- •1. Тіл дамыту әдістемесінің методологиялық негізі.
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
- •Мектеп жасына дейінгі балаларға сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.
- •Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау.
- •Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.
- •2. Балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастырудағы сабақтың рөлі.
- •3.Сабақтан тыс уақытта және күнделікті өмірде грамматикалық нормада дұрыс сөйлеуге үйрету әдістемесі.
- •Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру.
- •Баланың сөздік қорын нақтылау.
- •Сөздік қорды жандандыру.
- •Бала тілінің тазалығын сақтау.
- •Сөздерді қатесіз айтуға жаттықтыру.
- •Сөз мәнерлілігін меңгерту.
- •Дұрыс тыныс алуға үйрету.
- •Дыбыстардың айтылу үлгісін беру.
- •Дидактикалық ойындар дыбыстық мәдениетті қалыптастыруда басты роль атқарады.
- •II Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:
Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.
Бұл міндет тәрбиешінің баяндауы немесе мәнерлеп оқуы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар мектепке барғанға дейін бала оқылған әрбір шығарма бойынша толық баяндап айтуға, сол шығарманың оқиғасына деген пікірін айта білуге дағдылану қажет. Жалпы баланың көркем әдебиетпен таныстығы тақпақтар, шағын ертегілермен танысудан басталады. Сонымен қатар көркем әдебиет балаларға педагогикалық әсер берудің де ең тиімді құралы болып табылады. Көркем шығармаларды оқу арқылы бала жалқаулық, қорқақтық, өзімшілдік секілді жағымсыз әдеттерден жиіркеніп, жақсы мінез-құлыққа тәрбиеленеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды сауат ашуға даярлау.
Балабақшада жүргізілетін жұмыстардың барлығы баланы мектепке даярлау мақсатын көздейді. Сондықтан ересектер тобынан бастап тіл дамытуда сауат ашу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Тіл дамыту әдістерін талдау, жинақтау әдісіне сәйкес балалар сөздерді буындарға, жеке дыбыстарға бөліп және керісінше сөйлем құрауға үйренеді.
Осы аталған міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы: сөздің дыбыстық мәдениетін балаларға үйреткен кезде грамматикалық формаларға көңіл бөлмеуге болмайды, яғни жеке сөздер арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыланған кезде белгілі бір морфологиялық тұлғаны да меңгертуді де естен шығармау керек. Сол сияқты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты байланыстырып сөйлеуге үйрету болса, бала тілінің сөздік қорын дамыту жағы да ескерілуі қажет (әңгімелесетін тақырыпта жаңа сөз болу керек
Студенттерге берілетін тапсырма:
Бала тіліндегі ана тілінің маңыздылығы
Тіл дамыту әдістемесінің мазмұны
Тіл дамыту жұмысынң жүйесі
Балама бағдарламалары және оны іске асыру жолдары
П. Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары
Семинар жоспары бойынша пікір алысу Студенттердің жауабын толықтыру, қорыту.
“Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам” және т.б. бағдарламаларының құрылымы:
—
Ш. Студенттердің өзіндік жұмыстары Бағдарламаларға талдау
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №8
Тақырып: Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері.
Мақсаты: Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері туралы түсінік беру. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптарды үйрету, оны іс-тәжірибе барысында қолдана білуге дағдыландыру.
Жоспар
Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын жалпы талаптар.
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Білімді бір адамнан екінші адамға беру мақсатымен орындалатын үйренуші мен үйретушінің іс-әрекетін оқыту әдісі деп атайды. Әрбір пәннің өзіне тән оқыту әдістері болады. Сол сияқты тіл дамыту әдістемесінің де төмендегідей әдіс-тәсілдері бар:
Көрнекілік әдіс – егер оқылатын объектімен балалар тікелей танысатын болса, онда сол нәрсені, затты есінде жақсы сақтайды. Егер таныстырылатын нәрсемен бетпе-бет кездесуге мүмкіндік болмаса, онда тәрбиеші ол заттардың ойыншық түрін немесе суретін көрсетуі қажет.
Сөздік әдіс.
а) Әңгімелеу әдісі – көркем әдеби шығармалармен таныстырған кезде жиі қолданылады. Әңгімелеу әдісі тәрбиешінің сұрағынан және балалардың жауабынан тұрады. Яғни бұл әдіс бойынша тәрбиеші де балада сөйлейді. Әңгімелесу әдісі кезінде де көрнекілікті пайдалануға болады. Дидактикалық ойынның бір ерекшелігі бала әрі ойынға қызығады және байланыстырып сөйлеуге үйренеді.
ә) Қайталап айту әдісі – бұл әдіс бойынша тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді немесе топсаяхатқа, серуенге шыққан кезде өздерінің көрген, бақылаған құбылыстарды естеріне түсіріп, мазмұндап айтады. Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Өйткені екі әдісте де бала тәрбиешінің айтқанын қайталайды. Ал бұл әдістің айырмашылығы еліктеу әдісінде кейде сол бойда немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін өзінің түсінігі бойынша қайталайды.
Практикалық әдіс – бұл әдістің мақсаты баланың алған білімін іс жүзінде пайдалануын қамтамасыз ету. Балабақшада көбінесе практикалық әдіс ойын түрінде өткізіледі. Мысалы, оқылған ертегілерді, әңгімелерді кейіпкерлендіру арқылы сценарии құру арқылы балаларға рольдерді бөліп беріп, шығарманың оқиғасын еске түсіруге болады.
Тәсілдер:
Белгілі бір әдістің қолданылуы вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу, дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуінтәсіл деп атайды.
Тіл дамыту әдістемесінің тәсілдері:
Негізгі
Жанама болып екіге бөлінеді.
Негізгі тәсілдерге: Тәрбиешінің сөзі, түсіндіру, сұрақтары, бала білімін бағалауы, бағыт сілтеуі жатады. Ал жанама тәсілге: ескертпе, ақыл беру, айтып беру, түзету жатады. Кейде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнына қарай бір оқу іс-әрекетінде негізгі тәсілдердің бірнешеуі қолданылуы мүмкін және олардың біреуі негізгі болады да, қалғаны жанама болады. Мысалы, әңгімелесу кезінде сұрақ тәсілі негізгі болғанымен баяндау кезінде көмекші роль атқарады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын жалпы талаптар:
Оқу іс-әрекеті – оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқу іс-әрекетін мазмұны, мақсаты жағынан өткізу әдіс-тәсілдері бойынша бірнеше топтарға бөлуге болады. Жалпы дидактикалық мақсат бойынша оқу іс-әрекетін мынадай түрлерге бөлінеді:
Жаңа материалды түсіндіру
Балалардың алған білімдерін, дағдыларын бекіту
Қорытынды
Білімді жүйелеу
Аралас
Сонымен қатар балабақшада оқу іс-әрекетін өткізу әдісіне қарай әңгіме, оқу, топсаяхат болып та бөлінеді. Осы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті қай түрінен болсын төмендегідей талаптар қойылады:
Оқу іс-әрекетіне алдын ала мұқият дайындалу, яғни тәрбиеші топта өткізілетін әр тақырып бойынша алдын ала жоспар жасайды. Бұл жоспарда оқу іс-әрекетінің тақырыбы, мақсаты, қолданылатын әдістемелік әдістер, көрнекі құралдар анық көрсетілуі қажет.
Материалдың бала түсінгігіне ауыр, жеңілдігі. Сондықтан тәрбиеші жоспар жасаған кезде таныстырылатын жаңа тақырыптың баланы көп ойландыратындай ауыр болмауы немесе баланы жалықтыратындай өте жеңіл болмауы қажет, яғни жаңа тақырып баланың жас ерекшеліктеріне сай, өзі қысқаша қорытынды жасай алатындай дәрежеде болуы тиіс.
Оқу іс-әрекеттің тәрбиелік мәні. Тіл дамытудан ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кішкентайлар тобынан бастап белгілі бір жүйемен жүргізілетіндіктен балада тілге деген қызығушылық пайда болады. Яғни, балаға тіл үйрету кезінде, оның психологиялық процестері де жетілдіріледі. Сөйтіп, тіл дамыту оқу іс-әрекеті арқылы оларда мақсатқа жетуге талпынушылық, тәртіптілік, ізеттілік, еңбек сүйгіштік, ұжымдық секілді қасиеттер қалыптасады. Яғни тіл дамыту оқу іс-әрекетінің осындай тәрбиелік мәні бар.
Оқу іс-әрекетінің эмоционалдық сипаты. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін бастамас бұрын балалардың оқуға деген қызығушылығын ояту керек. Балаларға қанағат сезімін туғызуы тиіс. Яғни реті келгенде балаларды қызықтыратындай, күлдіретіндей дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы бастауға болады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің құрылысы. Оқу іс-әрекеті әдетте өткен материалды қайталаудан басталады, содан соң жаңа тақырып түсіндіріледі. Жаңа тақырыпты түсіндіріп болғаннан кейін сұрақтар қою арқылы балалардың түсініктері сұралады. Оқу іс-әрекетінің қорытынды бөлімі балаларды сергітетіндей жұмбақтар айту, хормен өлең айтқызу, дидактикалық ойындар ойнату, сурет салдырту секілді жұмыстармен аяқталуы тиіс. Бақшадағы өткізілетін оқу іс-әрекетті көп сөзбен қорытындылаудың қажеті жоқ.
Оқу іс-әрекеті кезіндегі баланың сөйлеу белсенділігі. Баланың сөйлеу белсенділігін арттыру үшін сұрақ-жауап әдісін қолдануға болады және сонымен қатар бала өз жолдастарының жауабын тыңдауға да дағдылануы керек.
Оқытудың ұжымдық сипаты және баламен жеке жұмыс. Әдетте жаңа тақырып бойынша балаларға ортақ сұрақ қойылып, ортақ тапсырма беріледі. Кейде топтағы ұялшақ, аз сөйлейтін, өз ойын дұрыс жеткізе алмайтын балалармен тәрбиешінің жеке жұмыс жүргізуіне тура келеді. Мұндай жеке жұмыс күннің екінші жартысында жалғастырылуы керек және баланың сөйлеу тілін жаттықтыру үшін ата-анасына да әдістемелі көмек көрсетіледі. Яғни тәрбиеші баламен үйде қандай жұмыс жүргізу кректігі жөнінде ақыл-кеңес береді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің дұрыс өтуі топ бөлмесінің жағдайына да байланысты. Яғни бөлме ішінің жарықтануы, тазалығының талапқа сай болуы, орындықтар мен үстелдің балалардың жас ерекшеліктеріне дәл келуі секілді мәселелер қарастырылады.
Әр топтағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің дұрыс өтілуі тәрбиешінің көңіл-күйіне де байланысты.
Студенттерге берілетін тапсырма:
Әдіс дегеніміз не?
Тәсіл дегеніміз н?
Тіл дамыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар
П. Студенттердің оқытушымен бірлесіп атқаратын жұмыстары.
Тіл дамыту әдістемесінің әдістері
Тіл дамыту әдістемесінің тәсілдері
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойылатын талаптар:
Ш. Студенттердің өзіндік жұмыстары: “Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам” және т.б. балама бағдарламалары бойынша әр тоқсанға талдау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №9
Тақырып: Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге
үйрету әдістемесі.
Мақсаты: Студенттерге байланыстырып сөйлеу туралы түсінік беру. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық-педагогикалық негіздерін меңгерту.
Жоспар
Байланыстырып сөйлеу туралы жалпы түсінік
Байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық – педагогикалық негіздері
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына ие болуы, Қазақстан Республикасының Білім және Тіл заңдарының қабылдануы болашақ ұрпақ тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасының жобасында: “Білім берудің мектепке дейінгі сатысы дайындық кезең ретінде орта білім алудың үздіксіз жүйесіне енетіндігін айта келіп, тәрбиелеу ұйымдарының әр типтілігіне қарамастан олардың ортақ функциялары — баланың денсаулығын, психикалық санасын жетілдіру және қорғау, баланың ақыл-ойы мен тұлғасының дамуын қамтамасыз ету” деп нақты атап көрсеткен. Бұл сана-сезімі ұлттық психология негізінде қалыптасқан, дені сау, білімге деген қызығушылығы жоғары, өздігінен іс-әрекет жасау дағдыларын меңгерген тұлға даярлап шығару мектепке дейінгі мекемелердің міндеті екенін көрсетеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.
Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.
Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А.М.Бородич: ”Байланыстырып сөйлеу – адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі“ десе, Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу – отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші.
Баланың тілді меңгеруі жайлы белгілі психологтар Л.С.Выготский; А.Л.Имедадзе, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Н.С.Рождетвенский, Ж.Аймауытов, Ә.Алдамұратов, М.Мухина т.б. баланың жас кезінде танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретінін көрсетеді.
Қоршаған орта арқылы баланың ойы, қабылдауы, сезінуі қалыптасып, тіл байлығы жетіледі деп қарастырады. Балардың тілінің дамуы, байланыстырып сөйлеулері туралы мәселелерге психологтардың әрқайсысының өзіндік пікірі, өзінше талдауы бар. А.А.Люблинская табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстардың да сөзбен белгіленетінін тұжырымдамаса, Л.С.Выготский ”Сөз – ойлау мен тілдің негізгі жиынтығы“ деп көрсетеді.
Психологтар Е.Суфиев, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев және т.б. балалардың байланыстырып сөйлеуінің қалыптасуын қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың сыртқы көрінісі мен құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды, ойлайды. Сол арқылы танып-біліп, баяндай білетіндігін белгілейді деп тұжырымдаған.
Демек, жоғарыда аталған ғылыми пікірлер балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда негізгі қағидалар ретінде есепке алынады.
Психологиялық еңбектерге жасалған талдау негізінде балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ерекшеліктері анықталды:
— қоршаған дүниені танып-білуі арқылы сөздік қоры молайып, сөзбен әрекет жасау үрдісінде ана тілінің заңдылықтарын меңгереді;
— бала өз ойын байланыстырып, логикалық түрде жеткізуге жаттығады, талқылаулары интеллектуалдық тапсырмаларды шешу амалдарына айналады;
— қоршаған дүние туралы шығармашылық әңгіме құрастыруда практикалық және интеллектуалдық (тапсырмаларды) орындауда тілдің жоспарлаушылық функциясы қалыптасады;
— байланыстырып сөйлеуде саналы қарым-қатынас қалыптасады, ол іс-әрекеттің ерекше түрі болып табылады;
— тіл нақтылы педагогикалық жағдаяттардан жан-жақты күнделікті қарым-қатынас құралына айналып, баланың байланыстырып сөйлеуі дамиды.
Бірқатар педагог-ғалымдар Е.И.Тихеева, А.П.Усова, Н.И.Кузина, Т.И.Алиева, А.А.Зрожевская, Б.Баймұратова, Х.Қожахметова, С.Ғаббасов т.б. баланың таным белсенділігін арттырып, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты болатын ауа-райының өзгерістері: боран мен үскірік, жел соғуы, найзағай отының жарқылдауы, жер бетін тұман басуы, өзендерде сеңнің жүруі сияқты табиғат құбылыстарын бір-бірімен байланыстыра түсіндіруді қажет деп көрсетеді.
Студенттерге берілетін тапсырма :
Байланыстырып сөйлеу деген не?
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық негіздері.
Байланыстырып сөйлеуге үйретудің педагогикалық негіздері.
Байланыстырып сөйлеу туралы ғалымдар пікірлерінен эссе дайындау.
П. Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.
Тапсырма сұрақтары бойынша пікір алысу. Студенттердің жауабын толықтыру, қорыту.
Байланыстырып сөйлеу дегеніміз………..
Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ерекшеліктері
Ш. Студенттердің өзіндік жұмысы. “Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам” бағдарламалары бойынша жас ерекшеліктеріне қарай байланыстырып сөйлеу бөліміне талдау жасау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №10
Тақырып: Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері.
Мақсаты:. Студенттерді байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлерімен таныстырып, олардың ерекшеліктері туралы түсінік беру. Өмір тәжірибелерінде қолдана білуге дағдыландыру.
Жоспар
Әр топтағы байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының мазмұны.
Байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері, олардың ерекшелігі.
Мазмұны: 1. Шолу дәрісі. Байланыстырып сөйлеу адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі болып табылады немесе ойды жинақы түрде грамматикалық жағынан дұрыс, дәл, анық мазмұндау болып табылады. Сондықтан байланыстырып сөйлеуге үйрету балабақшадағы тіл дамыту жұмысының ең негізі басты бөлігі болып саналады. Жалпы байланыстырып сөйлеу ойлаумен біртұтас болып саналады. Яғни сөздің сөйлеудің жиынтығы ойлаудың жиынтығы. Байланыстырып сөйлеу баланың ойлауын, көрген-білгенін қорытып айта білу шеберліктерін анықтауға негіз болады. Бала өз ойын қаншалықты дәрежеде жеткізе білсе, оның сөйлеу тілінің қалай дамығандығын солай байқауға болады.
Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін, алдымен дыбыстарды, жекелеген буындарды, сөздерді меңгеру арқылы түсіне бастайды. 2,5-3 айда сәбилер үлкен адамдардың сөздеріне, ойыншықтардың дыбыстарына елеңдей бастайды. 3 айдан 5-6 айға дейін сәбидің дыбысты айыру және оған көңіл қоятындай қабілеті дамиды. Яғни бала өзіне таныс қимылды білдіретін сөздерді түсінеді (мысалы, қолыңды бер т.б.).
1,5-2 жасқа дейін бала үлкендердің айтқан ойыншықты әкел, орнына қой, маған бер деген тапсырмаларын түсіне бастайды. Жалпы баланың бұл кездегі сөйлеуі тұрмыстық қатынас кезінде, яғни, тамақтану, киіндіру, бірге серуендеу, ойын кезіндегі үлкендердің олармен сөйлеп отырулары арқылы қалыптасады. Балалар осы кезде өздері жиі еститін сөздерді ұғып алады, бірақ ұл кезде баламан сөйлескен кезде сәби үлкендердің айтқан әрбір сөзін, заттардың шартты белгісі ретінде қабылдайтындай етіп әр сөзді анық, сөйлемдерді, сөз тіркестерін қысқа түрде айту керек. Балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндіктеріне қарай сол нәрселердің, ойыншықтардың өзін қолдарына көрсетіп ұстату және көрсету кезінде, бұл не нәрсе, көлемі қандай, бояуы қандай деген сұрақтар арқылы балаларды сөзге тарта білу керек.
Бала үш жасқа келгенде пассивті сөздік қоры көбейіп, бала тілінің грамматикалық құрамына көңіл бөлуі қажет.
4 жаста бала сол сәтте болып жатқан іс-әрекетке емес өтіп кеткен іс-әрекет жайында да үйренуі керек. Осымен байланысты балада байқағыштық өз ойын жеткізе білуі қалыптасады. Және осы жастағы балалар әңгіме айтуға, тәрбиеші оқып берген, баяндаған мәтіндерді қайтадан өз сөздерімен айтып беруге, қысқа тақпақтарды жатқа айтуға төселеді.
5 жаста балалар тек қана тыңдаған шығарманың мазмұнын түсініп қоймай, ондағы кейіпкерлердің ерекшеліктерін жағымды, жағымсыз әрекеттерін талдауға, шығарма тіліндегі бейнелі сөздерді меңгеруге жаттығады. Бұл жастағы балалар өзі қайталап жүрген шығарманы суреттеп байланыстырып сөйлеуге, картинаның мазмұнын айтуға дағдыланады.
Ал 6 жасқа келгенде өзі тыңдаған ертегі немесе қызықты әңгімелердің оқиғаларын өз қиялымен одан әрі дамытып айтуға жаттықтырады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің екі түрі бар:
Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы әңгімелесу-диалог деп атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір нәрсе жайында сұрап соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеудің бұл түрін үйретуінде алдын ала әзірленген әңгімелесу әдісі қолданады. Алдын ала әзірленген әңгімелесудің міндеті балаларды өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу және әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету. Алдын ала әзірленген әңгімелесу бірнеше күн бұрынғы дайындық арқылы іске асырылады. Яғни тәрбиеші топтағы балаларға әңгімеге тақырып боларлық нәрсе жайында қысқаша түсінік беріп таныстырады. Тәрбиешінің мұндай әңгімесі кіріспеден, әңгіме тақырыбын одан әрі дамытудан және әңгімелердің аяқталуынан қорытындыдан тұрады. Мұндағы кіріспе сөздердің мақсаты әңгіме болып отырған тақырыпқа балалардың назарын аудару. Ал әңгіме тақырыптың өрістеуі белгілі бір мақсатқа негізделіп, сол оқиғаны немесе нәрсені балаларға толық таныстыруды көздейді. Әңгімені жұмбақ айту, өлеңдер оқу немесе картиналар көрсету арқылы жүзеге асыруға болады.
Байланыстырып сөйлеудің екінші түрі монологты, яғни бір адамдардың байланыстыра сөйлеген сөзі. Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне үйрету екі жастан басталады. Зерттеулердің көрсетуінше бес жасқа келгенде бала көргенін, байқағанын, тыңдағанын өз сөзімен айтып бере алады. Монологты сөзге үйретуде қолданылатын негізгі әдістер қайталап айту және ойдан шығарып айту. Қайталап айту кезінде бала тәрбиеші түсіндірген әңгіме, ертегі, тақпақтардың мазмұнын өзінің ұғынуы бойынша баяндайды.
Ал ойдан шығарып айтқанда бала тәрбиеші оқып берген ертегілердің оқиғасын өз қиялымен одан әрі жалғастырады және балабақшаға дейін өзі кездестірген оқиғалар жайында ойдан құрап жеткізеді.
Студенттерге берілетін тапсырма:
Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының мазмұны (жас ерекшеліктеріне байланысты).
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері
Диалогты сөйлеу, оның ерекшелігі.
Монологты сөйлеу, оның ерекшелігі.
П. Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.
Берілген тапсырма бойынша сұрақтарды талқылап, пікір алысу.
Әр топқа технологиялық карта жоспарын құрып, талдау, өткізу.
Ш. Студенттің өзіндік жұмыстары.
Балалардың жас ерекшелігіне байланысты балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің міндеттерін талдау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №11
Тақырып: Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудін әдістері.
Мақсаты:. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістерімен таныстырып, олардың ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар
Бақылау, топсаяхат әдісі.
Баяңдау әдісі.
Байланыстырып сөйлеуде көркем шығармалардың рөлі.
Сауалнама, әңгімелесу.
Тәрбиешінің әңгімесі.
Модульдік тапсырма беру әдісі.
Мақсаты: 1. Шолу дәріс. Мектеп жасына дейінгі баланың қоршаған ортадан алатын білімі, меңгеретін дағдысы олардың тіл байлығын жетілдірудің алғашқы негізі болмақ. Тәрбиеші-педагогтың мақсат қоя ұйымдастырылған іс-әрекеттері (бақылау, топсаяхат, серуен, т.б) арқылы бала қоршаған орта жайында алғашқы мағұлматтар алып айналасындағыны байқап, қызығушылықпен қарап, оны әңгімелеп айтып беруге талпынады.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйреуде жиі қолданылатын әдіс баяндау әдісі. Баяндау кезінде айтылатын тіркестер анық, сөйлемдер қысқа, жеңіл грамматикалық формамен берілуі қажет. Баяндау кезінде мәнерлі сөйлеуге дағдыландыратын төл сөздерді де кірістіруге болады. Баяндаудың құрылысы төмендегідей болуы тиіс.
Кіріспе бөлім.Балаларды жаңа материалды қабылдауға даяарлау.
Мәтінді оқып беру.
Шығарманы балалар есте жақсы сақтау үшін екінші рет оқу.
Шығарма мазмұнын талдау.
Талдаудан кейін балалардың шығарма мазмұнын қалай түсінгенін байқау үшін тағы да шығарманы қайталап оқу.
Балалар оқылған материалды естеріне түсіріп жауап беруге дайындау үшін бірнеше секунд уақыт беру.
Балалардың баяндауы.
Кейде мүндай сабаққа жаңа өтілген материалдармен қатар оларға бұрыннан таныс шығармаларды да естеріне түсіріп, қатар баяндату олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Сонымен қатар әңгімелесу, баяндау сабақтары бір-бірімен байланысты, бірін-бірі толықтырып отыратындай дәрежеде өтілуі керек. Балаға үйретілетін әрбір жаңа сөзбен сол сөз бейнелейтін зат арасында байланыс болуы қажет. Балабақшадағы оқыту жұмысын балалардың шағын ұжымда өткізілетін педагогикалық процесс болғандықтан, ол сәбиге берілетін білімнің дәлдігі, сапалығы, дамыта оқытылуы сияқты дедактикалық принциптерге сүйенеді.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде бақылау іс-әрекеті жиі қолданылып ұйымдастырылады. Әдетте бақылау белгілі бір жүйемен, яғни жеңілден күрделіге қарай біртіндеп өту арқылы балалардың өздерін жиі сөзге қатынастыру арқылы заттармен құбылыстардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын таба білу арқылы жүргізіледі.
Бақылау іс-әрекеті кезінде олардың сұраққа дұрыс жауап беруін қадағалап отыру тәрбиешінің басты міндеті десек, бұл жөнінде Е.И.Тихеева мынадай талаптар ұсынады:
Баяңдау,әңгімелеу кезінде бала негізгі тақырыптан алшақ кетпеуге тиісті.
Сол түсіндірілген тақырып бойынша баланы қорытынды пікірге жеткізуі керек.
Баяңдау кезінде баланың ойын бөлмеу қажет. Кейбір ескерту түзетулерді бала жауап беріп болғаннан кейін айтып түсіндіру қажет.
Әңгімелесу кезінде балалардың өздері бір-біріне сұрақ қойып дағдылануы керек.
Баяңдалатын оқиға баланың өзіне бұрыннан таныс болса тәрбиешінің түсіндіруінсіз бала жауап беруі қажет.
Берілген жауаптарды бағалауға балалардың өздерін қатыстыру қажет.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде топсаяхаттың алатын орны ерекше. Балаларды қоршаған өмірдегі байланыстар мен қарапайым заңдылықтарды түсінуге қол жеткізу, жылдың және күннің әр уақытында топсаяхатқа апару тәрбиешіден үлкен шеберлікті талап етеді.
Топсаяхатты төмендегідей міндеттер арқылы ұйымдастыруға болады:
бақылаушылық пен қызығушылықты дамыту;
қоршаған ортаның объктілері мен құбылыстарына белсенді және дұрыс қарым –қатынасты тәрбиелеу. Қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың біріктілігін, біртұтастығын аңғара білуге үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіруге болады.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудегі тиімді әдістердің бірі — әңгімелесу, сауалнама.
Зерттеуші — педагог алдына мақсатты анық, дұрыс қоя білсе, әңгімелесу, сұхбат, сауалнама әдістері арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болады. Бұл үшін негізгі және қосымша сұрақтарды да дәл, мазмұнды ету қажет. Егер де тәрбиеші қажетті моральдық — психологиялық жағдай туғыза алса, әңгіменің, сұхбаттың тиімділігі жоғары болады.
Топ балалардың талап-тілегін білу үшін тәрбиеші сауалнама жүргізіп, онда мыналарға көңіл аударылады: сұрақтардың нақтылығы, жауаптың дәл берілуі, жабық сауалнама өткізу (жауаптары шектеулі), ашық жауап алуға да болады, бала ойын, көзқарасын айта алады.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретуде модульдік тапсырмаларды орындау әдісі маңызды.
Дербестік пен жауапкершілік педагогикалық процесті модульдік технология арқылы ұйымдастыруда шешуші фактор болып табылады. Балалардың қаблеттері, дағдылар мен іскерліктері, мүмкіндіктері мен сөйлеу деңгейлері берілген модульдік тапсырмалар барысында дәлелденелі. Яғни, мақсат қоя білу, оны жоспарлау қабілеті, қажетті информацияны ала білу,өзін -өзі бақылай отырып іс-әрекеттің нәтижесін көре білу қабілеті байқалады.
Модульдік тапсырма беруді төрт бағытта іске асыруға болады:
іскерліктерді меңгеру деңгейлері;
модуль-информацияның мазмұнын қалыптастыру;
оқыту қызметін басқару және өзін-өзі басқару жүйелерін құру, әдістемелік жабдықтау;
кері байланыс жүйесін құру.
Модульдік тапсырманы ұйымдастырудың алғашқы кезеңі үйрету материалдарды кіріктіріп оқыту мақсатында бағытталып жүргізіледі. Әрбір модуль модульдік үйрету элементінен басталып, белгілі бір мақсаттарды, міндеттерді көздейтін, балалардың танымдық іс-әрекетін бағыттайтын мақсатты компоненті болады.
Модульдік тапсырманы оқыту барысында төмендегідей мүмкіндіктерді жүзеге асыруға болады:
үйрету үрдісін жаңарту (үйрету амалдары алдын ала жоспарланады);
балалардың білімді меңгеруі жоспарланған деңгейге жеткізіледі;
оқу үрдісінің компоненттерін кешендендіруге байланысты білім берудің тиімділігі: мақсат, мазмұн, бақылау, бағалау, т.б. артады.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудегі тиімді әдістердің бірі проблемалық жағдаят жасау. Проблемалық жағдаят жасаудың мақсаты бала ойын өрбіту. Балалар өздеріне бұрыннан бар ұғымдарына әлі таныс емес құбылыстар мен заттарды, олардың ерекшеліктерін нақты қалпына қабылдайды. Мұндай жағдайда баланың алғашқы реакциясы – таңғалу. Таңғалу қызығушылыққа, қызығушылық танымдық құмарлыққа, білгісі келу, алға қойған міндетті шешуге даяр болуға ұласады. Бала бұған дейін оған әдеттегі болып көрінген нәрседен ерекшелік табады. Таныс, талай рет көрген құбылыстардан ол күтпеген және оғаш жағдайларды аңғарады. Оның бойына осы бір таңғаларлық жайды тануға деген ынта пайда болды. Сөйтіп, баланың таңырқауы танымның бастамасы қызметін атқарады, оның белсенді ой қызметіне жағдай жасайды. Бұл проблемалық жағдаяттар өмірде қоршаған заттар мен құбылыстар арасында бар қарым-қатынастарды абстракциялау қабілетін дамытуға, олардың мәнен анықтауға айтарлықтай көмектеседі. Сонымен бірге бала білімді дайын факті түрінде емес, қызмет, іс-әрекет үрдісінде қол жеткізген нәтиже ретінде алып, өз ойларын жүйелі түрде баяндап әңгімелеп бере алады. Проблемалық жағдаят балаға тек жаңа білімді хабарлау кезінде ғана емес, бұрынғы білімдерін тұжырымдау барысында да қолданылады. Осының нәтижесінде бұрын бала ескермеген заттың жаңа қасиеттері ендігі жерде ол үшін бірінші қатарға шығады. Бала әрбір құбылысты көрнекілік арқылы-ақ ажыратып, белгілерін анықтай алады. Мұндай жағдайда баланың ойлау қабілетінің қалыптасуы артып, байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.
Тәрбиеші тілі балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі. Балабақшада тіл дамыту мүмкіндігі түгелімен тәрбиеші сөзінің сапасына байланысты яғни үлгілі сөйлеу тілін меңгеру тәрбиешінің кәсіби даярлығының көрсеткіші болып табылады. Тәрбиеші алдымен сөйлеу мәдениетін меңгеруі қажет, ол тілдің барлық элементтерінің мағыналарын түсініп қана қоймай оны әдеби тілде қалай қолдану керектігін үнемі есте сақтауы керек. Сондықтан тәрбиеші бейнелі сөздерді көп білсе, синонимдерді, онтонимдерді жетік меңгереді. Топтағы балаларға тіл үйрету жеңілге түседі. Балабақшадағы білім беру және тәрбиелеу бағдарламасының алдына мынадай міндеттер қояды. Баяндалатын тақырыпты баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті тілмен жеткізе білу, қойылатын сұрақтың дәл, нақты болуын қадағалау, айтылуы қиын жаңа сөздердің үлгісін дұрыс бере білу, тақырыпқа байланысты әдістерді дұрыс пайдалана білу. Баяндаған немесе оқыған шығармалардың әсерлі болуы шығарма мазмұнына орай дауысты өзгертіп құбылтып отырып, шығармадағы автордың ойына өзінің пікірін білдіру және сол пікірді балаларға жеткізе білу, әрбір кейіпкердің ерекшелігін мүмкіндігіне қарай бейнелі сөздермен жеткізу т.б.
Балаларды қоршаған дүниемен таныстыру кезінде көркем әдеби шығармалар кеңінен қолданылады, әрбір құбылысты тек түсіндіріп, көрсетіп қана қою емес, олардың әсемдігін, образды сөздер, теңеулер, салыстырулар арқылы балалар ұғымын танымын кеңейту мақсаты да қойылады. Ол үшін көркем әдебиет шығармаларының барлық жанры түгел дерлік пайдаланылады. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын дамытуда, байланыстырып сөйлеуге үйретуде көркем әдебиеттің, ауыз әдебиетінің қай-қайсысының болсын мәні ерекше. Мұндай жұмыс түрлерін арнайы тақырыптарға арналған ертеңгіліктерде кеңінен қолдануға тура келеді. Мәселен, балабақшада ұйымдастырылған «Табиғат аясында» атты ертеңгілікте балалар табиғат құбылыстары туралы қысқаша әңгімелерден үзінді тыңдап, тақпақтар айтады.
Өлеңдер мен әңгімелерді пайдалану арқылы балалар табиғат құбылыстарының ғажайып көріністері мен оның ерекшеліктерін меңгеруде оны сипттайын сөз, сөйлем құру мүмкіндіктерін меңгереді. Сонымен бірге олардың логикалық ойлары дамып, өлеңді айтып қана қоймай, оның мазмұнын түсінуге, түсінгенін әңгімелеп айтып беруге төселеді.
Студенттерге берілетін тапсырма:
Тәрбиеші тілі балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі көзі.
Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері:
а) баяндау;
ә) бақылау;
б) топсаяхат;
в) сауалнама, әңгімелесу;
г) модульдік тапсырма беру;
ІІ. Студенттер мен оқытушы бірлесіп атқаратын жұмыстар.
Тапсырма сұрақтарын өмірмен байланыстыра отырып талдау.
Баяндау іс-рекетінің құрылысы …
_____________
_____________
_____________
Бақылау іс-әрекетіне қойылатын талаптар.
3.
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Технологиялық карта құру, өткізу. Картаның құрылымы.
Тақырыбы
Мақсаты
Қолданылатын көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдері
Сөздік жұмыс
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы
І. Кіріспе әңгіме
ІІ. Жұмбақ шешу
ІІІ. Тәрбиешінің беретін түсінігі
ІV. Өлең тыңдау
Балаларға әңгімелеу
VІ. Бой сергіту жаттығуы
VІІ. Балалармен жеке жұмыс
VІІІ. Ойын ойнату
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №12
Тақырып: Әңгімелеу барысындағы балалардың ойлау әрекетінің ерекшелігі.
Мақсаты: Студенттерге әңгімелеу барысындағы балалардың ойлау әрекетінің ерекшеліктеріне түсінік беру, оларды меңгерту.
Жоспар
Тіл мен ойдың адам өміріндегі маңызы.
Ойлау әрекетінің ерекшелігі.
Мазмұны: 1. Шолу дәрісі. Баланың айналадағы өмірді, қоршаған дүниені, адамдар арасындағы қарым-қатынасты танып-білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Тілдің дамуы оның сана-сезімінің, ой-өрісінің, жеке бас ұйытқысының қалыптасуына негіз болады. Болашақ азаматтың жеке бас тұлғасын қалыптастыру негізі мектепке дейінгі кезеңде басталады.
Педагогика саласында тіл біліміне ерекше мән беріліп, тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау өте тығыз байланысты қарастырылады. Адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс сөз құрау, өз ойын нақты да, тиянақты жеткізу ақыл-ойдың көрінісі болмақ. Сөздердің грамматикалық жұйесін, оларды қолдану тәсілдерін меңгеру арқылы адамның ойлау жүйесі де дамиды. Сонымен қатар көргенін айтып талдау арқылы бала қоршаған дүниені таниды.
Психолог Н.И.Жинкиннің пікірінше ішкі сөйлеуде пайда болатын ой басқа адамға акустикалық кешен арқылы жетеді. Дыбыс есту мүшелерінің қызметімен нерв сигналдары түрінде миға жетіп, тыңдаушыға жеткізіледі.
Бала айналасындағы заттар мен құбылыстарды, көріністерді біліп қана қоймайды, соларды ұғынуға талпынады, соның негізінде біртіндеп ол жайында ұғым қалыптастыруға ұмтылады. Сондықтан бала мынау не? Бұл неліктен болады? т.с.с. сұрақтар қойып өз ойын айқындауға тырысады. Сұрақтарға жауап алу барысында олардың ойлау қабілеті дамиды. Ойдың жемісі – сөз. Бала сөз арқылы өз ойын сыртқа шығарады. Тіл мен ой тығыз бірлікте болғандықтан, байланыстырып сөйлеуді дұрыс қалыптастыру арқылы ойлауды да жетілдіруге мүмкіндік туады. Тілі дұрыс қалыптасқан бала басқаның да ойын тез түсініп, өз ойын да жүйелі жеткізе алады. Сонымен қатар тіл мен ойлау бір-бірімен байланыста екенін ұғады. Тілсіз ойлаудың болмайтыны, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетінін, яғни сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігіне көз жеткіземіз.
Зерттеуші-ғалым, профессор Х.Досмұхамедов тіл, сөйлеу адам психологиясының басты белгілерінің бірі екендігін айта келіп: “Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт… Ана тілін білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш. Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөйлеу бұл — сүйініш” деп жасаған тұжырымы бүгінгі заман талабымен үндесіп жатқанын көреміз.
Бала тәрбиесіндегі тіл мәніне ерекше көңіл бөлген ұлы чех педагогы Я.А.Коменский: “Бала тілін мектепке дейінгі сәттен бастап дамытпай, жеке адам тәрбиелей алмаймыз” деп тұжырым жасады. Ол өзінің баршаға танымал “Аналар мектебі” еңбегінде: “Сөз әр заттың мәнін бейнелейді, сөзді түсінбес бұрын заттың мәнін түсінуі керек, сөз заттардың жеке белгілерін түсінуі барысында сыртқа шығады” деген ойы бүгінгі таңда өз мәнін сақтауда.
Ал Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мәселесін зерттей келіп, баланың нені үйренуі керектігіне тоқтала келіп:
— сөйлеу, яғни сөз бен сөзді байланыстырып, өзінің ойын, талабын, көңіл сезімдерін басқаға жеткізу;
— ойлай білу сырттан алып, ойға тоқыған заттарды салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе туралы өзінің ойын айтып, бір пікір шығару;
— ойға тоқығанды және оған деген көз көзқарасын жарыққа шығару (ойын, сурет, әңгіме арқылы);
— балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізгі баланың сөйлеуі, білуге құмарлығы деп тұжырымдаған.
Баланың ойлау әрекеті үнемі дамып, мазмұны жағынан
өрістеуі олардың түрлі іс-әрекеттерінің нәтижесінде жүзеге асады. Мұндай ерекшеліктер баланы әрбір нәрсені алдын-ала көріп, оларды қайта жасауға және сипаттап айтып беруге мүмкіндік береді. Бала алдына сол нәрселердің мәнін танып білуді арнайы міндет етіп қояды. Байқалған құбылыстарды анықтап түсінік беріп, оған жауап іздестіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тағы бір ерекшелігі – олар өздерін қызықтырған мәселелердің мәнін түсінулері үшін өздерінше тәжірибелер жасауға қызығады. Сөйтіп құбылыстар мен заттарды бақылап көріп, оларға талдау жасайды, өздерінше қорытындылар жасап әңгімелеуге ұмтылады. Мұндай әрекеттердің бәрі әңгімелеу барысында баланың ойлау тәсілдерін дамыта түсінуіне серік тудырып, дүние танымның өрістеуіне жол ашады.
Ең басты – ойлау әрекетімен тығыз байланысты дамып отыратын тілді, оның құрылымын меңгереді. Бала ақыл-ойының деңгейі, тек білім көлемімен ғана емес, сонымен бірге оның өсіп жетілуінде оған әлі де беймәлім білімдер жүйесін қалыптастырып отыру деңгейінен анықталады. Осы бағытта баланың өзіндік қабылдауына, әңгімелеуіне қиын тиіп, ой-өрісі жете бермейтін құбылыстарды кездестіргенде үлкендерге неге?, не үшін?, неліктен?, ол қалай? деген сұрақтарды жиі қояды. Ересектерге қойылатын мұндай сұрақтар баланың танымдық әрекеттерін дамытып, қоршаған ортасы жайлы білімдері мен мағлұматтарын, дұрыс әңгімелеп берулерін жетілдіруге жетелейді.
Тіл мен ой әлемі бір тұтас байланыстырып сөйлеуде баланың логикалық ойы, түсінген нәрсені дұрыс ұғынып, басқалараға да түсіндіріп айта алуы көрініс табады. Баланың сөзіне қарап оның ойлау қабілеті мен тілінің дамуы туралы қорытынды жасау мүмкіндігі туады.
Студенттерге берілетін тапсырма:
Адам өміріндегі тіл мен ойдың алатын орны.
Ойлау әрекетінің ерекшеліктері.
