.

Тақырыбы:________________

Мақсаты:__________________

Көрнекіліктер:______________________

Сөздік жұмыс:______________________

Әдіс-тәсілдер:______________________

Барысы.

І.

ІІ.   а)

ә)

ІІІ.ІІІ. Студенттердің өзіндік  жұмыстары.

  1. ІІ-ші сәбилер тобына арнап технологиялық карта құру, талдау, өткізу.

  2. Естиярлар тобына технологиялық карта құру, талдау, өткізу.

Дәріс №18

ТақырыпЖалпылама сөздерді  меңгерту.

Мақсаты:   Студенттерге Жалпылама сөздер туралы  түсінік беру..Жалпылама сөздерді дәрежелеріне   байланысты ажырата білуге үйрету.

 Мазмұны:  

  • Жалпылаудың нольдік және бірінші дәрежесі

  • Жалпылаудың екінші, үшінші және төртінші дәрежесі.

1. Шолу дәріс. Жалпы мағынасы бойынша  топқа бөлінген сөздерді балалардың меңгерулері бірнеше сатыдан  тұрады.

  1. Жалпылаудың нольдік сатысы немесе дәрежесі.

Бұл сатыда бала жалқы есімді де, жалпы есімді де түсініп қабылдайды. Мысалы, ата, әже, кітап,  орындық т.б. Жалпы есім сөздерді Айнұр, Айгүл деген есімдер  секілді жалқы есім деп түсінеді

  1. Жалпылаудың І – ші дәрежесі. Яғни біртектес заттардың, іс-әрекеттердің   жалпы атауын түсіну. Мысалы допты  көрген бала соған ұқсас нәрселерді  мөлшеріне, материалына қарамастан  доп деп түсінеді.

  2. Жалпылаудың ІІ – ші дәрежесі. Бұл кезеңде тектік ұғымды білдіретін сөздерді бала ажырата бастайды. Мысалы, үстел,  орындық, шкаф – бәрі де жиһаз екендігін, ал көйлек, костюм, пальто —  киім түрлері екенін түсінеді. Бұл дәрежедегі  сөздерге балалар  үш жастан кейін үйренеді.

  3. Жалпылаудың ІІІ – ші дәрежесі. Бұл кезеңде балалар ІІ- ші дәрежедегі сөздердің  қандай топтарға жататындығын меңгереді. Мысалы,  жиһаз, аяқ киім, ыдыс –аяқ, ойыншықтар – бәрі де заттар екендігін, ал, ақ, қызыл, сары, жасыл түстердің түрлері екендігін түсінеді. Мұндай  сөздердің топтарын  5-6 жасқа келгенде жақсы меңгереді.

  4. Жалпылаудың ІV – ші дәрежесі. Бұл кезеңде балалар әр топтағы лексикалық сөздерді, мысалы, зат атауларын, қимылды білдіретін сөздерді, заттың санын, сапасын білдіретін сөздерді толық  ажырата   алады. Мұндай сөздерді  6-7 жасқа келгенде айқын ажыратып, тәрбиеші  сұрағына жауап бере алады.

Егер балалар  жалпылаудың  төртінші дәрежесіндегі  сөздердің  мағынасын  үйренуге қабілетті болса, онда олар лингвистикалық ұғымдарды оқып үйренуге даяр болғаны: Бұл мүмкіндік толық дәрежеде жас өспірімдік шақ  сатысында туады.

Тектік түрлі қатынастағы  сөздерді  (жиһаз – үстел, орындық, кереует) үйрене отырып, балалар оларды тұтас және оның бір бөлігі ретіндегі  сөздердерді айыра білуі тиіс:

орындық —  оның сирағы,  арқалығы, отыратын орны;

бет – маңдай,  жақ, мұрын, ауыз, көз;

Студенттерге берілетін тапсырма:

І. «Балбөбек», «Зерек бала», Алғашқы қадам», «Біз мектепке барамыз»  бағдарламалары бойынша  сөздік қор бөліміне  талдау.

а) 1 сәбилер тобы

ә) 11 сәбилер тобы

б) естиярлар тобы.

в) ересектер тобы.

г) мектепалды даярлық тобы.

ІІ. Студенттердің оқытушымен бірлесіп атқаратын жұмыстары.

  1. Әр топқа байланысты жалпылама сөздерді меңгертудің ерекшеліктерін айқындау.

2)

3) Ыдыс-аяқ, ойыншық, жиһаздың жалпы атауы не деп аталады.

ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.

Ересектер тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарын құру, талдау, өткізу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.

3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.

4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.

5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.

6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.

7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.

Дәріс №19

Тақырып: Сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру әдістемесі

Мақсаты: Сөздің грамматикалық құрылысын  қалыптастыру әдістемесімен таныстырып, олардың маңызы мен міндеттерін  түсіндіру, меңгерту. Технологиялық карта құрып үйрену, талдауға төселу.

Мазмұны: 

  • Сөздің грамматикалық құрылысы туралы ұғым.

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің грамматикалық құрылысын  меңгертудің міндеттері

  • Бір топтағы балалар тілінің грамматикалық  құрылысының  бір деңгейде  болмау себептері.

1. Шолу дәріс. Жеке лекциялық сөздер арқылы білдіруге болмайтын  түрлі мағыналардың барлығы да тек грамматикалық амал-тәсілдердің көмегі  арқылы ғана түсінікті етіп жеткізіледі. Сондықтан «Әрбір тілдің өзіне ғана тән грамматикалық амал-тәсілдердің жиынтығы тілдің грамматикалық  құрылысы» деп аталады. Грамматика  ғылымы тілдің грамматикалық құрылысын  зерттеуде өзінің  тексеретін объектісінің  негізгі өзегі етіп сөзді және сөйлемді алады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың  сөздік қорында зат атауларының түрін, қимылын білдіретін сөздер қалыптаса бастайды. Бала сегіз жасқа келгенде ғана өз тілінің грамматикалық құрылысын толық меңгеретіндей дәрежеге жетеді.  Бірақ бала тілінде  грамматикалық құрылысы тек қана мысал түрінде  меңгертіледі, ереже айтылмайды. Бала тілінің  грамматикалық құрылысын қалыптастыруда  төмендегідей міндеттер бойынша  жұмыс жүргізіледі:

  1. Балалардың ауызша сөйлеудегі  грамматикалық  қателерді түзету

  2. Балалар тілін синтаксистік жағынан жетілдіру. Оларды жиі қолданылатын  сөз тіркестерімен таныстыру. Жәй және құрмалас сөйлемдерді үйрету

  3. Грамматикалық формалардан қате жіберетін балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Сөздің грамматиклық құрылысын көбінесе өз  бетімен  еліктеу арқылы  үйренеді. Зерттеушілердің көрсеткеніндей екі жасқа келгенде бала тіліндегі грамматикалық қателіктер анық байқалады. Мысалы, олардың сөйлеген сөзінде  сөздерді жалғау, жұрнақсыз түбір күйінде  айту, септік жалғаулардың орнын ауыстыру, сөйлемдердегі сөздің орнын ауыстыру секілді қатынастар жиі кездеседі. Негізінен бала тілінің  морфологиялық және синтаксистік  жағы қатар дамиды. Бірақ синтаксистік қателер  көп байқалады.

Өйткені балалар көбінесе жәй сөйлеген  кезде  жәй сөйлемдерді пайдаланады. Сондықтан тәрбиеші өз тобындағы  балаларды құрмалас  сөйлемдерді пайдаланып сөйлеуге дағдылануы тиіс. Балабақшада  бала тілінің  грамматикалық  құрылысын  қалыптастыруда тәрбиеші төмендегідей  мәселелерге  көңіл бөлуі керек:

а) бір топтағы  балаларға  арналған  ұзақ мерзімдегі сабақ мазмұнын таңдау. Мұндай тақырыпты талдаған кезде тәрбиеші жыл басында  өз тобындағы балалардың қандай  грамматикалық  формалардан қате  жіберетінін байқауы тиіс.  Ол үшін  сұрақ-жауап арқылы тексеру іс-әрекеті өткізіледі. Мұндай  сабақ 10-20 минут болады. Тексерудің қорытындысы бойынша жалпы  топқа  тән грамматикалық  формамен  жұмыс  жүргізіледі және бұл  жұмыстың  ұзақтығы  сол грамматикалық  қателерін топтағы балалар  толық  меңгергенге  дейін жалғасады.

ә) бір оқу іс-әрекетіне  арнап программалық материал таңдау. Тәрбиеші  күнделікті тіл дамыту  сабақтарына жоспар жасағанда белгілі бір грамматикалық форманы меңгерту жолдарын  тақырып   мақсатына енгізіп отыруы қажет. Мысалы, көмекші есімдерді меңгерту. (Зат есімдермен тіркесіп айтылады, мысалы, жаны, қасы,  асты, үсті) Осы көмекші есімдерді меңгерту  үшін  түрлі ойындарды түрлі жағдайларда орналастырып, сол  ойыншықтың  кеңістікте  орналасқан орындарын  сөзбен айтқызу  қажет. Осылайша  жеке бір  тақырыптарды мысалдар арқылы түсіндіріп баланың назарын, ынтасын, сол  материалға аударуға болады.

б)  Өтілген матералдарды қайталау. Қайталау кезінде баланың  түсінігіне қ келтіретін грамматикалық формада  алған дұрыс. Қайталау жұмысы ең аз дегенде бір апта немесе бір айдан кейін де жүргізіледі.

в) Оқу іс-әрекетінің сипаты  қай топта  болмасын бала тілінің грамматикалық жағын дамытуда көбінесе дидактикалық ойындар  және жаттығулар  жүргізіу грамматикалық формаларын меңгеру  кезінде тәрбиешінің  негізгі қолданатын әдісі. Сол грамматикалық тұлғаның  айтылу үлгісінің берілу балабақшада  бала тілінің грамматикалық құрылысын  жетілдіруде  қазақ тілі грамматикасының  нормаларымен балалның жас ерекшеліктері  ескеріліп жұмыс жүргізіледі. Бірақ соның өзінде  де топтағы  балалар тілінің  грамматикалық  құрылысы бірдей деңгейде болмауы мүмкін.  Ол бірнеше  себептерге байланысты  болады:

  1. Баланың жалпы психологиялық заңдылықтарының дамуына байланысты  (Нерв  жүйесіне байланысты, ақыл-ой, есі, ынтасы т.б.)

  2. Сөздік қорының мөлшеріне байланысты.

  3. Баланың сөйлеу аппаратының жағдайына байланысты.

  4. Меңгерген грамматикалық категориялардың ауыр жеңілдігіне байланысты.

  5. Бала айналасының (ата-ана, тәрбиеші, аға тәрбиеші, меңгеруші т.б.) сөздерінің грамматикалық жағдайына байланысты.

  6. Бала тілін дамытуға педагогикалық басшылықтың роліне байланысты.

Яғни балабақшадағы тіл дамыту жұмысының жүргізілуіне байланысты. Зерттеушілердің  пікірі бойынша мектеп жасына дейінгі балалар тілінің өз бетімен білуіне, яғни белгілі бір тақырыпта  немесе картинаны түсіндіріп беруіне  мүмкіндік жасау қажет. Еіншіден баланың  активті сөздік  қорына  сондықтан, сол себепті, өйткені т.б. тілдік  құралдарды  енгізу арқылы балаларды  құрмалас сөйлем  құрастырып айтуға үйрету керек.

Студенттерге берілетін тапсырма:

  1. Сөздің грамматикалық құрылысын меңгертудің мазмұны мен міндеттері.

  2. Бір топтағы балалар тілінің  грамматикалық  құрылысының бір деңгейде  болмау себептері.

ІІ. Студенттер мен оқытушының  бірлесіп атқаратын  жұмыстары:

  • Тапсырма сұрақтары бойынша студенттердің  жауаптары тыңдалып,  толықтырылады.

  • Бала тілінің грамматикалық құрылысын  қалыптастыруда тәрбиеші қандай  мәселелерге  көңіл бөлуге тиіс:

ІІІ. Студенттердің  өзіндік жұмыстары.

“Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам”   бағдарламалары бойынша тілдің  грамматикалық құрылысын қалыптастыру бөліміне әр топқа талдау.

 Дәріс №20

Бала тілін дамытуда грамматикалық   жаттығулардың ролі.

Мақсаты: Грамматикалык  жаттығуларға түсінік    беріп, олардың түрлері мен ерекшеліктерін   меңгерту.  Грамматикалық жаттығуларды меңгере  отырып, оны  күнделікті өмір- тәжірибеде пайдалана    білуге үйрету.

Мазмұны: 

  1. Грамматикалық жаттығу туралы түсінік.

  2. Грамматикалық жаттығудың түрлері.

а) Фонетикалық

ә) Морологиялық

б) Синтаксистік

1. Шолу дәріс. Грамматикалақ жаттығулар  балалардың  қандай тілдік материалмен жағдай жасауына қарай фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік және лексикалық болып бөлінеді. Фонетикалық жаттығулардың  міндеті – балалардың айтылған  буындарымен дыбыстарды жақсы  айыра алуын және оларды дұрыс анық айтып беруге  қамтамасыз ету. Фонетикалық жаттығулар арқылы кейбір балалардың тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсы бір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе   С мен Ш, Р мен Л, Ж мен З сияқты дыбыстарды жалғасытырып айту кемшіліктері жойылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар орфоэпиялық заңдылықтарды яғни әдеби тіліміздің нормасын сақтап сөйлеуде ерекше орын алады. Балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалақ жаттығулар арқылы үйретіледі.

Морфологиялық жаттығулардың мақсаты – ана тілінің мрофологиялық құрылысын балаларға саналы түрде  меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады.

  • Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар.

  • Сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілген жаттығуларға  мынандай талаптар қойылады:

  1. Алдымен мүкіндігіне қарай негізгі түбірді онан әрі туынды түбірді ең соңында түбірлік сөзді таңдайтындай жағдай жасалады.

  2. Белгілі бір сөздің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру ескріледі.

  3. Туынды сөздермен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

Сөз табы  бойынша жүргізілетін жаттығулар.

  1. Мәтіннен керекті сөздерді тапқызу.

  2. Керекті сөздерді қосып, өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру.

  3. Сөздердің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату.

  4. Сөздердің лексикалық, грамматикалық жағынан болсын қалай өзгеретінін не арқылы өзгеретінін аңғарту.

  5. Мағына немесе тұлға жағымен  қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықтау.

  6. Ұқсас сөздерді топтату.

  7. Байқаған құбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару  сияқты жұмыстарды қамтиды.

Синтаксистік жаттығуға мәтіндегі қойылған тыныс белгілерді  талдау, қойылмаған белгілерін қою, өздері қарастырған сөйлемдермен, мәтіндегі қажетті тыныс белгілерін  қойып түсіндіру.

Балалардың алған білімін бекіту  мақсатында  жүргізілетінжаттығуларға жалпы мынандай талаптар қойылады:

  • Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін балалардың сол жаттығуларды орындарлық білімі болуы шарт.

  • Балалар жаттығуларды не үшін орындайтынына оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағанда  ғана  белгілі бір дағды қалыптасады.

  • Жаттығу балалардың қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріп берілуі шарт. Өйткені бір сарында жаттығу, балалардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.

  • Жаттығулар кездейсоқ болмай,белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.

  • Жаттығу жұмыстары тек жуықта ғана өтілген материалдарға негізделмей бұрын өтілген кейбір материалды  да қамтуы керек.

  • Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауы тиіс.  Әсіресе балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын, жаттығуларда қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделген.

  • Шығармашылық жаттығулар көбірек болуы қажет.

  • Әр жаттығу бала еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.

  • Жаттығулар бала ойыны әсер етуі жағынан аналитикалық-синтетикалық болғаны жөн.

Яғни грамматикалық талдау сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндерді құрастыру, салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшелітерді табу, топтау. Өз пікірлерін дәлелдей алып, білгенінен жалпы қорытынды шығара білу  т.б. Жаттығу жұмыстарының  барысында балалар әрбір сөз  табының  қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, көптік, жіктік, тәуелдік жалғауларын меңгереді, оларды сөйлегенде дұрыс, орынды қолдана  алады.

Студенттерге берілетін тапсырма:

  • Грамматикалық жаттығулардың түрлері.

  • Фонетикалық жаттығулар, олардың ерекшеліктері.

  • Морфологиялық жаттығулар, олардың ерекшеліктері.

  • Синиаксистік жаттығулар, олардың ерекшеліктері.

ІІ. Студенттердің  оқытушымен  бірлесіп  атқаратын жұмыстары. Сұрақ  —  тапсырмаларды талдау, студенттер жауабын бекіту.

  1. Балалардың білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға қойылатын талаптар

ІІІ. Студенттердің  өзіндік тапсырмалары

  1. Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығуларды талдау.

  2. Фонетикалық, синтаксистік, морфологиялық жаттығулар жазып, талдау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991

2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.

3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.

4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.

5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.

6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.

7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.

Дәріс №21

Тақырып: Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу әдістемесі

Мақсаты:  Студенттерге сөздің дыбыстық мәдениетін  қалыптастырудың мазмұнын  меңгерту.

Жоспар

  1. Сөздің дыбыстық мәдениеті туралы ұғым.

  2. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылықтары.

Тіл мәдениеті дегеніміз —  тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі, яғни, сөйлеген кездегі сауаттылық, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық заңдылықтар мен нормаларды, стилдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану деген сөз.

Жалпы алғанда тіл мәдениеті негізінен сөз мәдениеті, сөздерді орынды қолдану деген ұғымды білдіреді. Өйткені тіл мәдениетінің де зерттейтін объектісі сөз, сөздің дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы. Сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі.   Дыбыстау мәдениеті дегеніміз – сөйлеу барысында барлық тілдік  құралдарды (дыбыстарды дұрыс айту, мәнерлеп сөйлеу тәсілдерін есту қабілеттерін жетілдіру, дұрыс тыныс алу) орынды пайдалана білу.    Дыбыстау мәдениеті балаларда сәби шағынан бастап бірте-бірте қалыптасады. Баланың дыбыстарды, буындарды жеке сөздерді айтып үйренуі оның сөйлеу аппаратының жетілуімен қатар жүреді, бірақ  барлық топтағы балаларда дыбыстарды дұрыс айту процесі бірден  қалыптаспайды. Сондықтан да  жеке дыбыстарды айтудағы қателіктер жиі кездеседі. Бала тілінің  дыбыстық мәдениетін  дұрыс қалыптастыру үшін тәрбиеші алдымен тіліміздегі  дыбыстардың жасалуының ерекшеліктерін  өзі жақсы білуі қажет. Мысалы, тіліміздегі  дауысты дыбыстардың дауыссыздардан төмендегідей айырмашылықтары бар:

1.Дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты.  Дауысты дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелері жан-жақты  қимылға келеді.

  1. Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз еркін шығады, ал дауыссыз дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелерінің бірінен қалайда бір тосқауыл болады.

3.Дауысты дыбыстар буын құрайды, дауыссыздар буын жасай алмайды.

Дауысты дыбыстар жаун – жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік боп алты түрге бөлінеді:   Мысалы,  А – ашық, жуан, езулік дыбыс.

Ү – жіңішке, қысаң, еріндік, дауысты дыбыс

І – жіңішке, қысаң, езулік дауысты дыбыс.

Дауыссыз дыбыстар қатаң, ұяң,үнді болып бөлінеді.

Д, Т – тілдің ұшының үстіңгі алдыңғы күрек тісінің дыбыстары ішкі жағына нық тиіп, содан соң кілт ашылуынан пайда болады.

Айырмасы: Т – қатаң, Д – ұяң.

Ш, Ж – тіл алды таңдайға жуықтауы арқылы пайда болады.

Ш – қатаң, Ж – ұяң.

Н – тілдің ұшының қызыл иекке тиюі арқылы жасалады. Ауа мұрын арқылы шығады . Мұрын жолды үнді дауыссыз дыбыс.

М – екі еріннің бір- біріне нық тиюі арқылы жасалады. Мұрын жолды үнді дауыссыз дыбыс. Ауа мұрын арқылы шығады.

Б, П – екі еріннің бір- біріне нық тиюі арқылы жасалынады.

П – қатаң, Б –  ұяң дауыссыз дыбыс.

Һ – көмейден шығатын дауыссыз дыбыс. Ауа бөгетсіз қарқынмен шығады.

Қ – тіл арты таңдайға жуықтауы,нық тиюі арқылы жасалынады. Бұл кезде кішкене тіл төмен түседі де, ауа мұрын арқылы шығады. Мұрын жолды үнді дауыссыз дыбыс.

Ғ – тілдің артқы шені таңдайдың артқы жағына жуықтауы арқылы жасалады.

Студенттерге берілетін тапсырма:

  • Дыбыстау мәдениеті деген не ?

  • Дауысты дыбыстардың түрлері, олардың ерекшеліктері

  • Дауыссыз дыбыстардың түрлері, олардың ерекшеліктері

ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары

  1. Тіл мәдениетіне анықтама бер

  2. Дыбыстардың жасалу жолдары.

Б.П., _________________

Д.Т., _________________

Т.С.С. ________________

ІІІ.  Студенттердің өзіндік жұмыстары. “Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам”    бағдарламалары бойынша   сөз дыбыстарын дұрыс айту    бөліміне әр топқа  талдау.

 

Дәріс №22

ТақырыпСөздің дыбыстық мәдениетін  қалыптастырудың міндеттері.

 Мақсаты: Сөздің  дыбыстық мәдениетін   қалыптастырудың міндеттерімен   таныстырып,  олар туралы түсінік беріп,  ерекшеліктерін меңгерту. Теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге  үйрету.

Жоспар

  1. Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.

  2. Үнреңкін жетілдіру.

  3. Сөзді тыңдай білуге дағдыландыру.

  4. Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.

Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Бала тілін дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың міндеттері:

І. Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру.

Ол үшін тәрбиеші баланың сөйлеу  аппаратының қызметін мұқият бақылап, қандай дыбыстарды айтқанда  қате жіберетіндігін  тексеруі тиіс.

Дыбыстарды дұрыс, анық айтуға үйрету 3 (үш) кезеңнен тұрады:

а) сөйлеу аппаратын жаттықтыру.

ә) таныстырылатын дыбыстардың  айтылуын үйрету.

б) сол дыбыстарды буында, жеке сөзде және сөз тіркестерінде  айтқызу.

Осы үш кезеңді жүзеге асыру үшін  төмендегідей жұмыстар жүргізіледі:

  • Үйретілетін дыбысты тәрбиешінің бірнеше рет қайталауы. Қандай дыбыстау мүшелері қатысатындығын түсіндіруі.

  • Сол дыбыстарды балаларға айтқызу және тыныс алуларына көңіл бөлу.

  • Сол дыбыстан құралған буындарды балаларға түрлі қарқында айтқызу.

  • Сол дыбысты сөз ішінде қайталап айтқызу үшін тақпақтар  оқып беру және жаттату, жұмбақтар, жаңылтпаштар айтқызу.

ІІ. Үн реңкін жетілдіру.

Бұл міндетті жүзеге  асыруда  алдымен тәрбиешінің  сөзі анық, айқын, түсінікті болуы қажет.  Бала тілінің үн ренкін жетілдіруде жаңылтпаштар айтқызудың мәні үлкен. Зерттеушілердің пікірінше  бала сөзінің анық болуы  еріннің қимылына, жақтың жылдам ашылуына, тілдің жылжымалығына байланысты болады.

ІІІ. Сөзді тыңдай білуге дағдыландыру.

2,5-3 айға дейін сәбилер ересектердің сөзіне, ойыншықтардың сылдырына елеңдей бастайды. Үш айдан алты айға дейін сәбидің  дыбысты айыруы және оған  көңіл қоя тыңдауы  жетіле түседі. Таныс дауыс оның бірден назарына аударатын болады. Кішкентайлар тобында балалардың есту қабілетін  жетілдіру үшін «Кімнің дауысы», «Қайдан естілді?», «Мен не айттым?» т.б.  дидактикалық ойындар арқылы жұмыс жүргізуге болады. Топ жоғарылаған сайын  жұмыста күрделене түседі. «Кім көп естиді» деген ойын арқылы  естіген дыбысын қайталату, дауыс қарқыны,  дауыс күшінің  қандай дәрежеде екендігін ажыратуға болады.